55
Яғни, дара кәсіпкер М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі
бойынша өндірісі ӘҚБтК 205-1 бабының 3 тармағында қарастырылған
әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқ болуына келесі негіздер бойынша
тоқтатылды.
Істің материалдарын талдағанда, дара кәсіпкер М. мемлекеттік тіркеуден
өтіп, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданғаны белгілі болды.
Патентінің қолданылу уақыты 2012 жылдың 01 шілдесінен 30 қыркүйекке дейін
белгіленген, қолдану мерзімнің соңғы күні жексенбіге келеді, яғни демалыс
күн.
Дара кәсіпкер М. 911.00 формасы бойынша кезекті патентті алу үшін есебі
салық органына 2012 жылдың 01 қазанында тапсырылған. Салық органы дара
кәсіпкер М. бір күнге есепті беру мерзімін бұзды деп есептеп, оны ӘҚБтК 205-1
бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартқан.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 431-
бабының 1 тармағы ережесі негізінде, кезекті патентті алу үшін есеп алдыңғы
патенттің қолдану мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады.
Салық кодексінің 33-бабына сәйкес, салық міндеттемесін орындау мерзімі
осы кодекспен белгіленеді. Бұл ретте мерзімнің есептелуі салық міндеттемесін
орындау мерзімі анықталатын нақты оқиғадан немесе заңды іс-әрекеттен кейін
келесі күннен бастап есептелінеді. Мерзім Салық кодексінде белгіленген соңғы
күннің соңында аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні демалыс күнге сәйкес
келсе, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады. ҚР Азаматтық
кодексінде де тура осындай ереже бекітілген.
Сондықтан, дара кәсіпкер М. патентінің жарамдылық мерзімінің соңғы
күні 2012 жылдың 30 қыркүйегіне демалыс күнге келді, онда бұл мерзім келесі
күннің - 2012 жылдың 01 қазанының аяғында аяқталады.
Дара кәсіпкер М. 2012 жылдың 01 қазанында кезекті патентті алу үшін
есепті, яғни алдыңғы патенттің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өткізді.
Одан басқа, дара кәсіпкер М. салық органының қаулысына жазған шағымында,
2012 жылдың 28 қыркүйегінде салық органының есеп қабылдайтын қызметкері
жол жүріп кеткендіктен есепті тапсыра алмағандығы көрсетіліп сотқа
шағымданған.
Патент алу үшін есептерді қабылдайтын жауапты қызметкердің
2012 жылы 28 қыркүйекте Қостанай қаласына есеп тапсыру үшін кеткендігі
туралы деректі, Сарыкөл ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім
бастығы Б. растаған, оның түсініктемесі наразылық білдіру шағымына
қосылған.
Келтірілген жағдайлар ӘҚБтК 205-1 бабының 3 тармағы бойынша дара
кәсіпкер М. әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқтығын дәлелдейді.
Осыған байланысты, жасалған актілер ӘҚБтК 580 бабының 1 бөлімінің
2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша
өндірісті тоқтатып күшін жоюға жатады [32].
Міне, салық органдарының осындай жағдайларда дара кәсіпкерлердің
құқықтарын сақтау орнына оларды бұзатындықтары да айқындалып жатады.
56
2.1.2 Бірлескен кәсіпкерліктің ерекшеліктері
Бірлескен кәсіпкерлік – бұл ортақ нәтижеге қол жеткізу мақсатында
ортақ мүліктің негізінде дара кәсіпкерлердің бірлескен еңбекке қатысуына
негізделген кәсіпкерлік қызмет. Жеке кәсіпкерлік туралы заңда бірлескен дара
кәсіпкерліктің мынадай нысандары айқындалған:
а) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге
асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;
в) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе
жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге
асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;
г) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай
серiктестiк болып табылады.
Өзіндік және бірлескен кәсіпкерлікке қоса, жоғарыда айтылып өткендей,
бірлескен дара кәсіпкерліктің белгіленген нысандарының өздерінің, өздеріне
ғана тән, ортақ негіздері мен шарттары бар. Мысалы, бірлескен кәсіпкерлікті
оның нысанына қарамастан, дара кәсіпкер мәртебесі берілген жеке тұлғалар
тобы жүзеге асырады. Бұл Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 7-бабы 3-
тармағынан тікелей туындайды. Бұл ретте, біздің көзқарасымызша, кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру ретінде іс-әрекеттің екі тобын түсінуі қажет.
Бірінші топ кәсіпорынның ішіндегі қызметті ұйымдастырумен, тауарды
жасаумен, қызметтер көрсетумен, жұмыстар атқарумен байланысты және Жеке
кәсіпкерлік туралы заңның 7-бабы 5-тармағында көрсетілген «іскерлік
айналым» ұғымымен қамтылмайтын барлық іс-әрекеттерді қамтиды. Осындай
іс-әрекеттерді бірлескен кәсіпкерлік (кәсіпорын) атынан оның кез келген
қатысушысы регламентке сәйкес атқарып жатқан функциялары шеңберінде
жүзеге асырады. Одан басқа, осындай іс-әрекеттерді жасауға еңбек
келісімшарты негізінде тартылған жұмыскерлердің де құқықтары бар.
Екінші топтың дербес азаматтық-құқықтық немесе әкімшілік-құқықтық
сипаты бар және басқа дара кәсіпкер (кәсіпкерлер) осы іс-әрекеттерге өкілеттік
берген бір ғана дара кәсіпкердің оларды жасауға құқығы бар. Ерлі-
зайыптылардың бірлескен кәсіпкерлігінде бұл олардың біреуі, ал шаруа немесе
фермер қожалығында осы қожалықтың Басшысы болады.
Сонымен бірге бірлескен кәсіпкерліктің қызметін реттейтін нормаларда,
біздің көзқарасымызша, кейбір қайшылықтар бар.
Фермер немесе шаруа қожалығы туралы заңда осы шаруашылықтардың
шаруа және фермер деп бөлінгені түсініксіз. Мысалы, Заңда ортақ бірлескен
меншік негізіндегі отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығы деп аталған, ал
жеке кәсіпкерлікпен қатар жай серіктестік нысанындағы ортақ (бірақ үлестік)
меншік негізіндегі отбасылық кәсіпкерлік фермер қожалығына жатқызылған.
Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңының атауына және мазмұнына
24.03.2011 жылғы № 420-IV ҚР Заңымен өзгерістер енгізілгенге дейін қаралып
жатқан қожалықтар бірдей болғанын айта кету керек [20]. Алайда, біздің
көзқарасымыз бойынша, Заңның жаңартылған нұсқасынан туындап
отырғандай, енгізілген өзгерістерде шаруа қожалығының құқықтық мәртебесі
Достарыңызбен бөлісу: |