ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
пікірлерін, В. Г. Белинскийдің ғы-
лыми мұрасы туралы біржақты көзқа-
расын маркстік-лениндік әдіснама
көп ұзамай қатты сынап, «Плеханов
ортодоксиясы үшін» ұраны заман та-
лабынан шығып қалды. Алайда осы
ұранға сай жазылған мақалалардағы
әдеби-теориялық ой-пікірдің ізде-
нісін түбегейлі қате деп табу дұрыс
емес. Заман талабына сай үстемдік
құруға қолдан келгеннің бәрін жа-
сап жатқан маркстік-лениндік әдіс-
наманың қағида-қисындарына икем-
делу жолындағы ұмтылыстары бо-
латын. Өйткені, бұқарашыл ақын-
жазушылар «ұлтшыл және тап жауы»
ретінде жойылғаннан кейін ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікірді дамы-
тушы төңкерісшілер ғана болды да,
алға ұстар жалғыз-ақ бағыт қалды.
Ол маркстік-лениндік әдіснама еді.
Мәдениет пен өнер әдебиет пен
ғылым партиялық басшылықтың,
кеңестік идеология мен тап сая-
сатының құрсауына түскен кезде
басқа барар жол да қалмағанды және
ол төңкерісшілдердің тапшылдық
көз қарасына сайма-сай келді. Бұл
белгілі бағытта ізденістер сипатын
танытқанымен, 1930 жылдардың бас
кезіндегі сыншылдық және әдеби-
теориялық ой-пікірдің тұрпайы со-
циологизм ықпалында қалуына ба-
сты себеп болды да, қазақ әдебиетін
теориялық тұрғыда зерттеудің негіз-
гі мәселелері назардан тыс қалды.
Тұрпайы социологизм ықпалындағы
солақай сыншылдыққа сол кездегі
өлкелік партия комитетінің саяси
басшылығының да әсері аз болма-
ды. Негізінен тұрпайы социоло-
гизм
маркстік-лениндік
ілімнің
туын көтеріп шыққан теория еді.
Бірақ кемшілігі тапшылдықты тым
дөрекілендіріп жіберді. Мысалы,
тұрпайы социологизмнің 1930 жыл -
дардың басында өріс алуына Ста -
линнің «Большевизм тарихы ның
кейбір мәселелері туралы» атты
хаты қатерлі роль атқарды. Бұл хат
бойынша өлкелік партия комитеті
мен марксизм-ленинизм инсти-
ту тының «Сталин жолдастың ха-
тына байланысты Қазақстандағы
күрес міндеттері туралы» қаулысы
жа рияланды. Онда «әлі де болса
алашордашылардың ықпалынан шы-
ға алмай келе жатқан қазақ әдебиеті
мен сынының мәселелеріне ерек-
ше назар аударылуы қажеттігі» атап
көрсетілді. «Осы қаулыда C. Сей-
фуллиннің шығармашылығында ес-
кі феодалдық рушыл қоғам дәріп-
теледі, Ғ. Тоғжановтың әдебиет
жай лы еңбектерінде маркстік емес,
Пле хановтың ықпалына түсіп, со-
рақы қателіктер жіберілді деп атап
көрсетті». Бұл қаулыға орай әде-
биет майданында «ұлтшыл-алаш-
ордашыларды» әшкерелеу науқаны
қайта жанданып, енді олардың
ықпалын төңкерісшіл ақын-жазу-
шылардың шығармаларынан із-
деу өріс алды, байшылдықтың,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
246
Достарыңызбен бөлісу: |