I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері


Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын



жүктеу 1,25 Mb.
бет3/6
Дата25.05.2018
өлшемі1,25 Mb.
#17255
1   2   3   4   5   6

2.2 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын

бақылау және бағалау нәтижелері

Мектеп бітірушілердің мамандықты дұрыс таңдауы кәсіптің қоятын талаптары бойынша оқушылардың мүмкіндіктерін, икемділіктерін, қызығушылығының кәсіпке жарамдылығын көрсетеді.

Кәсіптік бағдар бойынша мектептің практикалық жұмысы кезіндегі көкейтесті сұрақтар; оқушыларға кәсіптік айқындалуы кезінде қалай көмек көрсету, олардың икемділіктерін адекваталық психологиялық әдістер бойынша қалай анықтау керек? Бірақ бұлармен барлық мұғалімдер таныс емес.

Төменде 7-11 сынып оқушыларымен кәсіптік диагностиканы жүргізу мүмкіндіктерін келтіреміз. Арнайы кәсіптік мүмкіндіктері құрылымында адамдардың төмендегі сапалары, қызығулықтары, қажеттілігі, мотивтері, икемділіктері және жеке өзінің қасиеттері оның басты компонеттері болып табылады.

7 сынып оқушыларының кәсіпті диагностикасының әдістері. 7 сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, олар бұл жаста кәсіптік жоспары әлі құрылмаған, өзіндік талдаулары мен өзіндік бақылауы жоқ. Осыған байланысты оқушының бойында көрініп тұрған кәсіптік қызығушылықтарын айқындау үшін қарапайым экспертті әдістерді; дифференциалды диагностикалық сауалнама, диагностикалық сұхбат және оқушының оқуда және оқудан тыс іс-әрекетінің эксперттік қорытындысы.

Дифференциалды - диагностикалық сауалнама.

Мәлімет (инструкция); «Осы оқуды бітірген соң, сіз кез келген жұмысты істей білесіз. Егер де сізге екі мүмкіндіктің біреуін ғана таңдау болса, сіз қайсысын қалар едіңіз?»



1а. Мал шаруашылығы

1б. Машиналарға, приборларға қызмет көрсету (байқау, реттеу).

2а. Ауру адамдарға көмектесу.

2б. Есептеуіш машиналардың схемаларын, таблицаларын, программаларын құру.

3а. Көркемдік открыткалардың, плакаттардың, кітаптардың көркемделуін бақылау.

3б. Өсімдіктердің дамуын, жағдайын бақылау.

4а. Материалдарды өңдеу (ағаш, мата, метал, пластмасса және т.б.)

4б. Тауарды сату, жарнамалау оны тұтынушыға жеткізу.

5а. Статьяларды, ғылыми-жаңалық кітаптарды талқылағанды.

5б. Көркемдік кітаптарды талқылағанды (немесе концерттерді, қойылымдарды).

6а. Жас төлді өсіргенді (әр түрлі пародадағы жан жануарды).

6 б. Қандай да бір іс әрекетті (еңбек, оқу, спорт) орындауға жолдастарыңды (немесе кіші балдарды) жаттықтыру.

7а. Кескіндемелердің, суреттердің көшірмесін жасауды (немесе музыкалық аспаптарды туралағанды).

7б. Қандайда бір жүк (көтергіш немесе транспорт) құралын - кранды, тракторды және т.б. басқару.

8а. Адамдарға мәлімет беру, қажетті нәрселерді түсіндіру (анықтама бюросында, саяхаттарда және т.б.).

8б. Көрмелерді т.б. нәрселерді көкемдеп өңдеуді (немесе концерт, қойылымдарды дайныдауға қатысу).

9а. Заттарды, бұйымдарды (киімді, техниканы) жөндеуді.

9 б. Текстердегі, таблицалардағы, суреттердегі қатені іздеп тапқанды.

10а. Жануарларды емдегенді.

10б. Санақ, есеп жүргізгенді.

11а. Өсімдіктердің жаңа түрін өсіргенді.

11б. Өндірістік бұйымдардың (машиналар, киімдердің, үйлердің, тамақ және т.б.) жаңа түрлерін жобалап конструкциялағанды.

12а. Адамдар арасындағы түсінбеушілікті, ұрыс-керісті, шешіп, түсіндіріп оларды жазалауды, мақтауды.

12 б. Сызу жұмыстарын (тексеру, нақтылап ретке келтіру) атқару.

13 а. Көркемдік үйірмелер жұмысына қатысу.

13 б. Микробтар өмірін бақылау, оқып үйрену.

14а. Медициналық приборларға, аппараттарға қызмет көрсету, жөндеу.

14 б. Адамдарға жараланғанда, күйгенде және т.б. жағдайларда медициналық көмек көрсету.

15а. Бақыланып отырған жаңалықтар, жағдайларды, өлшеніп отырған объектінің және т.б. нақты сипатын, есебін түзуді.

15б. Жағдайларды (бақыланып немесе болып жатқан) көркемдеп сипаттауды.

16а. Емханаларда лабораториялық анализ жасағанды.

166. Ауруларды қабылдағанды, олармен сөйлескенді, қарағанды, емдегенді.

17а. Мектеп (помещении) қабырғаларын, бұйым беттерін сырлағанды, жазғанды.

17 б. Машиналарды, приборларды монтаждағанды немесе жинағанды.

18а. Құрдастарыңмен немесе кішілермен мәдени саяхаттарды мұражайға және т.б. ұйымдастырған ды.

18 б. Концерттерге қатысқанды, сахнада ойнағанды.

19а. Сызба бойынша бөлшектерді, бұйымдарды (машина, киімді), құрлысты дайындағанды.

19б. Сызу мен айналысқанды, картаның сызулардың көшірмелерін көшірумен айналысқанды.

20а. Орман, бау-бақша зиянкестерімен, өсімдік ауруларымен айналысқанды.

20б. Компьютерде (жазу машиналарында, телетайпта, теру машиналарында және т.б. жұмыс істегенді.

Нәтижені өңдеу.

Бұл қарапайым әдіс көп уақытты алмайды. Оқушыларға кәсіптік айқындалуы үшін олар жазбаша түрде 20 сұраққа жауап беруі керек. Ол үшін әрбір оқушы белгілі формадағы жауап парағын (қосымша - 1) толтыруы керек. Тордағы номерлі және әріпті белгілер сұрақтың номері және әріптерімен бірдей екені оқушыларға түсіндірілуі керек. Сұраққа жауап беру сол тордағы тұсына қосу немесе алу белгісін қою арқылы болады. Кез келген сұраққа өткізусіз жауап беру керек және біреуіне алу екіншісіне қосу белгісі қойылуы керек.

Жауап парағын өңдеу (тексеру) өте оңай. Кәсіби консультант (мұғалім немесе сынып жетекшісі) тіке орналасқан қатардағы қосу белгісін санап төменгі торға жазып қояды.

Сұрақтар төмендегіше топталып құрастырылған; 1) қатардағы, олар «Адам - Табиғат» кәсібіне қатысты (табиғатты Т - шартты белгісімен белгілейік), екіншісінде «Адам - Техника» (Т), үшіншісінде «Адам - Адам» (А), төртіншісінде «Адам - таңбалы жүйе» (Ж), бесіншісінде «Адам - көркем бейне» (К). Барлық сұраққа жауап бергеннен соң жоғары торлардағы олардың шартты таңбаларын ТТАЖК қоюға болады.

Қосу белгісі қайсысында көп болса, соған қызығушылығының, икемділігінің бар екенін көрсетеді.



Диагностикалық сұхбаттың әдісі. Сұхбат кезінде оқушыдан оның қызығушылығы, икемділіктері туралы қосымша бағалы қажетті ақпарат алуға болады. Сұхбат кезінде оның нағыз қызығатын іс әрекеттері, оқу пәндеріне, көз қарасын және болашаққа деген жоспарын білеміз.

Сұхбат кезінде оқушы 8-9 сынып кезінде кез келген пән бойынша білімін тереңдеткісі келе ме немесе 9 сыныптан кетеді ме, мектептен шыққан соң не істейді, оған қандай өмір сүру қызықты және т.б. айқындауға болады.



9-10 сынып оқушыларының кәсіптік диагностикасының әдістері.

«Қызығушылық картасы»

Мәлімет; «Сендердің оқуды жалғастыруларыңа немесе қызықты жүмысқа түсулеріңе мүмкіндіктерің бар. Ол үшін сендерге мамандықты таңдауға көмектесу үшін, сұрақтар тізбесін ұсынамыз. Әрбір сұраққа жауап берместен бұрын ойланыңдар, әрі нақты дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Егер сізге біз қойған сұрақ өте ұнайтын болса жауап парағының тұсына екі қосу белгісін қойыңыз, егер жай ұнайтын болса, онда бір қосу, егер білмейтін, күдіктенетін болсаңыз - нол; егер ұнамаса - алу; егер мүлде ұнамайтын болса екі алу белгісін қойыңыз.Әрбір сұраққа толық жауап беріңіз. Түсініксіз сұрақтарды сұрап алыңыз. Жауап парағын толтыру уақыты шектелмейді. (қосымша – 2)



Сұрақтар

Сіздер... ұнатасыздар ма?

1.Физика сабағын.

2.Математика сабағын.

3. Химия сабағын.

4.Астрономия бойынша мақала немесе кітап оқығанды.

5.Жануарларға тәжірибе жасау туралы оқығанды.

6.Дәрігерлер өмірі туралы оқығанды.

7.Ауыл шаруашылық өсімдіктері мен жануарлары туралы оқығанды.

8. Орман (ағаштар) туралы оқығанды.

9. Әлем әдебиеті класиктерінің шығармаларын оқығанды.

10.Газет-журналдар оқығанды, радио тыңдағанды, телехабарларды

көгенді.

11.Тарих сабағын.

12.Театрларды, мұражайларды, шығармашылық көрмелерді

тамашалағанды.

13.Геологиялық экспедиция әдебиеттері туралы оқығанды.

14.Түрлі елдер, олардың экономикасы, мемлекеттік құрылымы туралы

оқығанды.

15. Жолдастарыңды қоғамдық жұмыстарды орындауға ұйымдастырып,



оларды басқарғанды.

16. Милиция жұмысы туралы оқығанды.

17. Ұшқыштар, теңізшілер туралы оқығанды.

18. Тәрбиеші, жетекшілер жұмысы туралы оқығанды.

19. Станоктар құрылысымен және жұмысымен танысқанды.

20. Түстік тамақ дайындағанды.

21. Құрылысшылар туралы оқығанды.

22. Өзіңіз оқитын, жұмыс істейтін, түратын жеріңіздің



сәнімен айналысқанды.

23. Техниканың қарқындылығы туралы оқығанды (Жас техник, Авто мир,



За рулем және т.б.).

24. Тұрмыстық электро және радио приборлар құрылысымен



танысқанды.

25. Физика бойынша ғылыми танымал жаңалықтарды, әдебиеттерді



оқығанды.

26. Математика бойынша ғылыми танымал жаңалықтарды,



әдебиеттерді оқығанды.

27. Химия төңрегінде болып жатқан жаңалықтар туралы



(журналдардан, радио-теле хабарлардан және т.б.) білгенді.

28. Космонавтар туралы телехабар көргенді.

29. Биологияны оқығанды.

30. Аурудың пайда болуымен оны емдеу жолдарынмен қызыққанды.

31. Ботаниканы оқығанды.

32. Орманда, тоғайда уақыт өткізгенді.

33. Сын-әдеби мақалаларды оқығанды

34. Қоғамдық өмірде белсене араласқанды.

35. Тарихи оқиға жайлы кітаптар оқығанды.

36. Симфоникалық музыка тыңдағанды.

37. Жаңадан ашылған пайдалы қазбалар туралы білгенді.

38. Географиялық жаңалықтар туралы білгенді.

39. Болып жатқан жағдайлар мен жұмыстарды талқылау.

40. Кішілердің немесе құрдастарыңның арасында тәртіпті қадалағанды.

41. Ел ішінде саяхат жасағанды.

42. Жолдастарыңа қиын тапсырманы шешуді, сөйлемді дұрыс жазуға



және т.б. түсіндіргенді.

43. Түрлі аспаптармен танысқанды.

44. Үй шаруашылығы туралы сабақтар.

45. Құрылыс саласында болып жатқан жаңалықтар туралы білгенді.

46. Фабрикаларға барғанды.

47. Машина механизмдері құрылысымен танысқанды.

48. Радиотехника саласында болып жатқан жаңалықтар туралы ғылыми

танымал журналдар, мақалалар

49. Физикалық құбылыс теориясымен айнаылсқанды.

50. Қиын математикалық тапсырмаларды шешкенді.

51. Химия бойынша тәжірибе жүргізіп, химиялық реакция барысын



қадағалағанды.

52. Аспан әлемін қадағалағанды.

53. Өсімдіктерді қадағалағанды.

54. Жараланғанда алғашқы медициналық көмек көсеткенді, байлап



таңғанды және т.б.

55. Жануарларды өсіргенді оларға қарағанды.

56. Гербарии жинағанды.

57. Әңгімелер және өлеңдер жазғанды.

58. Басқа адамдардың мінезін, өмірін бақылағанды.

59. Тарихи үйірмелерге қатысқанды, өткен уақыттағы



оқиғаларға материалдар іздегенді.

60. Сахнаға шыққанды, хорда өлең айтқанды.

61. Минералдар жинағанды оның түзілуімен қызыққанды.

62. Туған өлкенің табиғатын танып білінеді.

63. Мектепте қоғамдық мейрамды ұйымдастырғанды.

64. Адамдардың мінезіне аса көңіл аударғанды.

65. Автомобильге қызмет көрсеткенді, үйірмелеріне (автошкола)

қатысқанды.

66. Кішкентай балдармен уақыт өткізгенді (оларға кітап оқып,



көмектескенді.

67. Түрлі заттар мен бөлшектерді дайындағанды.

68. Саяхат кезінде тамақты ұйымдастырғанды.

69. Құрылыста болғанды.

70. Киім тіккенді.

71. Велисопед, тігін машинасы, сағаттар және т.б. механизмдерін жөндеп



жинағанды.

72. Тұрмыстық электр және радио приборларды жөндегенді.

73. Спорт секцияларында айналысқанды.

74. Математикалық үйірмелерге қатысқанды.

75. Түрлі сұйықтыр дайындап реактивтермен айналысқанды.

76. Планета, галактика туралы оқығанды.

77. Биология үйімелеріне қатысқанды.

78. Ауруларға қарағанды, оларға көмек көрсетенді

79. Табиғатты бақылағанды бақылау күнделігін жүргізгенді.

80. Тал отырғызғанды және оларға қарағанды.

81. Библиографиялық сөздіктермен істегенді.

82. Бір жұмыстан екінші жұмысқа тез қосылғанды.

83. Тарихи тақырыптарда докладтар оқығанды.

84. Музыкалық аспаптарда ойнағанды, сурет салғанды немесе



ағашты кескенді.

85. Минералдардың түзілуін сипаттауды.

86. Географиялық экспедицияларға қатысқанды.

87. Халықаралық жағдайлар туралы хабарламалар айтуға шыққанды.

88. Милиция қызметкерлеріне көмектескенді.

89. Жас теңізшілер үйірмесіне қатысқанды.

90. Тәрбиешінің (жетекшінің) айтқан жұмысын істегенді.

91. Еңбек сабағы.

92. Таныстарың киім алып жатқанда оларға ақыл-кеңес бергенді.

93. Құрылысшы жұмысын бақылағанды.

94. Тігін өндірісімен танысқанды.

95. Ұшақ, кеме, корабль жобаларын жасағанды.

96. Электорприборларды және радио қабылдағыштарды жинағанды.

97. Физика бойынша олипиадаларға қатысқанды

98. Математикалық олимпиадаларға қатысқанды.

99. Химия бойынша тапсырмаларды шешкенді

100.Астрономиялық үйірме жұмыстарына қатысқанды.

101.Жануарларға тәжірибе жүргізгенді.

102.Адам ағзасының функциясын және аурулардың пайда болуын

оқып үйренгенді.

103.Жаңа ауыл шаруашылық дақылдар алу мақсатында тәжірбие жүргізгенді.

104.Табиғатты қорғау ұйымының мүшесі болғанды.

105.Оқу конференцияларына, диспуттарға қасысқанды.

106. Өмірдегі оқиғаларды құбылыстарды талдағанды (қорытындылағанды).

107. Еліміздің өткен өміріне қарауға.

108. Мәдениеттің дамуының тарихына және теориясына қызығушылық

білдіргенді.

109. Берілген тапсырма бойынша қиын жұмыстарды, тапсырмаларды бастан



өткергенді.

110. Географиялық материалдар жинаумен айналысқанды, географиялық



карталар құрғанды.

111.Түрлі мемелекеттердің саяси құрылысын оқығанды.

112.Юрист жұмысы.

113.Жас косманавт үйімелеріне барғанды.

114.Мұғалім жұмысы.

115. Зауыттарда болғанды.

116. Адамдарға түрлі қызмет көсеткенді.

117. Құрылыс жұмыстарына қатысқанды.

118. Өндіріс тауарларының дайындалуымен танысқанды.

119. Техникалық сызбалар мен схемалар.

120. Көрсеткіштерді алу үшін өлшеу құралдарын пайдаланғанды.

121. Физика бойынша тәжірибе жүргізгенді.

122. Математикалық білімді ережені, формуланы талап ететін

жұмыстарды орындау.

123. Химиядан тәжірибе өту кезінде мұғалімге хабарлап отырғанды.

124. Басқа планеталар туралы мәлімет жинағанды.

125. Танымал, атақты биологтардың жұмыстары туралы оқығанды.

126. Санитарлық ұйымның белсенді мүшесі болғанды.

127. Еңбек құралдарына және ауыл шаруашылық машиналарына



қарағанды.

128. Орман шаруашылығының жүргізілуімен танысқанды.

129. Сөйлемдердің және сөздердің пайда болуын оқып үйрену.

130. Күнделік арнап, мектеп және қалалық газеттерге ескертулер жазғанды.

131. Басқа елдердің бұрынғы тарихи кездерін оқығанды.

132. Бір көрген киноны, пьесаны, қойылымды қайталап көргенді.

133. Атақты геологтар өмірі және еңбектері туралы оқығанды.

134. Біздің планетамыздың географиясын оқып үйренгенді.

135. Танымал саясаткерлердің өмірі оқығанды.

136. Досыңның, танысыңның және т.б. шешімін дұрыс бағалай білгенді.

137. Жылжымалы құралдар туралы кітаптар оқығанды.

138. Балаларды тәрбиелегенді және оқытқанды.

139. Білікті жұмысшының іс әрекетін қадағалағанды.

140. Көптеген адамдармен араласқанды.

141. Құрылыс объектілерін жобалағанды.

142. Жеңіл өндіріс көрмелерін тамашалағанды.

143. Машиналарды жобалағанды, сызба жұмыстарын орындағанды.
Нәтижені өңдеу.

Оқушылар барлық сұрақтарға жауап бергеннен соң әр қатардағы қосу және белгілерін санаймыз. Әр қатар әр-түрлі іс әрекет сферасына сай келеді. Бірнеше (3-4) қосу белгілері көп қатарларды бөліп аламыз. Максималды қосу белгісі бар, жоспарланған іс әрекет сферасын көрсетеді, оны біріншіден оқушылардың қызығушылығының бағытын бағалауда есепке алған жөн. Егер қосу саны бірнеше қатарда бірдей болса, онда алу белгісі бар аз қатары басым болады.Тұжырымды қорытынды шығару үшін алу белгісі көп қатарға да көңіл аудару қажет. Көрсеткіштерді талдау барысы кезінде қосу және алу белгілерінің көлденең орналасуын да есепке алу керек. Жауап парағындағы бірінші екі қатар (1-ден - 48-ге дейінгі сұрақтар) жалпы беткі қызығушылықты көрсетеді. Одан кейінгі екі қатар (49-дан 96-ға дейін) оқушылардың икемділігі терең танып білуге ұмтылысының мазмұнын көрсетеді. Соңғы екі қатар (97-ден 144-ке дейін) белгілі бір дамыған іскерлік пен дағдының және икемділігінің бар екенін, практикалық іс әрекетке ұмтылысын көрсетеді.

Көленеңінен орналасқан қосу және алу белгілері қызығушылықтың қаншалықты екенін, икемділіктің көрінуі туралы ақпарат береді. Қосу белгілерінің көп болуы кәсіптік қызығушылықтың жақсы дамығанын көрсетеді. Қосудың аз алудың көп болуы кәсіптік және танымдық қызығушылықтың ұйымдастырылмағанын көрсетеді.

«Қызығушылық картасы» жауап парағының қосымшасы.

(дешифратор)



1. Физика.

15. Қоғамдық жұмыс.

2. Математика.

16. Құқық.

3. Химия.

17. Транспорт.

4. Астрономия.

18.Педагогика.

5. Биология.

19.Жұмысшы мамандықтары.

6. Медицина.

20.Қызмет көрсету саласы.

7. Ауыл шаруашылығы.

21.Құрлысшы.

8. Орман шаруашылығы.

22.Орман өнеркәсібі.

9. Филология.

23.Техника.

10. Журналистика.

24. Электротехника.

11. Тарих.




12. Өнер.




13.Геология.




14. География.




«Коммуникативті ұйымдастырушылық қабілеті»

әдістемесі.

Мәлімет; «Сіздер төменде келтірілген сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Әр сұрақ бойынша еркін және сол сұрақ тұсына «+», «-» белгісін қойыңыз. Басқа ешқандай белгі қоймаңыз. Бұл жерде жақсы жаман жауаптар жоқ».



Сұрақтар:

1. Сіздің әрдайым араласатын достарыңыз көппе?

2. Көптеген жолдастарыңызды өзіңіздің шешіміңізді мойындайды ма?

3. Жолдастарыңыз сізді өкпелетіп қойса, сізді көп толғандырады ма?

4. Туындаған критикалық жағдайларда сізге бағдар (дұрыс бағыт)

алу қиын ба?

5. Түрлі адамдармен танысуға ұмтылысыңыз бар ма?

6. Сізге қоғамдық жұмыстармен айналысқан ұнайды ма?

7. Сізге уақытты адамдармен емес, кітап немесе басқа жұмыстармен

айналысып өткізу ұнайды ма?

8. Жұмысыңызды іске асыру кезінде қиындықтар жолықса сіз оңай

берілесіз бе?

9. Сіз өзіңізден жасы үлкен адамдармен оңай араласып кете аласыз ба?

10.Өзіңіздің жолдастарыңызбен түрлі қызықты ойын-сауықтарды,

салтанатты кештерді ойлап тауып ұйымдастырғанды ұнатасыз ба?

11. Жаңа қосылған ортаңызға сіңіп кету сізге қиын ба?

12. Бүгінгі бітіретін істі ертеңге қалдырған күндеріңіз жиі болған ба?

13. Бөтен адамдармен араласып кету сізге оңай ма?

14.Жолдастарыңыздың сіздің айтқан іс әрекетіңіз бойынша жұмыс

жасауына талпындыңыз ба?

15.Жаңа үжымда қалыптасу сізге қиын ба?

16. Жолдастырыңыз уәдесін, міндетін орындамаған жағдайларда

сіздің олармен араларыңызда түсініспеушілік болады ма?

17. Сәтті жағдайларда жаңа адаммен танысып араласуға ұмтыласыз ба?

18.Жауапты жұмыстарды шешу кезінде сіз міндетті өзіңізге көп аласыз

19.Сізді айналадағы адамдар жалықтырадыма, оңаша қалғыңыз келеді?

20.Сізге түсініксіз жағдайларда дұрыс бағдар ала алмай қаласыз ба?

21.Сізге әрдайым адамдар арасында болған ұнайды ма?

22. Егер бастаған ісіңізді аяқтай алмаи қалсаңыз сіз жаман күйде

боласыз ба?

23. Адаммен танысу кезінде (егер сіз бірінші танысу керек

болсаңыз) қысылып, ұялып, ыңғайсызданасыз ба?

24. Жолдастарыңызбен жиі араласу сізді жалықтырады ма?

25. Сіз ұжымдық сауық шараларына қатысуды ұнатасызба?

26. Жолдастарыңызды толғандырып жүрген сұрақтарды шешу

барысында сіз басымдылық көрсетесіз бе?

27. Сіз өзіңізге жақсы таныс емес адамдар арасында сенімді емессіз?

28. Өзіңіздің әділдігіңізді дәлелдеуге сіз сирек ұмтыласыз?

29. Сізге мүлде таныс емес жағдайды игеріп кетудің еш қиындығы жоқ?

30. Мектептегі қоғамдық жұмыстарыға қатысасыз ба?

31.Өзіңіздің таныс адамдар ортасын шектеуге(жолдастарыңыздың

көп емес болғанына) ұмтыласыз ба?

32.Сіздің пікіріңізді немесе шешіміңізді жолдастарыңыз бірден

мақұлдамаған болса, оны орындатуға сіз ұмтылмайсыз?

33.Сізге таныс емес ортада өзіңізді ығайсыз сезінесізбе?

34. Жолдастарыңызға түрлі шараларды ұйымдастыруға белсене

араласасызба?

35. Көпшілік адамдар арасында сөйлегенде өзіңізді сенімді

әрі ұстамды ұстай білесіз бе?

36. Іс жұмыстар мен кездесулерге сіз жиі кешігесіз бе?

37. Сіздің жолдастарыңыздың көп екен, сол рас па?

38. Сіз өзіңіздің жолдастарыңыздың арасында әрдайым белсендісіз бе?

39. Онша таныс емес адамдар мен араласқанда сіз жиі өзіңізді

ыңғайсызсезініп, қобалжисыз ба?

40.Жолдастарыңыздың үлкен ортасында сіз өзіңізді сенімді сезінесіз бе?


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау