- Web of science" МБ (қысқаша wos, бұрынғы атауы ISI web of knowledge) - бұл ғылыми мерзімді басылымдардағы мақалалар мен патенттердің реферативтік базасын біріктіретін, соның ішінде мақалалардың өзара цитаталану базасын қамтитын іздеу платформасы. Wos индекстеу арқылы білімнің барлық салалары бойынша ақпараттарды ұсынады:
- 12 000-нан астам журналдар,
- 120 000 түрлі конференция материалдары,
- 4 400-ден астам сайттар.
Әлемдегі ғылыми зерттеулердің тиімділігін бағалау міндеттерінің басым көпшілігі wos деректері негізінде шешіледі. Scopus мәліметтер базасы wos базасынан тезірек көтерілсе де, соңғысы өз мұрағатының ауқымдылығы мен көлеміне, журналдар таңдаудағымұқияттылығы нәтижесінде журнал индекстерінің беделіне ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |