I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет117/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230
Логопедия

Жұмыстың негізгі міндеттері
: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу тілінің 
дыбыстарына қызығушылығын арттыру, оларға еліктеу қажеттілігімен 
мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын ажырату. 
Жалпы педагогикалық жұмыс сөйлеу тілінің психофизиологиялық негізін, 
іс-әрекеттердің негізгі түрлерін қалыптастыруға, еркін
 
зейінін, көру және 
акустикалық ұстанымдар мен дифференциялауды дамытуға бағытталады

Жұмыс сөз дыбыстарынан емес, шуларды, сөзге қатысы жоқ дыбыстарды 
ажыратудан басталады. Алайда, ол балаға тек қана ол жақсы оқытылып, 
онда қарапайым тұрақтану болғанда және өнімді іс-әрекет мүмкіндігіне
үйретілгенде ғана қолжетерлік болады. 
Бағытталған зейін және жұмыс жасауға қабілетін дамыту үшін түрлі 
құралдар қолдануға болады: салынатын заттар, кесілген суреттер (жай және 
күрделі), таяқшалар ( таяқшалардан ою-өрнектерді, геометриялық пішіндерді 
құрастыру), мозаика — және олармен іс-әрекеттер: сұрыптау, таратпалы 
материалды түсі, пішіні, мөлшері бойынша топтастыру.
Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-әрекеттердің 
қарапайым түрлері қалыптаспаса дыбыстарды қабылдауын дамыту жұмысы 
мүмкін болмайды. 
Дыбыс шығаратын ойыншықтармен музыкалық аспаптардың сигналдары 
қолданылады. Бала ойыншықты қолына алып, дыбыс шығару кезіндегі оның 
сылдырын сезінгені өте пайдалы. Ең алдымен ол педагогтың дыбыстарды 
қалай және не арқылы шығаратынын бақылайды, кейін дыбыстарды өзі 
шығаруға тырысады. Сонан соң логопед ыммен баланың көзін жұмып, теріс 
қарауын талап етеді (дыбыс шығаратын заттармен ойыншықтарды перде 
артына немесе экран артына қоюға болады), кейін бала сәйкес дыбыс 
көздері-заттарды дыбыс шығаруы бойынша ажыратып үйренеді. 
Жұмыс кезінде шапалақ соғудан, еденді топылдатудан, устелді соғу сияқты 
әрекеттерен бас тарту қажет. Себебі, осы жағдайларда дыбысталу емес, 
керісінше сүйек өткізгіштігінің тербеліс, дірілі қабылданады.
Біртіндеп дыбыстық , шу қатары күрделеніп өзгереді, оған алдымен жаңа 
ұқсамайтын алыс дыбыстар, сонан соң жақын нәзік акустикалық жұмысты 
қажет ететін дыбыстар еңгізіледі. Осылайша баланың есту аясы кеңейіп 
реттеледі.

Осындай жұмыстың тиімділігіне қарай шу қатарына сөйлеу 


тілінің қатты дыбысы еңгізіледі 
(а, р, у т.б.
), ол затпен немесе құбылыспен 
байланыстырылады. Егер бала тез шаршап алаңдап, аса қозғыш, мазасыз 
болатын болса, немесе тежеліп, есінесе, жұмыс өзінің өнімділігін жоғалтады. 
Балаға дем алып іс-әрекеттер түрлерін өзгертуге мүмкіндік беру қажет

Мұндай тапсырмалар жұмыс барысы бойы жүргізіледі, бірақ акустикалық 
жүктемені әрбір сабақта мөлшермен беру қажет. Бір сабақта бір тапсырмаға 


252 
бірнеше рет оралып отыру тиімді болады, бірақ бір рет орындағанда аса 
шектеулі түрде жүргізіп, баланың шаршамауына жол бермеген дұрыс. 
Белсенді есту зейінінің көлемі баяу көбейеді

Осы жұмыспен қатар баланың тәртібін, жұмыс жасау қабілетін іс-әрекетін 
(балаға дұрыс отыруды, көруді, көшіруді, сөзсіз нұсқауларға бағыну, 
нұсқауды орындауға педагогтың реакциясын (құптау немесе құптамау) 
ескеруді, бастаған істі аяқтауға үйретеді) дұрыстауға бағытталған тәрбиелік 
әсер ету жұмысы жалғастырылады.

Акустикалық зейін мен қабылдау


баланың орнықтылығы, есте сақтауы, заттық-тәжірибелік әрекетінің дамуына 
байланысты жақсарады. 
Бала қабылдап, бөліп айтып, сөзсіз, кейін сөз дыбыстарынан ажырата 
бастаған әрбір дыбысы затпен, суретпен, іс-әрекетпен, нақты жағдаймен 
байланыстырылады. Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде дыбысталумен зат 
арасындағы шартты байланысты орнату үшін сөз-эквиваленттері, дыбыс 
кешендері тандалып алынады
(у 
— 
паровоз, машина; р 
— 
ұшақ, ырылдаған 
ит; мө 
— 
сиыр 
т.с.с.) сөйтіп дыбыс немесе дыбыстар қосындысының затпен 
немесе оның бейнесі арасында байланыс орнайды және бекиді.
Дыбыстардың кейбіреуін ажыратқан соң буындарды ажыратуға көшеді,
мұнда да нақты затпен немесе әрекетпен байланыстырады, немесе жай 
сөздерді міндетті түрде затпен сәйкестендіреді.
 
Ең жеңіл болатыны екі 
дауыстының, дауысты мен дауыссыздың қосындысы — 
уа, ау, ам, 
дауыссыз 
бен дауыстының ашық буында кездесуі 
ма, па, на, та 
т.б. Алдымен жеке 
дауыстыларды сөздің басында ажырату, кейін сөздің басында ажырату 
жұмысы жүргізіледі. Жұмыста естіп тануға қиын дыбыс қосындыларымен 
сөздерді алмауға тырысу керек.
 
(екі-үш дауыссыздың қатар келуі: кс,тп,сп, 
лт
 
т. б.). Бала алғаш ажыратып үйренген сөздер мәні,құрылымы, 
дыбысталуы бойынша алыс, ұқсамайтын болуы керек. Әрбір сөзді 
қабылдағанда қимыл, көз (көру), тактильді түрде түсіндірілуі қажет. Көріп, 
айнада бақылау, бетінен «оқу» түрлері кеңінен қолданылады. Бала 
қабылдаған алғашқы сөздердің интонациясы өзгертілмей айтылуы қажет. 
Нақтыланған интонация, оған сүйену арқылы бала қарым-қатынасқа 
түскенде бағдарлайды, оның интонациялық реңкі балаға айтылған сөздің 
мағынасының негізгісі болады. Енжар сөз қорын молайтуға арналған 
жоспарланған жұмыспен қатар өздік сөйлеу тілін дамыту да жүргізіледі. 
Үлкеннің айтуы бойынша бала суреттерді көрсетеді, іс-қимылдарды 
орындауды ыммен көрсетеді. Қимылдар кешенін бала жаттап, сонан соң 
оларды өзі жаттанды түрде сөзбен бірге орындайды, біртіндеп өз бетінше 
педегогтың айтуы бойынша орындап, кейін сөздік нұсқау бойынша
орындайды: «Қолды жоғары көтер, екі жаққа» т. б. 
Эмоциональді-ойын фонында дыбыстарға қызығушылығы арттырылады. 
Бала дыбыс шығарған затты көрсетіп дыбыстың сипатымен ғана танысып 
қоймай, оны кеңістікте шоғырландыруғы, дыбыс шығарған ойыншықтың 
орнын белгілеуге үйренеді.

Ойын арқылы бала белгілі дыбыстарға тандау 




253 
арқылы біртіндеп дыбыстық белгінің күшін, ұзақтығын, қарқынды ажыратуға 
үйренеді.
 
Бала түсінетін сөздерді молайтуда бала бір уақытта сөзді естіп затты көріп
онымен іс-әрекет жасағаны өте маңызды. Сөзбен зат арасындағы байланыс 
есту және көру сезімдерінің бірнеше рет сәйкестендірілуі арқылы болады. 
Бала заттарды көріп естігеніне деген реакцияларын басып тастамай , оларды 
күшейту, таң қалу, қызығушылық таныту маңызды болып саналады. Бала 
заттармен іс-әрекет жасағанда

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау