|
Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова Қ.Қ. Педагогикалық практикумТАҚЫРЫП. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ
|
бет | 19/62 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 0,97 Mb. | | #42615 | түрі | Практикум |
| Игібаева А. К., Дюсенбаева А. Т., Шакаримова . . Педагогикалы ТАҚЫРЫП. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ.
Мақсаты – Тәрбие процесінің мазмұнының мәні мен қазіргі мектептегі ерекшелігімен таныстыру
Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру
Соңғы педагогикалық зерттеулерде «тұлғаның базалық мəдениеті» түсінігі қабылданған. Адамның іс-əрекеті барысында жүзеге келетін білімдер, ептіліктер, дағдылар, ой-өріс, адамгершілік жəне эстетикалық даму деңгейі, ортақтасу əдістері мен формалары- бəрі қосылып, «тұлғаның базалық мəдениетін» құрайды.
Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:
- табиғатқа бағытталған құндылықтар (адамгершілік тəрбиесі, тұлға сапасы ретінде танылған дұрыс та тұрақты қатынастар жасау);
- өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтар (адам құқын жəне оның құндылық мəнін дəріптеу; бақыт, еркіндік, ар-намыс, əділдік-теңдік, туысқандық жəне т.б. сынды құндылықты категорияларды қалыптастыру);
- қоғамға бағытталған құндылықтар (қоғамның құқықтық негізі жəне оның саяси құрылымымен танысу; қоғамдағы жеке адам проблемасын зерттеу: «Мен» жəне қоғам, отаншылдық тəрбиесі);
- еңбекке бағытталған құндылықтар (еңбектік дағдыларға үйрету).
Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Ғалымдардың көбі тəрбиелік істердің келесідей бағыттарын ұстанады (Б.Лихачев, В.А.Сластенин, М.П.Подласый, т.б.):
- ғылыми дүниетаным қалыптастыру;
- азаматтық тəрбие;
- еңбек тəрбиесі;
- адамгершілік тəрбиесі;
- эстетикалық тəрбие;
- дене тəрбиесі.
СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Өту формасы – практикалық сабақ
1. Тәрбие процесінің мазмұны түсінігінің мәні.
2. Ақыл-ой және дене тәрбиесі
3. Адамгершілік және эстетикалық тәрбие
4. Еңбек тәрбиесі
5. Құқықтық және саяси тәрбие
6. Экономикалық тәрбие
7. Экологиялық тәрбие
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Тапсырма: Тәрбиенің бағыттары бойынша кесте толтыру
Мақсаты – тәрбиенің бағыттары бойынша білімдерін тереңдету
Мазмұны – тәрбиенің бағыттары боынша мәнін, қалыптастыру жолдарын көрсету
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау:
Тәрбие процесінің бағыттары бойынша сипаттама беру кезінде оның мақсаты мен міндеттерін, оларды ұйымдастыру формалары мен әдістерін көрсету керек.
Тәрбие бағыты
|
Мақсаты мен міндеттері
|
Формалары мен әдістері
|
Ақыл-ой
|
|
|
Дене
|
|
|
Еңбек
|
|
|
Адамгершілік
|
|
|
Эстетикалық
|
|
|
Экологиялық
|
|
|
Азаматтық және патриоттық
|
|
|
Саяси және құқықтық
|
|
|
Экономикалық
|
|
|
Әдебиет: 1-4, 6-7, 9-10, 14, 17-19
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|