ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Электр станциялары және қосалқы станциялар пәнін меңгеру үшін
050718 – Электрэнергетика мамандығы студенттері үшін
Павлодар
Әдістемелік нұсқауды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.1/05
|
БЕКІТЕМІН
Энергетика факультетінің деканы
__________ А.П. Кислов
«___»________20_ ж.
Құрастырушы: аға оқытушы__________ А.М.Акаев
Электроэнергетика кафедрасы
Әдістемелік нұсқаулар
Электр станциялар және қосалқы станциялар пәнін меңгеру үшін
050718 - Электрэнергетика тәлімгерлері үшін
Кафедра отырысында ұсынылды «___»_________________20__ж., хаттама №_____
Кафедра меңгерушісі ___________________ И.В.Захаров
Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«_____»______________20_ж. хаттама №____
ОӘК төрағасы ________________М.М. Кабдуалиева
1 Жалпы мәліметтер
Электр станциялары және қосалқы станциялар пәні тәлімгерлерге электр станциялар мен қосалқы станцияларда қолданылатын элект құрылғылары және оларды таңдау мен тексеру жағдайлары туралы жалпы мәлімет береді.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№
п/п
|
Такырыптардың атауы
|
Сағаттар саны
|
Дәр.
|
Тәж.
|
Зерт..
|
СӨЖ
|
1
|
Электр станциялар мен қосалқы станциялар туралы жалпы мәліметтер
|
2
|
|
|
|
2
|
Өлшеуіш трансформаторлар
|
4
|
3
|
6
|
12
|
3
|
Электр өткізгіштерінің конструкциясы, параметрлері және сипаттамалары
|
3
|
3
|
3
|
15
|
4
|
Жоғары кернеулі электр аппараттар
|
5
|
3
|
6
|
15
|
5
|
Күштік трансформаторлар
|
4
|
2
|
-
|
12
|
6
|
Синхронды генераторлар және компенсаторлар
|
5
|
-
|
-
|
15
|
7
|
Станциялар мен қосалқы станциялар электр схемалары
|
4
|
3
|
|
15
|
8
|
Станциялар мен қосалқы станциялардың өзіндік қажеттері
|
3
|
1
|
|
12
|
9
|
Таратушы құрылғылардың констркциялары
|
4
|
|
|
12
|
10
|
Басқару, сигнализация және бақылау схемалары
|
3,5
|
|
|
12
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
37,5
|
15
|
15
|
120
|
Әдебиеттер
Негізгі:
Электрическая часть электростанций и подстанций: Учебник для вузов/ Л.Л.Васильев и др.; Под ред.Л. Л. Васильева.-М: Энергоатомиздат, 1990.-576 с.
Неклепаев Б.Н., Крючков И. 11. Электрическая часть электростанций и подстанций: Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования.-М.: Энергоатомиздат , 1989.-608 с.
Леньков К).Л., Кургузов II.II., Кургузова ЛИ. Электрические станции и подстанции: Сборник лабораторных работ.- Павлодар: Изд. ПГУ им. С. Торайгырова, 2003.- 152 с.
Леньков К).Л., Хожин Г.Х. Выбор коммутационных аппаратов и токоведущих частей распределительных устройств электрических станций и подстанций.- Павлодар. Изд-во ПГУ, 2003.-211 с.
Қосымша:
Электрическая часть электростанций / Под ред. СВ. Усова.- Л.: Энергоатомиздат, 1987.- 616 с.
Рожкова Л.Д., Козулин B.C. Электрооборудование станций и подстанций.- М.: Энергоатомиздат, 1987. -648 с.
Электротехнический справочник. Т.З Кн. 1. Производство и распределение электрической энергии./ Под общ. ред. профессоров МЭИ (гл. ред. И.П. Орлов).- М.: Энергоатомиздат, 1988.- 880 с.
Леньков Ю.А. Электрические станции и подстанции. Метод. Указания к курсовому проекту.- Павлодар. Изд-во ИГУ, 2002.- 71 с.
Справочник по электрическим аппаратам высокого напряжения/ П.М. Адоньев, В.В. Афанасьев, И.М. Бортник и др.: Под ред. В,В, Афанасьева.- Л.: Энергоатомиздат, 1987.- 544 с.
2 Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
2.1 Электр станциялар және қосалқы станциялар туралы жалпы мәліметтер
Берілген тақырыптың материалдары энерго жүйедегі электр станциялар мен қосалқы станциялардың ролі мен орнын анықтауға, Казақстан электрэнергетикасының дамуын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл тақырыпты меңгергенде технологиялық схемалардыңерекшеліктерін және әртүрлі типті электр станциялардың сипаттамалық ерекшеліктерін анықтау қажет.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
- бүгінгі электр станциялардыңтиптерін және олардың сипаттамалық ерекшеліктерін;
КЭС және ТЭЦ принциптік технологиялық схемаларын;
принципиальные технологические схемы КЭС и ТЭЦ;
қосалқы станциялардың негізгі типтерін және олардың тағайындалуы;
электр станциялар және қосалқы станциялардың элект қондырғылары негізгі элементтерінің шартты графикалық және әріптік белгіленуін;
электр станциялар және қосалқы станциялардың электр қондырғыларын.
Жоғарыда қарастырылған сұрақтар мына әдебиетте қарастырылады ([1], введение и глава 1; [6], введение; [8] параграфы 1.1 и 1.2).
2.2 Өлшеуіш трансформаторлар
Берілген тақырыпты меңгеру барысында ішкі және сыртқы қондырғылардағы ток және кернеу трансформаторларының конструкциялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.
Ток және кернеу трансформаторларының векторлық диаграммасын құрастыруды үйрену керек және олар бойынша салыстырмалы қателіктерді анықтау қажет. Бұл тақырыпты меңгеру барысында өлшеуіш трансформаторлардыңсалыстырмалы қателігін азайтудың негізгі амалдарын, олардың қосылу схемаларын және қолдану аясын анықтау қажет. Ток және кернеу трансформаторларын таңдау және тексеру шарттарын меңгеру керек.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
ішкі және сыртқы қондырғылар үшін өлшегіш трансформаторлардың конструкцияларының ерекшеліктерін;
- өлшеуіш трансформаторлардың қосылу схемаларын және олардың қолдану аясын;
өлшегіш трансформаторлардың салыстырмалы қателіктерін азайтудың амалдарын;
өлшегіш трансформаторлардың жұмыс режимдерінің ерекшеліктерін;
жасай алуы керек
- өлшегіш транесформаторлардың векторлық диаграммаларын құру және олар бойынша салыстырмалы қателіктерді анықтау;
- өлшегіш трансформаторларды таңдау және тексеру; - оқшауламаның жағдайын бақылау.
Бұл тақырыпқа қатысты сұрақта әдебиетте қарастырылған ([1] параграфы 16.1 - 16.6, 17.1 17.6; [3] разделы 2 и 3; [41 1, 3; [6] 6.1 -6.6, 7.5, 7.6; [8] 4.8, 4.9,4.11; [5] 8).
2.3 Электр өткізгіштерінің конструкциясы және сипаттамалары.
Бұл тақырыпты оқу барысында жабық таратушы құрылғыларда қолданылатын өткізгіштердің типтеріне көңіл аудару керек. Бұл тақырыпты меңгеру процессінде әр түрлі конфигурациялы қатаң шиналардың қолдану аясын анеықтау керек. Ерекше назар комплекттік экрандалған токөткізгіштерге аударылу тиіс.
Ашық таратушы құрылғылардың шиналық конструкцияларын меңгергенде кернеу денгейіне және ұшу ұзындығына байланысты шина және токөткізгіштердің орындалуына назар аудару керек.
Ерекше назар жабық және ашық таратушы құрылғылардың шиналарын және токөткізгіштерін таңдау және тексеру шарттарына аударылуы тиіс.
Оқшаулағыштарды оқығанда, электр қондырғыларында қолданатын, кернеу денгейінен, механикалық беріктігінен және климаттық жағдайларынан тәуелділігіне байланысты олардың конструкциялық ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Таратушы құрылғылардың шиналық конструкцияларына және оқшаулағыштарына қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 3.1 - 3.3, 8.1 - 8.4; |3] 4; [4] 1,4; [6] 7.8; [8] 4.2; [5] 9).
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
қатаң шиналардың конфигурациясын және олардың қолдану аясын;
таратушы құрылғылардағы қатаң шиналардың бірігу әдістерін;
- комплектті экрандалған токөткізгіштердің конструкциясы және қолдану аясы;
- иілгіш шиналар мен токөткізгіштердің конструкциясын.
жасай алуы керек
- оқшаулағыштарды кернеу классы, механикалық беріктігі және климаттық жағдайлар бойынша ажырату;
- жабық және ашық таратушы құрылғылардың шиналарын және токөткізгіштерін таңдау және тексеру.
2.4 Жоғары кернеулі электр аппараттары
Берілген тақырыпты сөндіргіштердің классификациясынан, оларға қойылатын талаптардан және олардың номиналды параметрлерін меңгеруден бастау қажет.
Сөндіргіштердің конструкциясын қарастырғанда ең алдымен олардың жұмыс істеу принциптерін және электр доғасын сөндіру әдістерін анықтау керек.
Айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды оқығанда олардың тағайындалуын, жұмыс істеу принциптерін және қолдану аясын анықтау керек. Ерекше назар ішкі және сыртқы қондырғылар айырғыштарының конструкциясына аударылу тиіс
Ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды оқығанда олардың конструкциясына, қолдану аясына және бірігіп жұмыс істей алуына назар аудару керек.
Сөндіргіштерді, айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды таңдау және тексеру шарттарын анықтау керек.
Бұл тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
сөндіргіштерге қойылатын талаптарды, олардың негізгі номиналды параметрлерін және сөндіргіштердің тағайындалуын;
әртүрлі сөндіргіштер чиптерінің жұмыс істеу принциптері және электр доғасын сөндіру әдістері;
айырғыштардың, ажыратқыштардың, қысқатұйықтағыштардың атқаратын қызметі және оларға қойылатын талаптар;
электр тізбегін қосқанда және үзгенде айырғыштар және сөндіргіштермен операциялар реті
магнит құлпының атқаратын қызметі және құрылғысы.
Жасай алуы керек
- сөндіргіштерді, айырғыштарды, ажыратқыштарды және қысқатұйықтағыштарды таңдау және тексеру.
Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 12.1-12.8, 14.1-14.3; [3] 1,5; |4'| 1,2; [6] 5.1-5.12, 7.2, 7.3;[8] 4.5-4.7).
2.5 Күштік трансформаторлар
Берілген тақырыпты оқуды күштік трансформаторлардың негізгі түрлерінен және олардың номиналды параметрлерінен бастау керек.
Трансформаторлардың суытылу жүйелерін меңгеру барысында трансформаторларда сол немесе басқа суыту жүйесі қандай қуатта қолданылатын анықтау керек.
Трансформаторлардың жүктелу мүмкіндіктерін меңгергенде жүйелік және апаттық асқынжүктелулердің мүмкіндігін анықтау керек.
Үшорамды автотрансформатордың жұмыс режимдерін меңгеру барысында сол немесе басқа комбинирленген режимнің мүмкіндігін анықтау керек.
Электрэнергиясын тұтынушыларда кернеу тұрақтылығын қалыпта ұстау үшін жүктеме астындағы трансформаторларды реттеу туралы материалдарды меңгеру керек.
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
- күштік трансформаторлардың негізгі салқындатылу жүйелері және олардың қолдану аясы;
- автотрансформаторлардың комбинирленген жұмыс режимдері және олардың мүмкіндігі;
- трансформаторлардың жүйелік және апаттық асқын жүктелу мүмкіндігі;
- жүктеме астындағы трансформаторлардың кернеуін реттеу схемасы.
жасай алу керек
- трансформатор және автотрансформаторлардың жүйелік және апаттық асқын жүктелу мүмкіндігін есептеу және трансформаторларды таңдау;
- үшорамдық автотрансформаторлардың комбинирленген жұмыс режимдерінің мүмкіндігін есептеу.
Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 22.1 22.5; [5] 1.12-1.15; [7] 2.2).
2.6 Синхронды генераторлар және компенсаторлар
Берілген тақырыпты меңгеру барысында суытылу жүйесіне байланысты синхронды генераторлар мен компенсаторлардың конструктивті ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Синхронды машиналардың суытылу жүйелерін меңгеру барысында әртүрлі суытылу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне, және олардың қолдану аясына назар аудару керек.
Синхронды машиналардың қоздырылу жүйелерін меңгеру барысында әртүрлі қоздырылу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардың қролдану аясын анықтау.
Синхронды генераторлар мен компенсаторлардың өрісін автоматты түрде өшіруін меңгергенде қоздырылу орамын активті кедергіге қосқанда және доға сөндіргіш тор арқылы доға сөндіру процестерінің айырмашылығына назар аудару керек.
Синхронды машиналарды параллелді жұмысқа қосу әдістерін меңгергенде олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін меңгеру керек және сол немесе басқа амалмен синхронды генераторлар мен компенсаторларды параллелді жұмысқа қосу операция ретін анықтау керек.
Берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде талапкерлер:
білуі керек
синхонды машиналарды суыту үшін қолданылатын әртүрлі суыту жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері;
синхронды генераторлар мен компенсаторларда қолданылатын әртүрлі қоздырылу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін;
синхронды машиналардың магнит өрісін сөндіру әдістері, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
синхронды машиналарды параллелді жұмысқа қосу амалдары.
Берілген тақырыпқа қатысты сұрақтар әдебиетте қарастырылған ([1] 20.1 - 20.9; [6] 1.1 - 5; [8] 2.1, 2.3).
2.7 Станция және қосалқы станцияның электр схемалары
Берілген тақырып таратушы құрылғылардың электр схемаларымен, олардың қолдану аясымен, схемалардың артықшылықтары және кемшіліктерімен, олардың беріктігін арттыру әдістерімен, ТЭЦ және КЭС типті электр станциялардың электр схемаларын құрастыру ерекшеліктерімен, және де ЭС –ның негізгі схемаларын құрастыру ретімен танысумен байланысты.
Тәлімгерлер жөндеуге шығару операциясын өткізу ретін және қосылғанды жұмысқа кіргізуді, сөндіргіштерді және шиналардың жүйесін қарастыру керек. Тапсырма бойынша таратушы құрылғылардың схемаларын құрастыру сұрақтарына ерекше назар аудару керек. Тәлімгерлерді электр станциялардың таратушы құрылғыларының схемаларын таңдау ұсыныстарымен, және сол немесе басқа құрылғыны қолдану аясын шектелуімен таныстыру керек. Тәлімгерлер нақты алғашқы берілгендер бойынша схемаларды таңдау сұрақтарында қажетті бағыттарды таба алуды үйрену керек.
Берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде тәлімгерлер:
білуі керек
- таратушы құрылғылардың электр схемаларын құрастыру бойынша басқарушы іс-қағаздардың негізгі жағдайы
схемалардың мүмкіндіктері, олардың артықшылықтары және кемшіліктері;
әртүрлі схемаларды қолдану аялары;
конденсациялық типті(КЭС) және ТЭЦ станциялардың құрылымдық схемалары және оларды құрастыру ерекшеліктері;
ЭС басты схемалары бойынша негізгі түсініктері мен анықтамалары;
- ЭС басты схемаларының негізгі және қосымша құрылғылары.
жасай алуы керек
- нақты тапсырма бойынша таратушы құрылғылардың электр схемаларын құрастыру;
- қосылғыны, сөндіргіштерді, жиналғыш шиналарды жөндеуге шығару және жұмысқа кіргізу үшін шұғыл қайта қосулар өткізу;
- құрылғының істен шығуына және зақымдалуына зерттеу жүргізу;
Тапсырма бойынша ЭС әртүрлі типтеріне құрылымдық схемаларын салу;
Құрылымдық схема бойынша ЭС басты схемасын орындау;
ЭС басты схемаларының беріктігін қамтамасыз ету үшін технологиялық жобалау нормаларының ұсыныстарын қолдану;
басты схемаларды ток, кернеу өлшегіш трансформаторлардың, разрядтағыштардың орналасуын ескере отырып, трансформаторлардың қосылу схемаларын және олардың нейтралінің жұмыс режимін көрсете орындау
Ұсынылатын әдебиет [1], [4], [5], [6], [7].
2.8 Электр станциясы және қосалқы станцияның өзіндік қажеттері
Берілген тақырыпты меңгеру барысында талімгерлер өзіндік қажет электрқондырғыларының тағайындалуының жалпы жағдайларымен, өзіндік қажет жүйесіндегі кернеу денгейлерімен, өзіндік қажет тұтынушыларымен, және де әртүрлі станциялар типтері үшін өзіндік қажет тұтышушыларының электр жабдықтау схемаларын құрастыру схемаларын құрумен, өзіндік қажет жүйесіндегі жұмыс және резерв қоректендіруді орындаумен танысу керек.
Берілген тақырыпты меңгеру барысында тәлімгерлер:
білуі керек
КЭС, ТЭЦ типті электр станциялар және қосалқы стьанциялардың 6 және 0,4 кВ кернеулі өзіндік қажет жұмыс және резерв қоректендіру схемалары;
өзіндік қажет жұмыс және резерв қоректендіру көздерінің қуаттарын таңдау сұрақтарында бағыт ұстай білу.
өзіндік қажет жүйесінде жұмыс және резерв қоректендіруді қосу;
әртүрлі типті станциялар мен қосалқы станциялар үшін жұмыс және резерв көздердің санын таңдау сұрақтарын.
жасай алуы керек
өзіндік қажеттің жұмыс және резерв қуаттарын таңдау бойынша есеп жүргізу;
өзіндік қажет тұтынушыларының жұмыс және резерв қоректендіруінің схемаларын құрастыру;
өзіндік қажет жұмыс және резерв көздерінің санын анықтау;
Ұсынылатын әдебиет [1], [2], [5], [6], [7].
2.9 Таратушы құрылғылардың конструкциялары
Таратушы құрылғылардың классификациясы және оларға қойылатын шарттар. Жабық таратушы құрылғылар(ЖТҚ). Секциялық және сызықтық реакторлы жиналғыш шиналардың бір жүйесімен 6-10 кВ таратушы құрылғылар. Секциялық және сызықтық реакторлы жиналғыш шиналардың екі жүйесімен 6-10 кВ таратушы құрылғылар. ЖТҚ 35-220 кВ. Ашық таратушы құрылғылар (АТҚ). Иілгіш өткізгішті таратушы құрылғылар. Қатаң өткізгішті таратушы құрылғылар. Комплектті таратушы құрылғылар (КТҚ). Электр станциялары мен қосалқы станцияларының таратушы құрылғыларының типтік компоновкаларының үлгілері.
Бұл бөлімді меңгеру нәтижесінде тәлімгер:
білуі керек
- ЖТҚ, АТҚ және КТҚ қолдану аясын;
сенімділікті, қауіпсіздікті және ыңғайлықты қамтамасыз ету үшін ЖТҚ конструкциясының орындалуына қойылатын талаптарды;
бір секцияланған шиналар жүйесі бар жабық таратушы құрылғылардың конструкцияларын;
ЖТҚ –да құрылғылар мен аппараттарды орнату ерекшеліктері;
ЖТҚ-ғы токөткізгіш бөлшектердің орналасу реті;
Секциялық және топтық реакторларды орналастыру;
ЖТҚ-да құрылғы және аппаратқа қызмет көрсету;
Тұтынушыларға кабелдерді салу әдістері;
ЖТҚ-да сөндіргіштер мен реакторларды суытуды орындау;
АТҚ-ның компоновкасының ерекшеліктері;
АТҚ-да токөткізгіш бөлшектерінің орналасуы;
АТҚ территориясында аппараттар мен құрылғыларды орнату;
Комплектті таратушы құрылғылар және КТҚ-ғы құрылғының құрамы;
Қауіпсіздік және қызмет көрсету ыңғайлығын қамтамасыз ету;
КТҚ бөлімдерінің тізімі, олардың тағайындалуы және орналасуы.
жасай алуы керек
келтірілген кескін бойынша ЖТҚ-ның ұяшықтарының электр схемасын салу;
кескіндер және үстінгі көріністері бойынша АТҚ-ның ұяшықтарының электр схемасын салу;
- АТҚ –ның келтірілген электр схемасы бойынша кескін және жоғарыдан көрінісін салу;
- АТҚ-ның кескіндерінде токөткізгіш бөлшектерінің ярустарын көрсету;
КТҚ шкафының конструкциясын меңгеру және қарастыру.
Ұсынылатын әдебиет : [1], [5], [6], [7], [8], [9].
2.10 Басқару,дабыл және бақылау схемасы
Электр станциялары мен қосалқы станцияларындағы тұрақты және айнымалы оперативті ток көздері.Дабыл тізбектерінің негізгі аппаратурасы. Электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы апаттық және ескерткіш дабылы. Электр станциялар мен қосалқы станциялардағы айырғыштардың және сөндіргіштердің блокировкасы.
Бұл бөлімді меңгеру барысында тәлімгерлер:
білуі керек
- тұрақты және айнымалы оперативті токтың атқаратын қызметі;
басқару кілттері, олардың көмегімен аппараттармен басқаратын операцияларды орындау;
қорғаныстан автоматты түрде қосылу және ажырау;
автоматическое включение и отключение от защит;
ЭС –ғы апаттық және ескерткіш дабылдың атқаратын қызметі;
Айырғыш және ажыратқыштардағы блокировканың атқаратын қызметі және олардың жұмыс принципін.
жасай алуы керек
басқару кілттерінің констпукциясы туралы және олармен аппараттарды қосу және сөндіру операцияларын орындау реті туралы айту;
сөндіргіштермен басқараоу схемаларын оқу;
блокировквның қызметін және автоматты қосылу және ажыратылу тізбектерінің атқаратын қызметін білу;
апаттық және ескерткіш дабыл схемаларын оқу;
блокировка схемаларын оқу.
Ұсынылған әдебиет: [1], [5], [6], [7].
Достарыңызбен бөлісу: |