МАЗМҰНЫ
|
Аннотация…............................................................................... 3
|
Кіріспе......................................................................................... 4
|
I. Негізгі бөлімі..........................................................................
|
I.1.Слаймның шығу тарихы...................................................... 5
|
I.2.Слайм туралы жалпы мағлұмат.......................................... 6
I.3.Слайм жасауға қажетті құралдар....................................... 7
|
Жұмыстың зерттеу бөлімі........................................................
|
II.1 Слаймды үй жағдайында жасау жолдары........................ 8
|
II.2. Тұрмыстық жағдайда жасалған слайм түрлері.............. 10
|
Қорытынды................................................................................ 12
|
|
Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы слаймды үй жағдайында қалай жасау керектігін, қандай қажетті заттар арқылы жасауға болатынын және оның адам денсаулығына пайдасымен қатар зиянынның көп екенін дәлелдеп жаза білген. Слаймның зиянын достарына айтып дәріптеп, денсаулықты сақтау сақтау үшін слаймды көп қолданбау керек екендігін басты назарда ұстаған. Слаймның құрамындағы химиялық заттардың көп екенін ескертіп, денсаулыққа зияны жоқ, үй жағдайында слайм жасап қолдануға болатыны жайында зерттеген.
Өзектілігі: Үй жағдайында жасалған слайм
Зерттеу әдістері:
- Слайм туралы мәліметтер жинау, өңдеу;
- Ақпараттарды іздеу, кітапханамен жұмыс жасау; - Ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу; - Талдау , зерттеу, қорытынды жасау;
Зерттеу объектісі: Слаймның пайдасы мен зияны
Болжам:
Егер, біз слаймның пайдасы мен зиянын зерттеп, үй жағдайында слайм жасай отырып, денсаулықты сақтауға үйренсек, жанға шипа, ерекше дауа болары сөзсіз екендігін білеміз;
Күтілетін нәтиже: Егер, біз слаймның пайдасы мен зиянын зерттеп, үй жағдайында слайм жасай отырып, денсаулықты сақтауға үйренсек, анықтай отырып, болашақта осындай пайдасы мен зиянын басқаларға ұғындыру, түсіндірме жұмыстар жүргізу, саламатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді қолдана білер еді.
3
Кіріспе
Балалық шақты ойыншықтарсыз елестету мүмкін емес. Ойыншық баланың қоршаған ортаны зерттеуіне мүмкіндік беріп , өзінің шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып , жүзеге асырып , өзінің сезімдерін көрсете білуге , өзін-өзі тануға және қарым-қатынас жасауға үйретеді. Бізді қызықтырған бір зат , ол пластмасс құтыда сатылатын ойыншық. Бір жағынан ол желеге ұқсайды , бірақ ерімейді. Екінші жағынан , оны қолға алып , ұстауға , уқалауға болады және ол қолдан ағып кетпейді. Аты да өзінің ерекше – слайм. Слайм – кішкентай балалар арасында ойнауға қызықтайтын өте танымал жабысқақ, қоймалжың зат. Бұл ойыншықты кез-келген сауда нүктелерінен табуға болады. Кішкентай балақайлардың қолына ұстап, ойнап жүргенін байқайсың. Алайда оның құрамындағы заттардың денсаулыққа зиян тигізбейтініне ешкім кепіл бере алмайды. Жылбыраған затты көргенде, қолға ұстамай-ақ сыртынан қарасаң өте ыңғайсыз сияқты көрінеді. Бірақ оны қолға алып, ойнай бастасаң басқаша күйде боласың.Слаймды қолға ұстап ойнау кезінде адамның шаршауы басылып, нерв жүйесі тынышталады. Дегенмен пайдасынан зияны көбірек деуге болады. Бұл слаймның құрамындағы желім мен спирттің химиялық заттардың бар екенін ескерген жөн. Құрамындағы қоспалар адамның қолына бөртпелер мен қотырлар шығаруы мүмкін. Аллергиялық қасиетке ие. Сондықтан басты назарда ұстап, есте сақтайтын нәрсе, слаймды үй жағдайында жасаған кезде де, дүкен сөрелерінен сатып алғанда да, жиі қолданып, ойнай беру қауіпті болмақ.
4
Негізгі бөлім
Слаймның шығу тарихы
Слаймдар қайдан пайда болды?
Аңыз бойынша, алғашқы слаймді Mattel фирмасы иесінің кішкентай қызы ойлап тапты, ол зауытта бар ингредиенттерді кездейсоқ араластырып ойнап отырған еді, олардың арасында тағамдық қоюландырғыштар да болды.Жаңа ойыншықтың негізгі компоненті оны ашық жасыл түске бояған гуар сағызы болды. Слаймдарды ұсақтауға, созуға, қабырғаға лақтырғанда іздері де қалмайтын болды. Желе шарының бұл ерекшелігі сатып алушылардың назарын аударады деп болжалды.Бірақ сол күндері, 1976 жылы, жұртшылық слаймдардың өзіндік ерекшелігін бағаламады және ойыншық іс жүзінде ұмытылды. Ал қазіргі ақытта слаймдар тітіркендіргіш спиннерлерді ауыстырды және қайта жанданды.Олар кішкентайларды да, ата-аналарын да да стресті тыныштандырады деп саналады.Сонымен алғашқы слаймды 1976 жылы «Mattel» компаниясы шығарған. Алғашқы слаймдарға гуар сағызы (қоюландырғыш тағамдық қоспа) кірді, бірақ түстер палитрасы бай болмады, тек жасыл слаймдар шығарылды.Бұл өнертабыс балаларға ұнады, содан кейін Mattel тәжірибесін түстер қатарын әртараптандыратын басқа компаниялар қабылдады.
5
Слайм туралы жалпы мәлімет
Слайм қазір балалар қызыға ойнап, ойыншық ретінде қолдануда. Слаймды лизун деп те атайды. Слайм ойыншығы барлық сауда дүңгіршіктерінде көптеп сатылуда. Слаймды балаларды қойып ересектердің өзі қызыға ойнап, үй жағдайында өз қолдарынан жасап қолдануда. Дегенмен оның денсаулыққа кері әсері де бар. Құрамында денсаулыққа зиян химиялық заттың бар екені анық. Слаймды қолға ұстап ойнау кезінде адамның қызыға ойнауының бірден-бір себебі ол созылып, жиырылып, қайта қалпына келуі, шаршаған адамның шаршауы басылып, нерв жүйесі тынышталатынын байқауға болады. Слаймды үй жағдайында жасаған кезде қаншама жылтырақтар мен қажетті заттарды қолданады. Слаймның пайдасы да жоқ емес. Оны қолға ұстап созған кезде үзіліп кетпеуін, созылуын қызыға жасау арқылы өз қиындығын ұмытып, слаймды үзбеуге тырысады. Созу, мыжу арқылы адам қолының бұлшық еттері жұмыс жасайды. Денедегі шаршауды шығарады. Нерв жүйесі тыныштанып, қайтадан мыжғылап жасай бергісі келеді.Слаймды дайындау рецепттері өте көп. Сіз ең қарапайым ингредиенттерді пайдалана отырып, өзіңіздің рецептіңізді құрастыра аласыз. Егер химиялық заттарды пайдалансаңыз, өте сақ болыңыз. Слаймның зияндылығы балалардың қолы бөртіп, ісінеді. Құрамындағы химиялық заттар адам терісіне кері әсерін беріп, тері құрғап, жарылады, қызарады. Артынан аллергия пайда болып бөрткендер шығады. Адамның ішкі ағзасына да зиян. Құрамындағы химиялық заттар адам қолымен ауыз арқылы асқазанға, ішек жолдарына кері әсерін береді. Сондықтан слайм жасау кезінде тиімдісінше химиялық заттарды қолданбай жасаған дұрыс.
6
Слайм жасауға қажетті құралдар
Слаймды қырынуға арналған көбіктен қалай жасауға болады Слаймды мына ингредиенттермен жасасаңыз, өкінбейсіз. Көбіктен жасалған лизун ұстанғанда жағымды болып тұрады. Сізге мына нәрселер керек:
• көбік — 20 мл;
• ПВА желім — 80 мл;
• тетраборат — 1 ч. л.;
• сұйық сабын — 20 мл;
• бояғыш және иістендіруші — қалауыңызға қарай
Көбік, сабын мен желімді араластырып, ақырын тетраборатты асықпай құйып алыңыз. Бояғыш пен иістендіргішті қосыңыз. Егер о баста сапалы желім қолданған болсаңыз, слайм бірден қоюлана түседі.
• Тетраборат- 1 ч.л;
• ПВА желім-80 мл;
• көбік-20 мл;
• сұйық сабын — 2 ст. л;
• тіс пастасы— 1,5 ст. л. (шамамен 20 мл);
• ұн — 2,5 ст. л.
Көбік, сабын және тіс пастасымен араластырып, ақырындап ұн косып, одан кейін желімді косамыз. Осылардын бәрін араластырып тетроборатты асықпай құйып аламыз.
7
Жұмыстың зерттеу бөлімі
Слаймды үй жағдайында жасау жолдары
Тетраборатсыз слаймды қалай жасаймыз?
Бора немесе тетраборат — классикалық слаймның құрамында бар екінші танымал зат. Оны дәріханадан рецептсіз немесе шаруашылық дүкендерінен ала аласыз. Бора слаймның құрамын жақсартады. Дегенмен оның көмегінсіз де жақсы өнім шығаруға болады.
Слаймды қырынуға арналған көбіктен қалай жасауға болады
Слаймды мына ингредиенттермен жасасаңыз, өкінбейсіз. Көбіктен жасалған лизун ұстанғанда жағымды болып тұрады. Сізге мына нәрселер керек:
• көбік — 20 мл;
• ПВА жілім — 80 мл;
• тетраборат — 1 ч. л.;
• сұйық сабын — 20 мл;
• бояғыш және иістендіруші — қалауыңызға қарай.
Көбік, сабын мен желімді араластырып, ақырын тетраборатты асықпай құйып алыңыз. Бояғыш пен иістендіргішті қосыңыз. Егер о баста сапалы желім қолданған болсаңыз, слайм бірден қоюлана түседі.
8
Түссіз слаймды өз қолыңызбен жасаңыз
Слаймның пайдасы да жоқ емес. Оны қолға ұстап созған кезде үзіліп кетпеуін, созылуын қызыға жасау арқылы өз қиындығын ұмытып, слаймды үзбеуге тырысады. Созу, мыжғылау арқылы адам қолының бұлшық еттері жұмыс жасайды. Денедегі шаршауды шығарады. Нерв жүйесі тыныштанып, қайтадан мыжғылап жасай бергісі келеді.
Бұл тәсілдің бір ерекшелігі – сіз дайын болған слаймға түрлі әсемдеуіштерді (бисер немесе жылтыр) қосып, оны қайталанбас ете аласыз.
Ол үшін: түссіз желім – 100 мл, бор қышқылы – ½ ш.қ., ыстық су – 200 мл, бөлме температурасындағы су – 2 ш.қ.
Егер түссіз слаймды әсемдегіңіз келсе, қосымша түрлі жылтырларды алдын ала дайындап қойыңыз. Содан соң, мына әрекеттерді жасаңыз:
1.Бор қышқылы мен ыстық суды жақсылап араластырыңыз. Қоспаның түссіз болғанына көз жеткізіңіз. 2.Бөлек ыдысқа желімді салып, оған бір қасық су қосыңыз. Араластырыңыз. 3.Келесі деңгей – бор қышқылын қосу. Ең бірінші, желімге 2-3 а.қ. ерітіндіні қосып, араластырыңыз. Қоспа жабысқақ болуы қажет. 4.Содан соң, ингредиенттердің сапасын жақсарту үшін слаймды қолмен илеңіз. Егер оның тым тығыз болып бара жатқанын байқасаңыз, тағы желімді құйыңыз. Ал одан кейін қоспа шектен тыс жабысқақ болса, біраз бор қышқылын қосқан жөн.
Мұндай слайммен ойнаған кезде, оның арасында көпіршіктердің пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Оны бастапқы күйіне қайтару үшін бірнеше күн тіспей тұрыңыз. Міндетті түрде герметикалық контейнерде немесе целлофанда сақтаңыз
9
Тұрмыстық жағдайда жасалған слайм түрлері
Слаймды әр түрлі тұрмыстық заттардан жасауға болады. Күнделікті жуыну бөлмесі мен ас бөлмесінде қолданып жүрген тіс пастасы мен сұйық сабыннан, балалардың көркем еңбек сабағында қолданатын ермексазынан да слайм түрлерін жасауға болады. Тіс пастасы мен сұйық сабыннан жасайтын классикалық рецепт және ермексаздан жасалған танымал рецепті слайм әзірлеудің ең оңай жолы.
Флаффи-слайм: классикалық рецепт
Күн сайын көптеген әлеуметтік желілердегі аккаунттар керемет әуе лизундарының видеосын жариялап отырады. Үй жағдайында осындай өнімді жасау үшін: ПВА желімі – үш түтік, мөлдір желім – жарты банкі, су – шамамен 30-50 мл, жұмсақ саз балшық – мүмкіндігінше, қырынуға арналған көбік – ¼ құты, кез келген бояғыш – қалауыңызға қарай, бор қышқылым немесе натрий тетрабораты – қанша қажет болса.
Осы рецепт бойынша сіз суретке ұқсас жұмсақ флаффи-слаймды жасай аласыз. Келесі жұмыс кезеңдерін орындаңыз:
1.Терең ыдысқа барлық желімді құйыңыз. Біраз су қосып, мұқият араластырыңыз. 2.Егер жұмсақ балшық таба алған болсаңыз, оны жабысқақ қоспаға қосып жақсылап біріктірніңіз. 3.Сол ыдысқа алдын ала жақсылап шайқалған қырынуға арналған көбікті қосыңыз. Осы кезде бояғышты да кұйып, араластырсаңыз болады. 4.Соңғы кезең – қоюландырғышты қолдану. Оның мөлшері слаймының консистенциясына қарай анықталады
10
Ермексаздан жасалған баттер-слаймды үй жағдайында қалай жасаймыз.
Баттер-слайм – жұмсақ майды еске түсіретін өте нәзік лизун. Мұндай слаймның рецептін қайталау қиынға соқпайды.
Сізге келесі заттар қажет болады: жеңіл ермексаз, ПВА желімі – 120 г, қырынуға арналған көбік – 1 құты, балаларға арналған сепкіш және крахмал — шамамен 50 г, қолға арналған крем және сусабын — 20-30 г, бояғыш — қалауыңызға қарай, натрий тетрабораты.
Ермексаз мұндай ойыншық үшін мінсіз негіз болады. Дайындық жұмысын жүргізіңіз:
1.Желім мен көбікті біркелкі етіп араластырыңыз, содан кейін құрғақ ингредиенттерді қосыңыз.
2.Қоспаны жақсылап илегеннен кейін, сол ыдысқа крем мен сусабынды құйыңыз. Қайтадан бәрін мұқият араластырыңыз.
3.Егер бояғышты пайдалансаңыз, оны осы кезде қосыңыз. Оның түсі ермексаздың түсімен сәйкес келсе, тіпті жақсы.
4.Бұдан әрі слайм қоюлану керк. Ол үшін натрий тетраборатын сумен араластырып, қалған өнімдерге аздап қосыңыз. Қажетті консистенцияға қол жеткізгенде, қоспаны қолыңызбене илеңіз.
5.Ермексаз бен слаймды жақсылап қолмен араластыру қажет.
11
Қорытынды
Қорыта келе, слайм жасау қызықты іс болып саналады. Оны жасауға қызықпайтын адам кемде-кем. Кішкентай балаларды қойып, ересектерде, үлкен адамдарда қызыға жасап, үй жағдайында өз тәжірибелерін жүргізеді. Созылмалы, жабысқақ, құрғақ, жылтырақ неше түрлісі қолға ұстап созған кезде, қайталап соза бергің келеді. Қолыңа, аяғыңа мыжғылап, денені тітіркендіріп, массаж жасауға да болады. Бірден шаршауыңды шығарып, жүйке жүйеңді тыныштандыратынын байқайсың. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей осы слаймның құрамында химиялық заттар көп қосылатыны белгілі. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Денеге бөрткендер пайда болдырып, адам терісін құғатады, жарылады, қызарады. Ақыр соңында бөртіп, қотырға айналады. Сондықтан химиялық қоспалары бар слаймды көп қолданбаған абзал. Аурудың алдын алуға абай болу керек. Сол себептен слаймды үй жағдайында пайдалануды ұсынамын. Бұл ең қолжетімді әрі үй жағдайында химиялық қоспаларсыз жасаудың қарапайым жолы бар.
Ұсынысым:
1.Химиялық қоспаларсыз үй жағдайында түрлі слайм жасап пайдалану;
2.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда шаршауды басуға, жүйке жүйесін тыныштандыруға, денсаулыққа пайдасын көріп, көп жұмыс істеп шаршаған кездері слаймды қолдануға кеңес беремін.
12
Достарыңызбен бөлісу: |