I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет73/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   230
Логопедия

– 
сөйлеу
 
аппаратының шеткі
 
бөлімінің
 
тұтастығының бұзылуы.
 
Ашық ринолалияда

барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа 


жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы 
емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ауыз бен мұрын жолы 
аралығындағы қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы 
өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады, егер ауыз бен 
мұрын жолдарының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір жері ашық 
қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен 
мұрын жолы қақпа бұзылған жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан 
кезде, үннің әуені өзгереді, дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» 
дыбыстарының әуендері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың 
артикуляциясында ауыз-жолы басқасына қарағанда көбірек тарылады. «Е» 
мен «о» дыбыстарын айтқанда үн әуезділігі білінер білінбес ғана естіледі. Ал 
«а» дыбысының мұрыннан естілуі білінбейді десе де болады, өйткені ол 
дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты 
дыбыстардың үн әуезділігінің бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз 
дыбыстардыңда үн әуезділігі бұзылады. Ызың және фрикатифті дыбыстарды 
айтқан кезде мұрын қуысында қырылдап естілетін дыбыс пайда болады.
Шұғыл (п, б, д, т, к, қ, ғ, г) дыбыстарын айтқан кезде де үн әуезділігі ашық 
естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы 
пайда бола алмайды, сондықтан дыбыстар анық айтылмайды. «Р» және «Л» 
дыбыстардың да айтылуы бұзылады. Ашық ринолалияда «р» дыбысын 
шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің ұшының 
дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі 
әдістер қолдануға болады. Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға 
мұрын жолдарын біресе ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» 
дыбысын қайталатады. Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың 
айтылуы негұрлым бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» 
дыбысы, үнсіз айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз 
саусақтарымен қатты дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға 
болады. Тексеру жүргізіп жатқан адам «оливаны» өз құлағына, ал екіншісін 
баланың мұрнына тығады. Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» 


153 
дыбыстарды айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» 
дыбыстарын айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезіледі. 
Ашық ринолалия 
органикалық
және 
функционалдық 
болып бөлінеді.
Органикалық 
ринолалия іштен туа біткен немесе сыртқы соққылар 
салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа 
біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы 
соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның 
түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың 
сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және 
таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және 
логопедия үшін маңызды проблемалардың бірі. Ол хирург- стоматолог, 
ортодонт, балалалар оториноларингологі, психоневролог және логопедтердің 
ерекше көңіл аударатын мәселелері деп білеміз. Жарықшалалар ең күрделі 
және жиі кездесетің ауытқу. Бет жарықшалар этиологиясы күрделі ауытқу. 
Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық 
фактордың ықпалы және экзогендік зияндылық, оның үстіне көп 
жағдайларда осы және басқа себептердің үйлесуі ықпал етеді 
(Е.М.Немчинова, 1970; В. М. Мессина, 1971; Г. В. Кручинский, 1974; т.б.). 
Сонымен қатар биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, 
токсоплазмоз, вирусты гепатит, тұмаудың күрделі түрі және басқа вирустық 
инфекциялар); химиялық факторлардың ықпалы (улы химикаттар, 
қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі-
дәрмек әсері) жағымсыз болуы мүмкін. Психогендік факторлар: шошыну, 
әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі. Жүктіліктің бастапқы 7-8 
аптасында экзогендік сипаттағы зиянды фактордың жағымсыз ықпалын 
айрықша баса айтқан жөн. Әдеби деректемелерде тұқым қуалауның негізінде 
пайда болған қатты таңдай жарықшалар түрі 10 - 30% дейін (Светлов П. 
Г.,1962, Писков А. Я., 1970 және басқалары) кездеседі деген мәліметтер бар. 
Таңдай жарықшасының салдарынан болған ринолалия ерекше симптомдар 
кешенімен 
сипатталады:

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау