Созылмалы холециститтің клиникалық бейнесі. Ағымына байланысты үш клиникалық түрі болады: катаралдық (сілекейлі), флегманоздық (іріңді), гангреноздық (өлі еттену түрі).
Клиникасы. Оң жақ қабырға асты сыздап ауырып, жағымсыз (майлы, қуырылған, қақталған) тағамдарды қолданғанда.
Дене қызуы көтеріліп, ауырсыну оң жақ жауырынға, оң қолға, оң жақ бұғанаға әсер етеді.
Таңертең ащы дәм білінеді, науқас шамданғышты болады.
Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырға асты ауырсынады, бұлшық еттері жиырылған .
Оң жақ жауырынның асты, оң жақ қабырға асты және соның маңайындағы аймақтардың ауырсынуы басталады. Оны Захарьин – Гед ошақтары деп атайды.
Сырқаттың ұстамасында дене қызуы көтеріліп, өт аралас құсық болуы мүмкін.
Ортнер белгісі - Оң жақтағы он екі қабырғаның үстінен тықылдатқанда – ауырсыну сезімі білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |