І БӨЛІМ.
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
қандай жағдайда орындалатынын,
жыршылар мен орындаушылардың
екі типті екенін және олардың фоль-
клор лық шығармаға өз әсері болаты-
нын қысқаша болса да тиянақ ты
айтып берген». Бұл мақала ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікірдің жаңа
ұғымдарды меңгере отырып, көркем
шығарманы құрылысына және об-
раздар жүйесіне қарай талдауда ал-
ғашқы қадамның жасалғанын дә-
лелдейді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында
ұлттық әдебиет тарихын зерттеуді
жеке дарын шығармашылығын ғұ-
мыр намалық бағытта сөз етуден бас-
таған әдеби-тарихи ой-пікірдің бір
жүйеге түсіп нақтылана бастағанын
көрсететін зерттеу ретінде Кәкітай
Ысқақовтың 1909 жылы Петербург
қаласында бастырған «Қазақ ақы-
ны
Ибраһим
Құнанбайұлының
өлең дері» жинағына жазған «Абай
(Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі»
атты мақаласы саналып жүр. Рас,
бұдан бұрын алғашқы қазақ газет-
тері мен Мүрсейіт қолжазбалары
арқылы халық арасына тарап жүрген
Абайдың ақындық даңқының одан
сайын көтеріле түсуіне жинақ пен
мақаланың маңызы зор болды. Ол
біріншіден, Абайдың өмірбаяны,
ата-тегі, әлеуметтік ортасы туралы
біршама толық мағлұмат берсе, екін-
шіден, ұлы ақын поэзиясының сын-
шыл реалистік бағыттағы ағар ту-
шылық және жаңашылдық сипаты-
мен таныстыра отырып, ХХ ғасыр
ба сындағы қазақ поэзиясының жас
өкілдеріне Абай өнерін үлгі етті.
К. Ысқақов жазған деп саналатын
осы ғұмырнамалық мақала Абай
мұрасын зерттеушілер тарапынан өз
бағасын алды. Ғ. Сағди, Б. Күлеев,
Ә.
Қоңыратбаев,
М.
Әуезов,
С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Т. Кә-
кішев, М. Мырзахметов т.б. зерттеу
мақалалары мен ғылыми еңбекте-
рін де қазақ әдебиеттану ғылымында
Абайтану ілімінің алғашқы бастауы
саналып, К. Ысқақов ұлы ақын
өлең дерінің жинағының тұңғыш құ-
растырушысы ғана емес, ең бірінші
болып ғылыми пікір айтушы ретінде
де қарастырылған. «Абайдың ғылыми
өмірбаянын жазуда М. Әуезов сүйе-
нер жазба дерегі тек қана К. Ысқақов
жазған Абайдың қысқаша өмір-
баяны жайлы дерек қана болатын-
ды» деп атап айтылғандай, кейіннен
М. Әуезовтің Абай ғұмырнамасын
ғылыми тұрғыда зерттеуіне табан
тірер негізгі нұсқа болуының өзі ма-
қаланың ғылыми-зерттеушілік сипа-
тын ашып тұр деп бағаланды.
Тарихи шындыққа көз жіберсек,
К. Ысқақовтың ұлы ақын мұрасын
ғылыми тұрғыда зерттеуде жазған
бұл мақаласының орысша нұсқасы
сәл ертерек жарық көрді. Мақала
Ә. Бөкейхановтың авторлығымен
1905 жылы «Семипалатинский лис-
ток» газетіне жарияланғанда «Абай
Құнанбаев» (некролог) деген және
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|