2. Бауыр мен қарын безінің қызметі.
Бауыр-бұл адам органимнің ең үлкен безі. Ол бірте-бірте өседі: жаңа туған сәбидің бауыры 150гр, 3 жасар балада -450 гр, жыныстық кемелдену кезеңінде-1300-1400 гр, ал 25 жастағыда-1500 -1600гр. Бірақ 8 жасар баланың бауыры формасы жағынан ересектің бауырынан айырмашылығы болмайды.
Бауыр өт жасап, оны бөліп отырады, сондай-ақ қанмен келетін улы заттарды залалсыздандырады. Бұл оның кедергілік қызметі деп аталынады. Бұдан өзге ол көміртек, май, белок алмасуларына қатысады. Қанға көп мөлшерде енетін глюкозадан (0,1 процент жоғары) бауырда қанда қант жетпеген жағдайда пайдаланылатын гликоген түзіледі.
Бауырдан өт шарана кезден бастап бөлінеді, ал мектеп жасындағы балаларда бұл процесс ересектердегіден ешқандай айырмасыз болады. Өт түзілуі бауырға қанмен келетін өт айдайтын әртүрлі заттардың әсерімен үздіксіз жүзеге асып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |