Көңіл көтеру
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шектен
аспау шартымен көңіл көтеруге де рұқсат беретін.
айша анамызбен бас қосқан күні салтанатсыз түрде
кіргенін көргенде оған:
–
Айша, сән-салтанат қайда? Көңіл көтеру
ансарларға да ұнаушы еді ғой
200
, – деді.
мұны айтып қана қоймай, өзі де соған сай әрекет
жасайтын. Пайғамбарымызбен болған осындай оқиға
туралы айтқанда, анамыз былай деді:
–
Алла елшісінің мені шапанымен қалқалап
отырғаны есімде, сол күні хабаштықтар келіп,
мешітте думан жасады. Мен сол күні шаршағанша
соларды тамашаладым
201
.
199
Бұхари, никах 82 (4893); мүслим, фадаилус сахаба 92 (2448); Таба-
рани, әл-мұғжамул кәбир 23\164, 166, 167 (265, 266, 267)
200
Бұхари, никах 63 (4868). Басқа бір риуаятта аталмыш некенің ан-
сардан біріне тән екені және анамыздың жанынан оны көргенде,
пайғамбарымыздың осылай деп айтқаны туралы дерек бар. Қараңыз:
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\269 (26356); Табарани, әл-мұғжамул
әбсат 5\351 (5527); Ибн Хиббан, сахих, 3\185 (5875); Хәйсәми,
мәуаридуз заман 1\493 (2016)
201
Бұхари, ядәйн 2 (907); мүслим, салатул иәдәйн 17 (892); Ибн мажә,
никах 21 (1900)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
131
Бір мейрам күні қылыш-қалқандарын асынып бір
топ кісі келді де, халықтың көңілін көтерді. мерекеге
ерекше сән кіріп, ел жиналып, оларды тамашалады.
Қызықтау үшін айша анамыз да сол жерге барды.
алайда, жұрттың артында болғандықтан, ештеңе көре
алмады. Қасындағы сүйікті жарына көргісі келетінін
білдірді. сонда пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм):
– шынымен де көргің келіп тұр ма? – деп сұрады.
айша анамыз:
– Иә, – деді. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) айша анамызды арқасына мінгізіп:
– Қане, көрейін сендерді, Бәни Әрфида, – деді.
алла елшісінің арқасында тұрып біраз уақыт
ойынды тамашалаған соң:
– Тамашалап болдың ба? – деп сұрады. айша да
шаршапты. – Иә, – деді. сонда пайғамбарымыз:
– Ендеше, үйге қайт!
202
– деді.
ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) ойын-сауықта шектен шығу байқалса,
дереу іске араласып, заңды көңіл көтерудің шеңберін
айқындап беретін.
Бір күні аспапта ойнайтын әйел келді. Бұл кісінің
шеберлігін тамашалағысы келген айша анамызға
қарап:
– айша! Бұл кісіні танисың ба? – деп сұрады.
Ол:
– Жоқ, – деп жауап берді. сонда пайғамбарымыз:
202
Қараңыз: Бұхари, ядәйн 2, 3,25; Жиһад 81; мәнәқиб 15; фәдаилул
асхаб 46; никах 82, 114; мүслим, ядәйн 18 (892); нәсәи, ядәйн 35
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
132
– Бұл пәлен қауымның әуен тартатын әйелі, – деді
де:
– сен үшін тартып бергенін қалайсың ба? – деп
тағы сұрады.
– Иә, – деді анамыз.
Қолына аспабын алған әйел ортаға шығып,
өнерін көрсете бастады. Бірақ расулалланың жүзінен
жақтырмағаны байқалды. айша анамыз бұрын да
осындай жағдай болып, билеген екі қыздың әрекетін
пайғамбарымыздың жақтырмағанын көрген. Біреу
көңіл көтерудің шеңберінен шыққан кезде ескер-
ту жасайтын. Бүгін де сондай жағдай орын алған
еді, ән ырғағы мен әйелдің көрсеткен қимыл-
қозғалысы мүминге жараспайтындай сипатта еді.
Пайғамбарымыз анамызға қарап, ұнатпау себебін
білдіретіндей түрде:
–
Мына әйелдің дауысына шайтан араласыпты,
– деді
203
.
Жарысу
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасындағы адамдардың ниетін жақсы түсініп,
солармен үйлесім сақтауға тырысатын. Осы
қарапайымдылықты үмбетіне де насихаттап:
– араларыңдағы ең әлсіз адамдардың жүрісіне
сай жүріңдер
204
, – дейтін. Бұған қоса, өзі тепе-теңдікті
жақсы ұстанатын. Қай жерде қалай әрекет жасауды
203
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 3\449 (15758); Табарани, әл-мұғжамул
кәбир 7\158 (6686)
204
ажлуни, Кәшфул хафа 2\503
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
133
жақсы білетін және сол ортаға сай бола білетін. Өте
маңызды міндетті арқалап, аса жауапкершілікпен
атқарса да, отбасында қарапайым отағасы бола білді.
Қандай да бір мәселе туындай қалса, оп-оңай шешіп,
істі жеңілдетуге тырысатын.
Бір күні жеребе тағы да анамызға түсіп, әскермен
бірге жаңа жорыққа шығатын болды. Бір жерге келген
кезде расулалла әскеріне:
– сендер жүре беріңдер, – деді. Өзі анамызбен
артта қалды да, оған:
– Қане, екеуміз жарысайық, – деді.
Ол кездерде айша анамыз өте арық еді әрі шапшаң
қимылдайтын. Екеуі қатар тұрып жүгірген кезде ә де-
геннен озып кетті.
арадан біраз жыл өтіп анамыз бәрі тағы бір
сапарға шықты. ал, пайғамбарымыз кезінде екеуінің
жарысқанын ұмытпапты. айналасындағыларға:
– сендер жүре беріңдер, – деді де, анамызға:
– Қане, тағы жарысайық, – деді. айша анамыз
бұрынғы жарысты ұмытып кеткен екен, есіне түсірген
бойда қуана келісті. Бірақ бұл жолы күйеуі озып
кетті. Өйткені, арада өткен бұл уақыт ішінде анамыз
біраз ет алып, салмақ қосқан болатын. Осы жағдайды
көрген пайғамбарымыз жұбайына қарап, күлімсіреп:
–
Міне, бұл баяғы жарыстағы жеңілісімнің
қайтарымы
205
, – деді.
205
Әбу Дәуіт, Жиһад 68 (2578); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\39 (24164);
Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\47; Байһақи, сүнән 10\17, 18
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
134
Достарыңызбен бөлісу: |