I жалпы ережелер


IV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ



жүктеу 1,28 Mb.
бет2/8
Дата04.03.2018
өлшемі1,28 Mb.
#11193
1   2   3   4   5   6   7   8

IV. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ
Тараптар өздеріне еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік бойынша Келісімді орындауды қамтамасыз етуге міндеттеме қабылдайды (№ 8 қосымша).

4.1. Жұмыс беруші:

4.1.1. Білім процесін жүргізу кезінде қауіпсіз және таза еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

4.1.2. Еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту бойынша, соның ішінде қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне үйрету шараларын өткізуге қаржыландыруды (қаражат бөлу) жүзеге асыруға;

4.1.3. Қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша оқытуға және еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеруді үш жылда 1 рет өткізуге;

4.1.4. Әрбір оқу жылының басында еңбекті қорғау бойынша қызметкерлердің білімін тексеруді қамтамасыз етуге;

4.1.5. Жұмыс орындарында ережелердің, нұсқаулықтардың, нұсқама журналдарының және басқа да міндетті материалдардың болуын қамтамасыз етуге;

4.1.6. Штаттық кестеге сәйкес жұмыс түрлері мен кәсіптер бойынша еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықтар әзірлеуге және бекітуге, оны бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісуге;

4.1.7. ҚР Еңбек кодексіне, еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарын қатамасыз ететін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайларында істейтін қызметкерлерге кепілдіктер мен жәрдемақылар ұсынуға;

4.1.8. Қызметкерлерді сертификатталған арнайы киіммен және басқа да жеке қорғану құралдарымен, сүтпен немесе басқа да бірдей тамақ өнімдерімен, белгіленген нормаларға сәйкес жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етуге (№ 9 қосымша, № 10 қосымша, № 11 қосымша);

4.1.9. Қызметкерлердің жұмыс орындары (лауазымы) мен орташа жалақыларының сақталып, жұмыс берушінің есебінен міндетті мерзімдік медициналық тексерулерден өтуін қамтамасыз етуге;

4.1.10. Үй-жайларда санитарлық нормалармен белгіленген жылу режимін қамтамасыз етуге;

4.1.11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғаларды уақытында тексеруге және оларды есепке алуды жүргізуге;

4.1.12. Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды, ережелер мен нұсқаулықтарды қадағалауын қамтамасыз етуге;

4.1.13. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен бірге тең құқылы негізде еңбек жағдайы мен еңбекті қорғауды, еңбекті қорғау жөніндегі келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін өндірістік кеңес құруға;

4.1.14.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға ұйымдағы еңбекті қорғау жағдайын бақылауға жәрдемдесу. Қызметкерлердің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарының бұзылуын анықтаған жағдайда, оларды жою шараларын қабылдауға міндетті.

4.2. Жұмыс беруші ұйым қызметкерлерінің тынығуы мен тамақтануы үшін жабдықталған үй-жайдың болуына кепілдік береді.

4.3. Қызметкер еңбекті қорғау бойынша нормативтік талаптарды орындамау салдарынан өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп туындаған кезде жұмыстан бас тартқан жағдайда, оған мұндай қауіпсіздік жойылғанша басқа жұмыс ұсынылады немесе осы себеп бойынша бос тұрып қалу уақытына орташа жалақы мөлшерінде еңбекақы төленеді.

4.4. Қызметкерлер:

4.4.1. Заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген еңбекті қорғау талаптарын, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды қадағалауға;

4.4.2. Жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйренуді, өндірістегі жазатайым оқиға кезінде алғашқы көмек көрсетуді, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулар, еңбекті қорғау талаптарының білімін тексеруді жүргізуге;

4.4.3. Жұмысқа қабылдау кезінде міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден, сондай-ақ жұмыс берушінің есебінен медициналық ұсыныстарға сәйкес кезектен тыс медициналық тексерулерден өтуге;

4.4.4. Жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мақсатқа сай пайдалануға;

4.4.5.  Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдай, әрбір жазатайым оқиға немесе жұмыс кезінде өзінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы, соның ішінде шұғыл кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болуы туралы жұмыс берушіге дереу хабарлауға міндетті.

4.5. Қызметкер жұмыс орнында өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда, сондай-ақ қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмеген кезде, анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін осы уақытқа орташа жалақыны сақтай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы.

4.6. Тараптар құрамында 6 адамнан тұратын әрбір жақтан 3 адамнан тең құқылы негізде өндірістік кеңесті қалыптастыру туралы келісімге келді. Кәсіподақ комитетінің атынан 3 өкілдің қатарына кәсіподақ комитетімен ұсынылған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор кіреді. Өндірістік кеңестің жұмысы өндірістік кеңес туралы ереже негізінде құрылады (№ 12 қосымша).

4.7. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың қызметі техникалық инспектор туралы ережемен реттеледі (№ 13 қосымша).
V. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
5. Тараптар мынадай келісімге келді:

5.1. Жұмыс берушінің міндеттері:

5.1.1. Қызметкерлердің өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан міндетті әлеуметтік сақтандыруға құқықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте қызметкерлердің міндетті әлеуметтік сақтандырылуын жүзеге асыру;

5.1.2. Қызметкерлер үшін әлеуметтік және медициналық сақтандырудың сақтандыру жарналарын уақытында және толық аудару;

5.1.3. Уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақыларын жұмыс берушінің есебінен толық мөлшерде және уақытында төлеу;

5.1.4. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау мерзімінде жұмыс орындарын сақтау;  

5.1.5. Заңнамаға сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтау;

5.1.6.  Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі. 

5.1.7.  Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:

1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін тәуліктік төлемдер; 


      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары; 
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді. 

5.1.8. Іссапардың ұзақтығы 40 күнтізбе күнінен аспайды. Іссапарға жіберілетін қызметкерлердің жұмыс режимі іссапар орны бойынша анықталады.

5.1.9. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, аяғы ауыр әйелдер, сондай-ақ мүгедек-қызметкерлер, егер мұндай жұмыс медициналық көрсеткіштер бойынша тыйым салынбаған болса, іссапарға жіберіледі. Бұл қызметкерлер іссапардан бас тартуға құқылы.

5.1.10. Үш жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер, отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтындар немесе мүгедек-бала тәрбиелеушілер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек-балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді қажет ететін болса, іссапарға шығудан бас тартуға құқылы.

5.1.11. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс беруші қызметкерге: 
      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону; 

2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын өтеуге міндетті. 
Қызметкерге өтемақылық төлемдер: қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жаңа жұмыс орнына нақты жол жүру құнының, қызметкерлер және олармен бірге шыққан отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізудің нақты құны мөлшерінде орташа айлық жалақының 5 есе мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленеді.

5.1.12.   Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 



1) жұмыс беруші таратылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда – орташа жалақысының екі есе мөлшерінде; 

2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда - айлық орташа жалақысы мөлшерінде;

3) жұмыс беруші еңбек шартының жағдайларын орындамаған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты орташа жалақысының үш есе мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді. 
VI. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
6.1. Қызметкерлердің жұмыс уақыты ұжымдық шартпен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс берушінің актілерімен, еңбек шарттарымен, сабақ кестесімен, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, бастауыш кәсіподақ ұйымның кәсіподақ комитетімен келісілген жұмыс кестелерімен (ауысым кестесімен) реттеледі.

6.2. Педагог қызметкерлердің лауазымдары мен (немесе) мамандықтарына байланысты жалақының ставкасына педагогикалық жұмыстың сағаттар нормасы немесе жұмыс уақытының мынадай ұзақтылығы белгіленеді:

- мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі– аптасына 40 сағат;

- педагог-психолог – аптасына 24 сағат;

- әдіскер – аптасына 36 сағат;

- тәрбиеші – аптасына 24 сағат;

- мұғалім (оқытушы) – аптасына 24 сағат;

- компьютерлік техника мамандығы – аптасына 40 сағат;

- шаруашылық меңгерушісі – аптасына 40 сағат;

- мейірбике – аптасына 40 сағат;

- хатшы – аптасына 40 сағат;

- бас аспаз – аптасына 40 сағат;

- аспаз – аптасына 40 сағат;

- көмекші жұмысшы – аптасына 40 сағат;

- тәрбиешінің көмекшісі – аптасына 40 сағат;

- ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жұмысшысы– аптасына 40 сағат;

- кір жуу машиналарының операторы – аптасына 40 сағат;

- күзетші – аптасына 40 сағат.

6.3. Педагог қызметкерлердің жұмыс уақытына атқаратын луазамына байланысты оқу (оқытушылық) жұмысы, тәрбиешілік жұмыс, тәрбиеленушілермен жеке жұмыс, ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмысы, сондай-ақ еңбек (лауазымдық) міндеттерімен және (немесе) жеке жоспармен көзделген басқа да педагогикалық жұмыс, мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік, даярлық, ұйымдастырушылық, диагностикалық жұмыс, тәрбиешілік, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық, шығармашылық және тәрбиеленушілермен өткізілетін өзге де шаралар жоспарымен көзделген жұмыс қосылады.

6.4. Педагог қызметкерлер жалақысының ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормалары астрономиялық сағатпен белгіленеді.

6.5. Жалақының ставкасына педагогикалық жұмыс сағатының нормалары аптасына педагогикалық жұмыс немесе оқу (оқытушылық) жұмысы тарификациясымен белгіленген көлемді ескергенде, педагог қызметкерлерге бір айға жалақыны есептеу үшін есептік шама болып табылады.

6.6.  Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуге және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды.

6.7. Демалыс және мереке күндері сәйкес келгенде демалыс күні мерекелік күннен кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.

6.8. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс жоспарланбайды.

6.9. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімі немесе оның өтініші бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті пікірін ескере отырып қабылданған жұмыс берушінің актісі негізінде жол беріледі. Ауысым кестесі бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді ҚР Еңбек кодексінің 84-бабы 5-тармағымен көзделген мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері (Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество) жұмысқа тарту үшін қызметкерлердің жазбаша келісімі мен жұмыс берушінің актісін шығару талап етілмейді.

6.10. Лауазымдық міндеттермен көзделмеген жұмысты орындауға тарту тек қызметкердің келісімімен және қосымша ақы төлеумен жүргізіледі.

6.11. Ағымдағы күнтізбе жылына еңбек демалысының кестесі әр жылдың 15-қаңтарынан кешіктірілмей кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып бекітіледі. Қызметкер еңбек демалысы басталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын еңбек демалысының кестесімен таныстырылуы тиіс.

Ұзарту, ауыстыру, бөлу және ақылы еңбек демалысынан шақырту қызметкердің рұқсатымен жүзеге асырылады.

Бұл жағдай қадағаланбаса немесе еңбек демалысының ақысы уақытында төленбеген жағдайда, қызметкер жұмыс берушіден оның ауыстырылуын талап етуге құқылы.

6.12. Бала күтіміне байланысты еңбек демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкер тарификациялық тізімге кіргізіледі.

6.13. Тараптар ұйым қызметкерлеріне мынадай жағдайларда қосымша ақысыз демалыс беруге келісті:


  • 1-қыркүйек күні кіші мектеп жасындағы балаларды мектепке апару үшін – 1 күнтізбелік күн;

  • бала туылғанда – 3 күнтізбелік күнге дейін;

  • қызметкерлердің балалары неке тіркегенде– 5 күнтізбелік күнге дейін;

  • қызметкер неке тіркегенде –5 күнтізбелік күнге дейін;

  • жақын туыстарын жерлегенде - 5 күнтізбелік күнге дейін.

Жақын туыстары қайтыс болған жағдайда (әкесі, анасы, ұлы, қызы, ағасы, апасы) тиісті құжаттар негізінде қызметкердің өтініші бойынша оған 3 күнге дейін жалақы сақталатын демалыс беріледі.

6.14. Үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі және еңебк заңнамасына сәйкес үстеме жұмыстың әрбір сағатына бір жарым мөлшерде өтемақы төленеді. Үстеме жұмыс тәулігіне 2 сағаттан, айына - 10 сағаттан, жылына – 120 сағаттан аспауға тиіс.



Үстеме жұмыстарға жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер, ҚР ЕК сәйкес қызметкерлердің басқа санаттары жіберілмейді. 

6.15. Қызметкерлер үшін ортақ демалыс күні жексенбі болып табылады.

6.16. Ұйымда қажеттілікке байланысты тәрбиешілер үшін осы ұжымдық шартпен анықталған мөлшерлерге сәйкес екі және одан да артық сағатты құрайтын үзілісімен бөліктерге бөлетін жұмыс күнінің режимі енгізілуі мүмкін. Ауысымның екі бөлігінің арасындағы үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Бөліктерге бөлінген жұмыс уақытының режимі тек бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп қана енгізілуі мүмкін. Жұмыс ауысымын бөліктерге бөлу жағдайында қызметкерге БЛА-тан 20% мөлшерінде өтемақы төленеді.

6.17. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті:

6.17.1. Жұмыс берушінің қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты мәселелері бойынша еңбек құқығының, келісімдердің, осы ұжымдық шарттың нормаларынан тұратын еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қадағалауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

6.18. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.

6.19. Оқу демалысына ақы төлеу оқу шартында айқындалады.

6.20.   Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.


VII. ЖАСТАР САЯСАТЫ
Ұжымдық шарттың тараптары келісті:

7.1. 35 жасқа дейінгі қызметкерлер жас педагог қызметкерлер болып саналады.

7.2. Кәсіподақ комитеті жас педагог қызметкерлерді жұмысқа орналасу кезінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына кірудің артықшылығы туралы ақпараттандыруға міндетті.

7.3. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге ұйымдағы жас педагог қызметкерлермен жұмыс бағдарламасын әзірлейді және оны қабылдайды.

7.4. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымымен бірге тәлімгерлік туралы ережені бекітеді. Барлық жас қызметкерлерге олардың жұмыстары басталған күннен бастап 10 күннен және 6 айдан кешіктірмей тәлімгерлер бекітеді.

7.5. Жұмыс беруші тәлімгерлік жұмысты қолда бар құралдармен ынталандырады.

7.6. Жұмыс беруші:

- жас педагог қызметкерлер арасында кәсіби шеберлік байқауларын өткізуге;

- бұқаралық дене шынықтыру-спорттық шаралары мен спартакиадалар ұйымдастыруға және өткізуге;

- жас педагог қызметкерлерді спортпен және өнерпаздықпен айналысудың қолжетімді, тегін болуын қамтамасыз етуге;

- белсенді, тиімді қоғамдық және кәсіптік жұмысты жүргізетін ұйымның жас кәсіподақ активін жүйелі ынталандыруды жүзеге асыруға міндетті.

7.7. Жұмыс беруші жас педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді.

7.8. Жұмыс беруші жас қызметкерлердің жыл сайынғы медициналық тексерулерден өткізілуін жүзеге асырып, ақысын төлейді.

7.9. Кәсіподақ комитетінің жастар комиссиясының өкілдері жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі өндірістік кеңес пен келісу комиссияларының жұмысына қатысады.

7.10. Бастауыш кәсіподақ ұйымы:

- жұмыс істейтін жастардың әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында жастар саясаты бойынша нормативтік құқықтық базаны белсенді пайдалануға;

- жас педагог қызметкерлерге заңнамамен белгіленген жеңілдіктер мен қосымша кепілдіктерді қадағалау үшін көмек көрсетуге;

- баспана жағдайларын жақсарту жөніндегі түрлі бағдарламаларға қосылу үшін құжаттарды ресімдеуде жас педагог қызметкерлерге уақытында ақпарат ұсынуға және көмектесуге міндетті.


VIII. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ
8.1. Кәсіподақ комитетінің, тиісті сайланбалы кәсіподақ органдарының құқықтары мен кепілдіктері ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жарғысымен анықталады және кәсіподақтар бірлестігінің, жұмыс берушілер бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Бас келісімді, салалық (тарифтік) келісімді, аймақтық салалық Келісімді, өзге келісімдерді, осы ұжымдық шартты ескеріп іске асырылады.

8.2. Тараптар:

8.2.1. Кез-келген қызметкерге қатысты оның кәсіподақтағы мүшелігіне немесе кәсіподақ қызметімен байланысты заңмен кепілденген әлеуметтік-еңбек және өзге де құқықтары мен еркіндігін шектеуге, мәжбүрлеуге, жұмыстан босатуға немесе ықпал етудің басқа да нысандарына жол берілмейді деп келісті.

8.3. Тараптар жұмыс беруші мен оның уәкілетті өкілдерінің:

8.3.1. Кәсіподақ ұйымының құқықтары мен кепілдіктерін қадағалауға, кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектемей және кәсіподақ ұйымын құру мен қалыптастыруға кедергі келтірмей оның қызметіне жәрдемдесуге;

8.3.2. Кәсіподақ комитетіне санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін, жылумен және жарықпен, сол сайланбалы кәсіподақ органының жұмысы және қызметкерлердің жиналыс өткізуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген қажетті үй-жайды, сондай-ақ оргтехниканы, байланыс құралдарын (соның ішінде компьютер жабдықтарын, электрондық пошта мен интернетті) және қажетті нормативтік құжаттарды беруге; бөлінген үй-жайды күзетуді және тазалауды қамтамасыз етуге, қолданыстағы көлік құралдарын тегін беруге және сайланбалы кәсіподақ органының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да жағдайлар жасауға;

8.3.3. Сайланбалы кәсіподақ органдарының өкілдеріне жарғылық міндеттерді және заңнамамен ұсынылған құқықтарды жүзеге асыру үшін кәсіподақ мүшелері жұмыс істейтін ұйымдарға баруға кедергі келтірмеуге;

8.3.4. Кәсіподақ органдарына еңбек жағдайы, жалақы, тұрғын үй-тұрмыстық қамтамасыз ету, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысы, қызметкерлердің тұратын жағдайлары және басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша сауалдарына ақпаратты, мәліметтер мен түсіндірулер беруге;

8.3.5. Кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлердің, сондай-ақ ұжымдық шарттың әрекеті таратылатын кәсіподақ мүшелері емес басқа да қызметкерлердің жазбаша өтініштері, мүшелік жарналары болған кезде, ұйымның есептік шотынан кәсіподақ ұйымының есептік шотына жалақының 1% мөлшерінде қаражатты ай сайын тегін аударуды қамтамасыз ету. Қаражаттарды аудару толық мөлшерде және жалақыны берумен қатар жүргізіледі.

8.3.6. Білім қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақ қызметі туралы қызметкерлерді кеңінен ақпараттандыру үшін салалық және жергілікті ақпараттық жүйені қолдануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесуге міндетті екеніне назар аударады.

8.4. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған және негізгі жұмыстан босатылмаған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды, соның ішінде:

8.4.1. Кәсіподақ органдарының құрамына кіретін қызметкерлер өздері мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, ал бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті төрағасы – жоғары кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз тәртіптік жазаға тартыла алмайды.

Аталған кәсіподақ қызметкерлері жұмыс берушінің бастамасы бойынша өздері мүше болып табылатын кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз, ал бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті төрағасы – жоғары кәсіподақ комитетінің алдын ала келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстырыла алмайды.

8.4.2. Жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығару, сондай-ақ кәсіподақ органының құрамына кіретін қызметкерлердің еңбек шарттарының маңызды жағдайларын (оқу жүктемесінің немесе басқа жұмыс көлемінің қызметкердің кінәсінен емес өзгеруіне байланысты еңбекақы мөлшерінің азаюы) өзгерту жұмыстан шығарудың жалпы тәртібінен басқа тек кәсіподақ органының алдын ала келісімімен, ал бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларын (олардың орынбасарларын) – жоғары кәсіподақ комитетінің келісімімен ғана жүргізіледі.

8.4.3. Сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі кәсіподақтың техникалық инспекторлары, кәсіподақ ұйымының өкілдері білім ұйымдарында жұмыс берушімен бірге құрылатын комиссияларда қызметкерлер ұжымының мүддесінде және қысқамерзімді кәсіподақ оқуы уақытында қоғамдық міндеттерді орындау үшін орташа жалақысын сақтай отырып негізгі жұмысынан босатылады.

Тараптар бұл ережені кәсіподақ комитетінің мүшелері болып табылатын қызметкерлерге– жылына 10 жұмыс күнінен кем түспейтін, сондай-ақ екіжақты комиссияның, ұжымдық шарттар жасау жөнінде ұжымдық келіссөздер жүргізу комиссиясының мүшелері болып табылатын қызметкерлерге –7 жұмыс күнінен кем түспейтін мерзімде таратуға келісті.

8.5. Білім ұйымдарындағы негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері съездердің, конференциялардың, пленумдардың, төралқалардың, жиналыстардың, семинарлардың жұмысына және Кәсіподақпен шақырылатын басқа шараларға қатысу уақытына, форумдардың жұмысына қатысу үшін қажетті уақытқа босатылады.

8.6. Тараптар кәсіподақ органдарының құрамына сайланған босатылған қызметкерлердің кепілдіктерін мойындайды:

8.6.1. Кәсіподақ органдарының сайланбалы лауазымдарына сайланған қызметкерлерге олардың сайлау өкілеттіктерінің мерзімі аяқталғаннан кейін бұрынғы жұмысы (лауазымы), ал ол болмаған жағдайда – қызметкердің келісімімен сол немесе басқа білім ұйымында басқа бірдей жұмыс (лауазым) беріледі.

8.6.2. Босатылған кәсіподақ қызметкерлері мен кәсіподақ органының штаттық қызметкерлерінің ұжымдық шартқа, барлық деңгейдегі Келісімдерге сәйкес білім ұйымдарында қолданыстағы әлеуметтік-еңбек құқықтары, кепілдіктері мен жеңілдіктері сақталады.

8.6.3. Сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы өкілеттік мерзімі аяқталғанда және аттестация нәтижесі бойынша (өкілеттікті орындау мерзімінде немесе ол аяқталғаннан кейін алты ай ішінде) берілген біліктілік санатының іс-әрекет мерзімі өткесін, қызметкерлерге олардың өтініштері бойынша аттестациядан өткенге дейін, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге біліктілік санатының мерзімі ұзартылады.

8.7. Кәсіподақ ұйымы төрағасының сайланбалы лауазымындағы және сайланбалы кәсіподақ органының құрамындағы жұмыс білім ұйымының қызметі үшін маңызды болып танылады және қызметкерлерді ынталандыру, оларды аттестаттау, басқарушы лауазымдарды ауыстыруға конкурстық іріктеу кезінде ескеріледі.

8.8. Кәсіподақ органының құрамына сайланған тұлғаларды жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға, ұйымның толық таратылуы немесе қызметкер заңмен жұмыстан шығаруды көздеген кінәлі әрекет жасаған жағдайды қоспағанда, сайлау өкілеттігі аяқталғаннан кейін екі жыл ішінде жол берілмейді. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісті кәсіподақ органының келісімімен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

8.9. Тараптар сайланбалы кәсіподақ қызметкерлеріне құрмет атақтарын беру және ведомстволық үздік белгісімен марапаттау туралы шешімді бірге қабылдай алады.

8.10 Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымдары мен олардың органдарының тәжірибелік қызметіне өз жарғылық міндеттерін жүзеге асыруды қиындататын жұмыс беруші өкілдерінің араласуына жол бермеу жөнінде қажетті шараларды қабылдайды.

8.11. Жұмыс беруші Кәсіподаққа еңбек заңнамасын орындауда қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға кедергі келтірмейді. Кәсіподақ өз мамандарының күшімен күнтізбелік жылда кемінде екі рет еңбек заңнамасын қадағалау жөнінде жоспарлық тексерулер жүргізуге құқылы. Аталған шектеу қызметкерлердің арыздары мен шағымдары бойынша тексерулерге, өзге де жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне таратылмайды.

Тексерулер нәтижелері бойынша Кәсіподақ пен оның құрылымдық бөлімшелері білім ұйымдарының басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде тиісті ұсыныстар жібереді.

8.12. Кәсіподақ комитетінің мүшелері білім ұйымының тарификациялау, педагог қызметкерлерді аттестаттау, жұмыс орындарын аттестаттау, еңбекті қорғау, әлеуметтік сақтандыру және т.б. комиссиялардың құрамына кіргізіледі.


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау