2.2. МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ
Зерттеу жұмысының барысында екі социологиялық зерттеу әдісі қолданылды: сұхбат алу және сауалнама жүргізу. Сұхбатты Батыс Қазақстан облысының клиникалық ауруханасының бет-жағы бөлімі орынбасары қызметін атқарған, зейнеткер - Даулетбаева Гульсум Хайрошевнадан алу шешілді. Бұл маманның осы тақырып төңірегінде білімі мен тәжірибесі мол болғандықтан, оның берген жауаптарын зерттеу сұрағын ашуда сенімді дереккөз ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, қазіргі таңда маман жекешелендірілген медициналық орын ашып, халыққа қызметін көрсетуде. Нақты сұрақтардың мазмұнына келер болсақ, медицинаның қазіргі кездегі даму деңгейі, оған кедергі болатын факторлар, ұтымды медицина түрін анықтау, мемлекеттік және жекешелендірілген медицинаның кемшіліктері мен артықшылықтары.
Кәсіби маманмен өткізілген сұхбат нәтижесіне келетін болсақ, «Қазақстанда медицинаның деңгейін көтеруге мемлекет барлық мүмкіндік жасап, қаражатты жеткілікті бөліп отыр. Дегенмен, болашақта медицина сапасы жаңа реформалар арқасында көтерілетініне сенімдімін», - деді. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу арқылы медицина сапасы көтерілу саясатын мемлекет қолдауы қажет, себебі медицина сапасы көтерілуде кадр қызығушылығын арттыра түседі. Жүйе толыққанды қарастырылмаған, «клиникалар арасында әрекеттестік болмауы», оны орнына келтіруге, дамытуға уақыт қажеттілігі бар. Екіншіден, қаражат мәселесіне байланысты. Яғни облыстық ауруханаға түскен ақша клиникаларға бөлінудің орнына, қаражаттың көпшілік бөлігі бір клиника меншігіне тиісілі болып қалады. Бұл жағдайда науқастардың өздері де қиналады.
КСРО кезеңіне көз жүгіртсек, медицина саласында реформалар жүргізу үшін, мемлекетке әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы деңгейін көтеру қажет болды, сол кезде Қазақстан бағасыздану, инфляция, жекешелендіру сияқты күрделі экономикалық мәселелермен соқтығысты, сондықтан денсаулық сақтауды дамыту мәселесі назардан тыс қалды.
Мемлекеттік те, жекешелендірілген де медицина түрі жұмыс тетіктерін ұқыпты ойландырса, орындалуын қадағаласа, екі жүйе де өз жемісін береді. Материалдық жағдайына қарамастан, әр адам медициналық көмек алатынына кепілдік болуы қажет. Г. Даулетбаева екі медицинаның тең келуі халықтың денсаулығына оң әсерін беретініне және қызмет көрсету сапасын көтеруге көмек беретініне келісті: «батыс елдерінде жұмыстанып жатқан медициналық көмек көрсетудегі жаңғыртылған әдістер қажет, себебі тек қана солардың арқасында денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қол жеткізуге болады». Мемлекеттік қорға аударымдар аясында әлеуметтік әділетсіздіктің орын алуына қатысты сұрақта дәрігер келесі қорытындыға келді: мәселе туындамайды, себебі аударылымдардың қандай пайызы түсірілсе де, әр кезде олар науқастарды емдеуге жұмсалады. “Интертич”, “Авигип”, “Талап”, “Медикер” жеке клиникаларда жиі болып тұратын оқиғаларды мысал ретінде келтірді.
Ұтымдылыққа келетін болсақ, біріншіден, материалдық жағдайларына тәуелденбей, әр азамат медициналық көмекке жүгіне алады. Екіншіден, тұрғылықты мекен-жайдағы белгілі-бір клиникаға тіркеліп байланбайды. Яғни, Қазақстан Республикасы азаматы кез келген клиникадан көмек алу мүмкіндігіне ие болады. Сақтандыру, емделуде азаматтар уақыттарын үнемдеп, алдын-ала жазылады. Материалдық жағдайларына қарамастан, созылмалы ауруға, өткір ауруға шалдыққандар, шиеленіске тап болғандар т.б. медициналық көмек алады. Дәрігерлер неғұрылым көбірек емденушілерді қабылдау арқылы еңбек ақыларына пайыздық қосылым түседі, сондықтан қызмет көрсетудің сапасы көтеріледі деп пікірін білдірді.
1-диаграмма. Медицина деңгейі
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 62%-ы әйелдер, 38%-ы ерлер болды. Жастық қатынаста, 18-ге дейінгі балалар 13,7%-ы, 35,4%-ы 18-27 жас аралығында, ал 34,4%-ы 27-48 жаста, қалған 16,9 пайызы 49 жастан жоғары Қазақстан Республикасының азаматтары. Оған қоса, медициналық көмекпен қолдану деңгейі бойынша болған келесі сауалда респонденттердің 70%-ы Қазақстанның медицинасымен қолданады. Халық арасында медицина деңгейін бағалау кезінде респонденттердің 58,1%-ы “3” бағасын таңдады, қалған 1 6,7%-ы - 4, 14,5%-ы - 2 және 10,7%-ы – «5»-ті таңдады (1-диаграмма). Сауалнама барысында медициналық қызметті таңдау мәселесіне респонденттердің 62,6%-ы Қазақстанға таңдауды енгізу керектігін айтса, қалған 37,4%-ы керісінше пікір қалдырды. Менің ойымша, бұл қоғам бойында бұрыннан қалыптасқан ескі сананы көрсетеді, яғни медицина саласы әлі де таңдауға келеді. Адамдар өздері таңдауға құқылы. Демек, мемлекеттік медицинаның қоғам алдында беделі азырақ, жекешелендірілген көп сұранысқа келеді. Жекешелендірілген медицинаның артықшылықтарына қатысты бірнеше таңдау жасауға болатын сауалда тәжірибелі мамандар, тиімді ем және жаңа технологиялар қолданысы секілді жауаптары орын алатын респонденттер 46,8%-ды құраса, сапалы медицина реттеуге көмектеседі деп 45,2%, жоғары қызметті 70% таңдады. Ал қазіргі мемлекеттік медициналық көмектің артықшылықтары тегін-70%, әрі сапалы ем деп 53%-ы, тәжірибесі мол жақсы мамандар деп 50%-ы таңдады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік медицинаны таңдаушылардың тәжірибесі мол адамдарға, әрі сенімділігі жоғары жерлерге баруын көрсетеді. Медициналық қызметтің кемшілікті тұстарын қарастырған тұста, 80%-ы мемлекеттік медициналық орындарда үлкен кезектердің орын алуын, әрі дәрігерлерлің жағынан жалақыға деген наразылығын да көрсетеді. Ал жеке меншік орындардағы ең басты кемшілік - тым жоғары бағаның орын алуы - 78%. Өскелең ұрпақтың көпшілігі жекешелендірілген медициналық сақтандыру компанияларында медициналық көмек алуға респоненттердің 65%-ы “иә” деп жауап берді. Еліміздегі медицина сапасы батыс елдерімен салыстырғанда төмен екені рас. Дамыған денсаулық сақтау жүйесіндегі деңгейге қол жеткізу үшін не қажет деп ойлайсыз сұрағына жаңа әдіс енгізу, қызмет көрсетуді нығайту, денсаулық сақтауға бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту, халықты дұрыс ақпараттандыру, жұмыс күшіне жақсы жалақы төлеу секілді жауаптар орын алды (2-диаграмма).
2-диаграмма. Таңдау себептері
«Қазақстандағы медицинаның әлемдік стандартқа сай кезеңін болжамдап көріңіз» - деген қызықты сұраққа жауап берушілердің 1/3 бөлігі 10-20 жыл талап етіледі деп санаса, ½ бөлігі 20-50 жыл көлемі қажет деп есептейді. Демек, сапалы медициналық қызметтің орын алуына әлі бірталай уақыт керек. Респонденттердің жартысына жуығы медицинаның болашақтағы перспективаларына медицинаның жекешелендірілген әрі мемлекеттік түрін қосу қажет деп қараса, қалғандары болашақта қоғамда екі медицина арасында әркез бәсекелестік орын алады деп қарастырды. Медицина қарқынды даму сатысына түсу үшін екі жаққа да бағдарламалар жүргізіп, бірдей қаражат бөліну қажеттілігі туындайды.
Сұхбат және сауалнама нәтижесі бойынша мемлекеттік және жекешелендірілген медицинаны таңдау барысында жағымды, жағымсыз жақтарына тоқталып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту арқыл бұл жүйенің болашақта жұмыс жүргізілуін қалады. Зерттеу барысында әлеуметтік медициналық мекемелер жүйесі бойынша бірқатар артықшылары мен кемшіліктері анықталды, мүмкіндіктері мен қауіп қатерлері табылды, осыған келесі аспекттер SWOT-талдау кестесі арқылы сипатталды.
