|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
бет | 49/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қалиев С. Этнопедагогика - Астана : Фолиант, 2010. - 400 бет
Мұқанова Б.Ж. Этнопедагогика. - Астана : Фолиант, 2008. - 440 бет.
Игибаева А.К., Кусаинова А.Ж. Қазақ этнопедагогикасы - Өскемен :С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2009. - 114 бет.
Волков Г.Н. Этнопедагогика - М. : Академия, 1999. - 168 с.
Әбілова З. Этнопедагогика. - Алматы : Қаз. МӘТУ, 1997. - 232 бет.
Кукушкин В. С. Этнопедагогика и этнопсихология. - Ростов н/Д. : Феникс, 2000. - 448 с.
Магауова А. С. Этнопедагогика в системе профессиональной подготовки учителя. - Семипалатинск : Изд-во СГУ им.Шакарима, 2002. - 77 с
Кукушкин В. С. Этнопедагогика : учеб. пособие Воронеж : НПО "МОДЭК", 2002. - 304 с.
Жарықбаев Қ., Қалиев С.Қазақтың халық педагогикасының тарихынан.-Алматы; Кітәп,1992
Табылдиев А.Халық тағылымы.-Алматы,1992
Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.-Алматы,1997
әдістемелік нұсқаулар
Бұқаралық ауызша сөйлеуге дайындалу
Бұқаралық сөйлеу өнері
Презентацияны нәтижелі, табысты ұйымдастыру үшін, менеджер бұқаралық сөйлеудің өнерін меңгеру керек. Американ миллионерлерінің біреуі былай деп айтқан еді: «Бұқаралық сөйлеу өнерін меңгеру, ол жартылай құрылған мансап». Презентацияда сияқты, бұқаралық сөйлеуде де дайындық өте маңызды.
Бұқаралық сөйлеуге дайындық сегіз сатыдан тұрады:
Сөз сөйлеуге келісім беру. Аудиторияға айтатын маңызды ақпараттың бар екендігіне толық сенімділік пайда болмай, бұқаралық сөз сөйлеуге келісіміңізді бермеңіз.
Ақпарат жинау. Сөйлеу тақырыбы бойынша «Ми шабуылы» (мозговой штурм) әдісі негізінде; әдебиеттерді оқу, әріптестермен және достармен әңгімелесу негізінде фактілер мен дәйектерді жинақтап алыңыз.
Не туралы сөйлейтініңді анықтап алу. Өз мақсатыңызды айқындаудан бастаңыз. Оның мәні неде – бірдеңені сендіру, хабарландыру немесе қызықтыру? Содан кейін өзіңіздің басты идеяңызды белгілеңіз. Басшылыққа «үштің ережесін» алыңыз. Көп адамдар, бір тыңдағанда үш идеядан артық қабылдай алмайды. Сондықтан өз презентацияңызды негізгі үш идеяны жеткізе алатындай, қарапайым етіп дайындаңыз. Ол үшін өзіңіздің негізгі идеяларыңызды дәлелдейтін фактілер мен дәйектерді іріктеп алыңыз. Тым көп сөйлеуден аулақ болыңыз.
Өз сөзіңіздің құрылымын жасаңыз. Жақсы құрылым өмірлік маңызды. Ол ойлардың бір-бірімен өзара байланыстылығын қамтамасыз етіп, олардың мәнді де түсінікті болуына жағдай жасайды.
Өз сөзіңізді құрылымдандырудың классикалық әдісі – «оларға не айтқалы тұрғаныңызды айтыңыз – соны айтыңыз – не туралы айтқаныңызды айтыңыз». Бұл тағы да назарды аударту үшін қолданылатын «үштің ережесі». Мүмкін, сіздің аудиторияңыз айтылғаннан тек үштен бір бөлігін ғана түсінетін шығар. Егер сіз оны үш рет, үш түрлі амал-тәсілмен айтсаңыз, олар бір рет болсын сізді естиді.
Қарапайым сөзбен айтқанда, сөзіңіздің құрылымы кіріспе сөзден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұру қажет.
Ең бірінші, сөзіңіздің негізгі бөлімін құрастырыңыз және:
Негізгі идеяларыңызды жеке карточкаларға жазып қойыңыз.
Сіз тоқталатын негізгі идеялар мен ұсыныстарыңыздың тізімін жасаңыз.
Ұсыныстарыңызды фактілермен, дәйектермен, мысалдармен толықтырыңыз.
Карточкаларды белгілі бір ретпен орналастырыңыз – бұл сізге идеяларды логикалық байланыста ұсынуға мүмкіндік береді.
Содан кейін өз сөзіңіздің басына қайта оралыңыз. Сіздің мақсатыңыз – назарды аудару, қызығушылық тудыру және сенімді ұялату. Өз аудиторияңызға айтылатын сөзіңіздің қысқаша жоспарын беріңіз. Өз презентацияңыздың мақсатын ерекше атап өтіңіз – адамдар презентациядан нені алып шығатынын көрсетіңіз.
Ең соңында, сөзіңізді немен аяқтайтыңызды анықтап алыңыз. Ең алғашқы және ең соңғы алатын әсер өте маңызды екенін естен шығармаңыз. Сөзіңізді жоғары нотада аяқтаңыз.
Сөзіңіздің ұзақтылығын және басымды жерлерін мұқият анықтап алыңыз. Еш уақытта 40 минуттан артық сөйлемеңіз. Ең тиімді уақыт 20-30 мин. 40 минуттан артық аудиторияны ұстай алатын ораторлар өте сирек кездеседі. Аудитория, көп жағдайда сөйлеудің басын өте жақсы тыңдайды (егер сіз басынан жақсы қызықтыра алсаңыз), бірақ қызығушылық, уақыт өте келе әлсірей бастайды, тек сіздің аяқтап бара жатқаныңызды сезгенде ғана, олар қайта құлақ сала тыңдай бастайды. Осыдан сіздің қорытынды сөзіңіздің маңыздылығы шығады.
Сөйлеу барысында аудиторияның назарын ұстап тұру үшін, айтылып кеткен негізгі идеяларды атап өтетін аралық резюме жасап отырыңыз.
Идеяларыңыз өзара байланысқан логикалық тұрғыда айтылу керек. Сонда ғана сіз жақсы нәтижеге келесіз. Сондықтан аралық резюмелерді, әр түрлі тарауларды байланыстыратын сөздерді алдын-ала дайындап алыңыз.
Өз жазбаларыңызды дайындап алыңыз. Жазбалардың тиімді тәсілі – жеке карточкаларға жазып қою. Әрбір карточкада бір тарау ғана енгізіліп оның аталуы міндетті түрде жазылуы тиіс. Тым көп жазудан аулақ болыңыз – артық сөздер сізді негізгі идеядан алшақтатады. Тіпті өзіңіздің кіріспе және қорытынды сөздеріңізді де жеке карточкаларға жазып алу артық болмайды, бұл өте тиімді тәсіл.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|