Еңбек статистикасы халық шаруашылығының әр саласында еңбек өнімділігінің өсуінің индекстері мен абсолют деңгейін зерттейді, еңбек өнімділігін арттырудағы жекелеген факторлардың рөлі мен маңызын көрсетеді. Еңбек статистикасы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа жалақысының, жалақы қорының мөлшері мен құрамын, жалақы қорының жұмсау жөніндегі жоспардың орындалуын зерттейді, жұмысшылар мен қызметкерлердің нақты жалақысын, мемлекеттік бюджет, әлеуметті қауіпсіздендіру қоры арқылы берілетін қосымша төлемдерді есептеп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |