- Әйтсе де тура және кері бағыттағы химиялық реакцияларды үздіксіз қозғалыстағы бөлшектер түрінде қарастыратын болсақ, оны термодинамикалық қайтымды процеске жақындатуға, ұқсатуға болады. Егер осы айтылған ой шартқа айналса, онда бұған термодинамиканьщ тепе-теңдік шартын қолданып, ондағы барынша пайдалы, тиімді жұмысты есептеуге болады және ол жұмысты Ат = — G ұқсастық өлшемі дейді.
- Системаны теңдік жағдайына жақындата түсетін қайтымды реакциялардың басым болатын бағыттарын изобаралық потенциалдың кемуімен немесе тиімді жұмыстың оң мәнді шамасымен анықтайды. Тұрақты температурада өздігінен жүретін тура не кері реакция кезінде пайда болатын тиімді жұмыс реагенттер мен реакция өнімдерінің концентрациясына, реакциядағы химиялық тепе-теңдікке тәуелді. Реагенттердің концентрациясы белгілі бол-ғандықтан, оған массалық әрекет заңын қолданып, тепе-теңдіктегі концентрацияны анықтаймыз, сөйтіп, реакция өнімінің шығымын табамыз. Осы негізде реагенттердің концентрациясын пайдаланып немесе әр түрлі температура мен қысымдағы белгілі тепе-теңдік шамасын, оның жағдайын есепке алып, барынша пайдалы жұмысты есептеу химиялық тепе-теңдікті термодинамика шешетін ең басты және маңызды мәселе.
Қайтымды химиялық реакциялардағы тепе-теңдік 1867 жылы Гульдберг пен Вааге ашқан массалық әрекет заңымен өрнектеледі. Егер реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары немесе олардың парциалды қысымдары аса жоғары болмаса, онда массалық әрекет заңынан берілген тұрақты жағдайдағы реакция өнімдерінің концентрациясы көбейтінділеріне (немесе парциалды қысымның) реагенттердің концентрацияларының (немесе парци-алды қысымның) олардың коэффициентіне дәрежеленген көбей-тінділеріне қатынасы тұрақты екені шығады. - Қайтымды химиялық реакциялардағы тепе-теңдік 1867 жылы Гульдберг пен Вааге ашқан массалық әрекет заңымен өрнектеледі. Егер реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары немесе олардың парциалды қысымдары аса жоғары болмаса, онда массалық әрекет заңынан берілген тұрақты жағдайдағы реакция өнімдерінің концентрациясы көбейтінділеріне (немесе парциалды қысымның) реагенттердің концентрацияларының (немесе парци-алды қысымның) олардың коэффициентіне дәрежеленген көбей-тінділеріне қатынасы тұрақты екені шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |