«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының тұжырымдамасы


Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау



жүктеу 182,51 Kb.
бет10/26
Дата18.05.2022
өлшемі182,51 Kb.
#38625
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Денсаулық туралы кодекс

Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау. Медициналық көмектің сапасы бақылау процесінде пайда болмайтындығы, оның медициналық қызмет көрсетудің әр кезеңінде қалыптасатындығы және көптеген параметрлерді біріктіретіндігі жалпыға мәлім. Олардың арасында – денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету процестерін ұйымдастыру, медициналық ұйымның материалдық-техникалық жағдайы, кадрлар құрылымы, олардың біліктілігі, персоналмен жұмыс, диагностика мен емдеуге стандартталған тәсілдер.

Қазір Қазақстанда көрсетілетін медициналық қызметтер сапасы проблемасы негізінен бақылау арқылы шешіледі, ол медициналық ұйым қызметінің нәтижелері бойынша олқылықтарды анықтауға, яғни түпкілікті нәтижеге бағытталған.

Медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау мерзімдік тексерулер жүргізуді және әкімшілік өндірісті (қадағалау) қозғамай, шұғыл ден қою шараларын қолдануды қажет етеді.

Осы мақсатта көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бақылау саласын қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің тізбесіне енгізу ұсынылады (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 139-бабын қоғамдық денсаулық сақтау саласымен толықтыру).

Аталған шара тексеруді жүзеге асыру барысында әкімшілік өндіріс қозғамай, шұғыл ден қою шараларын және құқықтық шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Азаматтардың медициналық көмек көрсету сапасына өтініштерінің өсу үрдісі байқалады, 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда өтініштер саны 5%-ға артық. Сонымен қатар бірқатар жағдайларда медициналық көмек көрсету нәтижесінде асқынулардың дамуы немесе өліммен аяқталу фактілері БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланады және халық арасында қоғамдық резонанс тудырады. Осыған орай ерекше тәртіппен тексеру жүргізу қажеттілігі туындады, күтілетін нәтиже – уақтылы бақылау және қадағалау жүргізу арқылы медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру.

Ерекше тәртіп бойынша тексерулер жасаудың және көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын қадағалау функцияларын енгізудің мақсаты:

азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау;

көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жетілдіру;

халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту.

Кейбір денсаулық сақтау субъектілерін (мысалы, перзентханалар, инфекциялық стационарлар, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін ұйымдар) тәуекел дәрежесі жоғары объектілерге жатқызу және оларға қатысты тексеру жүргізудің ерекше тәртібін қолдану (ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабын толықтыру) ұсынылады.

Қадағалау функциясын енгізу және ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы шұғыл ден қою шараларын (әкімшілік өндіріс қозғамай, әкімшілік жазалау және шұғыл ден қоюдың құқықтық шектеу шараларын) қолданатын болады.

Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды күшейту мақсатында медициналық бақылауға жататынмаңыздылығы жоғары субъектілердің (объектілердің) нақты тізбесін бекітуді көздеу ұсынылады, бұл өз кезегінде медициналық қызметтер көрсету саласында бақылау жөніндегі инспекторларға медициналық ұйым ұқызметінің денсаулық сақтау саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау немесе сәйкессіздік анықталған жағдайда олар туралы субъектіге (объектіге) ескерту және уәкілетті орган бекіткен бару тәртібіне сәйкес оларды жою бойынша ұсынымдарды беру масқсатында қызқа мерзім болу және процестерді бақылау мүмкіндігімен медициналық ұйымға (мысалы, ЖТМҚ көрсететін ұйымдар, босандыру объектілері, инсульт орталықтары, травматологиялық клиникалар, жедел медкөмек станциялары, онкодиспансерлер, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан резонанстық хабарламалар алған кезде және басқ.) кенеттен баруды жүзеге асыру құқығын береді. Бұл ретте бару кезінде инспекторға субъектінің қызметіне араласуға, сондай-ақ қандай да бір қызметті тоқтата тұруға тыйым салынады.

Осындай тетік субъектіні жазаға тарту үшін емес, керісінше олардың қызметінің денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес еместігін тиімді анықтауға арналатын болады.

Осылайша, инспектор субъектінің сәйкес еместігін анықтауға көмектесетін және субъектіге әкімшілік өндірісті қозғамай немесе өзге де қайшы келетін шараларды қолданбай орын алған сәйкес еместік немесе әлеуетті сәйкес еместік туралы хабарлаумен (ауызша немесе жазбаша) шектелетін аудитордың функциясын орындайды. Денсаулыққа зиян келтіретін қауіп фактісі анықталған жағдайда ҚР КК-де белгіленген негіздер мен рәсімдерге сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалуы тиіс.

Осы жүйе денсаулық сақтау саласындағы заңнама бұзушылықтарын анықтау мүмкіндігін арттыруға және субъектілердің (объектілердің) қызметінің айқындылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, жоғарыда санамаланған объектілерге Кәсіпкерлік Кодексінің қолданылуын болдырмау ұсынылады.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес оқыс жағдайларды зерттеп-қарауға ұқсас жекелеген жағдайларды зерттеп-қарауға (ана өлімі, аса қауіпті инфекциялар, резонанстық жағдай) Кәсіпкерлік Кодексінің қолданылуын болдырмау ұсынылады.

Жекелеген жағдайларды зерттеп-қарау денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын шұғыл хабарлама негізінде құрылатын комиссия жүргізетін болады.

Бүгінгі күні медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесінде жедел ден қою үшін негіз бола алатын кейбір жағдайлар (мысалы, амбулаториялық жағдайда, оның ішінде аса қауіпті инфекциялар және басқалар кезінде жалпы ауруды басуды қолдану арқылы медициналық көмек алу кезіндегі ана мен бала өлімі, басқа да өлім-жітім жағдайлары) бойынша шұғыл хабарлама тетігі жоқ.

Осыған байланысты, ҚР ДСМ-ы ерекше бақылауды қажет ететін инфекциялық аурулар жағдайлары туралы және өлім-жітім жағдайлары туралы ҚР ДСМ-ге кезектен тыс ақпарат (шұғыл хабарлама) ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіні әзіреу және бекіту бойынша құзыретті бөліп беру қажет. Осындай практика санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында болады.

Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті органның аттестаттау комиссиясының алдында өз қызметінің қорытындылары туралы, оның ішінде меморандумға сәйкес нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша (ҚР Президенті Әкімшілігі алдында орталық мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларының есептілік тиімділігін бағалау жүйесіне ұқсас) денсаулық сақтау басқармалары басшыларының жыл сайынғы есебін көздеу ұсынылады.

Есептілік қорытындысы бойынша анықталған қызмет тиімділігінің көрсеткіштері төмендеген және (немесе) нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайларда уәкілетті органның аттестаттау комиссиясы денсаулық сақтау басқармасы басшысының атқарып отырған лауазымға сәйкестігі мәселесін шешу туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді.

Сондай-ақ, жаппай инфекциялық аурулар, улануар жағдайларында ерекше бақылауды қажет ететін өлім-жітім жағдайлары туралы хабарламаны/шұғыл хабарлауды ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны; ҚР ДСМ-ның нормативтік құқықтық актілері мен стандарттарының өңір масштабында орындалмағаны; Министр мен облыстар, Астана мен Алматы қалалаы әкімдері арасында жасалған денсаулық сақтау саласындағы нысаналы көрсеткіштер мен қорытынды нәтижелерге қол жеткізу меморандумдарында көзделген нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені үшін Денсаулық сақтау басқармалары басшыларының (әкімшілік) жауапкершілігін көздеу ұсынылады.

Одан басқа, денсаулық сақтау саласында өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайларда ҚР ДСМ-ның дәрігер сертификатын не клиника (бөлімше) қызметін тоқтата тұру өкілдігін көздеу ұсынылады.

Денсаулық сақтау саласындағы заңнама нормаларында маман сертификатын және (немесе) медициналық қызметке арналған лицензияны кері қайтарып алуға бастама жасау ғана көзделген.

Тергеу органдары қылмыстық өндіріс қозғалған, медициналық көмек көрсетпеген және өлім жағдайына жол берген, функциональдық-лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруды жалғастырып жүрген медицина қызметкерлеріне қатысты жағдай халық арасында да БАҚ-да резонанс тудырады және медициналық қызметтің сапасын бақылау бойынша мемлекеттік органның әрекетсіздігі ретінде бағалануы мүмкін. Бұл ретте, құқық қорғау органдары тергеу амалдарын 2-3 жыл жүргізеді.

Осыған байланысты, жеке тұлғаның не денсаулық сақтау субъектісінің қызметіне тыйым салуды жүзеге асыру үшін нақты өлшемшарттарды анықтай отырып, осы функцияны кері қайтарып алу жүзеге асырылатын не мемлекеттік бақылау органына айып тағылатын талап-арыз бастамашысын және инстанцияны анықтау арқылы лицензияны және маман сертификатын кері қайтарып алу алгоритмін, ережесін әне тәртібін әзірлеу ұсынылады.


жүктеу 182,51 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау