Ііі экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет11/21
Дата30.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#18434
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

23 

асырылатын болады. 

Батыс  Қазақстан  мен  Ақтөбе  облыстарында  «Батыс  Калий»  ЖШС 

калий  тыңайтқыштарын  және  Жамбыл  облысында  «Еврохим-Удобрения» 

ЖШС кешенді минералды тыңайтқыштарды өндіру бойынша жобаларды іске 

асырады. 



Фармацевтика саласындағы саясат отандық өндіріс есебінен  жұмыс 

істеп  тұрған  өндірістерді  жаңғырту  және  жаңадан  салу,  салаларды  білікті 

кадрлық  ресурстармен  қамтамасыз  ету  және  жобаларды  бірлесіп  іске  асыру 

үшін  инвестициялар  тарту  арқылы  отандық  өндіріс  есебінен  елдің  дәрілік 

заттарға  қажеттілігін  қанағаттандыру  дәрежесінің  үлесін  ұлғайтуға 

бағытталатын болады. 

Саланы  дамыту  фармацевтикалық  және  медициналық  өнеркәсіпті 

дамытудың  2014 – 2018  жылдарға  арналған  кешенді  жоспары  шеңберінде 

жүзеге асырылатын болады. 

ЕуразЭО шеңберiнде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрiлік 

заттарды  отандық  өндiрушiлер  препараттарының  тiркеу  куәлiктерiн  өзара 

мойындау мәселесі пысықталатын болады. 

Орта  мерзімді  перспективада  онкологиялық,  туберкулезге  қарсы, 

кардиологиялық,  диабетке  қарсы,  вирусқа  карсы,  гастроэнтерологиялық 

препараттарды,  инфузиялық  ерітінділерді,  медициналық  мақсаттағы 

антибиотиктер  мен  бұйымдарды  өндіру  бойынша  жобалар  іске  асырылатын 

болады. 

 

2.3 Құрылыс индустриясын дамыту 



Құрылыс  индустриясында  құрылыс  саласын  техникалық  реттеу 

жүйесін  реформалау  және  құрылыстағы  сметалық  баға  белгілеу  жүйесін 

жетілдіру есебінен құрылыс материалдарын өндіру қамтамасыз етіледі. 

Салада  табақты  шыны  өндіру,  цемент,  құрғақ  құрылыс  қоспаларын, 

натуралды  табиғи  тас  өндірістерін  құру  және  жаңғырту  бойынша  басым 

бағыттар іске асырылады. 

«Шымкент  цемент»  АҚ-да  (Оңтүстік  Қазақстан  облысы)  цемент 

өндірудің  «құрғақ  тәсіліне»  өте  отырып,  құрылыс  қоспалары  мен  гипс 

бұйымдарының өндірісін кеңейту және жаңғырту бағыты бойынша өндірісті 

жаңғырту «Жамбылгипс» АҚ-да (Жамбыл облысы) жоспарлануда. 

Қызылорда  облысында  жылына  өндіру  көлемі  197,1  мың  тонна 

энергиялық  тиімді  шыны  өнімдерінің  сатылас  интеграцияланған  жоғары 

технологиялық  өндірісін  құруды  көздейтін,  энергия  үнемдеп  тозаңдататын 

шыны зауытын салу жобасы аяқталады. 

 

2.4 Агроөнеркәсіпті дамыту 

Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  мемлекеттік  саясат  АӨК-ті 

дамыту  бағдарламасының  шеңберінде  іске  асырылатын  болады,  оның 

мақсаты  нарықтарда  сұранысқа  ие,  бәсекеге  қабілетті  АӨК  өнімі  өндірісін 

қамтамасыз ету болып табылады. 

АӨК-ті  дамыту бағдарламасының шеңберінде 500 мыңнан астам жеке 



24 

қосалқы  және  ұсақ  шаруа-фермерлік  қожалықтары  ауыл  шаруашылығы 

кооперациясына  тарту  жоспарланып  отыр.  Кооперативтер    бағыттар 

бойынша  құрылатын  болады  және    мал  сою,  ветеринария,  жем  дайындау, 

агрохимия,      қайта  өңдеу  және  сауда  объектілеріне  өнім    жеткізу  бойынша 

орталықтандырылған  қызмет  көрсетіледі.  Көрсетілген  шаралар  қайта  өңдеу 

кәсіпорындарының  жүктемесін  орта  есеппен  30,0

 

%-ға  арттыруға  және 



өндіруші мен тұтынушы арасындағы сауда үстемесін төмендетуге мүмкіндік 

береді. 


Сондай-ақ,  мал  шаруашылығы  өнімі  өндірісінің  көлемдерін  ұлғайту 

үшін елдік азықтық теңгерім әзірленеді, құрама жем өндірісі 1,3 млн. тоннаға 

және  құрама  жем  зауыттарын  қосымша  жүктеу  48,0 %-дан  80,0 %-ға  дейін 

ұлғайтылады.  Су  басқан  жайылымдардың  алаңы  18  млн.  гектарға 

кеңейтіледі. 

Өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісін ұлғайту мақсатында егісті 2 млн. 

астам  алқапта  әртараптандыру  жүргізілетін  болады.  «Жасыл  көпір» 

халықаралық

 

әріптестік  бағдарламасының  шеңберінде



 

2020  жылға  қарай 

ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін 1,5 есеге көтеру қажет. 

Агрохимияға,  минералдық  тыңайтқыштарды  енгізуді  ынталандыруға 

және  сапалы  сұрыптық  тұқымдар  егістері  алқабының  үлесін  ұлғайтуға 

ерекше назар аударылатын болады. 

Мемлекеттік  қолдаудың  қаржылық  шараларын  тиімді  пайдалану  үшін 

АӨК  субъектілерін  субсидиялаудың  және  оларға  «ҚазАгро»  ҰБХ»  АҚ 

арқылы  кредит  берудің  қазіргі  жүйесі  қайта  каралатын  болады.  Шешім 

қабылдаудың  айқындылығы  мен  субсидиялар  және  кредиттер  беру  тәртібін 

оңтайландыру  мақсатында  субсидиялау  және  кредит  беру  процестері 

автоматтандырылатын болады. 

АӨК-ті  дамыту  бағдарламасының  шеңберінде  АӨК  субъектілерінің 

техникалық  жарақтандырылу  деңгейін  арттыру  бойынша  шаралар,  оның 

ішінде  инвестициялық  субсидиялар  нормативтерін  қайта  қарау  арқылы  ірі 

агрохолдингтердің  қымбат  импорттық  техника  сатып  алу  жағының 

диспаритетін төмендету шаралары

 

қайта қаралатын болады. 



Экспорттық  саясатты  іске  асыру  үшін  «Азық-түлік  келісімшарт 

корпорациясы»  Ұлттық  компаниясы»  АҚ  негізінде  АӨК  экспорттық 

орталығы  құрылатын  болады,  оның  функциялары  нақты  өткізу  нарықтары 

үшін  (Ресей,  Қытай,  Үндістан,  орталық  Азия  және  Таяу  Шығыс  елдері) 

экспорттық арналар құру және жол карталарын жасау болып табылады. 

АӨК-ті  мемлекеттік  реттеуді  жетілдіру  мақсатында  жер  қатынастары, 

ветеринария,  фитосанитария,  органикалық  өнімдер,  ғылым  саласында 

қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізіледі. 

 

2.5 Туризмді дамыту 

Туристік  саланы  дамыту  саясаты  қажетті  инфрақұрылымы  бар  ішкі 

туризмді  дамыту  және  өңірлік  мәдени-туристік  кластерлерді  құруға 

бағытталған  Қазақстан  Республикасының  туристік  саласын  дамытудың 

2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде жүргізіледі. 




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау