ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
табу бағытындағы нигилизмге ұшы-
рады. «Тұрпайы социологизм» тео-
риясындағы көзқарастан мектеп-
терге арналған оқу құралдары мен
бағдарламалар да сау қалған жоқ.
«Ұлтшылдық
бұрмалаушылықта»
деп табылған оқу құралдары пай-
даланудан алынып тасталды. Қазақ
әдебиетінен мектеп пен жоғары оқу
орындарындағы оқу бағдарлама лары
қаулы-қарарлар талап еткен маркс тік-
лениндік әдіснамаға сай қайта жа-
зылды. Олардың ал ғашқы жобалары
Қ. Тұрғанбаев пен М. Сармурзинаның
«Қазақ
әде биетінің
программа-
сындағы өрескел қателіктер тура-
лы» деген мақаласында сыналып
та үлгерді. Ұзақ талқылаудан және
идеология саласындағы «қырағы
көздердің» сынынан өткен 5-7
кластардағы әдебиеттік оқу үшін,
VІІІ-ІХ кластарға әдебиеттің тари-
хи курсын жүргізу үшін орта мек-
теп бағдарламалары жарық көрді
(1951). Олардың негізінде «Қазақ
әдебиетінің тарихы» деген атпен
фольклорға арналған І томының
проспектісі, «Қазақ ССР-нің ерте за-
маннан Ұлы Октябрь социалистік
революциясына дейінгі тарихының»
проспектілері басылып шықты. Бұ-
лар ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
алдына маркстік-лениндік әдіс-
нама қағидаларының талаптары-
нан шығармайтын жолбасшылық
мақ сат-міндеттерді белгілеп берді.
Орта мектептің VІІІ, ІХ кластары-
на арналған «Қазақ әдебиеті» оқу
құралдары түзетіліп төртінші рет
басылды (Редакциясын басқарған
М. Ғабдуллин). ІХ класс үшін
Ә. Шәріповтің әдебиет хрестома-
тиясы шықты. Қатты өзгерістерге
ұшырағандықтан,
қарастырылған
фольклорлық үлгілер мен ақын-
жазушылар шығармалары қоғам
заң дылықтарымен, тап күресімен
ты ғыз байланыстылықта алынғаны
айтпаса да түсінікті. Ғалым Қ. Жұ-
малиев айтқандай, «1950-1951 жыл-
дардан бас тап әдебиет оқу құрал-
дарында, жеке мақалаларда өткен
ғасырлардағы әдебиет тарихын жоқ-
қа шығаратын теріс көзқарастар пай-
да болды» [1, 93].
Біздің жоғарыда Абай мұрасын
зерттеудегі қателіктерді әшкерелеуден
бері қарай ұзақ-сонар сөз етіп келген
«тұрпайы социологизм» теориясы-
ның бұрмалаушылықтарының бар-
лығы бір ғана 1951 жылы жүзеге
асқанын ескеретін болсақ, ұлттық
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
бас сауғалауға көшкенін, үн-түнсіз
қа луға мәжбүр болғанын түсінуге
болады. Осы жылдың соңына қарай
«ұлтшыл-буржуазияшылдарды»
әшкерелеу науқаны қазақ әдебиет та-
ну ғылымының даму жолында еңбек
еткен Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин,
Қ. Мұқаметханов, Қ. Жұмалиевтер-
дің ұсталып, социалистік қоғамға жат
элементтер ретінде әдеби ортадан
аластатылып, 25 жылға сотталуы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
313
Достарыңызбен бөлісу: |