Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Кальций элементінің таңбасын көрсетіңіз.
A) К
B) Mg
C) C
D) Ca [1]
2. Бейметалдар қатарын көрсетіңіз.
A) К , Mg, C, Ca
B) C , H, Cl, N
C) C, H, K, Ca
D) Li, Ca, K, Mg [1]
3. Металға бір мысал келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________ [1]
4. Жай және күрделі заттарды көрсетіңіз.
Жай зат:_______________________
Күрделі зат:____________________
[3]
5
. Суретте қалпақ астында майшамның жануы көрсетілген.
(a) Май шамның сөну себебін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Су деңгейінің көтерілу себебін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________[1]
6. (a) Ядро құрамында 5 протон бар. Электрон санын анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(b) Реттік нөмірі 9 элементтің ядро құрамындағы элементар бөлшектерді атаңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]
7. Суретте әр түрлі жағдайдағы заттардың жануы көрсетілген.
1. 2.
Таза оттегіндегі жануды көрсетіңіз. _________________________________________[1]
Заттың таза оттегінде жақсы жану себебін түсіндіріңіз.
___________________________________________________________________________ [1]
8. (a) Фосфорды жаққан кезде түзілген оксидке су қосып үстіне көк лакмус (индикатор) тамызатын болсақ, көк лакмустың түсі қызылға өзгереді. Түстің өзгеруі қышқыл түзілгендігін білдіреді. Фосфор оксидінің табиғатын сипаттаңыз. ___________________________________________________________________________[1]
(b) Тұрмыста сөндірілмеген әк деп аталтын затты жиі қолданады. Бұл заттың химиялық атауы кальций оксиді.Сөндірілмеген әкке су қосып сөндіреді сол кезде әк суы деп аталатын қосылыс алынады. Әк суына фенолфталейн ерітіндісінен тамызатын болсақ онда ол таңқурай түске боялады.Бұл құбылыс әк суының ортасы сілтілік (негіздік) екендігін білдіреді. Сөндірілмеген әк қандай оксидтер тобына жатады? _________________________________________________________________________ [1]
9. Қазіргі күні автокөліткердің іштен жанатын қозғалтқыштарында отын ретінді көмірсутекті қосылыстарды (бензин, керосин т.б.) қолданады.
(а) Отын жанған кезде ауаға бөлінетін газдарды жазыңыз.
(і) Толық жану кезінде: _____________________________________________________________________________[1]
(іі) Шала жану кезінде: _____________________________________________________________________________[1]
(b) Толық жану барысында түзілетін газдардың зиянды әсерін сипаттаңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(c) Зиянды газдардың ауаға бөлінбеу жолын ұсыныңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
(d) Зиянды газдардан қорғау үшін жүргізілетін шараларды жазыңыз.
_____________________________________________________________________________[1]
Достарыңызбен бөлісу: