І БӨЛІМ.
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
тағы мақалаға байланысты кеңірек
сөз етіп көрелік.
Біздің ойымызша, Әлихан Абай-
мен көзі тірісінде кездескен және
пікірлес болған. Оған екі түрлі дә-
леліміз бар. Бірінші. Әлихан 1894
жылдан бастап Орыстың импера-
торлық география қоғамының Ба-
тыс Сібір бөлімінің жұмыстарына
белсене араласып, 1896 жылы то-
лық мүшелігіне қабылданып, 1901
жы лы оның басқару комитетіне сай-
ланады. Осы қоғамның Семей бөлім-
шесін ашуға ат салысып, оның ста-
тистика комитетінде Г. Потанин,
П.
П.
Семенов-Тянь-Шанский,
Е. П. Михаэлис және А. Құнанбаев-
пен бірге мүше болады. Қазақтың
екі данасының бұл комитет атқарған
жұмыстар барысында таныс болмауы
мүмкін емес. Комитет құрамында
Е. П. Михаэлистің болуы да көп
жайды аңғартады. Е. П. Михаэлис
қайтыс болғанда «Қазақ» газетіне
(1914, 1944) жазған «Офат» деп ата-
латын азасөзінде Абайдың «Өлсем
орным қара жер сыз болмай ма» деген
өлеңін келтіріп, осы өлең жолдары-
мен аяқтауы жақсы сыйлас адамдар
болғанын байқатады. Осы азасө здегі
«Қазақтың жалғыз ақыны Абай ды
тура жолға салған осы Михаэлис
еді. Абай өле өлгенше «менің кө-
зімді ашқан, маған жанашырлық
қыл ған Михаэлис еді» деп айтып
оты рушы еді», – делінген пікір де
көп жайды аңғартады [14]. Батыс
Сібірлік Географиялық қоғамның
Се мей бөлімшесінің «Запискиінің»
1914 жылы Е. Михаэлиске арналған
VІІІ шығуында «Қазақ халқы да Ми-
хаэлисті жоқтайды» деп Әлихан ның
осы азасөзін атап өткен.
Екінші. Көкшетау мешітінің има-
мы атақты Науан хазірет (Нау рыз-
бай Таласов) пен осы мешіт жанын-
дағы интернат мұғалімі Шаймерден
Қосшығұловтың Ресейдің отар шыл-
дық саясатына, діни мекемелерді,
мектептерді, мешіттерді жауып, дін
иелерінің мұсылман дінінің шариғат
жолымен қызмет жасауына тиым
сала бастаған жаңа тәртібіне қарсы
күрес ұйымдастыру мақсатында жер-
жердегі ел сыйлайтын адамдармен
байланыс жасады. Бізге Ш. Қосшы-
ғұловтың Абайға жазған екі хаты
белгілі. Алғашқысы – ақынның ба-
ласы Турағұлға беріп, ол «шылым
орау» үшін болыс Р. Құдайбердинге
беріп, тініткен кезде соның қалта-
сынан шыққан хат. Екіншісі – Абай
Семейдің уезд бастығы Навроцкий-
дің қатысуымен Арқат почта бө-
лімінен алып берген хат. Абай үйін
тініту – 1903 жылы болған оқиға.
Науан Хазірет пен Ш. Қосшығұлов
бастаған адамдардың қазақтарды
орыстандыру, шоқындыру саясатына
қарсы іс-әрекеті ертерек басталған
болуы керек. Абайға жазылған екін-
ші хатта Ш. Қосшығұлов Се мей-
де гі жәрмеңкеде болатын кездесу
мен Жетісу жеріндегі кеңес туралы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
|