27
арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді үкіметті»
құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту бойынша
міндеттер шешіледі.
IT-инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар онлайн сауданы,
электрондық көрсетілетін қызметтерді, цифрлық телевизия мен мобильдік
интернетті дамыту үшін цифрлық экономиканың негізіне айналады, бұл
еңбек өнімділігін арттыруға және Қазақстан аумағында логистиканың
жақсаруына алып келеді.
Негізгі күш 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді байланыс
қызметтерін дамыту арқылы мобильді кеңжолақты Интернет желісі
абоненттерін ұлғайтуға жұмсалады. 2018 жылға қарай барлық аудан
орталықтарын LTE стандартты 4G мобильді байланыс желісімен қамту
жоспарланған.
Ауылдың цифрлық теңсіздігін төмендету мақсатында, сондай-ақ ауыл
тұрғындарының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу
үшін «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде талшықты-
оптикалық байланыс желілерін салу» жобасы аясында ауылдық елді
мекендерде жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қолжетімділік
қамтамасыз етілетін болады. Жобаның іске асырылуы 1800 астам
перспективалы ауылдық елді мекен жоғары жылдамдықты Интернетпен
қамтамасыз етуге және заманауи байланыс қызметтерін қолданудың деңгейін
арттыруға мүмкіндік береді. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан
әрі - МЖӘ) арқылы іске асырылады.
Бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту, Қазақстанның халықаралық
рейтингтердегі позицияларын арттыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету,
құжаттардың мерзімдері мен тізбесін қысқарту, қайталанатын рәсімдерді
жою, және оларды толығымен электрондық форматқа ауыстыру процестерін
барынша оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасады.
3. Бизнес-ортаны
түбегейлі жақсарту және кеңейту
Бизнес ахуалды жақсарту мақсатында салық және кеден заңнамасын
одан әрі реформалау, бизнес шығасыларын азайту
бойынша жұмыс
жүргізілетін болады. Бизнесті ашу, меншікті тіркеу рәсімдері жеңілдетілетін
болады, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғауды одан әрі
күшейту жоспарлануда.
Бизнес ортаға әкімшілік жүктемені азайту үшін оларды 2018 жылы
заңнамалық түрде реттеу мақсатында бизнесті белгілі бір уақытша және
қаржы шығындарына ұшырататын, монополист кәсіпорындар мен
квазимемлекеттік сектор беретін рұқсаттарды
түгендеу жалғасады.
Сонымен қатар, жүргізіліп отырған ақпараттық құралдарды түгендеу
қорытындысы бойынша мемлекеттік органының немесе өзге адамның
ақпарат пен есептілікті ұсыну бойынша міндеттемелері оңтайландырылып,
жүйеге келтірілетін болады. Жұмыс қорытындысы бойынша 2018 жылы
ақпараттық құралдар
ұсынуды регламенттеу, сондай-ақ тұтынушыға
мемлекеттік
органдардың
құралдарын
ұсыну
және
ақпараттық
28
дереккөздеріне орналастыру үшін
олардың тізбесі бойынша түрлері
заң
жүзінде белгіленеді
«Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске
асыру үшін 2017 – 2019 жылдары реттеушілік әсерге талдау жүргізу арқылы
түгендеу нәтижелері бойынша айқындалған мемлекеттік органдардың
функциялар тізбесі (1 және 2 топ) бойынша
міндетті өзін-өзі реттеуді енгізу
жоспарлануда.
Ағымдағы жылы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы
тәуекелдерді бағалау жүйесін автоматтандыруды аяқтау:
– мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің және тәуекелдерді
басқару
процестерінің, корпоративтік басқару сапасының және тәуекелді
ескере отырып,
басқарушылық шешімдер қабылдау жеделдігінің
тиімділігін
арттыруға;
– деректерді біріктіріге және сақтауға, түінді басқарушылық
шешімдерді
қабылдау
үшін қажет талдамалық есептерді жүргізуге;
– ішкі
және
сыртқы
пайдаланушылар
үшін
көрнекі
және
құрылымдалған кезеңдік есептерді жасауға;
– бақылау - қадағалау органдары қызметінің заңнама талаптарына
сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру қалаларда
микроқаржыландыруды кеңейту, саланы білікті еңбек ресурстарымен
жеңілдікпен қамтамасыз етуді дамыту арқылы
жұмыссыз және өнімсіз
жұмыспен қамтылған халық арасында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.
Өңірлік
деңгейде
кәсіпкерлікті
жаппай
дамыту,
бизнестегі
шығындардың барлық түрлерін
азайту бойынша шаралар кешені
қабылданатын болады. Бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша арнайы сыйлық
тағайындаумен қалалар мен өңірлердің рейтингі енгізіледі.
БЖК 2020 шеңберінде субсидиялау
құралдары
арқылы кредиттерді
арзандату, банк кредиттеріне ішінара кепілдік беру, жетіспейтін
инфрақұрылымды жеткізу, мемлекеттік гранттарды беру, кәсіпкерлерді
оқыту және консалтингтік қызмет көрсету
бойынша мемлекеттік қолдау
шаралары ұсынылатын болады.
Кәсіпкерлікті қолдаудың қосымша шаралары аясында Үкімет пен
Ұлттық Банктің бірлескен іс-қимыл жоспарлары бойынша Ұлттық қордан
бөлінген қаражаттың шеңберінде жұмыс жалғасады. Кредит беру
нарығындағы қосымша өтімділікті қолдау үшін халықаралық қаржы
ұйымдарының кредиттік желілерін тарту бойынша жұмыс жалғасатын
болады.
Тек қана бәсекелестік орта үшін
жағдай жасауға және жаңа
шаруашылық субъектілерінің пайда болуына ықпал ету үшін мемлекеттің
кәсіпкерлік қызметке қатысуы шектелуі тиіс.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу:
– 2016-2020 жылдарға арналған
Жекешелендірудің кешенді жоспарын
іске асыру;