Қазақстандағы медицина деңгейін, жекешелендірілген медицина мен мемлекеттік медицинаның күшті жақтарына тоқталсақ, Қазақстандағы медицина саласының 2011-2016 жылғы нәтижесі:
республикадағы халық саны 17 417,5 мың адамға дейін ұлғайды;
өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 2010 жылғы деңгейден (68,41жас) 2,04-ке өсіп, 70,45 жасты құрады;
туу көрсеткіші 10,3%-ға дейін артты (2014 жылғы 1 мың тұрғынға 23,20-ға қарағанда 2010 жылы 22,54);
халықтың жалпы өлім-жетімі көрсеткіші 2010 жылғы деңгейден 11,7%-ға төмендеген (2010жылғы 1 мың тұрғынға 8,94-ке қарағанда 2014 жылы 7,65);
ана өлім-жетімнің көрсеткіші шамамен 2 есеге азайып, 2010 жылғы 22,7-ге қарағанда 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 11,5-ті құрады;
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласы тұрақты түрде қаржыландырып тұратындықтан оның жекелей салаларына басқарудың халықаралық технологиялары мен жаңа диаогностикалық әдістерге еркін қолжетімділігі артты. Денсаулық сақтау секторында ақпараттық технологиялардың қажеттілігі, цифрландыру үдерісінің қарқыны артты. Жекешелендірілген медициналық орындардың саны артып, халық жоғары қызметпен қамтылды. Қазақстан ДСҰ қатарына кіргендіктен, еліміздегі медицина саласындағы сұрақтар халықаралық стандарттарға сай реттеледі. Сертификацияланған мамандар сапалы еммен қамтамасыз етеді. Скринингтік зерттеулерге, ғылыми жобаларға үлкен көлемде қаражат бөлінеді. Соған қоса, медициналық мекемелердің 96 пайызында ақпараттық жүйелер енгізілген, әрі электрондық денсаулық паспорт алған қазақстандықтар саны - 11 миллионды құрады. Ал, 2020 жылға дейін халық 100 пайыз электрондық паспортқа ие болуы мақсат етіледі. Қазіргі таңда, тұрғындар таңдаған емханаға тікелей бара алады немесе электронды қолтаңбаны пайдаланып, онлайн тіркелу мүмкіндігі бар. Халықты тіркеумен айналысатын емханалардың тізімі fms.kz сайтындағы «Клиника таңдау» бөлімінде орналасқан. Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде 1365 медицина ұйымы бар, оның 623-і жекеменшік. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Медициналық мекемелерді халық өз таңдауы бойынша жасайды. Алайда, сауалнама бойынша мемлекеттік мекемелер тегін жүргізіледі. Ал жеке меншік орындар жоғары сапалы қызмет көрсетеді, яғни сапалы қызмет көрсету науқаспен жағымды жұмыс жүргізу, уақытты үнемдеу және жан-жақты емдік шара жүргізу.
Қазақстан медицинасының әлсіз жақтарын сараласақ:
Қазақстанда дәрігердің айлық орташа номиналды жалақысы шамамен 125 000 теңгені құрайды, ол экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріндегі көрсеткіштен 16 еседей төмен (шамамен 2 000 000 теңге). Бұл кәсіптің беделінің түсуіне және Қазақстанның медицина қызметкерлерінің еңбек уәждемесінің әлсіз болуына жағдай жасайды.
Кәсіби дәрігерлердің тапшылығы.
Орта медициналық қызметкерлердің кәсіби деңгейі әлі де жеткіліксіз. Оған кінәлі оларды үйрету әдістерінің ескіруі, кәсіптік беделінің төмендігі және қанағаттанарлықсыз жалақы. Еңбекке төленетін ақы медицина саласының қарқындылығына мен жақсы нәтиже беруіне, әрі қызметкерлердің біліктілігіне әсер етеді.
ЭЫҰД елдерінде дәрігер мен науқас арасындағы өзара қарым-қатынасты айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа коммуникативтік технологиялар ендірілген. Ал елімізде салыстырмалы түрде смарт-медицинаны дамыту басты трендіне айналып отырса да, бірқатар порталдар жасау, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, веб-қосымшалар енгізу жеткіліксіз деңгейде. Қолданыста бар дерекқорлар біріктірілмеген, ол денсаулық сақтаудың әртүрлі деңгейлері мен қызметінің интеграциясы мен сабақтастығына кедергі жасайды.
Әлеуметтік зерттеулерден алынған ақпарат бойынша, мемлекеттік медициналық орындарда бірнеше жұма, айға созылған кезек халық наразылығын туындатады. Соған қоса, жеке меншік медициналық орындарда жоғары бағалы көмек көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |