Азаматтық тәрбие – баларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету.
Эстетикалық тәрбие - оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу – дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі.
Еңбек тәрбиесі – еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс. Әр әдістің тәсілі болады.
Тәрбие жүйесі - мекетпті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыруда жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза. (В.А. Караковский)
Тәрбие жүйесі - тұлғаның рухани адамгершілік, шығармашылық дауые қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы.
Сынып жетекшісі - өзіне бекітілген сыныпта оқу-тәрбие жұмысын ұйымдасытрушы мұғалім, әрі мектептің сыныптағы әкімшілік тұлғасы.
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атауы.
Дүниетаным дегеніміз дүниеге деген нақты тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарасын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінің ғылыми негізделген сенімдердің бірлігі, яғни әлемге деген ғылыми, философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершіліктік, эстетикалық көзқарастардың біртұтас жүйесі.
Білім – объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Көзқарас – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарды байымдауы, ой тұжырымы, яғни адамның қол жеткізген идеялары, білімдері, теориялық тұжырымдар мен болжамдары.
Достарыңызбен бөлісу: |