Химиялық талдаулар үшін тазартылған суды дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 170,34 Kb.
бет2/2
Дата25.12.2017
өлшемі170,34 Kb.
#6047
1   2

2-тарау. Жұмыс ерітінділерін дайындау
5. Салмақтық үлесі 5% марганец қышқылды калий ерітіндісі. 50 г марганец қышқылды калийді 70-80 °С дейін қыздырылған 950 см3 тазартылған суда ерітеді. Ерітіндіні суығаннан кейін сәйкес сыйымдылықтағы кішкене шыны сауытқа құяды. Ерітінді төзімді.

6. Құрамында салмақтық үлесі 2% күкірт қышқылы бар салмақтық үлесі 5% қымыздық қышқылы ерітіндісі. 70 г қымыздық қышқылын 980 см3 тазартылған суда ерітеді, ерігеннен кейін 12 см3 концентратталған күкірт қышқылын құяды. Ерітіндіні сәйкес сыйымдылықтағы кішкене шыны сауытқа құяды. Ерітінді төзімді.

7. Салмақтық үлесі 5% натрий гидрототығы ерітіндісі. 50 г натрий гидрототығын 950 см3 тазартылған суда ерітеді. Суығаннан кейін ерітіндіні сәйкес сыйымдылықтағы жақсылап қиылмалы тығыны бар кішкене шыны сауытқа құяды. Ерітінді төзімді.

8. Салмақтық үлесі 10% тұз қышқылы ерітіндісі. 760 см3 тазартылған суды 240 см3 концентратталған тұз қышқылымен араластырады. Қоспаны жақсылап қиылмалы тығыны бар кішкене шыны сауытқа құяды. Ерітінді төзімді.

9. Салмақтық үлесі 10 және 5% хлорлы натрий ерітінділері. Сәйкесінше 100 және 50 г құрғақ хлорлы натрийді 900 және 950 см3 тазартылған суда ерітеді. Ерітінді төзімді.

3-тарау. Сорбенттерді дайындау және сүзгілерді толтыру
10. Өлшенген бөлшектерді ұстап қалатын сорбент. 10-15 г ылғал жұтқыш мақтаны стақанға салады, оған салмақтық үлесі 5% (2.1 т. бойынша) 500-550 см3 марганец қышқылды калий ерітіндісін және 5-7 см3 концентратталған күкірт қышқылын құяды. Стақанның ішіндегіні жақсылап араластырып, оны 70-80 °С дейін қыздырады, бұл қызуды бір сағат көлемінде үздіксіз араластырып ұстайды. Кейін боялған сұйықтықты қотарады, ал өңделген көлемді тазартылған сумен немесе оны алмастыратын конденсатпен жуу сұйықтығы бояуы кеткенше дейін жуады. Жууды деконтациямен жүргізеді. Осыдан кейін стақанға 500-600 см3 қымыздық қышқылы ерітіндісін құяды (6-т. бойынша) және аппақ болуы тиіс көлемге араластырады. Мөлдірленген көлемді тазартылған сумен немесе конденсатпен жуу суының қышқыл реакциясы тоқтағанше дейін жуады (индикатор бойынша метил сарғылттығын тексеру). Осыдан кейін материалды 1 қондырғы сүзгісіне, онда қалыңдығы 3-5 см қабат түзе отырып, салады.

11. Органикалық қоспаларды жұтатын сорбент. БАУ таңбасындағы 300-400 см3 белсендірілген көмірді стақанға салады және салмақтық үлесі 10% 700-750 см3 тұз қышқылын құяды. Стақан ішіндегіні үздіксіз араластыра отырып, қайнауға дейін жеткізеді (сорып шығатын шкаф астынан) және кемінде бір сағат қайнатады. Кейін сорбентті, қышқылды құйып араластыру, тазартылған сумен немесе конденсатпен жуу суларының қышқыл реакциясы жоғалғанша дейін жуады (индикатор – метил сарғылт). Жуылған сорбентті дымқыл күйінде 2-қондырғы сүзгісіне салады: биіктігі 45-50 см қабат түзе отырып. Салуды тазартылған сумен немесе конденсатпен толтырылған сүзгіге толтыру шегі бойынша, артық суды төменгі сусіңгіш саңылауы арқылы қотара отырып жүргізеді. Салудың мұндай әдісі сорбент қабатында ауа көбігінің пайда болуынан сақтандырады.

12. Аралас әрекет ететін сүзгіге арналған сорбент. Өңделген және жуылған көлемі бірдей катионит пен анионитті стақанда араластырады, ыңғайлы араласуы үшін 200-300 см3 тазартылған су немесе конденсат құяды. Араласқан көлемді 3-қондырғы сүзгісіне қалыңдығы 45-55 см қабат түзе отырып салады. Сүзгіні жүктеу тәсілі 11-т. бойынша.

13. Аралас әрекет ететін сүзгілер орнына катионит және анионит сүзгілер үшін сорбенттерді дайындау.

14. Катионит сүзгіге арналған сорбент. 300-400 см3 КУ-2 катионитті стақанға төгеді, оған салмақтық үлесі 10 % 500-700 см3 тұз қышқылын құяды, стақанның ішіндегіні 60-70 °С температураға дейін қыздырады және, үздіксіз араластыра отырып, осындай температурада 2-3 сағат сорып шығатын шкаф астында ұстайды. Кейін қышқылды төгеді және сорбентті тазартылған сумен немесе конденсатпен жуу суларының әлсіз қышқылды реакциясына дейін жуады (метил сарғылттың сарғылт түсі). Жуылған катионитті 11-т. сәйкес сүзгіге салады. Катионит қабатының қалыңдығы 45-55 см болуы тиіс. Сүзгіге салынған катионит арқылы 5-6 м/с жылдамдықпен салмақтық үлесі 10%, 50-60 °С дейін қыздырылған тұз қышқылының үш еселік көлемін жібереді, кейін сорбентті тазартылған сумен немесе конденсатпен 10-15 м/с жылдамдықпен метил сарғылт бойынша сумен жуумен бейтарап реакцияға дейін жуады. Операцияны қайталайды, осыдан кейін катионит суды тазалау сызбасында пайдалануға жарамды болады.

15. Анионит сүзгіге арналған сорбент. 300-400 см3 AB-17 құрғақ анионитті салмақтық үлесі 10% (9-т.) хлорлы натрий ерітіндісі бар стақанға салып қояды және толық бөрткенше бір тәулікке қалдырады. Кейін 11-т. ұқсас 45-55 см қалыңдық түзе отырып анионитті сүзгіге салады және ол арқылы алдымен салмақтық үлесі 10%, 40-45 °С дейін қыздырылған 500 см хлорлы натрий ерітіндісін, кейін салмақтық үлесі 5% (9-т.), 40-45 °С дейін қыздырылған 500 см3 хлорлы натрий ерітіндісін өткізеді, тазартылған сумен жуады, кейін катионит сүзгі арқылы өткізілген сол сумен жуады. Жууды хлор-иондар концентрациясын 5-10 мг/дм3 дейін (азот қышқылды күміске сынама) төмендетуге дейін жүргізеді. Анионитті соңғы рет жууды 1 дм3 сілтілі ерітіндіні 5-6 м/с жылдамдықпен сүзгі арқылы өткізе отырып салмақтық үлесі 5 % натрий гидрототығы ерітіндісімен, кейін 10-15 м/с жылдамдықпен катиониттелген сумен (тазартылған немесе конденсатпен) фенолфталеин бойынша жуу суларының бейтарап реакциясына дейін жүргізеді.

16. Катионит және анионит сүзгілерді қондырғыға кезектілікпен жалғайды, 2 сүзгіден кейін олармен аралас әрекет ететін сүзгіні алмастыра отырып.

4-тарау. Қондырғыны пайдалану
17. Егер де талдамалы мақсаттар үшін тазартылған суда органикалық қоспалардың болуын елемесе, көбіне шамалы концентрациялардағы конденсаттарда болатын, онда 2-сүзгіні ажыратады.

18. Өңделген катионит пен анионит олар таусылғаннан кейін регенерациялауға жол беріледі. Аралас әрекет ететін сүзгі сорбенті регенерациялауға жатпайды және толықтай ауыстыруға жатады.

19. Сүзгіден өткізу жағдайларына қойылатын талаптар:


Сүзгіден өткізу жылдамдығы


- 10,8-12 дм3/ с (180-200 см3/ мин)



Тазартылатын су температурасы


- 20-25 °С


Судың әр сүзгі сорбентімен байланысы ұзақтығы


- 12-15 с

20. Сүзгіден өткізу жылдамдығы секундомер көмегімен өлшеуіш цилиндрмен анықталады. Температураның жоғарылауы иониттердің бұзылуын күшейтеді және тазалау сапасын нашарлатады.

21. Тазартылған су, егер де оның электр өткізгіштігі 1-кестеде келтірілген мәннен 0,01 мкСм/см-ға жоғары болса, жарамды болып есептеледі.

1-кесте



Температура, °С

Электр өткізгіштігі, мкСм/см

15

0,0310

18

0,0367

20

0,0417

25

0,0550

30

0,0715

40

0,1147

50

0,1758

22. Тазартылған судың электр өткізгіштігі кондуктометрмен анықталады.

Тазалау тиімділігін тексеру кезеңділігі – онкүндікте 1 рет.

Электр өткізгіштіктің жоғарылауының белгілі бір мәндері кезінде тазартылған суда натрийдің және хлор-ионның құрамы 2-кестеде берілген.

23. 21-т. белгіленген көрсеткіштерді сақтау кезінде тазартылған су температурасын және сүзгіден өткізу жылдамдығын эксперименталды белгілеуге жол беріледі.

2-кесте



Электр өткізгіштіктің жоғарылау өлшемі

Натрий концентрациясы, мкг/дм3

Хлор-ион концентрациясы, мкг/дм3

0,001


0,18


0,28


0,002


0,36


0,56


0,0055


1,00


1,55


0,010


1,82


2,83


0,020


3,64


5,64


0,030


5,45


8,45


0,050


9,09


14,09


0,100


18,18


28,28




5-тарау. Тазартылған суды сақтау
24. Тазартылған суды тығыз бұрап кигізілетін қақпағы бар полиэтилен ыдыста сақтау қажет. Сақтау мерзімі – 5 тәуліктен аспайды.

__________________



Мазмұны


Тарау, параграф

Химиялық талдаулар үшін тазартылған суды дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

Бет

1-тарау.

Аппаратура, материалдар мен реактивтер




2-тарау.

Жұмыс ерітінділерін дайындау




3-тарау.

Сорбенттерді дайындау және сүзгілерді толтыру




4-тарау.

Қондырғыны пайдалану




5-тарау.

Тазартылған суды сақтау







Мазмұны






_________________
жүктеу 170,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау