барлық сулы және қоқысты құбырлар және сорғылар қайта құрылатын болады. Қалдық қоймасы
толығымен құрғатылғаннан кейін және қатты деңгейден төмен қалдық қоймасының аумағында жер асты
суларының деңгейі төмендегеннен кейін, қалдық қоймасының құрғақ қабаты тегістеледі және
топырақпен және тау-кен салмағымен толтырылады. Бұтақтар мен ағаштарды отырғызғанға дейін
жоғарғы қабатты тегістеу жәнеТҚҚ төсеу жүргізіледі, оларға одан әрі күтім жасау жүзеге асырылады.
КӘСІПОРЫННЫҢ ӘСЕРЛЕРІ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАНЫ
ҚОРҒАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР
КІРІСПЕ
Осы бөлімде қоршаған және әлеуметтік ортаның түрлі элементтері үшін ESIA сипатталған фондық күйі мен
әсер етудің бағалануы қысқаша сипатталады. Әр бөлімшеде келесі ақпараттар бар:
Жобаны іске асыруды бастағанға дейін қоршаған немесе әлеуметтік орта элементінің күйі;
Жобалау қызметінің нәтижесіндегі мүмкіндігі бар әсерлер;
Әсерлердің алдын-алу, төмендету немесе басқару жөніндегі іс-шаралар; және
Іс-шаралардың іске асырылуынан кейін әрекет етуді жалғастыратын болжамды әсерлер (“қалдық
әсерлері” ретінде белгілі).
Таралуының аумағы қоршаған немесе әлеуметтік ортаның әр элементі үшін аздап ерекшеленеді. Жобаны
іске асырудың нәтижесінде әсер етуге бейім жалпы аумақтары төмендегі суретте көрсетілген.
ПАРНИКТІК ГАЗДАРДЫ Ш ЫҒАРУ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫ ӨЗГЕРТУ
Климаттың өзгеруі адам қызметінің нәтижесінде парникті газдардың шығарылуының нәтижесінде пайда
болды деген бірауыздан пікір қалыптасқан. ПГ шығарылуы жүзеге асуының нәтижесінде қызметтің жаңа
өнеркәсіптік түрлері, жобаның қызметін көрсете отырып, шығарылымдардың көлемін арттырады және
сәйкесінше климаттың ғаламдық өзгеруіне көмектеседі.
Климаттың өзгеруі газдардың бірнеше түріне әсерін тигізеді. Ең белгілі газ - CO
2
, сонымен қатар, метан,
азоттың оксидін және фторкөмірсутектерді қоса отырып, басқа газдар (хладагенттер ретінде
қолданылатын). Осы басқа газдардың кейбіреулері қатты әсерін тигізетін парникті газдар болып
табылады, басқаларымен салыстырғанда CO
2
түрінде ПГ барлық қалдықтарының көмегімен ескеріледі.
Бұл CO
2
(CO
2э
) баламасымен қайта есептеу деп аталады.
Жұмыс ауданының климаттық шарттары
Кәсіпорынның ауданы кезеңдік шаң борандарымен құрғақ және ыстық жазда сипатталады. Жиі қатты
желдерімен суық және қарлы қыс. Жедел-континентальды климат ретіндегі шарттардағы температурасы
-40C бастап +40C өзгереді. Жазғы кезеңде экстремальды ауа райының жағдайына құрғақ және шаңды
борандататын ұзақ құрғақшылық қосылады. Қысқы кезеңде экстремальды ауа райының шарттарына -
20°C температурадан төмен ауаның температурасы, боран, көктайғақ және нәтижесінде тұрақты қарлы
жабындының ұзақ кезеңі қосылады.
Қазақстанда соңғы 35 жылдың ішінде қарқынды жылу орын алды, нәтижесінде жылы жылдардың
қатары көбейді.
Климатқа Әлеуетті әсер етулер қандай?
Жобаны іске асыру кезінде ПГ шығарылымдарының негізгі көздеріне қызметкерлерді тасымалдау үшін
көлік құралдарында және құрылыс пен тау-кен жабдықтарында отынды жағу; құрылыс кезеңінде
жерлерді пайдалану (көміртектің шығарыламдарын сіңіре алатын өсімдіктің бұзылуы); жарылғыш
жұмыстары кезіндегі жарылғыш заттардың іске қосылуы; әкімшілік ғимараттарын жылыту үшін қазандық
және жылытқыш қондырғыларындағы көмірді жағу; шеттен алынатын электр энергияның
жаңғыртылмайтын көздерін пайдалану кіреді.
Әсерлерді басқару немесе бақылау үшін қандай әрекеттер жасалады?
ПГ шығарылымдарының негізгі көздері отынды жағу және электрді пайдалану болып табылады.
Келесілерді қарастыратын жобалау шешімдеріне қолжеткізу арқылы шығарылымдарды төмендету
жүзеге асырылады:
жобалық құрылыстарға жерлерді тазарту көлемін төмендету;
тау жұмыстарының учаскесінен аршу үйіндісіне дейін тасып шығарудың минималды
қашықтықтарын қамтамасыз ететін аумақты жоспарлау;
тау жұмыстарының учаскелерінен байыту кешеніне дейін тасып шығарудың минималды
қашықтықтарын қамтамасыз ететін аумақты жоспарлау;
айналмалы сумен қамтамасыз ету су құбырларының жылулықты оқшаулауы;
Жылуды жоғалтуды төмендету мақсатында ғимараттарды оқшаулау;
өімдік-құнарлы қабатты алу және көмілген өсімдіктен болжалды шығатын метанды төмендету
үшін, қалдықтар қоймасында сүзгіге қарсы экранды пайдалану; және
Қазіргі заманғы энергия тиімді электр жабдықтарды және үнемді қозғалтқыштармен өздігінен
жүретін техниканы пайдалану.
Сонымен қатар,тау-кен жабдығын таңдауды қайта қарастыруды, Қызыл жобасында көлік құралдарын
тиімді пайдалануды және энергиялық сыйымды жыбдықтың жаңғыртылуын қоса отырып, ПГ
шығарылымдарын төмендетудің қосымша мүмкіндіктері қарастырылуда. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасында жақында энергияның жаңғыртылатын көздеріне қатысты прогрессивті саясат
қабылданды. Егер осы саясат әрекет етуін жалғастырса, жаңғыртылатын көздермен жүргізілетін және
желіден жобаға жеткізілетін электр энергиясының үлесі уақыт өте артады. Жаңғыртылатын көздерден
электрдің көп көлемін пайдалану жобаны іске асыру нәтижесінде ПГ жанама шығарылымдарын
төмендетеді. Сонымен қатар, жел және күннің энергиясын қоса отырып, тікелей кен орындарында
жаңғыртылатын энергияны өндірудің көздерін пайдалану мәселелсі қарастырылады.
Және нәтижесінде, жобаны тарату сатысында атмосферадан келешекте көміртегінің ресорбциялануына
ықпал ететін аса ылғалды учаскелерін құру мүмкін.
Қандай қауіптер мен әсерлер қалады?
Кәсіпорын өзінің барлық болу мерзімінің бойында ПГ шығарындыларын қысқартуға тырысады. Қазу
алдында және жыл сайын пайдалану ішінде ХҚК талаптарына сәйкес есептілікті ұсыну жоспарланған іс-
шаралардың тиімділігін арттыруға және шығарындылардың көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.