Іі. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің әрі қарай дамуы


Білім беру – аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм



жүктеу 52,33 Kb.
бет6/24
Дата27.01.2022
өлшемі52,33 Kb.
#37268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
баяндама

Білім беру – аса күрделі әлеуметтік – экономикалық механизм. Оны  реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Білім беру  жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Ұлттық білім беру ісіндегі жаңа үдерістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын  айқындаушы дәйекті факторлар:

  • Қазақстан  Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып

  • қалыптасуы;

  • экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі

  • пішімдерін  дамыту;

  • ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кіруі болып отыр.

       Білім мазмұны әрбір тарихи  кезеңдердегі мектеп реформасының  негізіне жатады. Білім беру саласына  қатысты реформаларда заман талаптарына  сай білім мазмұны өзгеріске  ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.  Білім мазмұны мен материалдық техникалық базасын жаңарту, білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру білім беруді дамытудың стратегиялық обьективті заңдылығы. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінде білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Олай болса, әр халықтың әлеуметтік- экономикалық, тарихи-мәдени ерекшеліктері диалектикалық бірлікте негізделіп, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың басты көзі болып табылады./5/.

Ұлттық мектеп ісі  «қайта құру» деп аталған  сексенінші жылдардың ортасынан  басталған демократиялық қозғалыстар  кезеңінде де назардан тыс қалған жоқ. Қайта дәл осы кезеңнен бастап ұлттық мектептер мәселесі батыл көтеріліп, қолға алынды. Сондай күрестердің кезеңдік бір нәтижесі ретінде   1987  жылы  5 наурызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Республика Үкіметінің «Қазақ тілін оқып үйренуді жақсарту туралы» қаулысы жарияланды. Шындығында қазақ тілінің тағдыры үшін күрес осы кезден басталды.



Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет қоғамы құрылысында  білім беруді жетілдіру мен дамыту мәселесінде оның тарихын яғни, педагогика ғылымының даму жолын қайта қарау  қажеттілік тудырып отыр. Білім берудің  тармақталуы мен жаңа бағыттылығы  педагогика тарихындағы бастауыш білім берудің тарихын жете тануды қажетсінуде. Бұл  білім беру жолының бағыт-бағдарлығы, қоғамдағы саясат, білім берудің әлеуметтігі және экономикалық дамудың қарқынымен біртұтас байланыста пайда болды.


жүктеу 52,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау