І. КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
I.1. Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер
Нормативтік база шегіндегі бағалау технологиясының нарықтарында кәсіпорын бизнесін бағалау үш тәсіл бойынша жүргізіледі: нарықтық, табыстық және шығындық
Бизнес- бұл заңды, жеке тұлғалардың нақты қызметі.
Мұнда заңды тұлға – кәсіпорын, азаматтық құқықтардың объектісі болып табылады да, кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын мүліктік кешен ретінде қарастырылады.
Мүліктік кешен жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстарды, машина мен құрал-жабдықтарды, шикізат пен өнімдерді, материалдық емес активтерді және мүліктік міндеттемелерді құрайды.
Бизнесті бағалаудың бірінші концепциясы
Бірінші концепция мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалаумен байланысты.
Кәсіпорын бизнесін бағалау мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалауына әкеледі: нарықтық, табыстық, және шығындық тәсілдерді қолданып, негізгі қаражаттардың мүліктік құқықтар құнының есебінсіз бағалауға болады.
Мұнда, бір-бірінен жекеше бағаланатын (орындық, компьютер, ғимарат, станок, бассейн, жер телімі және т.б.), мүліктік кешеннің құрамдастарын бағалау жөнінде айтылып отыр. Мүліктік кешеннің құрамдастарын бөлек бағалау, мүліктік кешен жиынтығы түрінде бола алатын қосымша құнды анықтаумен байланысты және олардың кейінгі аккумуляциясын болжамдайды.
Бизнесті бағалаудың екінші концепциясы
Екінші концепция, кәсіпорын бизнесін бағалағандағы пайда болатын қосымша құнның анықталуымен тікелей байланысты.
Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.
Құқық жүйесі немесе қоржыны кәсіпорынға бизнес жүйе ретінде тауар нарықтарында тиімді бәсекелесуге рұқсат етеді.құқықтар жүйесі немесе қоржыны өзіне мыналарды қосуы қажет:
- кәсіпкерлік қызметті іске асыратын, кәсіпорынға республикалық және атқарушы жергілікті билік органдары беретін лицензиялардан, сертификаттардан және тағы басқалардан пайда болатын нарықта жұмыс істеу құқығы;
- кәсіпорынға табыс әкелетін жал құқығы, субжал, кепіл және тағы басқа;
- бизнес бойынша әріптестердің келісім – шарт жүйелерінен пайда болатын құқықтар(материалдар мен шикізатты жеткізу келісім – шарттарды, тауарлық өнімдерді сатып өткізу келісім – шарттарды және т.б.);
- кәсіпорын акцияларының бақылау пакеттерінен пайда болатын құқықтар;
- материалдық емес активтерді қалыптастыратын артықшылығы бар құқықтар.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, кәсіпорынның бизнесін бағалаудың объектілері болуы керек:
- кәсіпорынның мүліктік кешені;
- кәсіпорынға(фирмаға) нарықтың секторын бақылауға рұқсат ететін құқықтар жүйесі немесе қоржыны;
- кәсіпорынның(фирманың) тауар нарықтарында бәсекелесуге қабілеттілігі.
Сөйтіп, кәсіпорын(фирма) бизнесін бағалау екі концепцияны қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |