Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары



жүктеу 2,32 Mb.
бет5/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,32 Mb.
#14643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары.Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелерді анықтау принципі бойынша жасалады. Дегенмен бұл бағыттар әлеуметтік педагогтің біліктілік сипатынан алынып, бала тәрбиесімен айналысатын: мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшінің, баланың жақын туыстарының бұл жұмысқа түгелдей қатысуын талап етеді.

Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік-педагоикалық жұмыстың келесідей бағыттарын бөлуге болады:



  • Отбасындағы оқумен, тәрбиемен байланысты мәселелер бойынша көмек көрсету;

  • Баланың сабаққа үлгермеушілігінің және сабаққа қатыспауының себебін жоюға көмек көрсету;

  • Балаларды, ата-аналарды, қоғамдастықтарды әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру.

  • Маңызды салдарды болдырмау үшін дамудың алғашқы кезеңдеріндегі баланың қызығушылығына әсер етуші қиын өмірлік жағдайларды, мәселелерді, дау-жанжалдарды шешу, диагностикалау;

  • Балалардың қажеттіліктері бойынша ұсыныстарды анықтап, нақты білім алушылар үшін арнайы көмекті қажетті мамандарды және ұймдарды тарту арқылы көрсету;

  • Мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда балалармен болатын дау жанжалды жағдайларды шешу бойынша көмек көрсету;

  • Білім беру мекемесінің іс-әрекетінің түрлі бағыттары бойынша жоспарлар, жобалар және бағдарламалар жасауға көмектесу;

  • Педагог мамандардың, отбасылардың, балалардың құқықтарын анықтау;

  • Оқу сабақтарының кестесінен тыс оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз ету бойынша практикалық мәселелерді шешу.

Әлеуметтік педагогтардың міндеттерін іс-әрекеттің бейіні бойынша ( денсаулықты және тазалықты сақтау, мектептік және әлеуметтік бейімделудің алдын алу, ата-аналармен жұмыс бағыттар, мәдени-демалыс жұмыстары); сыныптар, сынып топтары бойынша; типі бойынша 25-50 отбасына «отбасылық әлеуметтік педагог» деп бөлу мүмкін болады. Әлеуметтік педагог мамандардың штаттық бірліктерінің санына байланысты әлеуметтік педагогикалық бағыттағы жұмыстардың бағыттарының шектелмеуі маңызды болып саналады. Сол себепті де әлеуметтік педагогтың білім беру мекемелеріндегі «әлеуметтік-педагогикалық» іс-әрекеттің жалғыз субъектісі еместігін айтып өту керек. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік- педагогикалық бағыттағы жұмыстарды атқаруда өзгелермен салыстырғанда көп міндет жүктелетін маман. Сондықтан да барлық білім беру мекемесіндегі ұжымның біріккен әрекетінің жетсітігі әлеуметтік педагогтың кәсібилігіне байланысты болады.
Дәріс 3.

Әлеуметтік педагог жұмысының әдістері мен технологиялары.

Кез-келген ғылымда немесе практикалық кәсіби іс- әрекетте әдістер мен техникалардың жиынтығы болады. Оның көмегімен ғалымдар ғылыми теорияны жасауға және тәжірибелік ұсыныстарды өңдеуге қажетті мәлімттерді алады. Кәсіби әрекеттегі тәжірибенің жетістігі мен ғылымның күші зерттеу әдістерін жаңартып, жетілдіріп отырумен байланысты. Яғни нақты ғылым сласы жаңа өзгерістерді сенімді түрде қабылдап, қолдана алуынан көрінеді.

Әлеуметтік педагогикада ғылыми зерттеу әдістері мен әдістемелерінің кешені қоланылады. Олардың келесідей топтамаларын бөліп көрсетуге болады:


  1. Жалпы логикалық әдістер: анализ, синтез, жалпылау, салыстыру, модельдеу, жобалау

  2. Жлпы ғылыми әдістер: әдебиет көздерін талдау, әлеуметтік-педагогмкалық зерттеудің теориялық анализі мен синтезі, бақылау (табиға жағдайда, күрделі жағдайды модельдеуде, тестілеу үрдісінде, біріккен іс-шараларда)

  3. Тарихи әдістер: салыстырмалы-тарихи әдіс (тарихи процестердің қайталануын, заңдылығын орнатуға арналған); генетиалық әдіс (құбылысты анықтау, зерттелуші құбылыстың себебін және кезеңін анықтау); құрылымдық әдіс (жеке элементтрдің жалпы жүйемен байланысын анықтау) және басқа.

  4. Әлеуметтік әдістер: анкетелау және интервью, социометрия,мониторинг, (әлеуметтік жағдайларды үнемі бақылау), әлеуметтік өмірбаян әдісі, кешенді әлеуметтік модельдеу әдісі, “диолог”, “жағдайлармен жұмыс” әдістері.

  5. Психлогиялық әдістер: (аппаратуралық тесттер мен бланклерді қолдану) ,топтық және жеке.

  6. Математикалық-статистикалық әдістер.

Сонымен реттеу көздері ретінде құжаттар,кітаптар, журналдар, газеттер, адамдар-балалалар, әлеуметтік, ғылыми жұмысшылар, мұғаімдер, отбасылар; ақапраттық -техникалық жүйе – радио, телехабар, компьюретлік желілер және дәстүрлі органдар.

Қалыптастырушы әдістер – бұл белгілі бір міндеттерді шешу мақсатында әлеуметтік педагогтың қоршаған ортаға және клиентке кәсіби түрде әсер етуі. Қазіргі кезде “әлеуметтік қызметші” мамандығын әртүрлі амандықтар жүйесімен ұштамтьыруға болады. Олар: әлеуметтік педагог-психолог, этнолог, әлеуметтік заңгер, эколог, валеолог, әлеметтік аниматор, герантолог, әлеуметтік педагогтар және басқа да ұсақ мамандықтардың қызметкерлері немесе белгілі бір жастағы топтармен жұмыс жасайтын мамандар (қарттармен, балалармен әлеуметтік жұмыс үргізу)

Белгілі бір мекемелерде (мектептегі әлеуметтік педагог, кәсіпорындарағы), арнайы микроорталарда (қоғамдық ортада, ауылда, әскери ортада, оқыс жағдайларда) жұмыс жасайтын және әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын әлеуметтік қызметкер. Әрбір мамандық түрі өзіндік әдістер мен тәсілдер кешенін жасауды талап етеді. Егер қалыптастырушы әдістерді жіктеу үшін тұлғаның немес қоғамдық ортанығ жағдайына әсер ету тәсілінің жалпы сипатын негізге алатын болсақ, онда мамандар тарапынан әлеуметтік жұмыс әдістерінің негізгі үш тобы анықталаы:


  1. Әлеуметтік –экономикалық

  2. Ұйымдастырушы және реттеуші

  3. Психологиялық және педагогикалық

Әлеуметтік-экономикалық әдістер тобы әлеуметтік жұмыс бойынша манадардың клиенттің материалдық-моральдық, ұлттық - отбасылық және басқа да қажеттіліктер бойынша әсер етуін жүзеге асыратын әдістер тобынн тұрады. Әлеуметтік-экономикалық қызығушылықтар мен қажеттіліктерге әсер ету әдістері табиға жәнеқаржылық көмек көрсету формасында қлданылады. Патронаждық және тұрмыстық қызмет көрсету моральық жетілдіру, санкциялар және т.б.

Ұйымдастырушы және реттеуші әдістер адамдардың қоғамдық және еңбектік тәртіпке бағыну қажеттілігін және жауапкершілік міндет сезімдерін сезінуіне бағыттайтын мотивтерге негізделген. Оның негізгі сипаты тікелей әсер ету болып табылады. Бұл топтағы әдістерді ұйымдастырушылық және реттеушілік қызметтері бойынша ажыратуға болады. Әдістер құқықтық ережелерде, міндеттер мен жауапкершіліктерді орната отырып, әлеуметтік қызметтердегі міндеттерді шешу үшін басқарушылық әсерін тигізіп отырады. Реттеуші әдістер міндеттерді нақтылуға, оны жүзеге асыруға қажетті құралдар мен әдістерді, күштерді кезеңдік жаңа міндеттерді шешуге көмектеседі. Негізгі ұйымдастырушылық реттеуші әдістерге: нормалау және құрылымдау, регламенттеу, кадрларды таңдау және оларды орналастыру , талап қою, сын айту, бақылау, жұмыстың орындалуын тексеру әдістері жатады.

Психологиялық-педагогикалық әдістер тобы клиентке оның өзіндік мінез-құлқын, жағдайын реттеу механизмі арқылы жанама түрде әсер етуі бойынша сипатталады

Психологиялық-педагогикалық топтарына келесі әдістер кіреді: сендіру (әртүрлі формада, әсіресе анықтау, кеңес, дәлелді ұсыныстар, жағымды мысалдар және клиенттің белсенді өмірлік әрекеттерінің үлгісі), бақылау, әлеуметтік-психологиялық диагноз, үгіттеу, ақпараттандыру, еңбек пен тұрмыс шарттарын ізгілендіру, тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің көрінуі үшін мүмкіндіктерді кеңейту және еңбекке баулу, салт-дәстүрлерді қолдану.

Әлеуметтік жұмыста тек берілген кәсіби әрекет түріне тән әдістер қолданылады. Оларға алдымен келесілер жатады: әлеуметтік диагностикалау әдісі, дағдарыстық жағдаяттарға араласу әдісі, қоғамда жұмыс істеу әдісі, көшеде жұмыс істеу әдісі.

«Әлеуметтік диагноз» (1917) атты кітабында Мэри Ричмонд өз жұмысының әдісін толықтай ұсында – клиенттің тұлғасын және оның әлеуметтік жағдайын бағалауды болжайтын әлеуметтік диагноз. Ол әлеуметтік көмекті нәтижесі клиенттің және әлеуметтік ортаның өзгерісі болып табылатын өлшемнің жинағы ретінде қарастырады. Мэри Ричмонд әлеуметтік іс-шараларды екі өзара толықтырушы әдістерге бөлген: жанама емдеу әдісі және тікелей емдеу әдісі. Жанама әдіс адамның сыртқы ортасына ықпал ету болса, тікелей – шешім табуда белсенді әрекетке еліктіру мақсатында клиентке ықпал етуге бағытталған.

Қазіргі уақыттарда әлеуметтік диагноз әдістеріне (әлеуметтік диагностика) келесілер жатқызылады (И.Г.Зайнышев бойынша):

- ақпараттық тексеру: жергілікті халықтың инфрақұрылымы, саны, құрамы және динамикасы туралы мәлімет жинау;

- әлеуметтік-тарихи тексеру: халықтың тарихын зерттеу және берілген территорияны игеру, жергілікті халық құрамының өзгерісін, оның айналысатын әрекеттері мен дәстүрлерін зерттеу;

- жергілікті және орталық пресса, электрондық ақпарат құралдарының материалдарының, хат және азаматтар арыздарының, әртүрлі құжаттардың ақпараттық-мақсаттық талдауы;

- әлеуметтік картография жүргізу: әлеуметтік-кеңістіктік тарату талдауы мен халықтың туу және өлу динамикасы, өмір сапасының әртүрлі табиғи және әлеуметтік факторларға байланысы.

Дағдарыстық жағдаяттарға араласу әдісі (алғаш рет 1874 ж. АҚШ-та қолданылған) не ауыспалы кезеңдерден, не өмірлік дамумен туындайтын өткір дағдарыс жағдаятында болатын жеке адамдармен, отбасылармен және топтармен жұмыстануда қолданылады.

Қоғамда жұмыс істеу әдісі дәстүрлі әдістер жиынтығының құралы ретінде жүріп, азаматтардың қызығушылығын, қажеттіліктерін, сеімдерін қанағаттандырудың әлеуметтік-саяси құралы ретінде қарастырылады. Қоғаммен жұмыстануда жеке және қоғамдық мәселелердің тығыз байланысы мен өзара негізделуін клиенттің түсінуге жету міндеті қойылады. Ол келіспеушілікті жағдаяттарды шешуге бағытталған ынтымақтас әрекеттерге белсенді қатысуы керек. Мұндағы қолданылатын әдістерге мәселенің мәні мен типін анықтау, себептерді талдау, жоспар мен стратегияны өңдеу, көшбасшыларды анықтау және тарту, қоғамның күшін жеңілдету үшін оның мүшелерінің арасында қатынастарды дамыту жатады.

Көшеде жұмыс істеу әдісі – көшенің мәселесіне және превентивті өлшемдерге бағытталған әлеуметтік жұмыстың «ашық» әдісі:



  • қараусыз қалған жастардың пайда болуы жою, әсіресе жинау және бос уақытты өткізу кезеңдерінде «кездейсоқ» байланыс орнату арқылы көше балалары мен жасөспірімдерінің тобын;

  • көшедегі жастар тобына тұрғын үй іздеу және олардың әлеуметтену немесе ресоциолизация үрдістерін жеделдету мақсатында бос уақыт пен экскурсияның әртүрлі формаларын өткізу;

  • «көше балаларымен» байланыс орнатып, оларды сәйкес мекемеге анықтау.

Соңғы уақыттары қайта білім берудің тиімді тәсілдері, әлеуметтік қажет етуге бағытталған адамның өмірлік әрекеттерінде әлеуметтік қатынастар мен үрдістерді реттеу, қиын өмірлік жағдайлардағы азаматтарға көмектесу және қолдау туралы білімдер жүйесін әлеуметтік жұмыстың технологиясы (технология грек сөзі techne – білік, шеберлік + logos – ілім) деп аталады.

Маманның практикалық әрекеті шешілетін мәселеге, жұмыс бағытына адекватты әдістерді таңдау және қолдану негізінде жүзеге асырылады. Сәйкесінше, әдістеме – объектінің қайта білім алуы мен зерттеудің әр түбірлі әдістерінің жиынтығы. әдістеме келесі элементтерден тұрады: мәселе, әдістер жиынтығы, қолданылу реті. Алайда әдістер жиынтығы бір мәселені шешетін әртүрлі субъектінің қолданылуында әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан да мәселе бойынша берілетін тәжірибені дәл көшіру мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің айтуынша, тәжірибе емес, тәжірибеден шыққан ой беріледі.

Әдістеме мен технологияның арасындағы айырмашылық неде? Кеңес және шетел практикасында «технология» термині тек инженерлі-технологиялық аймақта қолданылған болатын. Ол бұрын да, қазір де онда екі позицияда қарастырылады: а) өнім үрдісін жүзеге асыру үшін қажетті әдістер жиынтығы; б) қандай да өндіріс тәсілінің ғылыми сипаты. «Әлеуметтік технология» ұғымы Ресейде 70-80 ж.ж. әлеуметтік мәселелерді өңдеу және шешу қажеттіліктерімен байланысты пайда болды. Әртүрлі тұрғыларды екі негізгіге келтіруге болады: а) әлеуметтік мәселені шешу бойынша әрекеттің нақты бағдарламасы; б) әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған нақты, арнайы өңделген және реттілі жүзеге асырылатын әрекеттер. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында педагогикалық технология мәселелері бойынша мақалалар саны көбейді. Типтік тұрғылар: а) педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталған негізгі әдістердің жиынтығы; б) практикада реттілі жүзеге асырылатын педагогикалық әрекеттердің бағдарламасы (жоба); в) болжаушы нәтижені алуды қамтамасыз ететін әрекеттер, операциялар және процедуралар жиынтығы.

90 ж. Ресейде әлеуметтік педагог қызметін енгізудің және ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың, практикалық әрекет және білім беру кешенінің аймағының жаңалай дамуымен әлеуметтік педагогиканы әдістемелік және технологиялық қамтамасыз ету мәселелеріне деген қызығушылық туындады.

Практикалық әрекеттің қолданылу аумағындағы әлеуметтік-педагогикалық технология – белгіленген параметрлерге сәйкес тиімді таңдалған әлеуметтік және педагогикалық құралдар кешені. Бұл құралдарға әдістер, процедуралар, ресурстар мен алгоритмдер және олардың қолданылуы жатады. Әлеуметтік-педагогикалық технологияның қажетті элементтері: нақты құрастырылған әлеуметтік-педагогикалық мәселе; технологияны жіберу және нәтижелерді бағалау үшін стандарттар; оларды шешу әдістері мен құралдарының жиынтығы; олардың қолданылу реті мен бірізділігі; ресурстар (материалдық, кадрлық, қаржылық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық-психологиялық); кезең бойынша күрделі технологияда құрастырылған алгоритмдер мен операциялар; тиімділікті бағалау критерийлері мен көрсеткіштерінің жүйесі; нормативті құжаттардың үлгісі мен формалары.

Әдістемеге қарағанда технология бұрмалану мен өзгеруге жол бермей, тұтастай ауысуы мүмкін. Оның қолданылуына сыртқы жағдайлар аз ықпал етеді. Технологияға мәнді өзгерістер енгізу кепілденген нәтижеге жетуге мүмкіндік бермейді.

Әлеуметтік мәселелерді шешу технологиясы 3 негізгі кезең бойынша жүреді (И.Г.Зайнышев бойынша):


  • теориялық кезең әлеуметтік жұмыс клиенті енген мақсатты шарттарды қалыптастырады, технологияландыру пәнін анықтайды, құрылымды элементтерді анықтау, себеп-салдарлық байланыстар мен қатынастарды анықтауды болжайды;

  • әдістемелік кезең алу көздерін, жолы мен тәсілдерін таңдауды, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс клиентінің жағдайы туралы ақпаратты өңдеу және талдау тәсілдері мен құралдарын анықтауды болжайд;

  • процедуралық кезең өңделген ұсыныстар тексеруі бойынша практикалық әрекетті ұйымдастырумен байланысты міндеттерді шешуді, әлеуметтік жұмыстың сәйкес технологиясы түрінде әрекеттер алгоритмін орнатумен және ұсынылған ұсыныстың қолданылуы бойынша кемшіліктерді анықтау және жоюмен болжанады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясын жіктеу туралы сұрақ дискуссиялық болып табылады. Мұндай жіктеудің көптегені бар. Мысал ретінде В.В.Богдан мен В.Н.Ивановтың жіктемесін ұсынамыз:

  • басқару стратегиясын іздеу технологиясы;

  • әлеуметтік моделдеу және болжау технологиясы;

  • ақпараттық технологиялар;

  • енгізуші технологиялар;

  • өткен тәжірибе технологиялары.

Егер маман әрекет мазмұнының мақсаты, нақты алгоритмі, әрекет стандарты немесе нормативі, әрекет нәтижесін бағалаудың объективті критерийлері болса, онда оның жұмысының технологиялылығы туралы айтуға болады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік педагог мамандығы осы позицияларға сай келмейді, сондықтан да технологиялық туралы уақытынан бұрын айту мүмкін емес.

Алайда білім беру мекемесінің әлеуметтік педагогы – біріншіден педагог, екіншіден - әлеуметтік қызметкер. Сондықтан ол үшін тәрбиелеу мен тәрбиелеу жұмысының дәстүрлі әдістері өзекті: сендіру, анықтау, кеңес, жағымды мысалға сүйену, қоғамдық пікірді және мекеменің, этностың, қоғамның прогрессивті дәстүрлерін қолдану, еңбек, спорт, ойын, қайырымдылық әрекеттері секілді тәрбиелеудің күшті әлеуметтік-педагогикалық құралдарын қолдану, психологиялық-педагогикалық ағарту, кеңес беру, бала мәселесін кешенді диагностикалау үшін мамандардың педагогикалық консилиумы, сонымен қатар ұйымдастырушылық-педагогикалық әрекеттердің әдістері мен қызметтері (диагностикалау, жобалау, жоспарлау, талдау, ағымды, аралық және қорытынды бақылау).

Әлеуметтік педагогтың құжаттары

Ұйым құжаттарын жүргізудің өзіндік толық жүйесі бар, құжат барлық жасалған жұмыстың нәтижесін көрсетіп отырады. Мысалы, бұйрықта жетекшінің қызметі, хаттамада – педагогикалық кеңестің жұмысы, журналда – білім алушылардың оқу үлгірімі көрсетіледі.

Құжатты жүргізу қазіргі уақытта іс жүргізу жүйесі деп аталады, мұнда құжат жасалады, сақталады және олармен жұмыс жүргізіледі.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуі төмендегідей құжаттарды қамтиды:


  1. ұйым және маманның қызметін қадағалап отыратын құқықтық нормативті акті;

  2. ұйым және маманның қызметін жалпы жоспарлау;

  3. көмек қажет ететін немесе әлеуметтік педагогпен кездесуге келетін клиенттердің тізімі көрсетілген жалпы тіркеу кітабы;

  4. клиент пен әлеуметтік педагог арасындағы келісімшарттар, келісімдер, актілер;

  5. әлеуметтік педагогтың қабылдау кезеңіндегі толтырылған хаттамалары;

  6. жасалған жұмыстар талданға жеке күнделік жазбалары;

  7. туындаған мәселелерді шешуде ат салысқан ұйымдар мен мекемелердің тізімі;

  8. жұмыс уақытында жасалған жұмыс есептері;

  9. шағын аудандарды, білім беру мекемелерін, отбасыларын әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер нәтижелері;

  10. клиенттердің медико-психолого-педагогикалық мінездемелері;

  11. әр түрлі кездесулердің, кеңестердің, педагогикалық кеңестердің, отырыстардың хаттамалары.

Маманның жоспарлары мен есебінен басқа құжаттары қатаң бақылауға

алынбайтындығы түсінікті жайт.

Іс жүргізудің көмегімен маманның қызметі ұйымдастырылады, қадағаланады. Құжат жүргізу ісі барлық мамандардың, әсіресе жас әлеуметтік педагогтардың жұмыстарында маңызды болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде шешілетін міндеттер:



  • контингент жөнінде толық ақпарат (оның мәселелері, оны шешу әдіс-тәсілдері) жинақтау;

  • көмек көрсету үрдісінің тиімділігін арттыру;

  • әр түрлі мамандармен, институттармен серіктес болу;

  • әлеуметтік-педагогикалық мәселені басқару және орындау деңгейлері жөніндегі ақпараттарды беру;

  • мәселені шешу әдістерін, кестелерін, графиктерін, компьютерлік бағдарламаларын және жоспарларын жалпылау;

  • көмек қажет ететіндерге арналған көмек беру формалары мен түрлері жөніндегі ақпараттарды жүйелеу.

Әлеуметтік педагогтың іс жүргізуінде құжаттардың кей бөлігі әр түрлі күйде беріледі, бұл – оның ерекшелігі болып табылады, мысалы:

  • клиенттің және туыстарының сөздерінен туындаған мәселе суреттеліп, хабарланады;

  • көрсетілген көмекті талдау, алдын-ала шығарылатын қорытындылар сипаттамаларын хабарлау;

  • тестілеу, анкеталау нәтижелерін қорытындылау;

  • қызмет көрсетудің жоспары мен бағдарламасы, хаттамасы, жүктемелер өтініші, арнайы форма бойынша жазылған сенімхаттар мен мінездемелер;

  • жасалған жұмыс есебі, комиссия қорытындылары және т.б.

Әлеуметтік педагог әрдайым балалар мен ересектердің құқықтарын қорғап жүреді, сондықтан ұйымдар мен мекемелерге жазылған өтініштер мен арыздарды маңызды құжат ретінде тіркеп отыруы тиіс.

Әлеуметтік педагог іс жүргізуде нені білуі қажет?

Әлеуметтік педагог жетекшінің жазбаша немесе ауызша берген нұсқауын өзбетті негізгі қызметтік құжат ретінде тіркеуді, компьютерді қолдана отырып, өзбетті әлеуметтік құжаттарды жазуды, диктофон, магнитофон, видеокамера және фотоаппарат және көптеген құжаттардың көшірмесін жасауда көшірме жасау құрылғыларын қодануды білуі тиіс. Құжаттардың көшірмесі заң жүзінде сауатты болуы қажет.

Сонымен қатар әлеуметтік қызметкерқұжат жүргізу тәртібін білуі тиіс. Ол жазылған өтініш-арыздармен жұмыс жасайды. Барлық құжаттар ұйымдарда қатаң ескеріледі. Бұл құжаттың оңай табылуын және жоғалмауын қамтамасыз етеді. Тіркеу бөлімі – құжаттарды жүргізу, бақылау орындарының бірі, сондықтан әлеуметтік қызметкер әр құжатты тіркеу бөліміне өткізер алдында мұқият тексеріп алғаны дұрыс.

Әлеуметтік қызметтегі іс жүргізуде құжатты топтастыру, жүйелеу және сақтау маңызды орында. Құжатты тіркегенде құжаттың номенклатурасы мен классификаторы жасалады. Осылардың көмегімен құжаттар топтастырылады және сақталады. Сақталатын құжаттар мұрағатқа жіберіледі. Мұрағатқа жіберілетін құжаттарды әлеуметтік педагог құндылығына және сақтау мерзіміне байланысты мұқият бөліп, тізімін жасайды.

Құжат түпнұсқа немесе көшірме күйінде болады. Түпнұсқа деп құжаттың алғашқы жалғыз нұсқасын айтады. Түпнұсқадан бір немесе бірнеше көшірме жасап алуға болады. Құжаттың бірнеше көшірме түрлері бар – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі (мысалы, хаттаманың бір бөлігінің көшірмесі), толық көшірме, дубликат, яғни құжаттың заң жолымен жасалған көшірмесі.

Құжаттардың артынан адамдардың өмірі, өмір сүру деңгейі көрініп жатады және құжат арқылы жасалған жұмыстың барлық нәтижесі көрінеді. Сондықтан әлеуметтік педагог құжаттарды сауатты да мұқият толтыруы қажет.
Дәріс 4. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік- педагогикалық жұмыс әдістемесі мен технологиясы.

1.Отбасын диагностикалау әдістемесі.

2.Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың жұмыс әдістемесі.
Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде. Бірге тұратын, өзара жақын және жауапты, бюджеттері біртұтас, халықтың физикалық көбею функциясын атқаратын қоғамның алғашқы ұяшығы отбасы.

Отбасы – бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.

Отбасы шағын топ ретінде – бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.

Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.

Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.

Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.

Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.

Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.

1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.

2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.

3. Эгалитарлы отбасы – отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.

Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.

Отбасы туралы мәліметтер бар көздерді талдау арқылы оған тиісті функцияларды кесте түрінде көрсетуге болады.

1 кесте. Түрлі іс-әрекет ортасындағы отбасы функциялары




Отбасылық іс-әрекет сферасы

Қоғамдық функциялар

Индивидуалдық функциялар

Репродуктивтік

Қоғамның биологиялық көбеюі

Удовлетворение потреб­ности в детях

Тәрбиелік

Жас ұрпақтың әлеуметтенуі. Қоғамның мәдени үздіксіздігін қолдау.

Ата-аналық, балалармен қарым-қатынаста қажеттілікті қанағаттандыру

Тұрмыстық-шаруашылық

Қоғам мүшелерінің физикалық денсаулығы, балаларды күтуді қолдау

Отбасының бір мүшесінің басқалардан шаруашылық-тұрмыстық қызмет көру

Экономикалық

Қоғамнң кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне экономикалық қолдау

Отбасының бір мүшесінің басқалардан материалдық көмек алуы (еңбекке жарамсыздық жағдайында не қызмет орнына)

Алғашқы әлеуметтік қадағалау сферасы

Өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында отбасы мүшелерінің мінез-құлқн моральдық регламенттеу, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, аға және жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастағы жауапкершілік

Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың моральдық нормаларын бұзғаны үшін құқылық және моральдық санкцияларды қалыптастыру, сақтау


Рухани қарым-қатынас сферасы

Отбасы мүшелерінің тұлғалық өсуі

Отбасы мүшелерінің өзара рухани байытуы

Әлеуметтік-статустық

Әлеуметтік құрылымды өндіру

Әлеуметтік алға жылжудағы қажеттілктерді қанағаттандыру

Демалыс

Деалысты рационалды ұйымдастыру. Демалыс сферасындағы әлеуметтік қадағалау.

Қазіргі демалысты өткізудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыстық қызығушылықтарды өзара байыту

Эмоционалдық

Индивидтердің эмоционалдық тұрақтануы және олардың психотерапиясы

Индивидтердің отбасында психологиялық қорғауға, эмоционалдық қолдауға ие болуы. Жеке бақыт пен махаббаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Жыныстық

Жыныстық қадағалау


Жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру

Осылайша, отбасы – кез-келген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясын орындайтын, жас ұрпақты әлеуметтендіретін ежелгі институттардың бірі.

жүктеу 2,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау