331
Жоғарғы қабыршық қызметінің жүйелі құрылымы туралы қазіргі кездегі
көзқарасты ескере отырып, дислексияны топтастыру кезінде анализаторлы
бұзылыстарды, жоғарғы психикалық қызметтердің бұзылысы сипатына,
сенсомоторлы деңгейдің бұзылысына ғана емес сонымен бірге белгілік
(символикалық) тілдік деңгейін есепке алу қажет.
М. Е. Хватцев бұзылған механизмдер бойынша
фонематикалық,
оптикалық, оптико-кеңістіктік, семантикалық және мнестикалық
дислексияны бөледі. Оның ойынша, балаларда дислексияның фонематикалық
және оптикалық түрлері байқалады. Басқа түрлері бас миының органикалық
бұзылысы салдарынан болған афазия кезінде белгіленеді.
Фонематикалық дислексия кезінде балалар екі-төрт жыл бойы дұрыс
оқуды үйрене алмайды. Біреулері жеке әріптерді үлкен қиындықпен
меңгереді және оларды буын, сөздерге қоса алмайды. Басқалары әріптерді
қиындықсыз меңгереді, бірақ буын, сөзді оқу үрдісі кезінде көптеген қателер
жібереді, өйткені оларға әріп графема болып табылмайды (графикалық
белгімен жалпыланған). Бұл автордың көзқарасы бойынша фонематикалық
естудің нашарлығымен шартталған.
Бұл балалардың сөйлеу тіл дыбыстары туралы түсініктері нақты емес,
тұрақсыз, олар оппозициялық, дыбысталуы бойынша ұқсас фонемаларды
ажыратулары қиын болып келеді. Сөздерді оқу үрдісі кезінде дыбыстарды
аналогия бойынша жатталған буын және сөзге сәйкестендіруде, буындарды
таңдауда қиналады.
Оптикалық дислексияда әріптер белгілі фонеманың жалпылама белгісі
ретінде саналмайтынымен белгіленеді. Сонымен, фонема мен графеманың
байланысы туралы түсініктердің қалыптасуының бұзылысы, фонематикалық
және оптикалық дислексияда да белгіленеді.
Оптикалық дислексиясы бар балаларда сөйлеу тілінен тыс кезде де көру
қабылдауының бұзылысы байқалады. Олардың кейбіреулері таныс түрлерді,
ұқсас заттарды қиындықпен ажыратады, суретті нашар салады.
Жарты шар бұзылысы кезінде сөздің сол жақ бөлігін оқуда қиындық
туғызады (Қанат – Жанат), керісінше оқу (зеркальное чтение), сөз оңнан
солға қарай оқылады, оқу кезінде әріпті және сөздің орнын ауыстырып алуы
байқалады. М. Е. Хватцевтің жіктеліңмінде оқу үрдісінің барлық
операциялары ескерілмейді. Баладағы айтылған дислексияның түрі оқудың
бұзылысының барлық жағдайын қамтымайды.
Р. И. Лалаева оқу үрдісі бұзылған операцияларын ескере отырып
дислексияның келесі түрлерін бөледі
: фонематикалық, семантикалық,
мнестикалық, оптикалық, тактильді.
Фонематикалық
дислексия
фонематикалық
жүйе
қызметінің
жетілмегендігімен байланысты, яғни тілдік фонем жүйесі, онда әр бірлік
мағыналы ажыратылмалы белгілердің белгілі бір жиынтығымен сипатталады.
Әр фонема кез келген басқада бір мағыналы (немесе бірнеше) ажыратылмалы
белгімен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда, өзара ұқсас алыс дыбыстар туралы
айтылады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: