I теоретические основы логопедии



жүктеу 5,47 Mb.
Pdf просмотр
бет115/230
Дата01.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#44090
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230
Логопедия

 
 
Алалияның симптоматикасы мен механизмі 
 
Алалия –сөйлеу тілінің уақытша функциональды тежелуі ғана емес. Сөйлеу 
тілінің қалыптасу процесі бұл бұзылыста орталық жүйке жүйесінің 
патологиялық қалпы жағдайында өтеді. 
М.Совак (1971) және басқа зерттеушілер, «алалия» түсінігін кеңейте 
отырып, оған сөйлеу тілінің жоқтығы, оның неврологиялық тұрғыдан сөздің 
жоқтығын мутизммен байланыссыз кешігіп қалыптасуын, деменция мен 
шизофрениядағы сөйлеу тілінің тоқырауы, олигофрениядағы есту қабілетінің 
жоқтығы сияқты барлық жағдайларын қосады. 
К.П.Беккер мен М.Совак (1981) биологиялық, әлеуметтік себептермен 
байланысты сөйлеу тілінің жетілмеуінің компоненттерін белгілейді.
Бұрын естімеу сөйлемеу деп аталатынның бәрі, зерттеушілердің ойынша,
моторлы-кинестетикалық бұзылыстармен немесе жағымсыз әлеуметтік 
әсермен күрделенген спецификалық сипаттағы сөйлеу тілі дамуының 
тежелуінде байқалады. Бұзылыстың симптоматикасы көп болып, біркелкі 
нозологиясы жоқтығымен сипатталады. Симптомдары әртүрлі деңгейде 
(тотальдыдан ішінара мылқаулыққа дейін) белгісін табады. 


241 
Сөйлеу тілі дамуының қарапайым тежелулеріне қарағанда, сөйлеу тілінің 
ауыр түрлерін сипаттай келе, М.Критчли (1974) оральды-фасциальды 
дискоординациялардың, ерін мен тілдің кеміс қимылдарының болуы, сөз 
белгілерін дұрыс қолданбай түсінбеуі туралы айтады. Балалар афазиясы 
(алалия) баланың сөйлеу үшін белгілерді қолдануға мүмкіндігінің 
жоқтығымен (сөз асимволиясы) белгіленеді. М.Критчлидің айтуынша, 
Бүкіләлемдік неврология федерациясы (Италия, Варенна, 1966) сөйлеу 
тілінің жете дамымауын белгілейтін «афазия» терминінен бас тарту туралы 
айтқан. Алайда, оның орнына ұсынған «туа біткен алогия», «дисфазия» 
кеңінен таралмады. 
Алалияда белгілі қатынастағы сөздік және сөзсіз симптомдар орын алады. 
Алалиядағы бұзылыстар симптоматикасында негізгі болатыны тіл 
бұзылыстары. 
Алалия - сөйлеу тілінің барлық құрамы: фонетикалық-фонематикалық жағы, 
лексикалық-грамматикалық құрылымы бұзылған жағдайдағы сөйлеу тілінің 
жүйелі бұзылысы. Сөзсіз бұзылыстар ішінде алалияның моторлы, сенсорлы, 
психопатологиялық симптомдарын бөліп атауға болады. Алалияның 
механизмі туралы мәселе қазіргі кезде өте күрделі және пікірталасты болып 
отыр. 
Алалия механизмін түсіндіретін қазіргі кездегі концепциялар сенсомоторлы, 
психологиялық және тілдік болып бөлінеді. Сенсомоторлы концепцияны 
жақтаушылар алалиядағы сөйлеу тілінің жетілмеуін сенсомоторлы 
функциялардың 
(есту 
агнозиясы, 
апраксия) 
патологиясымен 
байланыстырады. 
Психологиялық 
концепцияларға 
сәйкес 
алалияда 
психикалық әрекеттің кейбір жақтарының патологиясы байқалады. Тілдік 
концепция жақтаушылары сөйлеу тілінің жетілмеуін қабылдау процесінің 
тілдік операцияларының және сөздің пайда болуының қалыптаспауымен
байланыстырады. Соңғы көзқарас аса негізделген және сөйлеу тілі туралы 
қазіргі заманға сәйкес ғылыми түсініктерге сай болып отыр. Себебі сөйлеу 
тілі көп сатылы әрекет, оның құрылымы күрделі және тек қана сенсомоторлы 
деңгеймен байланыстырылмайды. 
Алалияның топтастырылуы 
Алалия өзінің механизмі, белгілері және сөйлеу тілінің дамымауының 
деңгейі бойынша біркелкі емес. Оны зерттеу және ажыратуға деген көзқарас 
негізінде, зерттеушілер бұл бұзылыстың бірнеше түрін атайды. 
Алалияның 
түрлерін ажырату негізінде әр түрлі критерийлер 
жатқандықтан, оның топтастырылуы да алуан түрлі. 
А.Либманн (1925) алалияның мынандай түрлерін бөліп атады: моторлы 
естімеу сөйлемеу, сенсорлы естімеу сөйлемеу, сенсомоторлы естімеу 
сөйлемеу, ауыр тіл кемістігі мен естімеу сөйлемеу арасындағы өтпелі түрі. 
Р.Е.Левина (1951) бұзылыстың психологиялық топтастырылуын ұсынады, 
онда балалардың топтары мынандай: естіп (фонематикалық) қабылдауы 
толық емес балалар, көріп (заттық) қабылдауы бұзылған, психикалық 
белсенділігі бұзылған балалар. 


242 
В.К.Орфинская (1963) лингвистикалық топтастыруды құрастырады. Онда
алалияда сөйлеу тіл жүйелерінің бұзылуының түрлері бойынша тіл 
жүйелерінің біріншілік немесе екіншілік бұзылыстарын он түрге бөледі: 
моторлы алалияның төрт түрі, сенсорлы жеткіліксіздіктің төрт түрі, сөйлеу 
тілі дамымауының негізінде жатқан қимыл-көру бұзылыстарымен
байланысты екі түрі. 
М.Зееман (1962) балалық жастағы орталық сөйлеу тілі бұзылыстарын 
(дисфазия) моторлы афазияға, аграфияға, алексияға тән түсінігі сақталған 
белгілері бар экспрессивті дисфатиялық бұзылыстар және сенсорлы 
афазияға ұқсас рецептивті дисфатиялық бұзылыстар деп бөледі. 
Авторлар балалық шақтағы афазиямен (алалия) ересектер афазиясының 
айырмашылығын атайды: балалардың бұзылыстары тұрақты және жиі 
кездеспейді, себебі баланың миы үнемі дамуда, және де онда орнын басушы 
функциялар қалыптасып жаңа байланыстар пайда болады. 
В.А.Ковшиков (1985) бойынша алалияның импрессивті (сенсорлы) және 
экспрессивті (моторлы) түрлері бар. Экспрессивті алалия дегеніміз, тіл 
бірліктерін меңгерудің және олардың функциясының бұзылуымен 
сипатталатын тіл бұзылыстары. Оның белгілері: артикуляциялық және 
мағыналық операциялар сақталған жағдайдағы грамматикалық, лексикалық 
және фонематикалық операцияларды меңгере алмау. 
Е.Ф.Соботович (1985), бұзылысты және сөз әрекетінің механизмдерін 
психолингвистикалық тұрғыдан талдай келе алалияның түрлерін бөліп 
атайды: тілдік синтагматикалық және парадигматикалық жүйелерін 
меңгерудегі бұзылыстар. Моторлы алалияда, Е.Ф.Соботовичтің пікірі 
бойынша, тілдің белгі түрін (сөйлеудің туу процесіндегі белгілерді біріктіру 
және ережелерді қолдану ережелерін меңгеру) меңгерудің бұзылуы 
байқалады. Алалияны сенсорлы және моторлы түрлерге бөлу бала дамуының 
ерте кезеңдерінде шартты түрде болады, тек кейін ғана бұзылыстың негізгі 
компонентін анықтауға болады. Жаңашыл зерттеулерде мұндай бөлу 
экспрессивті және рецептивті алалия (осылай афазияны бөлу) терминдерінде 
орын табады. Бұл терминдермен бұзылысты топтастырудың физиологиялық 
емес, психологиялық жағы белгіленеді. Бірқатар зерттеушілердің 
(К.П.Беккер, М.Совак, 1981; К.П. Критчли, 1974, т.б.) ойы бойынша
алалияда сөйлеу тілінің орталық бұзылыстары вербальды акустикалық 
агнозия және вербальды моторлы апраксия (сөз белгісін , үлгіні жасай алмау 
және айта алмау) түрінде кездеседі. 
Алалияның бірнеше деңгейлері бар: сөйлеудің бұзылуының қарапайым 
түрінен байланыстырып сөйлеуді мүлдем қолдана алмауына дейін. 
Сонымен, алалия мәселесіне арналған әдебиетте көрсетілген мағлұматтар 
көпжақты және пікірталасты. 
Сөйлеу тілі, күрделі процесс ретінде динамикалық шоғырлануға ие, және де 
сөйлеу әрекетіне қатысатын бас миының әр түрлі құрылымдары үнемі 
өзгеріп тұратын байланыстарға түседі. Өз құрылымы бойынша күрделі-
ұйымдастырылған және полиммодальды сөйлеу процесі тек қана моторлы 


243 
деңгеймен шектелмейді. Алалиясы бар балаларға экспрессивті сөйлеу тілінің 
кешігіп пайда болуымен қатар, оның патологиялық түрде дамуы тән. 

жүктеу 5,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау