I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет150/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   230
Логопедия

есту қабілеті
бұзылысының 
салдарын пайда болған дауыс бұзылысын
 
жатқызады.
Туа біткен немесе ерте жаста пайда болған саңыраулықта акустикалық 
бақылаудың жоқ болуынан дауыстың жоғарлығы, күші және тембрі өзгереді.
Нәрестелік шақта сәбидің дауысының табиғи тембрі және дауыстың 
құйқылжуы (модуляциясы) жоғалған күйде, үілдеуінің дұрыс ритмі жоқ, 
былдырлау инстинкті төмен болады. Бала дамып, өскен сайын дауыс 
бұзылыстары айқын көріне бастайды. Дауыс көлемі емшектегі бала 
дауысының диапазонының деңгейінде қалады, яғни 3-4 тоннан тұрады. 
Дауыс әдетте қатаң, өте әлсіз, бәсең, әзер естілетін болады, бірақ шаңқылдақ, 
үзік-үзік, қарлыққан, дөрекі, мұрындық ренкпен, төмен болуы мүмкін.
Естуі бұзылған жағдайда дауыстың сипаты естуінің күйіне және есту 
қабілетінен айырылу мезгіліне байланысты болады.
Қалдық есту қабілеті бар немесе одан кеш айырылған балалардың 
дауысы үнді, табиғи болып шығады. Туа біткен саңыраулығы бар немесе бір-
екі жасында есту қабілетінен айырылған балаларға дауыстың әр түрлі 
бұзылыстары және сөйлеу тілінің ырғақтылығының, сөз әуенінің
интонациялық жағының бұзылуы тән. Олардың сөйлеу тілі мәнерлі емес, бір 
сарынды, табиғы модуляциясы жоқ болуымен сипатталады. Бұл балалар 
дауысын жоғарлатып, төмендете алмайды, дауыстың күшін және ұзақтығын 
өзгерте алмайды, мұрын және ауыз резонаторларын дұрыс пайдалана 
алмайды.
Есту қабілеті төмендеуінде дауыстың бұзылуы құрылысында 
анатомиялық өзгерістері болмаған жағдайда артикуляциялық, тыныс алу 
және дауыс аппараттарының жеткіліксіз және нақты емес жұмысымен 
түсіндіріледі.
Көмейді тексеру кезінде дауыс қатпарларының қабыспауы немесе 
олардың құрысып тарылуы байқалады. Естімейтін адамның дем шығару 
кезінде ауаның жартысы дауыс қатпарларының арасынынан өтеді, соның 
салдарынан дауысқа қарлыққан ренк беретін шу пайда болады. Дауыс 
қатпарларына күш салған кезде спастикалық дисфония және дауыс 
қатпарларында түйіншектер пайда болуы мүмкін. Фонация кезінде ауаның 
жартысы мұрын қуысына барады, нәтижесінде дауыста мұрындық ренк 
пайда болады.
Дауыстың функционалды бұзылыстары 
кең тараған және алуан түрлі. 
Оларда көмейдің анатомиялық және асқыну өзгерістері байқалмайды. 
Функционалды патологиялардың себептері әр түрі: дауыстың қалжырауы, 
дауыстың дұрыс қойылмауы, әр түрлі инфекциялық ауырулары және 
психикалық факторлардың әсері. 
Функционалды өзгерістердің ұзақ уақытқа созылуы, көмейдің 
шырышты қабығының жалған органикалық өзгешеліктерін - қызаруын 
(гиперемиясын), дауыс қатпарларының қалыңдауы мен іскендігіне ықпал етуі 
мүмкін. Бұның бәрі функционалды бұзылыстарды дұрыс анықтауын 
қиындатады.


311 
Перифериялық функционалды бұзылыстарға фонастения, гипо- және 
гипертонусты афония және дисфония жатады. 
Фонастения 
(«phone» - дыбыс, дауыс, «astheneia» - әлсіздік, дәрменсіздік) – 
сөйлеу қозғалу аппаратының табиғи зақымдануының болмауы кезіндегі 
дауыс қалыптасуының бұзылуы. Көбінесе шамадан тыс дауыс зорығу 
салдарынан болады. Психогендік сипат алуы мүмкін. Бұл бұзылыс «дауыс» 
мамандарында байқалады. Фонастения тыныс алу мен фонацияның 
үйлестігінің бұзылуымен, дауысты күшейту және төмендету мүмкіндігінің 
болмауымен сипатталады. Фонастенияның ауыр түрлері афонияға айлануы 
мүмкін.
Әдебиеттерде фонастенияның пайда болу себептері жайында бірыңғай 
көзқарас жоқ. Кейбір авторлар себептердің арасында психикалық жарақаттар 
мен шамадан тыс эмоционалды жүктемелерді атаса, басқалары тыныс 
жолдарының асқыну ауырулары кезінде дауыстың сақтану тәртібін 
ұстанбаудан дейді.
Гипотонусты дисфония (афония
) екі жақты миопатикалық парездің 
салдарынан, яғни көмейдің ішкі бұлшық еттерінің парезімен шартталған.
Олар кейбір инфекциялардан кейін (тұмау, дифтерия), сонымен қатар 
дауысқа артық күш салу нәтижесінде пайда болады. Дауыс перделерін 
тарылтатын бұлшық еттері зақымдалады. Бұл жағдайда дауыс перделері 
толығынан қабыспайды, олардың арасында саңылау қалады. Дауыс ауытқуы 
жеңіл қарлыққаннан дауыстың шаршауы, мойын бұлшық еттерінің, желкенің 
және кеуде қуысының ауыруымен білінетін афонияға дейін көрінуі мүмкін. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау