ҚОРЫТЫНДЫ
Әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы абайтану мәселелері. Күн өткен сайын өркендеп келе жатқан бұл ғылымның ауқымы да күннен-күнге кеңейіп, қанатын жайып келеді. Жалпы алғанда қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалар, кемеңгерлер хақында жазу, зерттеулер жазу үрдісі де кеңінен қалыптасып қалды, соның нәтижесінде бір ғана абайтану емес, сұлтанмахмұттану, шәкәрімтану, мағжантану, мұхтартану т.б. ғылымдардың өркендеп келе жатқаны қуантады. Әрине кемеңгерлігі, ойшылдығы, даналығы, ең бастысы ақындығы жөнінен тым биікте тұрған Абайдың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, тану, насихаттау, тағылым алу кезек күттірмейтін келелі мәселелердің бірі деуге болады. Осы жағдайлардың бәрін ескере келгенде абайтану ғылымының күрделі, қызықты болуы заңды құбылыс. Сонымен қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелерінің тарихы және әдеби негіздерін, оның өзіндік ерекшелігін, дәстүр мен жаңашылдығын, тарихилығын және даралық стилін зерттей келгенде келесі бір қорытындылар жасауға болады.
Абайтану - әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихының үлкен бір саласы болып әбден қалыптасты. Абайтану дербес ғылым саласы ретінде қалыптасуына XX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген ұлы тұлғалар А.Байтұрсынов, Қ.Ысқақұлы, М.Дулатов, І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов, Ғ.Тоғжанов т.б. хал-қадірінше үлес қосты, алайда XX ғасырдың ұлы жазушысы, кемеңгер Әуезовтің бұл саладағы еңбегі ұшан-теңіз. Біз өз зерттеуімізде осы мәселелерге ерекше назар аудардық. М.Әуезовтің 1930 жылдардан бастап өмірінің соңына дейін ұлы Абай шығармашылығымен жан-жақты айналысқанын, Абайдың ғылыми өмірбаянынан бастап шығармашылық мұраларының текстологиясына дейінгі аралықтағы зерттеулеріне көңіл қойып, өз кезегінде қажетті деген материалдарды тиісті жерінде пайдаланып отырдық. Әрине ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінде тек қана өмірбаян ғана емес басқа да көптеген жайттар мәлім болды, жүйеге түсті, Абайдың ақын шәкірттеріне дейінгі мәселелер де қамтылды. Сол себепті М.Әуезовтің абайтану ғылымындағы өшпес ізі, мызғымас беріктігі жайында өз зерттеуімізде дәлелдеуге күш жұмсадық. Ұлы Әуезовтен кейінгі кезеңде де бұл саламен шындап, ғылыми тұрғыдан араласқан ғалымдар аз емес. Солардың қатарында С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов т.б. көптеген ғалымдарды санамалап айтуға болады. Біз өз зерттеуімізде осы және басқа ғалымдардың Абай мұраларын танымдық, көркемдік, тәрбиелік қырларынан қараған еңбектеріне көбірек көңіл бөлдік. Сонымен қатар біз өзіміздің көптеген зерттеулерімізді Абай шығармашылығына деген жаңа көзқарас тұрғысынан қарастырдық. Кеңес дәуірі кезеңіндегі социалистік реализм тұрғысынан ғана тар шеңберге салып қарастырған мұраларды бүгінгі күнгі азат, тәуелсіз қазақ елінің өзіндік көзқарасымен бағалауға ұмтылдық. Абай мұраларының өміршеңдігіне, мәңгілігіне көзіміз жетті. Абайтану ғылымының тамыры тереңде, концепциясы күшті екеніне тәнті болдық, себебі ұлы ақын шығармашылығының рухани күш-қуаты мол, қайнар көзі мөлдір болуына байланысты бұл ғылымның да сондай болуы заңды.
Сонымен қатар біз өзіміздің зерттеуімізде абайтану тарихына да ерекше көңіл бөлдік. Себебі өзі дүниеге келген аз ғана уақыттың ішінде-ақ бұл ғылымның бай тарихы бер екеніне көзіміз жетті. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мырзахметұлының қазіргі күндегі абайтану тарихын жазушы бірден-бір ғалым екенін де дәлелдей түсіп, өз ойымызды ғалым ойымен ұштастыра түстік. Зерттеу жүргізу кезеңінде абайтану тарихының да тым әріде, ертеректе, тіпті Абайдың көзі тірісінде-ақ басталғанына көзіміз жетті және абайтану тарихы да бірде қатты, бірде баяулап, алайда тура жолдан айнымай ілгері жылжып келе жатқанын байқадық. Абайтану тарихын жасаушы М.Мырзахметұлының жүйелеулері, кезең-кезеңге бөліп қарастырудың бәрі де қай жағынан болса да күшті дәлелді екенін көрсетіп отырдық. Әрине абайтану тарихына үлес қосқан ғалым бір ғана М.Мырзахметов емес екені түсінікті жағдай. Сондай-ақ бұл мәселелер бойынша ерекше еңбек еткен З.Ахметов, Ж.Ысмағұлов, Р.Бердібай т.б. ғалымдардың зерттеулері жайында да тоқталып отырдық.
Қорыта келгенде абайтану ғылымының мәні мен маңызы, қазақ әдебиеттану ғылымынан алар орны ерекше екеніне көзіміз жетті. Бұл ғылымның ұлы Абай мұрасын жан-жақты танытуға, әсіресе ғылыми сипатта дамытуға ерекше септігін тигізетіндігіне де баса назар аударып отырдық. Ұлы Әуезов негізін қалаған, бұл күндері З.Ахметов, Р.Бердібай, М.Мырзахметұлы, Ж.Ысмағұлов сынды көрнекті ғалымдардың әрқайсы-ақ өздерінің көптеген зерттеулері, монографиялары арқылы үлес қосып жүрген бұл ғылымның берер тағылымы, тәрбиелік мәні зор екені ешқандай талас тудырмайды. Ұлы Абайды тануға абайтану ғылымы үлес қоса берері сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., Білік, 1999, - 750.
Әдебиеттану терминдер сөздігі. /құраст. З.Ахметов, Т.Шаңбаев. А., Ана тілі, 1998,-384.
Абай. Энциклопедия. Бас редактор Р.Нұрғалиев. А., Атамұра, -720.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері./құраст. Л.Әуезова, М.Мырзахметұлы. А., Санат, 1997, -448.
Мырзахметұлы М. Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы. / Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А., Санат, 1997, -416.
Мырзахметұлы М. Абайтанудың бірегей зерттеушісі. // Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А., Санат, 1997, -416.
Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А., Санат, 1997, -416.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995, -272.
Ахметов З. Кемел ақын, кемеңгер ойшыл. // Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1 том. А., Жазушы, 1995, -336.
Мұхаметханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. А., Дәуір, 1995, -320.
Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., Қазақ университеті, 2004, - 270.
Мұқанов С. Халық мұрасы. А., Жазушы, 2002, -304.
Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. А., Білім, 2000, -248.
Н.Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., Ғылым, 2001, -448.
Ахметов З. Абайтану белестері. // Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995,-272 ,
Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. А.-, Жазушы, 1980, -312.
Абай және қазіргі заман. А., Ғылым, 1994, -336.
Ысмағұлов Ж. Абайтану белестері.// Абай және қазіргі заман. А., Ғылым, 1994, -336.
Омаров Д. Абайтану. А., Мектед, 2002, -216.
Мырзахметов М. Абайтану тарихы. А., Ана тілі, 1994, -192.
Түйін
Дипломдық жұмыс қазақ әдебиеттану ғылымындағы Абайтану мәселелерінің зерттеуіне арналған. Абайтану ғылымының дүниеге келуі ғылыми мәні Абайтанудың негізі салушылардың тарихи роліне кеңінен тоқталған. Сонымен қатар Абайтану тарихы да талдау объектісіне айналған.
Резюме
Дипломная работа назначена исследования Абаеведения науки казахской литератураведения.
Рождения науки Абаеведение - широко рассмотрен в сфере постеленной основы в исторической роли.
В месте с тем история Абаеведение превратилась в анализ объектов.
Summary
The Diploma work investigated about language of Abai in the sense of Kazakh literature.
Creation of Abai investigated widely in she chapter based on history of Abai language.
Also the history of Abai language twined into he object of analyze.
Достарыңызбен бөлісу: |