45
қамсыздандыруға құқық береді. Еңбек сіңірген жылдарын есепке алу кезінде
зейнетақы белгілі бір жасқа толумен байланысты емес, ал қызметкерлердің
кейбір жеклеген санаттарының белгілі бір уақыттан соң өздерінің кәсәптік
қасиеттерін жоғалтуына және белгіленген зейнатақы жасына дейін өз
мамандығы бойынша толыққанды жұмыс істей алмауына орай тағайындалады.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.“ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР заңы. 20.06.97.
2.Жұмағұлов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
3.Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана:
Атамұра. 2004
Қосыша әдебиеттер:
4. ҚР азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және қорғау. А, 2005.
5. М.Л,Захаров, Э.Г.Тучкова Право социального обеспечения России. Учебник.
–М.: Изд. БЕК, 2001.
15-тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз
азаматтарды зейнетақылық қамсыздандыру.
Дәріс жоспары:
1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу.
3. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеу.
1.Жинақтаушы
зейнетақы
қорлары
салымшылармен
–
болашақ
зейнеткерлермен жұмысты ұйымдастырады, олармен зейнетақы шарттарын
жасасды, зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асырады, зейнетақы
жарналарына және инвестициялық табысқа жеке есеп жүргізеді. Қордың
салымшылар алдындағы міндеттемелері зейнетақы шарттарынан көрініс
табады, бұлар өз кезегінде зейнетақылық жасқа толған кезде де, заңдарда
көзделген жағдайларда да жинақталған зейнетақы қаражатын алу құқығын
қамтамасыз етеді. Қор өз қызметі үшін сыйақы алады, өз салымшыларының
және мемлекеттік органдардың алдында есеп береді, зейнетақы төлемдерін
төлейді.
2.ҚР-ның жұмыс істейтін әрбір азаматы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу
үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен
міндетті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт
жасасуға міндетті. ҚР заңдарына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының
салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен, зейнетақымен
қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол
сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан
да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне не жарнаны бір қорға төлеп,
жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы
қорында сақтауына жол берілмейді.
46
3.Қызметкерлер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы
жарналарымен қатар ерікті зейнетақы салымдарын да төлеуі мүмкін. Салымшы-
жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын,
олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.“ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы” ҚР заңы. 20.06.97.
2.Жұмағұлов Ғ.Б., Ахметов А., Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру
құқығы. Оқу құралы. Алматы: Заң әдебиеті, 2005.
3.Хамзин А.Ш, Хамзина Ж.А, Хамзина Л.А Трудовое право РК. – Астана:
Атамұра. 2004
Қосыша әдебиеттер:
4. ҚР азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және қорғау. А, 2005.
5. М.Л,Захаров, Э.Г.Тучкова Право социального обеспечения России. Учебник.
–М.: Изд. БЕК, 2001.
Сұқбат сабақтарына әдістемелік нұсқау
№1 Сабақ. Еңбек құқығының пәні, әдісі және жүйесі
Сабақтың мақсаты: еңбек құқығының құқық саласы ретіндегі ерекшеліктерін
анықтап, оны реттеу әдістерімен және жүйесімен таныс болу.
Сұқбат сабақтың жоспары
1.
Еңбек құқығының түсінігі – құқықтың бір саласы ретінде.
2.
Еңбек құқығының пәні.
3.
Еңбек құқығының әдісі.
4.
Еңбек құқығының жүйесі.
Бақылау сұрақтары
1.
Еңбек дегеніміз не? Оның адам өміріндегі маңызы қандай?
2.
Еңбек құқығының пәні қандай құқықтық қатынастарды реттейді?
3.
Қазіргі қазақстандық қоғамдағы еңбек құқығының алар орнын сіз қалай
бағалайсыз?
4.
Еңбек құқығының өзге құқық салаларымен байланысын айқындаңыз.
Глоссарий
1.
Еңбек - бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани
қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет.
2.
Еңбек қатынастары- еңбек құқығы пәнінің басты элементі және еңбек
қатынастарымен тығыз байланысты және солардан туындайтын өзге де
қатынастар.
3.
Еңбек құқығының функциялары-бұл еңбек құқығы нормаларының
күшінің негізгі бағыттары.
4.
Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге
асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша нәтижесіне жетуді, еңбек
шартындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа
ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген «ынталандыру» әдістерінен тұрады .
47
5.
Еңбек құқығының жүйесі – бұл оның нормаларының құрылымы және
орналасу тәртібі.
6.
Азаматтық
қызмет
-
азаматтық
қызметшілердің
қазыналық
кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге
асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамысыз етуге бағытталған
лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;
7.
Азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде
ақылы штаттық лауазымда істейтін және олардың міндеттері мен
функцияларын іске асыру және мемлекеттік органдарға техникалық қызмет
көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамсыз ету мақсатында
лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
8.
Айлық жалақының ең төменгі мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін
қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген
қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек
нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін
ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;
9.
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік
факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап өзге де
нәрселер;
10. Ауыр жұмыстар – қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе
жылжытуына байланыстықызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат
жұмсалатын басқада қол жұмыстары;
Схемалар, тапсырмалар, жағдайлар
Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі бойынша схеме
құрастыру.
Блиц – тест
1.Ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік қатынастарды және оған
тығыз байланысты қарым-қатынастар қалай аталады?
а) еңбек құқығының пәні;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) еңбек нормалары;
г) барлығы.
2.Төмендегілердің қайсысы еңбек құқығы жүйесінің ерекше бөліміне жатады?
а) еңбек құқығының түсінігі;
ә) еңбек құқығының әдісі;
б) еңбек қатынастары;
в) жеке еңбек шарты;
г) ұжымдық шарттар.
3.Еңбек құқығының рөліне қайсысы жатпайды?
а) әлеуметтік әріптестікті нығайту;
ә) адрестік әлеуметтік көмек деңгейін көтермелеу;
б) жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарама-қайшылықтарды жою;
в) еңбек жағдайларын жақсарту;
Достарыңызбен бөлісу: |