Материалды қаржылық қатынастар-мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамалайды. Бірақ, олар материалды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бақылау.
Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:
1) бақылау субъектісі;
2)бақылау объектісі;
3)бақылау заты (тақырыбы);
4)бақылаудың мақсаты;
5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:
1)мемлекеттік органдар;
2)мемлекеттік заңды тұлғалар;
3)мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) азаматтар жатады.
Қаржы құқығының қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, сонымен қатар, төмендегі нормативтік- құқықтық актілер жатады:
ҚР Бюджет кодексі. 24 сәуір, 2004ж; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі (Салық кодексі) 2001 жылғы 12 маусым; «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңы; «ҚР-дағы ұлттық банкі туралы» ҚР 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы.
Ұлттық валюта-«теңге». Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің-ҚР ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталады.
Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге-100тиын) мынандай номиналдардан тұрды: 1,3,5,10,20,50, және 100 теңгелік банкноттар, 1,3,5,10,20 теңгелік монеталар, 1,3,5,10,20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).\
Кейіннен айналысқа: 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1,5,10,20,50 теңгелік монеталар; 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизаины өзгертілген).
2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар шығарылды.
2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
2.Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры.
Бюджет-мемлекеттің міндеттері мен фукцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет заңдары-бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді. Қазақтан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Сонымен қатар 2004ж. 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінен» және өзге де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.
Бюджет жүйесі дегеніміз-бюджеттердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процесстер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
1)бірлік принципі-Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
2)толықтық принципі-Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;
3)реалистік принципі-бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4)транспаренттілік принципі-мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;
5)дәйектілік принципі-бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6)тиімділік және нәтижелілік принципі-бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;
7)басымдық принципі-бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8)жауапкершілік принципі-бюджет процесіне қатысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту;
9)бюджеттердің дербестік принципі-түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі.
Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі төмендегідей бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:
-республикалық бюджет;
-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
-аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Республикалық бюджет.
Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомостволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Заңымен бекітіледі.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті.
Салықтық және басқа да түсімдер, есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстың бюджеті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті.
Салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикадағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. ҚР бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы ҚР Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. ҚР жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада ҚР Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді.
Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептілігі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері.
Салық дегеніміз-мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салық құқығы салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалағын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы, тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықтарға қосылған күн салығы мен акциз жатады. Жанама салықтарға қосылған күн салығы мен акциз жатады. Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді.
Мысалы, заң жүзінде аталған салықтардың төлеуші тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді.
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері қолданылады:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған күн салығы.
4. Акциздер.
4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдары салығы.
9. Мүлік салығы.
1. Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.
Салық салу объектілеріне мыналар жатады:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
2.Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар болып табылады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
1) қызметкердің табысы;
2) біржолғы төлемдерден алынған табыс;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
4) дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.
Жеке тұлғалар табыстарының мынандай түрлеріне салық салынуға тиіс емес:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;
2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
3) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР заңдарына сәйкес өтеу;
4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
5) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;
7) лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
8) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген төменгі жалақы мөлшерінде мемлекеттік бюджет және гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіби оқуларға байланысты төлемдер;
9) гранттар қаражаты есебінен төленетін төлемдер (еңбекақы түріндегі төлемдерден басқа);
10)тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететін учаскелер шегінде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда ҚР заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;
11) экологиялық апат немесе ядорлық сынақ полигонындағы ядорлық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР заңдарына сәйкес төленетін төлемдер.
3. Қосылған күн салығы ұғымы.
Қосылған күн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған күн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған күн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған күн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері мыналар:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған күн салығын салу объектілері болып табылады.
Төлеушілер мыналар:
ҚР қосылған күн салығы бойынша есепке тұрған мынандай тұлғалар: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар; қызметін ҚР тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; заңды тұлғаның қосылған күн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері қосылған күн салығын төлеушілер болып табылады.
Тауарлар импорты кезінде қосылған күн салығын төлеушілер ҚР кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды ҚР аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
4. Акциздер. ҚР аумағында өндірілген және ҚР аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ тізбесі төменде көрсетілген қызмет түрлеріне акциз салынады.
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкоголь өнімі;
3) темекі бұйымдары;
4) құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
6) жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қол мен басқарылатын автомобильдерден басқа);
7) шикі мұнай,газ конденсаты акцизделетін тауарлар болып табылады.
Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады:
1) ойын бизнесі;
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
4.1.Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
Төлеушілер өнімді бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісіне экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектісі болып табылады.
5.Әлеуметтік салық.
Өзінің аты айтып тұрғандай, негізінен халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына өтеуге жұмсалады.
Салықты төлеушілер мыналар:
1) жеке кәсіпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар ҚР резиденті-заңды тұлғалар;
3) ҚР қызметі тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер-әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
6.Жер салығы.
Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынандай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендер жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі-өнеркәсіп жерлері);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі-ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді.
Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынандай 2 топқа бөлінген:
1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Жердің мынандай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Жер салығы:
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
Төлеушілер мынандай:
1) жеке меншік құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар-жер салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлғалардың салық салынатын объектілері бар құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады.
Мыналар жер салығын төлеушілер болып табылмайды:
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер шаруа қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі: тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері; үй маңындағы жер учаскелері; жеке үй шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері; гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша-«Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.
8.Көлік құралдары салығы.
Салық төлеушілер меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
9.Мүлік салығы.
Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
1) ҚР аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2) ҚРаумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер.
ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды:
ҚРҮкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.
Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімінде белгіленген тәртіппен төлейді;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
6)діни бірлестіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |