Хазірет айша


Рашит Хайламаз, PhD докторы



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет3/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Айша

Рашит Хайламаз, PhD докторы
Сәуір 2009, Стамбул.


11
МҮМИнДЕРДІҢ аБзаЛ 
анаЛаРыныҢ БІРІ − ХазІРЕТ аЙШа
 
Шыққан тегі
айша анамыз (р.анһа) алла елшісіне (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) пайғамбарлық берілерден шама-
мен төрт не бес жыл бұрын дүниеге келген
1
. Әкесі 
– кейіннен Әбу Бәкір болып жүректерден орын 
алатын абдулла ибн Осман
2
, ал анасы – Үммү румән 
деген атпен танылған Зейнеп бинт амир еді. Әкесі 
құрайыштың Тәйм руынан, ал анасы сол қауымның 
Кинана руына жатады. Әкесі жағынан алтыншы ата-
лары мүрра ибн Қабта, анасы жағының он бірінші 
атасы болып келетін Кинанада бірігеді. сол себептен 
алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі 
жақтан туыс болып келеді. 
1
Бұл айша анамыздың жасына қатысты дәлелдердің барлығын негізге 
ала отырып берілді. Оның туылған мерзімі және пайғамбарымызбен 
тұрмыс құрған кезінде қанша жасында болғаны туралы осы еңбектің 
соңында «айша анамыздың үйленген кездегі жасы» деген тақырыпта 
кең мәлімет беріледі. Түбегейлі мәлімет үшін тиісті бөлімге қарауға 
болады.
2
Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) жаһилия кезеңіндегі аты абдулқа

ба 
еді. мұсылман болғаннан кейін алла расулы оны абдуллаһ деп 
өзгерткен. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
12
мұндай шежіре саусақпен санарлықтай үлгілі 
отбасыларға ғана тән еді. Көпшілік тура жолдан 
тайып, адамдықтан адасқан кездерде де әкесі хазірет 
Әбу Бәкір (р.а.) надандық дәуірдің ластығына 
былғанбаған, аузына ішімдікті татып алмаған, 
нашар істерге аяқ баспаған ізгі адамдардың бірі бо-
латын. Әрқашан ар-намысын ту етіп, табиғатындағы 
ер адамға тән мінезінен танбайтын. Исламды 
қабылдағаннан кейін де осындай ізгі қасиеттері 
арқылы жұрт қызығатын биік шыңға дейін көтерілді. 
Бәлкім, алла тағала Ислам сынды ұлы аманатты 
болашаққа жеткізетіндердің ең алдыңғы қатарынан 
орын алатын хазірет Әбу Бәкірді алғашқы күндерінен 
бастап-ақ айрықша қорғауға алып, оның беделі мен 
абыройын сақтаған болар. 
Ол исламға дейін де ел ішінде құрметке ие еді. 
Әсіресе құн, қан даулары, қарыз, мұрагерлікке 
қатысты үкімдерді шешуде меккеліктер онымен 
ақылдаспай шешім қабылдамайтын. Әбу Бәкір шешім 
шығармайынша, өзгелер өз бетінше тырп етпейтін. 
Ол шежіре іліміне де жүйріктік танытты. 
Исламды қабылдағаннан кейін хазірет Әбу 
Бәкірді меккеден тыс аймақтар да таныды. Енді ол 
адалдықтың үлгісіне, алла елшісінің ең жақын жолда-
сына айналып, ешкім түсіне алмаған құпия сырларға 
қанықты. расулалла оған тозақтан құтылған адам 
деген мағынада «

әтиқ» деген лақап ат қойды. 
Үммү румән лақабымен танылған анасы Зейнеп 
бинт амир де алла елшісіне алғаш болып серт 
бергендердің бірі. Тарих бетіне алғашқы мұсылмандар 
қатарында жазылды. меккенің ең қиын күндерін 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
13
күйеуі хазірет Әбу Бәкірмен бірге өткізіп, түрлі 
қиындықтарға бірге қарсы тұрды. Һижретте алла 
елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қыздарымен 
бірге жолға шығып, мәдинаға барды. Пайғамбарымыз 
«Кім жұмақтан жер бетіне түскен ханшайым әйелді 
көргісі келсе, Үммү румәнға қарасын!»
3
деп сипаттаған 
таңдаулы әйелдердің бірі болатын. 
алғашқы күйеуі абдулла ибн Харис әл-Әзди 
қайтыс болғаннан кейін хазірет Әбу Бәкірмен тұрмыс 
құрды. абдуррахман атты ұл мен айшаны дүниеге 
әкелді. 
мәдина жылдарының соңғы күндеріне таяу 
қайтыс болған Үммү румәнды (р.а.) қабірге алла 
елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзі қойып, 
дұға оқыған
4

айша анамыздың ағасы абдуррахманмен қатар 
бір шаңырақ астында тұратын абдуллаһ және Әсмә 
деген тағы екі бауыры болды. Екеуі де надандық 
дәуірінде ажырасқан хазірет Әбу Бәкірдің алғашқы 
әйелі Кутайла бинт сағдтан
5
туған. 
3
Хаким, мүстадрак, 3\538; Ибн сағд, Табақат 8\276; Ибн Хажар,
Исаба 8\207
4
Һижреттің алтыншы немесе сегізінші жылы қайтыс болғаны айтыл-
са да, әсіресе «тахиер» оқиғасы орын алған кезде оның тірі болғаны 
аңғарылады. Тахиар аяты һижреттің тоғызыншы жылы түскен. 
Осыған орай, Үммү румән мәдина жылдарының соңғы күндеріне 
жақын қайтыс болса керек. Тіпті, Бұхари сияқты ғалымдар оның 
алла расулынан кейін және хазірет Әбу Бәкірдің немесе хазірет 
Османның халифалығы жылдарында көз жұмғанын айтады. 
Қараңыз: Бұхари, Тарихи сағир 1\38; Ибн Хажар Тәхзибут тәхзиб 
12\95; нәдәуи, сиратус сәидәти айша Үммул муминин 38, 39, Тах-
маз әс-сәйидәту айша 16. 
5
айша анамызбен бір үйде тұрмаған өгей анасы Құтайла Худайбия 
келісімінен кейін мәдинаға келіп, өгей қызы айшаны көргісі келеді. 


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
14
Өзінен он жас үлкен әпкесі Әсмәмен бірге өскен 
айша үшін Әсмә (р.анһа) ана, әпке әрі өмірлік ұстаз 
бола білді. 
айшаның (р.а.) ең үлкен бақыты надандық 
дәуіріндегі лас істерге жуымаған Әбу Бәкір (р.а.) 
сияқты әкенің қызы болуында еді. Тәрбиелі от-
басыдан шығумен қатар, жаны жайсаң, сезімтал 
әкенің тәрбиесінде өсті. Балаларының тәрбиесін өзі 
бақылаған хазірет Әбу Бәкір (р.а.) ұнамсыз қылық 
көрсе, оларға басқан қадамдарының қателігін 
айтып, қайталамауды ескертетін. Егер қайталанса, 
қабақ шытып, балаларына сабақ боларлықтай шара 
қолданатын. сондықтан да балалары тартынып, 
әкелерін ашуландырмауға тырысатын
6
. айша да (р.а.) 
солардың арасында өсті. Тіпті анамыз алла елшісімен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйленгеннен кейін де 
әкесі хазірет Әбу Бәкірден ескертулер естіп қалатын
7

Ол кезде әлі мүшрік екенін назарға алып, не істеу керек екенін 
білмеген айша: – Өгей шешем мені іздеп келіпті, кездесейін бе? – 
деп сұрайды. Пайғамбарымыз оған: – Иә, ол сенің шешең, – дейді. 
Қараңыз: Ибнул Әсир, Усудул ғаба 7\233 Бұл оқиға Бұхариде хазірет 
Әсма бинт Әбу Бәкірмен қатыстырылады. Қараңыз: Бұхари, Әдәб, 7,8 
6
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) үйіне қонақ шақырған күндерінің бірінде 
алла расулының қасына кетуге мәжбүр болады. Қонақ күтуді ба-
ласы абдуррахманға тапсырып, үйінен шығады. Әкесінен қатты 
қорқатын хазірет абдуррахман қонақтарды қанша күткісі келсе де, 
олар үй иесі келгенге дейін асқа қол созбайды. Әкесі қонақтарды 
өзіне тапсырып кеткенін айтса, олар көнбейді. Бір кезде әкесі хазірет 
Әбу Бәкір (р.а.) келеді. Жағдайды көріп, баласы абдуррахманды 
шақырады. Бұл кезде қорқып, бір бұрышта отырған абдуррахман 
әкесінің алдына келуден тайсалады. Қараңыз: Бұхари, мәнәқиб, 22 
(3388), Әдәб 87, 88 (5789, 5790), мүслим, Әшриба 176 (2057), Әбу 
Дәуіт, Әйман 14 (3270). 
7
Қараңыз: мүслим, рада 46 (1462), Әбу Дәуіт, Әдәб 92 (4999); ахмад 
ибн Ханбал, мүснәд 4\275; нәсаи, әс-сунәнул кубра 5\139 (8495), 
5\365 (9155). 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
15
сол уақыттағы арабтардың салты бойынша бала-
лар сүт анаға берілетін. айша анамыздың сүт анасы 
Уәйл Әбулқуайстың әйелі болды
8


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау