беруде қазақ ауыз әдебиетін пайдаланудың әдіс - тәсілдері.
Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілік сапасы қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында үш құбылыс байқалады: адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, адамның жер бетіндегі тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы. Бұл -халықтың табиғатты қара басының пайдасынан жоғары ұстап, қадірлеп-қастерлейтін экологиялық мәдениеті.
Адам мен табиғат қатынасындағы адамгершілікті қамқор, мейірбанды көзқарас қазақ халқының ұлттық экологиялық мәдениетінен айқын көрінеді. Қазақ халқының дүниемен, табиғатпен қатынасында адамның аспан әлемі мен өз арасынан тұтастық іздеуі, ел мен жердің біртұтастығы туралы ұғым, барынша тіршілік иелерімен ішкі рухани тұтастыққа ұмтылуы сияқты үш құбылыс түркі ақындарының, демократ ағартушыларының, «Бес арыстың» дүниетанымында көрініс тапқан. Қазақ халқының экологиялық ойлауы, экологиялық сана-сезімі, табиғатқа көзқарасы ауызекі шығармаларында бейнеленген. Ә. Нысанбаев пайымдағандай, қазақ философиясы негізінен «фольклорда, поэзияда, мақал-мәтелдерде, шежіре-дастандарда, эпостарда, мифологияда жинақталған және тұжырымдалған» . Сан ғасырлық тарихы бар қазақ қауымы жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыздан-ауызға тарап, ел есінде сақталған мол рухани қазына жасай білген.
Қазақ халқының өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде жинақтаған тәжірибесін ең алдымен ауызекі шығармашылығынан табамыз. Осындай мол тәрбие көзіне бет бұру халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасындағы даналығын, экологиялық тепе-тендікті, сақтауға мүдделігін, табиғат байлығын тиімді пайдалану тәжірибесін, табиғи ортаға деген саналы да жауапкершіліктіқарым-қатынасын бағамдап, ұрпақ тәрбиесінің кәдесіне жаратуға мүмкіндік береді.
А. Сейдімбектің деректері бойынша, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1989 жылы құрылған қолжазба орталығында қазақ фольклорының ірілі-ұсақты екі жүз мыңдай нұсқасы сақталуда. Бұл мұра жанр жағынан өте бай, ертегі - 10 том, аңыз - 3 том, әңгіме - 3 том, шешендік сөздер - 5 том, мақал-мәтел - 4том, жұмбақ - 2 том, жаңылтпаш - 1 том, тиым сөздер - 1 том. Осыншама бай мұраны, Ә. Нысанбаевтың сөзімен айтқанда, «Жастарға ұлттық экологиялық тәрбие мен білім беру жүйесін жасап, іске асыруда пайдалану қажет. Балалар бақшасында, мектепте, жоғарғы оқу орындарында экологияның негіздерін жүйелі түрде оқыту, халықтың экологиялық санасы мен мәдениетін үздіксіз қалыптастыру ауадай қажет... Адамзаттың әлемдегі дәстүрлі өмір салтының бұзылуы құрдымға әкеледі. Сондықтан да, біз экологиялық жағдайды сауықтырудың бірден-бір жолы халық сандаған жылдар бойы қалыптастырған ұлттық дәстүрге қайтып оралу; деп қайталап айтамыз. Бүгінгі тығырыққа тіреліп отырған заманның экономикалық және экологиялық өзекжарды мәселелерін шешу ұлттық мәдениетімізді қайтадан өркендетуімізді талап етеді».
Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясын алғашқылардың көш басында кемел зерттеген Қ.Б. Жарықбаевтың халықтың тәрбие идеяларын талдап, оның тәрбиелік әдіс-құралдарына, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік тәрбиесіндегі ықпалына берген сипаттамалары олардың экологиялық мазмұны мен функцияларын танып-білуге көмектеседі.
Қазақ этнопедагогикасының зерттелуіне айрықша үлес қосқан С. Қалиевтың қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздерін, қазақ халқының тәлімдік және ұлттық ойлауының ерекшеліктерін, халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі мүмкіндіктерін, қағидалары мен принциптерін, әдіс-құралдарын ғылыми тұрғыда саралап, халық педагогикасының озық үлгілерін бүгінгі мектептің оқу-тәрбие жүйесіне ендіру жолдары мен амалдарын анықтап беруі ауызекі шығармашылығында көрініс алған қазақ халқының экологиялық тәрбиедегі бай тәжірибесін танып-білуде маңызы ерекше деп түсінеміз.
Профессор С. Ұзақбаеваның зерттеу нәтижелері өзінің сонылығымен, ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның жетекшілігімен халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелері жөнінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, аталған проблеманың зерттелуіне айтарлықтай теориялық, практикалық үлес қосылды. С.А. Ұзақбаеваның халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығын (мақал-мәтелдер, эпос, айтыс өлеңдері, жыраулық дәстүр, жыр-терме), музыкалық шығармашылығын (ән мен күй), сәндік – қолданбалы өнерін (қыз балаларды киіз басу, сырмақ сыру, кілем, алаша тоқу, кесте және шілтер тоқу, киім тігу, оларды ою-өрнекпен әшекейлеу тәрізді еңбекке баулу, үйрету; ер балаларға ұсталық, зергерлік, етікші, ерші, үйші т.б. кәсіптік еңбек түрін меңгерту) педагогикалық мақсатпен саралап қарастыруы және оларға берген сипаттамалары бізге олардың экологиялық мән-маңызын пайымдауда негізге алынды.
М.Х. Балтабаевтың фольклордың трансляциялық, эстетикалық, тәрбиелік, идеологиялық, дидактикалық, тұрмыстық, танымдық, қатынастық қызметін қарастыру барысында музыкалық шығармашылық үлгілеріне берген функционалдық сипаттамасы олардың әлеуметтік-педагогикалық, экологиялық мәнін терең ұғынуға септігін тигізеді.
К.Ж. Қожахметованың этникалық тәрбиеге берген анықтамалары бойынша жеке адам қазақтың салт-дәстүріндегі этникалық құндылықтармен этноәлеуметтік рольдерді, этникалық нормаларды игереді. Автордың дайындауындағы қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-логикалық үлгісі, бізге қазақ ауызекі шығармашылығында көрініс тапқан халықтың табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы мінез-құлық нормаларын пайымдауға мүмкіндік береді.
Халық тәрбиесінде адам мен адамның, қоғам мен халықтың еңбекке, табиғатқа адамгершілік қарым-қатынасы, имандылық идеясы жетекші орын алады. Қазақ ауызекі шығармашылығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, наным-сенімдері, ырым-рәсімдері қазақ философиясын зерттеушілерге (А.Н. Нысанбаев, Р.П. Абсаттаров, К.Ш. Нұрланова, М. Орынбеков, О.А. Сегізбаев , А. Қасабеков, Ж. Алтаев, Т. Ғабитов т.б.) қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімін топшылауға, қазақтың ертедегі философиялық «даму әлементтерінен бастап қазіргі философиялық теориясын жасауға мүмкіндік беріп» қазақ философиясының идеологиялық бастау бұлағы болды. Олай болатыны - «Халық эпостары, ертегілері, аңыздары, лирикалық-тұрмыстық поэмалары, мақал-мәтелдері адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері» екендігінде.
Экологиялық тәрбиені дамыту халық педагогикасының жетекші дәстүрі болып саналады. Қазақ халқының экологиялық мәдениетінің басты ерекшелігі, З.Ж. Кенжалиев тұжырымдағандай: халықтың табиғат танымымен және адам танымымен етене тығыз байланыста, болғандығында, солармен аралас-құралас, «бөлінбеген түрде өмір сүретіндігінде... . Көшпенділер өздерін табиғаттың тікелей жалғасы, соның төл баласы сезінеді». Бұл өз кезегінде қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.
Жоғарыда талдауға алынған пайымдаулар біздерге бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиесін дамыту қазақ ауызекі шығармашылығында айшықталған халықтың экологиялық тәжірибесіне негізделуі тиіс екендігіне көз жеткізеді.Қазақ ауызекі шығармашылығы оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда жан-жақты қызмет атқарады. Біздер С.А. Ұзақбаеваның ғылыми жетекшілігімен орындалған еңбектерде берілген мазмұндық-функционалдық сипаттамаларға: халық ойындарының танымдық-тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендіру функциялары (А. Айтбаева); қазақ домбыра музыкасының қоғамдық жаңғырту-компенсаторлық, танымдық-эвристикалық, көркемдік-тұжырымдық, ақпараттық, коммуникативтік, тәрбиелік, иландыру, эстетикалық, гедонистік (Е. Қозыбаев); қазақ этномәдениетінің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, ақпараттық-коммуникативтік, реттеушілік, әлеуметтендіру (Б. Қайырова); халық білімдерінің жалпы әтникалық дүние мен күнделікті өмір жайлы түсініктерінің негізгі қызметін атқаруы; адамның өз іс-әрекетінің бағытын анықтаудағы бағдарлық ролі; туыстық қарым-қатынастар жүйесі, этноәлеуметтік рольдердің мәнін айқындау және этнос субъектілерінің арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, туыстық тегін тану сияқты функцияларына (К. Қожахметова ) сүйеніп, қазақ ауызекі, шығармашылығының келесі функцияларын анықтадық: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтік, реттеушілік.
Біз өз зерттеулерімізде халық шығармашылығының экологиялық тәрбиедегі көрінісіне, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға деген мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге талпындық. Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары жөнінде мағлұматтар беру тәжірибесі, экологиялық білімдерге деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді. Сонымен бірге табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығы үшін күресуге деген қажеттіліктерін тұрақтандырады.
Балалар ойындары халық ауызекі шығармашылығының бір саласы болып саналады. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану жолдарын зерттеуші Е.Сағындықов: «Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушысы да болып табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейлігін білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген», - деп, орынды пікір айтқан.
Т. Иманбеков балалар ойындарына былай деп баға береді: «...ата-бабаларымыз ұлттық ойындарды баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құ-ралы ретінде қарастырған, оны ең күшті, қағылез, төзімді, түрлі жарыстарда үнемі жеңімпаз атанатын адамды анықтау ролін ғана атқарумен оны қатар, тәрбиеге пайдалы ықпал ететін негізгі күш» деп түсінген. Шын мәнінде «Ұшты-ұшты», «Дауысынан айырып біл», «Жүз қаз», «Қасқыр- қақпан», «Торғай мен бұтақ», «Неше қаз ұшып келді», «Мысық пен тышқан», «Қасқыр мен қаздар» сияқты толып жатқан экологиялық мазмұндағы ойындар әрі қарапайым, әрі оқушылардың түсінігіне жеңіл, балалардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға қажетті тиімді құралдар болып табылады.
Мақал-мәтелдер халық айтқандай, сөздің мұнарасы. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский мақал-мәтелдерді балалар тәрбиесі мен жеке адамның қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз халық педагогикасы деп санады. Асыл сөздің мәйегі мақал- мәтелдер, М. Әлімбаев тұжырымдағандай: «Өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын, бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы». Қазақтың даналық ойларын бойына түйген мақал-мәтелдер оқушыларды ұшқан құсты, жүгірген аңды, жан-жануарларды, өзен-көлдерді, тау-тасты қадір тұтуға, аялап сақтауға,, экологиялық іс-әрекетінде оны көріктендіруге талпындырады, қоршаған ортаны ластамау қажеттілігіне олардың көздерін жеткізеді. Мақал-мәтелдердің экологиялық мазмұны өте бай. Мәселен, адам туралы («Кісілікті кісі табиғатқа тартып туады», «Адам - табиғаттың төл перзенті», «Адам тастай берік, гүлдей нәзік», «Жақсы адам - елінің ырысы, жақсы жер - жанның тынысы», «Адам ұйымшыл, мал үйіршіл», «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ»), атамекен, туған жер туралы («Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас», «Ер туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы», «Жас құрақ - жердің көркі, ынтымақ - елдің көркі»), жер-су туралы («Жер тоймаса, ел тоймайды», «Туған жердің түйе жейтін жапырағы да дәрі, түйе аунайтын топырағы да дәрі», «Жер екеш жер де ауырады», «Жер отты болса, мал сүтті», «Сулы жер - нулы жер», «Жерді аздыратын - өрт, адамды аздыратын дерт»), төрт түлік және үй жануарлары туралы («Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік, ешкі -жеңілдік, сиыр - ақтық, шаруаның бәрі бес, егіншілік оған ес», «Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты», «Жүйрік мал бірде ат, бірде қанат», «Түйе -түлік басы», «Нар жолында жүк қалмас», «Ит - жеті қазынаның бірі», «Түлік төлден өседі»), егіншілік туралы («Тамыр тартқан тарықпас», «Күтімді егін бітімді, бітімді егін түсімді»), хайуанаттар туралы («Арыстандай күшің болса, түлкідей әдісің болсын», «Үйірлі құлан ақсағанын білдіртпес»), құстар туралы («Қарлығаш - көктем жаршысы», «Аққу жүзсе су сұлу», «Дегелек келсе жаз болар, бала-шаға мәз болар»), өсімдіктер туралы («Күтімі жаман ағаштың -бітімі жаман», «Аялы ағаш - саялы»), табиғат, уағыт, кеңістік туралы («Ай жарығы әлемге, шам жарығы түбіне», «Көктем, көктен нұрын төккен», «Күн күркіресе жер иір, жер иісе мал иір», «Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр - жерге жауған нұр», «Нөсер алдында найзағай ойнар», «Сүмбіле туса су суыр») мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғаудың мәнін санамен түсінуіне көмектесіп, оларды қорғау, сақтау, қоректендіру ісіне қатысу белсенділігін арттырумен бірге, танымдық, тәрбиелік, коммуникативтік, реттеушілік қызмет атқарады.Мақал-мәтедердің реттеушілік функциясының жалпы міндеті - қазақ халқының экологиялық тәжірибесі, экологиялық мәдениеті негізінде қалыптасқан табиғатпен қарым-қатынас мөлшерін, шектеулерін ұстану. Қазақ ауызекі шығармашылығының реттеушілік функциясы табиғатты қоғамның материалдық және рухани байлық көзі санап, оның қадір-қасиетін санамен ұғынған, мейірімді, жанашырлықты көзқарасында көрініс береді: «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат, ат төбеліндей болса да, туып-өскен ел қымбат», «Жер шежіресі - ел шежіресі», «Күте білсең - жер жомарт», «Жер тоймай ел тоймайды», «Жерін қорлаған жеріне сыймайды, елін қорлаған еліне сыймайды», «Бір тал кессең, он тал ек», «Аялы ағаш - саялы», «Елі бай болсын десең, жерінің бабын тап».
Жұмбақтардың тақырыптары сан алуан. С. Садырбаевтың еңбегінде олар былайша топтастырылған: жаратылыс-табиғат; адам анатомиясы және іс-әрекеттері; жан-жануарлар тіршілігі. Олардың қай-қайсысы да экологиялық тәлім-тәрбие көзі болып табылады. Жұмбақтар Н. Төреқұлов айтқандай, балаларды тапқырлыққа, ойдан қорытынды жасауға жетелейтін педагогикалық мүмкіндікке ие. Жұмбақтарда табиғат объектілері әсем бейнеленген. Мысалы, «Басына үлпілдетіп таққан шашақ, бұралып талшыбықтай тұрған жасап» деп қамысты сұлу қызға теңесе, енді бірде: «Бір ағашта қырық бұтақ, қырық бұтақта қырық ұя, қырық ұяда, қырық жұмыртқа, қырық жұмыртқада қырық балапан», - деп, бидайдың бір тал басының тіршілік көзі, ел байлығы екендігін, адам игілігіне жаралған өсімдікті халықтың аса қадір тұтқандығын көрсетеді. Төрт түлік мал мен жануарлар әлемі де жұмбақтарда халықтың назарынан тыс қалмаған: «Төрт тағанды бойы бар, момындық дұрыс ойы бар, кербезденіп жүрмейді, айналдырған тоны бар» (Қой), «Асты пышақ, үсті істік. Өзіне лайықтап киім пішкен, секіріп-секіріп түскен» (Ешкі), «Таптым-таптым тап жорға, табаны жалпақ боз жорға» (Түйе), «От басында құмған, екі көзін жұмған» (Мысық), «Тарпаң-тарпаң тарбиған, түрі жаман жарбиған» (Бақа). Қайсыбір жұмбақты алсақ та, әсем сөз тіркестері арқылы табиғат объектілерінің сұлу да көрікті, сәнді бейнесін елестетеді. Елестетіп қана қоймайды,балаларды олардың тыныс-тіршілігімен таныстырады, әрқайсысының табиғатта алатын орнын бағамдауға, қамқорлықты, мейірбанды қарым-қатынаста болуға талпындырады.
Белгілі философ Ә. Нысанбаев: «Жалпы жұмбақ халық аузында таралатын болғандықтан, оның өміршеңдігі, елге таралуының шарты ол жұмбақтың қиялға қозғау салар, ойнақылығымен қатар, оның көпке ортақ, көңіл тереңдігіндегі образды бейнелерге қозғау салу мүмкіндігінде. Жұмбақ жасыру өнерінің бір ерекшелігі - бүл дүниелік заттың атауын жасыра отырып, көңілдегі суреттерге қозғау салып, қиялды қанаттандырады », - деген пікірі арқылы жұмбақтардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық функциялар атқарудағы мүмкіндіктерін танытады.
Табиғат объектілерінің арасындағы байланыстарды жинақы, қызықты ойын ретінде ұқтырудың маңызды үлгілерінің бірі - жаңылтпаштар. Жаңылтпаш -қазақ ауызекі шығармашылығының кең таралған түрі. Ауызекі шығармашылылықтың басқа да үлгілері сияқты олардың тақырыптары саналуан болып келеді. А. Байтұрсыновтың сөзімен олардың айтқанда: «Жаңылтпаш деген аты жаңылудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә басқа сөз қылып бұзып келетін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп айтылады» . Халық арасында жаңылтпаш балалардың ғана емес ересектердің де ермегі болған.
Е. Сағындықов пайымдағандай, жаңылтпаштар «Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін қоршаған өмірді танып-білуге, сол ортамен жеке танысуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да балшығын, шаншыдым да талшығын, аршыдым да малшыдым, шығардым да бар шымын, жүрегімді шаншыдым»; «Базда боз ат мінген атам. Бозда боздап жүрген атам»; «Беріп тай, лақты, алдым тайлақты. Беріп тайлақты, алдым тай, лақты» т.б. Бұлар әрі жылдам, әрі дұрыс айтылуы тиіс. Бұл оқушыға қатты әсер етеді».
Қазақ халқының өз ұрпағын табиғатқа зиян келтірмеуге, тірі табиғат иелерін жәбірлемеуге баулитын, ізгілікке тәрбиелейтін құралдарының бірі - тыйым сөздер. «Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Қазақтар тізені құшақтау -жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп таныған және ондайістерге қатаң тыйым салған». Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп кездеседі. Адам - табиғаттың төл перзенті екендігін санасына сіңіруді, адам деген атқа кір келтірмеуді көздеген халық: «Адам мен табиғат егіз. Табиғат -туған анаң, оған зиян тигізбе», «Адам деген ұлы ат, оған кір келтірме», - деп, жаман әдеттен аулақ болуға үйретіп, табиғатқа зардабын тигізетін іс-әрекеттен сақтандырып отырған. Тағы бірде «Қиын-қыстау кезеңде адамдығыңды жоғалтпа», «Адамды, малды аттама», - деп кеңес берген. Себебі қазақ үшін ата қоныс, ата мекен киелі саналған.
Өсімдік дүниесін қорғау, зиян тигізбеу, табиғатпен қарым-қатынаста экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатындағы тыйым сөздер «Көкті жұлма, көктей соларсың», «Көкорай шалғынды таптама, көк шөпті жұлма», «Жалғыз ағашты кеспе», - деп ескерткен. Бұндай тыйым сөздер оқушыларды туған өлкесінің әсемдігін бағалауға, аң мен құсын, өзен-көлін, гүл-жапырағын қадірлеп-қастерлеуге, аялауға үйретеді.
Қазақ ертегілері ауызекі шығармашылықтың мол саласы болып есептеледі. Қазақ ертегілеріне мазмұндық сипаттамалар берген Ә. Диваев, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев және тағы басқа ертегі танушылар оларды тақырыптарына қарай түрліше жіктемелеген. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығың қалыптастыру мақсатында А. Ж Едігенова жасаған қазақ ертегілерінің жіктемесі назар аударалық:
1). Қиял-ғажайып ертегілер.
2). Тұрмыс-салт ертегілері.
3). Батырлық-ерлік жайындағы.
4). Қазіргі ертегілер.
5). Үй жануарлары жайындағы ертегілер.
6). Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Біздер оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру талаптарына сәйкес ертегілерді шартты түрде төмендегіше қарастырамыз: Аңыз ертегілер («Асанқайғы», «Қазығұрт тауы», «Байқал мен Айғара»); қиял-ғажайып ертегілер («Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай», «Алты жасар Алпамыс», «Алтын балық», «Бақыт құсы», «Алып құс Самұрық», «Ағаш ат»); төрт түлік және үй жануарлары жайлы ертегілер - іс («Бозінген», «Екі әтеш», «Күшік пен мысық», «Бес ешкі», «Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды?», «Тоқты, қошқар, бұзау, бұқа, лақ, теке»); құстар жайлы ертегілер(«Бақыт құсы», «Бала қарға», «Қарлығаш пен дәуіт», «Бөдененің құйрығы неге келте?», «Қыран мен құзғын», «Бұлбұл, Жарқанат және Қарақұрт», «Кептерлер кеңесі», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Сауысқан мен көкек», «Екі әтеш», «Ақ көгершін», «Әтеш пен тоты»); хайуанаштар туралы ертегілер («Жыл басы», «Алтын мүйізді киік», «Тапқыр қоян», «Ит-түлкі мен қасқыр», «Үш аю», «Жолбарыс пен қоян», «Ақ тиін мен қасқыр», «Қу түлкі», «Түлкі мен маймыл»).
Ертегілердің қай түрін алсақ та олардың мазмұнына табиғаттың, табиғат сұлулықтарының, жыл мезгілдерінің, жан-жануарлар әлемінің тыныс-тіршілігі және олардың адам өміріндегі мән-маңызы арқау болғандығын көреміз. М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда: «Ертегілердің балалардың ақыл-ойын, тілін, санасын дамытудағы, көңіл-күйін көтерудегі, рухани дамуындағы құндылығына баға жетпейді. Балалар қарапайым нақыл сөздерді түсіне бермесе де, образды ертегіні жақсы түсінеді. Егер балаға өтірік айтқан жаман деп жай ғана айтсақ, сөздің далаға кеткені. Ал егер ертегі кейіпкерінің өтіріктің кесірінен қиын жағдайға түскені туралы ертегі айтып берсек, бала оны бірден түсінеді және өтірік айтпайтын болады. Бір сөзбен айтқанда, бала үшін ертегі -ең қажетті зат...». Қазақ ертегілерінен халықтың адамның ішкі рухани байлығы, жан сұлулығы, табиғаттағы басқа тіршілік иелерімен жағымды қарым-қатынас жасау экологиялық мәдениет аспектілермен үйлесімді болуын қалағаны айқын көрініс береді.
Оқушылардың табиғат анаға деген экологиялық білімдерінің көлемдігі мен жүйелілігін қамтамасыз етіп, оларды табиғат қорғау іс-әрекеттерінде шығармашылықпен қолдана білуге, құрмет сезімін жандыруда сабақтан тыс уақытта қазақ ауызекі шығармашылығы үлгілерін төмендегідей кестеден көруге болады. Кесте 5
Кесте - 5 Бастауыш мектеп оқушыларына этноэкологиялық тәрбие
берудің бағыт-бағдары
Жұмыстың бағыт-бағдары
|
Оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрі
|
Мұғалімге қажетті дағды
|
Ұйымдастыру
|
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін жүзеге асыратын іс-әрекетті ұйымдастыру
|
Этноэкологиялық материалдарды талдау, жинастыру
|
Ынталандыру
|
Табиғат қорғауға арналған іс-әрекеттердің маңызын ұғындыру
|
Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайлы жеткілікті мағлұмат беретін тәрбиелік жұмыс түрлерін таңдау
|
Айқындау
|
«Адам-табиғат» ұғымының мазмұнын ұғындыру, дүние-танымдық, көзқарасты қалыптастыру
|
Табиғат қорғаудың қажеттілігін уағыздап айқындау
|
Әсершілдік, көркемдік талғампаздықты қалып-тастыру
|
Ауыз әдебиеті жазба әдебиет үлгілерінен көркемсздің әсерлілігіне, мазмұнының тереңдігіне мән беру, сүйсіну
|
Оқушылардың сезім дүниесіне әсер ететін әтноэкологиялық көркем туындыларды іріктеу
|
Байқағыштықты
қалыптастыру
|
Оқыған немесе жаттаған үлгіден автордың немесе халықтың) көтеріп отырған басты мәселесін тауып ала білу
|
Оқушының бойында көркем шығармаларының басты түйінің таба білу дағдысын қалып- тастырудың әдіс-тәсілін меңгеру
|
Дамыту
|
Алынған ақпаратты меңгере отырып, «адам-табиғат» деген алғашқы түсініктің мағынасын терең ұғынып, өзінің дүниетаным аясын кеңейту, халық дәстүрлерінің, әдет- ғұрыптарының мағынасын құрметтеу
|
Халықтық педагогиканың мұраларының негізінде оқушының адамгершілікті, иманды, қайрымды болып өсуін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру
|
Сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларына этноэкологиялық, тәрбие беретін қазақтың салт-дәстүрлерін дүниетанымдық, мағыналық жағынан төмендегіше топтастырдық:
1. Төрт құдіретті әулие тұту дәстүрі. Қазақ халқында бүкіләлемдік тіршіліктің құдіретті төрт негізі бар. Олар: Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су. Егер осы төрт құдіреттің беруі болмаса, тіршілік те жоқ.
Күн-ана.
Әлемге қуатты
Сәуле мен шуақты
Уалып күн беріп тұр
Жарық күн-көрік нұр.
Жер - ана.
Аялар анамыз,
Саялар панамыз,
Құлпырған тірлікпен жер құшты гүл біткен.
Су - ана.
Өңірдің өзені-
Өмірдің өзегі,
Сусыз жер - өмірсіз:
Нусыз өр, өңір, тұз.
Ауа - ана.
Жер шары - «дәу» әлем
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз кім шыдар?
Ауасыз тұншығар.
Күн, жер, су, ауамен
Күнде ду мына әлем.
Ақын -жазушы Әділбай Табылдиевтың осы өлең шумақтарын кіші жастағы оқушылар жатқа айтып, төрт құдіреттің мән -мағынасын талдайды, ұғынады.
2. Өсиет - өнеге, бата айту дәстүрі.
Болашақ ұрпақтардың батыл, батыр иманжүзді, адал жанды болып өсуін армандаған халқымыз оларға өнегелі сөз, ақ тілек – бата айтуды дәстүрге айналдырған. “Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер”, деп көгерудің көзі жер үшін жауын болса, ел үшін бата екенін үнемі дәріптеп отырған. “Жасында бейнет көрсең, қартайғанда зейнет көресің” сияқты мақал сөздер “Елінің елеулісі бол, халқыңның қалаулысы бол”, “Отбасыңнан бақыт кетпесін”, “Шырағың сөнбесін” сияқты ақ баталар – халықтың ұрпағына қалдырған өнеге – өсиеті.
3. Ел президентінің ата -баба алдындағы парызын өтеу дәстүрі. Ата бабамыздың , жаратылыстың алдындағы перзенттік парызын өеу дәстүрі халқымызда ежелден қалыптасқан . Өмір береген адамгершілікке тәрбиеленген қоршаған ортаның, үлгі өнеге берген , ата -ананың алдында адам баласы өмір бойы парыздар, соны өтеу “парыз” деп аталады. “Ер ел үшін туады, ел үшін өледі”, “Еңбегіңді аяма, Жер -ананы аяса”, “Жер ана жомарт, бақсаң барын береді” сияқты ұлағатты сөздер осы дәстүрдің мағынасын аша түседі.
4. Мал күту дәстүрі.
Көшпелі өмірді басынан кешірген халқымыз төрт түлік малды қастерлеген, пір тұтқан. Олардың әрқайсысының пірі болады деп ұғынған ата – бабамыз жан бағудың көзі – мал бағу деп түсінген, малдың амандығын тілеген, күтіп баққан. Еті - ас, сүті – дәру жылқыны, күші де, күні де қасиетті сиырды, жүні, терісі, сүті, еті бағалы қойды, “сауса сүті бұлақтай”, ешкіні бағып қағуды өздерінің міндеті санаған.
5. Ұлттық өнер кәсібін мұра ету дәстүрі.
Халық ұрпағының ата кәсібін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Қоғамғы пайдалы, елдің рухани өміріне де, қажетіне де жарайтын кәсіпті, “ата кәсіп” деп атап, өсер ұрпағына осыны өнеге етіп қалдырған. Саясаткерлік , ұсталық, зергерлік, сәулеткерлік кәсіптері осылайша ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан. “Жылқы жеті тегіне тартады” деген мақал осыдан қалған
6. Еңбек ерлік дәстүрі.
Қазақтың баланы еңбекқор болуға, ерлік іске бейім болуға тәрбиелеуі де ұлттық дәстүрлерінің біріне және ең маңыздысына жатады. Өнер үйрену, мал бағу, үй тәгу, ат үстінде ойнап найзаласу өнерін, мергендікті, балуандықты меңгеру – әрбір қазақ баласының міндеті болып есептелген. Бала ойыны – өмір сабағы, басқалармен қарым – қатынас құралы, арман -қиял. Ойын арқылы бала өзін -өзі тәрбиелейді, ойнай жүріп ол өз дүниетанымын кеңейтеді, білмегенін - білуге ұмтылады әлі сезінбеген жұмбақ дүниеге бойлайды, қоршаған әлемнің қыр - сырына үңіледі.
Эксперимент жүргізуші мұғалімдер ұлттық ойындардың бала дүниетанымын арттыруға ықпалының зор екеніне мән берді, «Ат жарыс», «Көкпар», Аударыспақ», «Тоғыз құмалақ», «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақ сүйек», «Ақ терек пен көк терек», ойындары туралы мағлұмат беріп, өздерін де мүмкіндігінше ойын түрлеріне тартты.
Бұл өз кезегінде қазақ халқының табиғатты қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлықтарын қалпына келтіруді өзінің қасиетті борышы санайтындығын көрсетеді.
Ал мұның бәрі, бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту бойынша, олардың экологиялық сенімін, ынта-ықыласы мен қажеттіліктерін, қызығушылығын арттыруға, экологиялық білімдерінің көлемділігі мен жүйелілігін қамтамасыз етуге, экологиялық дағды, іскерліктерін қалыптастырып, табиғатпен қатынас жасау барысында рефлексия жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектептен тыс ұйымдарда көркемдік-эстетикалық (бейнелеу өнері, музыкалық, хореографиялық, хор, аспаптық және т.б.), техникалық (оқушылардың техникалық шығармашылық түрлері бойынша), натуралистік (жас натуралистер және т.б.), туристік-өлкетану, спорттық-сауықтыру), әуесқойлық (қызығушылық негізінде) сияқты түрлі жұмыстар жүзеге асырылады. Мектептен тыс ұйымдардағы жұмыс формаларына: одақ, ассоциация, мекеме, клуб, үйірме тағы басқалары жатады.
Біздің зерттеу проблемамыз бойынша тәжірибелі-эксперимент жұмысы 2007 - 2008 жылдары Шымкент қаласы, №25 мектебінде жүзеге асырылды.
Қалыптастыру эксперименті келесі міндеттерді жүзеге асырылуды көздейді:
- мектепте педагогтардың сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы тәжірибелі-, эксперимент жұмысының мазмұны мен құрылымын, негізгі бағыттарын анықтап, эксперимент базаларының педагогикалық ұжымында талқылап, бекіту;
- мектеп педагогтарына сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуды қамтамасыз ететін әдістемелік көмек ұйымдастыру;
- мектепте мектеп педагогтерінің сыныптан тыс жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуға бағытталған оқу-әдістемелік жүйенің тиімділігін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесінің төмен болуы тікелей тәлім-тәрбие мазмұнына және мамандардың даярлығына, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне байланысты екендігі белгілі.
Кесте 6 - «Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың педагогикалық негіздері» атты әдістемелік семинар бағдарламасы
Лекция, практикалық сабақтар тақырыптары
|
лекция
|
практ.
|
1. Кіріспе. Қоғам дамуының бүгінгі кезеңіндегі бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту мәселелері
|
4
|
2
|
2. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту процесінде қолданылатын ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
|
2
|
1
|
3.Сыныптан тыс жұмыстардың бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы мәні
|
2
|
1
|
4. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы сыныптан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі
|
2
|
1
|
5. Мектепте бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы жұмыс формалары мен әдістері
|
2
|
1
|
6. Сыныптан тыс жұмыстар бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту жүйесінің мазмұндық-құрылымдық сипаты
|
4
|
2
|
7. Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту процесінде инновациялық технологияларды пайдалану
|
4
|
2
|
8. Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудағы қоғамдық-әлеуметтік мәдени құрылымдардың біріккен іс-әрекеті
|
4
|
2
|
9 Бастауыш сынып окушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту мәселесі бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру
|
4
|
2
|
Барлығы
|
28
|
14
|
Үйірме жұмысын ұйымдастыруға байланысты жазылған Л.Ф. Мельчаков, А.В. Михеев, М.Н. Скаткин, Г.С. Орынбаева, Т.А. Бабанова, К. Бұзаубақова және т.б. еңбектерін атап өтеуге болады.«Жасыл желкен» үйірме жұмысының мақсаты - мектепте сыныптан тыс жұмыстарда көрініс алатын халықтың экологиялық тәжірибесі негізінде экологиялық білімді, табиғат қорғауды, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануды, табиғат байлығын қалпына келтіруді өзінің борышы санайтын жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсат мынадай міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
- бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарындағы
экологиялық тәжірибеге жағымды қарым - қатынасын қалыптастыру;
- сыныптан тыс жұмыстарында экологиялық білімдерінің көлемділігі мен
жүйелілігін қамтамасыз ету;
- экологиялық дағды, іскерліктерін қалыптастыру;
- табиғатпен қарым-қатынас нәтижелері бойынша рефлексия жасауға
үйрету.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту принциптері оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының негізін құрайтын бастапқы қағидалар ретінде түсіндіріледі. Біздер ұғынған тәрбие процесінің принциптерін басшылыққа ала отырып, педагог оқу-тәрбие процесін ғылыми негіздеуге, басқаруға өз бетімен педагогикалық міндеттерді шешуге қол жеткізе алады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің құрылымдық моделінің, оның өлшемдері мен көрсеткіштерінің, деңгейлерінің жоғарылағанын, біздің ұғынған әдістемелеріміздің тиімділігін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегі қорытынды жасауғамүмкіндік берді.
1) Философиялық, психологиялық-педагогикалық, фольклорлық әдебиеттерді зерттеу қазақ ауыз әдебиетінің бүгінгі қоғам мен мектептен тыс ұйымдардағы көкейкесті мәселені шешуде мүмкіндігінің жоғары екендігін дәлелдейді.
2) Сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің тиімді түрі болып табылады. Экологиялық тәжірибе, табиғат қорғау, табиғат ресурстарды үнемді пайдалану, табиғат байлықтарын аялаудағы ой-пікір, идеялар, көзқарастар.
3) Қазақ ауыз әдебиетін педагогикалық жіктемеге келтірілуі (мақал-мәтел, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, эпостық жырлар т.б.), олардың құрылымдық-функционалдық ерекшеліктерінің анықталуы (реттеушілік, мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық т.б.) және белгіленген сұрыптау өлшемдері арқылы экологиялық ой- санасын, дүниетанымын, табиғатқа қамқорлықты қарым- қатынасын қалыптастыруды, экологиялық іс- әрекетін белсендіреді.
4) Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың негізін оқушылардың экологиялық ойлауы, экологиялық санасы, экологиялық білімі, экологиялық сенімі, экологиялық қарым-қатынасы, экологиялық іс-әрекеті құрайды.
5) Оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамыту саласындағы зерттеу еңбектерін талдау және жіктемеге келтіру. Солардың ішінде мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту проблемасының ғалымдардың назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді.
6) Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту нақты педагогикалық шарттар арқылы жүзеге асырылады (ұйымдастырушылық, мазмұндық, ғылыми-әдістемелік, моральдық-психологиялық, әлеуметтік-мәдени).
7) Мектепте сыныптан тыс жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуда мынандай принциптер ұсынылады: жүйелілік, ізгіліктілік, табиғатқа сәйкестік, мәдениетке сәйкестік, өлкетанушылық, проблемалық және тарихилық, пәнаралық байланыс, үздіксіздік және сабақтастық, жаңашылдық, еріктілік, ынтымақтастық..
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамыту проблемасы өте күрделі болғандықтан толық шешімін тапты деуге болмайды.
Келешекте мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда, тек бастауыш сынып қана емес орта және жоғары сынып оқушыларын да қамту мәселелері және оны жүзеге асырушы болашақ қосымша білім беру педагогын даярлау проблемасы арнайы зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030: Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы». Егемен Қазақстан №194, 1994.
2. Қазақстан Республикасының «Қоршаган ортаны қорғау туралы Заңы».
Егемен Қазақстан. №151, 1997.
3. Леопольд О. Календаръ песчаного графства. М., 1983, 20 б
4. Экологиялық білім бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындагы Қазақстан
Білім академиясының республикалық баспа кабинеті. 1999, 127 б.
5. Кішібеков Д, Сыдықов Ү. Философия. А., 1994, 202 б «Қазақ ССР
экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитеті
туралы Ереже», 1991, 117 б.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Экология
және табиғат қорғау. А., 2002, 321 б
7. Кант И. Метафизика нравов в двух частях //Антология мировой
политической мысли. М., 1997. Т.2, 478 б.
8. Гумилев Л.Н. Черная легенда: друзъя и недруги Великой cтeпи. M., 1994.
9. Философия. Ред.басқ. Кішібеков Д.А., 1991, 199 б
10.Жұмабаев М. Шығармалар. 3 томдық. 2-3 том. А., 1996, 223 б, 243 б
11.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 2-х томах. Т.1. М.,1982, 251 б
12.МашановА. Әлъ-Фараби және Абай. А.,1994, 75 б
13.Скалон В.Н. Формирование экологической культуры младших
школъников во внеучебной деятельности): автореф. дисс. канд. пед.
наук:. 13.00.01. - Саратов, 2001. - 190 с.
14.Сидельковский А.П. Критерии, методы и методика изучения
формирования отношении школъникое к природе. - Ставрополъ:
ПГПМИЯ, 1988.-201 с.
15.Соколов В.. Сердцем постигнуть мудрое устройство природы...
//Воспитание школъников, 1990. -№3. - С. 28-30.
16.Зверев И.Д. О формировании ответственного отношения учащихся к
природе. //Сов. Педагогика. -1975. -№11. -Б. 21-30.
17. Кудрявцева Б.М. Природоохранителъная краеведческая работа с
младшими школьниками. -В кн.: Развитие младших школьников в
процессе обучения и воспитания. - Свердловск, 1978. - С. 88-104.
18. Захлебный А.Н. На экологической тропе: Опыт экологического
воспитания. - М.: Знание, 1986. - 80 с.
19. ЛихачевБ.Т. Педагогика. -М, 1999. -127с.
20. Зелесский Г.Е. Сердцем постигнутъ мудрое устройство природы.
//Воспитание школьников, 1990. - №3. - С. 28-30.
21. Дозонов Б.И. Психологические основы отношении школъников
к природе: Учеб. Пособие. -М., 1987.-86 с.22. Мясищев В.И.
22.Социальная психология и психология отношений //Проблемы обгцей
психологии. -М.: Педагогика, 1965. - С. 270-280.
23. Люблинская А.А. Учителю о псшологш младшего школъника: Пособие
дляучителя. - М.: Просвещение, 1977. - 224 с.
24. Полинчак Ф.Я., Платонов Г.В. Экологические отношения, сознание,
деятелъность//Вест. Моск. ун-та - Серия 7, Философия, 1987. С. 74-82.
25. Суравегина И.Т. О методах формирования ответственного
отношения к природе //Биология в школе. 1988. №3. - С. 32-39.
26. Каган М.С. Человеческая деятелъность: Опыт системного анализа. -
М.: Политиздат, 1975. - 328 с.
27. Кирьянов М.А. Реализация принципа экологического гуманизма
в системе личностно-ориетированного воспитания): автореф. дисс. ...
канд. пед. наук:. 13.00.01. -Ростов-на-Дону, 2001. - 187 с.
28. Скалон В.Н. Формирование экологической кулътуры младших
школьников во внеучебной деятелъности): автореф. дисс. ... канд. пед.
наук:. 13.00.01. - Саратов, 2001. - 190 с.
29. Гончаров Н.Г. Формирование экологической культуры школъников при
изучении проблем взаимоотношения человека и природы): автореф.
дисс. ... канд. пед. наук:. 13.00.01. -Башкирыя, 2002. - 208 с.
30. Сидельковский А.П. Критерии, методы и методика изучения
формирования отношении школъников к природе. - Ставрополъ:
ПГПМИЯ, 1988.-201 с.
31. Рыков Н.А. Охрана природы и школа. -Л., 1961. - 56 с.
32. Иоганзен Б.Г. Средняя школа и охрана природы. -Томск.: Изд-eo Томск.
Ун-та, 1971. - 222 с.
33. Омар Е.О. Қазақстандагы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен
дамуы (1917-1990жж):дис.... докт. пед. наук: 3.00.01.-Алматы, 2002.
215б
34. Образование в Республике Казахстан. Сборник законодателъных актов.
В четырех томах. Т.З. -Астана. -2006. -Б 304-307.
35. Законодателъство об образовании а Республике Казахстан. -Алматы:
ЮРИСТ, 2006-с 210
36. Мектептен тыс ұйымдар туралы ереже. - Алматы, 2002.
37. Педагогический энциклопедический словаръ. -М., 1989. -421 с.
38. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы.
- Алматы.: Қазақ университеті, 2003. -Б. 19-18; -Б 26-28.
39. Добрецова Н.В. Педагогическое проектирование в дополнительном
экологическом образовании //экологическое образование в школе.
1999.№1. - С 57-61.
40. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. -М., 1984.
41. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования
(методологический анализ). - М., 1977.
42. Леднев B.C. Содержание образовании. -М., 1989.
43. Бабанский Ю.К. Педагогика. -М.: Просвещение, 1988.44. Лернер И.Я.
Философия дидактики и дидактика как философия. -М., 1995.
45. Дүниетану (1-4 сынып) бағдарламалары. -Алматы.: РОНД, 2003. - 28 б.
46. Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 1-ші сыныбына арналған
оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Н.Нұрахметов. -Алматы.:
Атамұра, 1997. -144 б.
47.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 2-ші сыныбына арналған
оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, З.Ф.Олейник. -Алматы.:
Атамұра, 1998. -152 б.
48.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 3-ші сыныбына арналған
оқулық /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов. -Алматы.:
Атамұра, 1999.-176 6.
49.Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 4-ші сыныбына арналған
оқулық /К. Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, И.Нұғыманов, Қ.Жүкешов.
-Алматы.: Атамұра, 2000. -176 6.
50. Чумакова М.Н.Система дополнительного экологического образования
школьников в условиях эколого-курортного региона): автореф. дисс. ...
канд. пед. наук: 13.00.01. - Институт общего образования, 2002- 170с.
Қосымша А
Пәннің мазмұны
№ р/с
|
Тақырыптың аты және оның мазмұны
|
Сағат саны
|
Дәріс
|
Семинар
|
СӨЖ
|
Сынап
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
I. Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі этнопедагогикалық негіздердің жүйесі.
|
2
|
|
|
|
2.
|
Экологиялық тәрбие мәселесінің бастауыш мектеп бағдарламалары мен құлықтарындағы көрініс алу жайы.
|
2
|
2
|
2
|
|
1.
|
II.Ұлы ғұламалардың экологиялық білімдері
Ата дәстүр-тәрбие көзі. Ғұлама ғалымдар зерттеулері.
|
2
|
|
|
|
2.
|
Қазақ халқының әтнопсихологиясының зерттелу жайы,оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы./Ә.Диваев,М.Ж.Көпеев, Ш.Уалиханов, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Ахмет Иугінеки, Өтебодақ Тлеуқабылұлы/.
|
2
|
2
|
2
|
|
|
III. Бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика мұралары арқылы экологиялық тәрбие берудің жолдары.
Оқушылардың экологиялық тәрбие-лігінің деңгейін анықтау
|
2
2
|
|
|
|
1.
2.
|
Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда экологиялық тәрбие берудің мазмұны.
Оқушылардың бойында адамгершілік, еңбекқорлық,ел сүйгіштік,әстетикалық сезімдерді этнопедагогика үлгілері негізінде қалыптастыру.
|
2
2
|
|
2
|
|
1.
2.
|
IV. Туған жер -алтын бесік.
Жер байлығы -ел байлығы.
Болашақ бүгіннен басталады.
|
2
|
2
|
2
|
2
|
|
Барлығы -36
|
16
|
10
|
8
|
2
|
Қосымша Б
Бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика үлгісінде экологиялық тәрбие беру атты арнайы курс бағдарламасың мазмұны
Экологиялық тәрбие - бүкіл адамзат баласының әрбір іс-әрекетіне келешекте қоятын, оның тыныс-тіршіліген тығыз араластын жаңа ғылым саласы: айнала қоршаған ортаны қиып жағдайлардан, кейбір көлденең оқиғалардан сақтауға, табиғатпен арадағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік мәселе. Болашақ мұғалімдерді экологиялық тәрбие беруге дайындаудың негізі - экологиялық сауаттылықпен ұштасып келеді. Қазіргі кезде «табиғат қорғау білімі», «Табиғат қорғау тәрбиесі», «Ұлттық педагогика» деген терминдердің орнына «Экологиялық тәрбие», «Этнопедагогика» деген терминдерді жиі қолданып жүрміз. Экологиялық білім берудің басты міндеті экологиялық сананы қалыптастыру. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру болашақ мұғалімдергі, мамандықтарының профиліне қарамай, жалпы /базистік/ этнопедагогикалық білім беру қажеттілігінен туындайды. Сондықтан біз қазақ халқының салт-дәстүрлері мен этнопедагогика әлементері арқылы оқу процесі кезінде экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін шешуді мақсат еттік. Арнайы курстың мақсаты: педагогикаылқ процесс барысында бастауыш сынып оқушыларына этнопедагогика үлгілері негізінде экологиялық тәрбие беруге болашақ мұғалімдердің әзірлігін жетілдіру.
Осы мақсатты көздей отырып, төмендегі міндеттерді шешуді ұйғардық:
а/ бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін тұтас
педагогикалық процестің мақсаты етіп алу;
ә/ экологиялық тәрбиені этнопедагогика әлементтері үлгісінде жүргізу;
б/ оқушылардың бойында экологиялық сауаттылықты, экологиялық сананы
қалыптастыру үшін сабақтармен қатар сыныптан тыс жүргізілетін
жұмыстардың да мағынасын тереңдету;
в/ этнопедагогика ілімін тереңдете ұғындыру мақсатымен қазақ халқының
этнопсихологиялық ерекшеліктерін, ұлтымыздың зияларының мәдени
мұраларын пайдалану.
Арнайы курс 36 сағатқа лайықталған, оның 16 сағат дәрістерге, 10 сағаты семинарларға, 10 сағат практикалық-лабораториялық сабақтарға арналды, 2 сағат сынаққа бөлінді.
Қосымша В
"Жас эколог" үйірмесінің жоспары
Үйірменің мақсаты: оқушылардың санасына айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын, экологиялық санасын қалыптастыру.
-
қ/с
|
Жұмыстың мазмұны
|
Жауаптылар
|
Орындалу
|
1.
|
Үйірме жұмысының жоспарын бекіту, үйірме мүшелерін сайлау, жұмыстың мазмұнын талқылау
|
Тәрбиеші, ата-ана, педагогикалық ұжым, оқушы
|
Қыркүйек
|
2.
|
Төменгі сынып оқушылары экологиялық бақылауды үнемі жүргізу үшін тұрғылықты жерді даярлау
|
Үйірме мүшелері
|
Қыркүйек
|
3.
|
Мектеп маңын, шағын аудандарды және территориялардың көгалдандыру
|
Үйірме мүшелері
|
Ақпан
|
4.
|
Бағалы жануарлар түрлерін қорғау, барлық қорғау, құстар мен аңдарды қоректендіру, жергілікті тұрғын жер бойынша
|
Атан-ана, оқушы, мұғалім
|
Үнемі
|
5.
|
Табиғатқа экскурсия:
1."Күздің ерекшеліктері".
2.Оңтүстік Қазақстан облысы
дәрі шөптерінің түрлері
|
Үйірме мүшелері
|
Мамыр
|
6.
|
Пікірталас:
1.Үйдегі экология
2.Тірі табиғатты аялайық
3.Өлкеміздің байлығы
|
Үйірме мүшелері
|
Наурыз
|
7
|
Төменгі сынып оқушыларының арасында конкурс ұйымдастыру. "Экологиялық күнделік", "Сөзжұмбақтар шешу". "Табиғи құрастырылған заттар"
|
Мектеп оқушылары
|
Сәуір
|
Табиғатты қорғау жэне экологиялық тәрбие беру мақсатында жергілікті жер материалдары негізіне сүйенсе, неғұрлым тиімді болады. Соның бір жолы - экскурсия.
Экскурсия - әлеуметтік, этикалық, эстетикалық, дене шынықтыру, еңбекке баулу, экологиялық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, халықтық педагогика негіздерін дамытуда үлкен роль атқаруы сөзсіз. Экскурсияның негізгі объектісі табиғат компоненттері болып саналмақ. Экскурсия өлкетану негізінде экология мен табиғатгы қорғау проблемаларын оқып үйренуге, зерттеуге ұлттық, аймақтық тұрғыдан қорғауға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, оқушылардың табиғат жағдайында мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. Табиғатты қорғау жұмысын ұйымдастыра отырып экологиялық ортада практикалық іс-әрекеттер жасауда да экскурсияның ролі ерекше орын алады.
Жіберген кей қателерін дер кезінде түзетіп, Жер-Ана қадірін біртіндеп де тереңірек түсініп, оны күтіп - баптау арқылы берекелі мол табиғат байлығын кеңінен игеру, қадірін білген жанға алатыннан да қымбат. Оның үстіне ұға білген адамға мына айналанды қоршаған орман-тоғай, өзен-көл, оның сәнін келтірген аң-құс, әрбір тал, өсімдіктеріне дейін баға жетпес тұнған мол байлық емес пе.
Қорыта айтқанда, еліміздің бай-болуы, құт берекенің молдығы табиғат анамен тікелей байланысты. Қай-қайсымыз да табиғатты оның аясындағы түрлі аң - құсты, жан-жануарды аялап, байлығының жоғалмауына қамқорлық көрсетсек, табиғаттың адамзаттың құрымауына, ұзақ ғасыр жасауына септігін тигізетінімізді түсінсек болғаны.
Халқымыздың талантты ақындарының бірі Мұқағали Мақатаев айтқандай, бұлақтар жылап емес, төмен қарай күліп ақса, ерке қыздың толпысындай сыңғырлап, сылдырлап, сыр шертіп, ақса оның үнін келер ұрпақ ұмытпас еді.
Достарыңызбен бөлісу: |