155
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемелететтік университеті
«050704-ЕТ және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы
күндізгі бөлімінің 1 курс студенттеріне арналған
«Программалау технологиялары» пәнінен
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Ақтөбе, 2011
156
I. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУДЫ ҚҰРАСТЫРҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН
Орындаушы
Информатика және ЕТ кафедрасының
Доценті, п.ғ.к. ______ Байбақтина А.Т.
«___»__ 2011 ж.
Жауапты орындаушы
Информатика және ЕТ кафедра
меңгерушісі _____________ Сарсимбаева С.М.
«___» _ _2011 ж.
II. КАФЕДРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫС
БАСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № _ «__» _____2011 ж.
III. СЫН-ПІКІР БЕРУШІ
___АЖ кафедрасының аға оқытушысы _________ _____Жахина Р.У.
«_ _»_________2011 ж.
IV.
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА
ФАКУЛЬТЕТІ
ӘДІСТЕМЕЛІК
КОМИССИЯСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
Хаттама № __ «___» _ _ 20__ ж.
V.
Қ.ЖҰБАНОВ
АТЫНДАҒЫ
АМУ-НІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
СЕКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА МАҚҰЛДАНҒАН
Хаттама № __ «___» _ _ 20__ ж.
VІ. АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ
2012 жыл
ҚАЙТАЛАП ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ
2 жыл
157
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Тақырыбы: С/С ++ ТІЛДЕРІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ
Мақсаты: - ІDE (interated development environment) біріктірілген құралдар
ортасының жұмысын түсіндіру;
- оның негізгі компоненттерімен таныстыру;
- С/С ++ тіліндегі программаның өңделуін: енгізу, тестілеу,
компиляциялау реттерін үйрету.
Қажетті материалдар мен жабдықтар: ДК, С/С++ тілінің IDE ортасы,
лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Лабораториялық жұмыстың мазмұны және орындалу реті:
1. С/С ++ тілінде программалау ортасының негізгі компоненттерімен танысу
және жұмысын меңгеру.
2. Ұсынылған мысалды орындау және талқылау.
3. Қарастырылған жеке тапсырмалардың оқытушы ұсынған нұсқасын орындау.
4. Лабораториялық жұмыстың есебін (отчет) дайындап тапсыру.
Негізгі әдістемелік нұсқаулар:
Программалау ортасы – IDE–біріктірілген программалау ортасы – құралдар
жиынтығынан
тұрады.
Ол
құралдар:
программаны
жазуға,
өңдеуге,
компиляциялауға, құрастыруға (компановка) және жөндеуге (отладка) арналған.
Сонымен қатар, ортада мынадай қосымша мүмкіндіктері арастырылған:
Монитор экранында бірнеше терезені бейнелеп және оның өлшемін қажетінше
өзгертіп, орнынан жылжытып қарауға болады;
«Мышь» манипуляторын қолдану;
Диалогтар блогы бар;
Текст фрагментін өшіру және орналастыру мүмкіндігі бар;
Басқа программаларды шақырып қолдану мүмкіндігі;
Редакторда макротіл қолданылады.
IDE ортасының негізгі 3 компоненті бар: С/С ++тілдерінің кең тарағаны turbo C++
(Borland фирмасынан шыққан) ортасына қатысты сипаттау беріледі:
- Экранның жоғарғы бөліміндегі менюлер жолы;
- Экранның ортасындағы жұмысшы алаңы;
158
- Экранның төменгі бөлігінде қалыпты-күй жолы.
Менюлер жолы:
Менюден
кейбір
элементті
таңдағанда
диалогты
блоктар
экранға
шығарылады. Менюлер жолы менюдегі барлық командаларды қолдану жолын
алады. Ондағы қажетті менюді мышпен шерту немесе F10 тетігін басып қажетіне
жылжып бару арқылы екпінді етуге болады. Екпінді менюден басқару тетіктері
мен Enter пернесін басу арқылы команда таңдалады.
Команда таңдалғанда ішкі меню (команда қасында үшбұрышты символ болса)
немесе диалогты блок (команда қасында көп нүкте тұрса) ашылуы мүмкін, ал
команда қасында ештеңе болмаса ол тікелей орындала бастайды.
Диалогты
блокта
параметрлерді
анықтау
мынадай
негізгі
басқару
құралдарының: таңдау көрсеткіштері, күйін ауыстырғыштар, әрекеттер түймесі,
енгізу блогы, тізімдер блогы арқылы жүзеге асырылады.
Жүйеде меню екі түрде қатысуы мүмкін: толық немесе азайтылған. Мұның
қажетін орындау үшін:
Options\Full Menus командасы қолданылады, сәйкесінше OFF немесе ON
күйлері орнатылады.
Жүйеде кез-келген әрекет нақты бір терезеде орындалады. Бір уақытта бір
терезе екпінді бола алады, бірақ бірнеше терезе ашық болуы мүмкін. Терезенің
бірнеше түрі бар, оның әрқайсысының мынадай элементтері болады:
- тақырыптар жолы;
- терезені жабу маркері;
- айналдырғыш сызғыш;
- терезе өлшемін өзгерту бұрышы;
- экранға терезені толығымен ашу маркері;
- терезе мөлшері (1-ден 9-ға дейін).
Қалыпты күй жолы:
Экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Төмендегідей функцияларды атқарады:
Екпінді терезедегі орындалып отырған әрекетке байланысты қолдануға болатын
негізгі пернелер туралы мәлімет беріп отырады;
Нақты көрсетіліп тұрған әрекетті орындау үшін менюден команданы таңдаудың
орнына перне белгісіне мышь Көрсеткішін қойып, сосын шерту арқылы
жеңілдету мүмкіндігі бар.
Программада қандай әрекет орындалып отырғандын хабарлайды.
Менюден таңдалған команда немесе диалогты блок элементтері туралы
қосымша бір жолдық кеңестер мен ұсыныстар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |