ZnSO4 + 2NaOH = Zn(OH)2 + Na2SO4 ZnCl2 + 2KOH = Zn(OH)2 + 2KCl Zn(NO3)2 + 2NaOH = Zn(OH)2 + NaNO3 Мырыш тұздарына аммиакпен әсер еткенде, мырыштың кешенді қосылыстары түзіледі: ZnSO4 + 4NH3 = [Zn(NH3)4]SO4 10. ІІ В –топ элементтері. Мырыш топшасы. 177 беттегі 3-есеп Берілгені: сынапты қандай табиғи қосылыстарынан алады? Сынапты қазіргі кезде белгілі 35 минералының ішіндегі өндіріс үшін маңызды табиғи қосылысы – киноварьдан (HgS) алады. 1. Грек дәрігері Диоскорид киноварьды темір ыдыста қыздырып алған, оның ақ буын “сұйық күміс” деп атаған: HgS + Fe = Hg + FeS 2. Сынапты HgS-ті күйдіру арқылы да алуға болады: HgS = Hg + S 3. Киноварьды Na2S-те ерітіп, ерітіндіде түзілген Na2[HgS2]-ге Al-мен сілті ерітіндісі қатысында әсер етіп алады: HgS + Na2S = Na2[HgS2] Na2[HgS2] + 2 Al + 8 NaOH + 4 H2O = 3 Hg + 2 Na[Al(OH)4(H2O)2] + 6 Na2S 4. Киноварьды ауа ағынында 700–800 ° C-та қыздыру арқылы да сынап алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |