Х. Досмұхамедов-қОҒам және мемлекет қайраткері



жүктеу 202,65 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2018
өлшемі202,65 Kb.
#11140


         

 

 



 

 

 



 

 

 



Х.ДОСМҰХАМЕДОВ-ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ 

ҚАЙРАТКЕРІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Халел  Досмұхамедұлы  Досмұхамедов  –  Машақов  1883  жылы  24 

сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Қызылқоға ауданының Тайсойған 

құмындағы Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келді. 

        Халелдің  әкесі  Беріш  тайпасының  Жайық  руынан  тарайтын  Тумаш 

атасынан  өрбіген  Байнақтың  (1783-1885  ж.ж)  баласы  Машақ  (1850-1909  ж) 

пен анасы Әйкен заманының парасатты адамдары болды. Ауыл молдасынан 

сауат  ашқан  Халел  Ойыл  (Көкжар)  қаласындағы  бір  кластық  орыс-қырғыз 

училищесінде  бастапқы  білім  алып,  содан  кейін  Орал  қаласындағы  реалды 

училищені  1903  жылы  ойдағыдай  үздік  бітірді.  Сол  жылы  Санк-

Петербургтегі  Императорлық  Әскери-Медицина  Академиясына  түсіп,  оны 

1909 жылы 17 қарашада үздік белгілі емші (лекарь с отличием) дәрежесімен 

бітіріп шықты. Академияда үздік оқыған Халел статский советник Адиунгтің 

және теңіз ведомствосының стипендияларын алып тұрды. 

       1909  жылғы  8  мамырдан  31  тамызға  дейін  Пермь  губерниясы  Чердынь 

уездік  Земствосының  Морчань  учаскесінде  және  қабылдау  бөлімінің 

дәрежесінде екі бірдей жауапты жұмысты қатар атқарады. Бұл қазіргі жоғары 

оқу орындарын бітірушілердің өндірістік тәжірибе жұмысына сәйкес келеді. 

      1909  жылы  29  қарашада  №51  бұйрықпен  2-ші  Түркістан  атқыштар 

батальонының  кіші  дәрігері  қызметіне  бекітілді.  Бұл  бөлімде  1910  жылдың 

сәуіріне дейін әскери қызметін атқарды. 

     1910  жылдың  18  сәуірінен  1913  жылдың  5  наурызы  аралығында  Орал 

қазақ  әскерінің  2-ші  әскери  бөлімі  орналасқан  Ілбішін,  Калмыков 

қамалдарында  кіші  дәрігер,  кейін  аға  дәрігер  лауазымында  әскери  міндетті 

қызметін өтеп, азаматтық жұмысы бабына босатылды. 

     1913-1907  жылдардағы  бірінші  буржуазиялық  орыс  революциясының 

әскерімен  Орал  қаласында  өткен  бес  облыстың  1905  жылғы  делегаттық 

съезінде  қазақ  тарихында  тұңғыш  құрылған  саяси  ұғым  –  «Қазақ 

конституциялық  демократиялық  партиясының»  Орталық  комитетінің 

мүшелігіне сайланды. 

    1917  жылы  19  сәуірде  Орал  қаласында  өткен  қазақтардың  облыстық 

съезінде  құрылған  Орал  облыстық  қазақ  (қырғыз)  комитетінің  төрағасы 

болып сайланды: 

    1917  жылы  21-28  шілдеде,  5-13  желтоқсан  аралығында  Орынбор 

қаласында  өткен  Жалпы  қырғыз  (қазақ)  съездеріне  қатысып,  соңғы  съезде 




құрылған  «Алаш-Орда»  үкіметінің  Халықтың-Республикалық  Советінде 

кеңес өкіметі орнағанға дейін Земстволық бастығы болды: 

    1918  жылы  мамыр-көкек  айларында  Ленин  мен  Сталиннің  қабылдауында 

Жанша Досмұхамедұлы екеуі болып, Қазақстан автономиясын құруға рұқсат 

және ақшалай 12 миллион сом қаржы алды: 

    1918 жылы мамыр айында, дербес «Ойыл уақытша үкіметін» құрды. 

    1918  жылы  11  қыркүйекте  «Ойыл  уалаятының  уақытша  үкіметі» 

таратылып,  оның  орнына  «Батыс  Алашорда  бөлімшесі»  құрылып,  оны 

басқару Жанша және Халел Досмұхамедовтерге жүктеледі. 

     1920  жылдың  басынан  бастап  «Алаш-Орда»  үкіметі  ресми  түрде  өзінің 

өмір  сүруін  тоқтатады.  Осы  кезден бастап  Халел  жаңа  үкіметтің  жұмысына 

таратылады. 

      1920  жылдан  бастап  Ташкенттегі  халық  ағарту  институтында  оқытушы 

болып және Орта Азия Университеті медицина факультетінің ауруханасында 

ординатор қызметтерін қатар атқарады.  

      1921  жылы  Түркістан  республикасы  Ғылыми  комиссиясының  төрағасы, 

1922  жылдан  бастап  Денсаулық  сақтау  Халық  комиссариатының  коллегия 

мүшесі,  1924  жылдың  20  қарашасынан  бастап  Денсаулық  сақтау  Халық 

Комиссариатының  Емдеу-Санитарлық  бөлімінің  меңгерушісі,  осы  жылдың   

18  сәуірінен  бакстап  оба  індетіне  қарсы  күресу  Орталық  Комиссиясының 

төрағасы жұмыстарын атқарды.  

     1923  жылы  «Талап»  қауымының  мүшесі  және  «Сана»  журналының  бас 

редакторы,  1925  жылдан  бастап  Қазақ  Мемлекеттік  Баспасы  Шығыс 

бөлімінің меңгерушісі болып істейді.  

     1926  жылы  Қазақ  педагогикалық  институты  ректорының  орынбасары, 

1927-1928  жылдары  Қазақ  мемлекеттік  университетін  ұйымдастыру 

комиссиясының  төрағасы,  1929  жылғы  1  қазанға  дейін  Университеттің 

проректоры болып жұмыс істеді.  

     Халел  Досмұхамедұлы  1924  жылы  Россия  академиясының  Орталық 

өлкетану  бюросының  мүше  корреспонденті  болып  сайланды.  1927  жылы 

доцент, 1929 жылы профессор құрметті атақтары берілді. 

    Ол  Ғалым  Академиясы  жанындағы  Өлкетану  орталық  бюросының 

корреспондент-мүшесі,  Қазақстанды  зерттеу  қоғамының  мүшесі,  Рабпрос 

одағының  ғылыми  қызметкерлер  секциясының  мүшесі,  Қазақстан  үкіметі 




жанындағы  терминология  комитетінің  төрағасы  сияқты  көптеген  қоғамдық 

жұмыстарды атқарды. 

     «Қызыл  террордың»  салдарынан  1930  жылы  14  қыркүйекте  Воронеж 

қаласына жер аударылды. 1935 жылы 15 қыркүйекте жазасын өтеп болғаннан 

кейін  сол  Воронеж  қаласында  1938  жылдың  28-шілдесіне  дейін  Воронеж 

қаласындағы  дәрігерлердің  білімін  жетілдіру  институтының  әлеуметтік 

гигиена  және  денсаулық  сақтауды  ұйымдастыру  кафедрасында  сабақ  беріп, 

қалалық  поликлиниканың  клиникалық  лабороториясының  меңгерушісі 

болып жұмыс істеді. 

    1937 жылдың зұлматы Халелді 1938 жылы 28 шілдеде Воронеж қаласында 

тұтқындап,  1939  жылы  23  көкекте  Алматы  қаласында  ату  жазасына  үкім 

шығарды. 

     Халелдің  зайыбы  Сағира  Жұмғалиқызы  Тоқтыбаева  1968  жылы  дүние 

салды. 


     Халелдің  балалары  –  Рабиға  (1909),  Әділхан  (Әлихан)  (1912),  Сәуле 

(1913),  Қарашаш,  Төле,  Дәметкен  (1928)  –  «халық  жауының»  балалары 

ретінде өмірдің қатігездігі мен қиыншылықтарын бастан кешіп, қабырғалары 

қайыспай,  тағдырларына  жазықсыз  душар  қылған  мұң  мен  зарды  қасқая 

тұрып,  қарсы  алып,  асыраушы да, демеуші  де,  сүйеуші  де,  ақылшы да бола 

білген  анасы  Сағираның  арқасында  білім  алып,  халқына  адал  еңбек  еткен 

шын мәніндегі асқақ жандар: 

                          

  Халел Досмұхамедұлы  - ғалым-дәрігер. 

     Халел  Досмұхамедұлы  үстіміздегі  ғасырдың  оныншы-жиырмасыншы 

жылдар  аралығында  Россияның  оңтүстігі  мен  Қазақстанның  батыстан 

жайлаған  оба  ауруына  қарсы  жан  аямай  күрес  жүргізді.  Ол  Ілбіші,  Темір, 

Тайсойңан  аймағының  халқын  оба  індетінен  түгел  қырылып  қалу  қаупінен 

аман алып қалуға зор үлес қосты. 

     1914  жылдан  бастап  «Қазақ»  газетінің  бетінде  түрлі  аурулардан 

сақтанудың  шаралары,  әр  дерттің  өзіне  тән  белгілері,  емделу  жолдары  мен 

қолданылатын 

дәрі-дәрмектердің 

түрлері 

жөнінде 


егжей-тегжейлі 

мағлұматтар берген ондаған мақалалары жарық көрді. 

      «Қазақ» газетінің 1994 жылғы №60, №602 6-сандарында оның «Жұқпалы 

аурулар»  атты  көлемді  мақаласы  жарияланды.  Обаға  қарсы  жүргізген 




жұмыстарының негізінде жазылған «Как бороться с чумой среди казахского 

населения»  атты  көлемді  еңбегі  (128бет),  1924  жылы  Ташкент  қаласындағы 

баспадан шықты. 

     Халел 1920 жылдан бастап Ташкенттегі Орта Азия университеті медицина 

факультетінің ауруханасында ординатор қызметін атқарды. 

    Ол  педагогтік  қызметімен  бірге  Қазақ  АССР  халық  денсаулығын  сақтау 

комитетінде  жоспарлау  ұйымдастыру  басқармасының  меңгерушісі  міндетін 

атқарды. 

     Х.Досмұхамедұлына  1927  жылы  доцент,  1929  жылы  профессор  атағы 

берілді. 

     1930  жылы  қыркүйек  айында  Воронеж  қаласына  жазықсыз  жер 

аударылған  ғылым-дәрігер  қаладағы  дәрігерлер  білімін  жетілдіру 

институтында  әлеуметтік  гигиена  және  денсаулық  сақтауды  ұйымдастыру 

кафедрасында 1937 жылға дейін еңбек етеді. 



Халел  - тарихшы. 

Халел  Досмұхамедұлы  1923  жылы  Ташкентте  Әбубәкір  Диваев  жинаған 

«Кенесары-Наурызбай»  жырына  түсінік  жазып,  жеке  кітап  етіп  шығарады. 

Халел  бұл  кітапқа  үлкен  зерттеу  деректер  негізінде  түсінік  берген.  Ондағы 

көздеген мақсатын төмендегіше баяндайды: 

     «Кенесары-Наурызбай»  дастанын  шығарған  ақын  Нысанбайдың  дастаны 

баспаға  басылмағандықтан  бұл  дастан  ел  ішінде  әртүрлі  болып,  өзгертіліп 

айтылып  жүр.  Әсіресе,  Түркістан  арасындағы  айтуында  көп  қателіктер  бар. 

«Ел ішіндегі айтылып жүрген өлеңдердің көбі қырғызды жамандап, мұқатып, 

кемітіп орынсыз қазақты мақтайды, екі рудың арасына орынсыз ала көңілдік 

кіргізеді», - деді.  

                  а) Нысанбай сөзінің дұрыстығын беру; 

                  ә) Мектептер үшін тарихи поэманың жақсы үлгісін беру; 

                  б) Бұл поэманың бізге жету шежіресін келтіру; 

                 в) Ел әдебиетінен жиналған сөздерді бастырып шығарудың үлгісін 

көрсету; 




                 «Кенесары-Наурызбай» 

поэмасында  кездесетін  адамдардың, 

жердің аттарына, түсініксіз сөздерге шолу берілген. Абылай хан, Қасым хан, 

Кенесары туралы қысқаша тарихи баяндама берген. 

             Ғалым  бұл  шолуды  жасағанда, біріншіден,  Шәкәрім  тарихын,  Ахмет 

төре  Кенесарыұлының  «Кенесары  Сыдық  төре  туралы»,  Түркістан,  Жетісу 

орыс  тілінде  жазылған  көп  кітаптарды  пайдаланған.  Екіншіден,  Қоңырқожа 

Қожықұлының  Мұхамметжан  Тынышбайұлының,  Жаңқараш  немересі 

Сатарқұл  Диқанбайұлының,  Ишанғали  Аралбайұлының,  Кенесары  немересі 

Әзімхан  Ахметұлының  және  т.б.  азаматтардан  алынған  мағлұматтарды 

пайдаланған. 

          Ғалым XVIII-XIX ғасырдағы «қазақтың  қозғалысының ең күштілері» - 

Сырым,  Исатай-Махамбет,  Кенесары  Қасымов  қозғалысын  зерттеп, 

«Таймвнұлы  Исатайдың  қозғалысы  турасында  қысқаша  мағлұмат»  деген 

тарихи еңбегін жазды.  

        Ғалым  «Исатай  көтерілісінің  соңы  –  69-70  жылдағы  ауа.  Бір  өшіп,  бір 

сөніп,  Исатайдың  жаққан  оты  қырық  жылдай  тұтанды.  Ақырында  ауада 

жалпылдап тағы жалындады...: 

       ...  Көтерілгендерінде  де  бірлік  болмады:  Бүтін  кіші  жүзге  бас  боларлық 

бір  адам  шыға  алмады.  Алаша,  Сейіл,  Байбақты,  Беркін,  Табын,  Алдаш, 

Дәуіт, шекті Есет, адай Иса секілді көтеріліске бас болған адамдар өз  руынан 

жоғары  көтеріле  алмады,  қанатын  кең  жаюға  бірінің  де  қолынан  келмеді»  - 

деп  кіші  жүздегі  бір  ғасырға  жуық  созылған  бұқара  халықтың  көтеріліс 

тарихына және оның қорытындысына ғылыми дәйектеме береді. 



Халел – әдебиетші, фольклорист, этнограф. 

Ғалым    тамаша  зерттеушілік  қабілетімен  «Шернияз  шешен»  (1925), 

«Бұхарадағы  Көгілташ  медресесін  салу  туралы  әнсана»  (1927),  «Самарқан 

қаласындағы «Тіллә-қари» мен «Ширдар» медреселерін салғызған Жалаңтөс 

батыр  шежіресі»  (1926)  атты  еңбектері  фольклорлық  аңыздар  мен  тарихи  , 

этнографиялық  деректерді  шендестіре  қарап,  халқымыздың  көне  тарихын 

зерттеуге өзіндік жол салды. 

       Халелдің фольклорлық тану саласындағы еңбектерінің ең шоқтығы биігі 

«Қазақ  халқының  әдебиеті»  (1928)  очеркі.  Мұнда  ол  ауыз  әдебиетінің 

түрлерін  тамаша  жіктеген.  Ол  –  фольклорды  этнографиялық  мәліметтермен 

біртұтас  қарауды  түсінген  алғашқы  ғалым.  Бұл  шығарманың  қазіргі 



ұлтымыздың  салт-санасы  қайта  орала  бастаған  кездегі  маңызы  бұрынғыдан 

да құнды бола түсуде. 

     Ғалымның  «Сана»  журналының  (1924  ж.  №2-3)  сандарында  жарияланған 

«Аруақтармен  айтысу»  атты  ауыз  әдебиетінің  сирек  кездесетін  үлгісін 

жарияласа, кейін осы айтыстың ең ежелгі түрінің шығу тегі, гинезисі туралы 

өз болжамын білдіруі де ғылым үшін өнеге. 



Халел – ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, рухани қазынамызды 

байытты. 

Ол  өзі  жинаған  материалдар  негізінде  «Мұрат  ақын  сөздері»  (1924ж), 

«Аламан»  (1926ж),  «Исатай-Махамбет»  (1925ж)  кітаптарын  алғы  сөзі  мен 

түсініктерін жазып, бастырып шығарды. Аталған үш кітап Махамбет, Мұрат, 

Ығылман, Қалнияз, тағы басқа көптеген ақындар мұраларын қайта бастыру, 

зерттеуге  байланысты  кең  пайдалынылып  келеді.  Елінің  елдігі  үшін 

халқының  рухын  асқақтата  көтеріп,  жол  бастаған  Исатай  мен  Махамбет 

сынды  батырлардың  есімдерін  ең  алғаш  рет  ардақ  тұтып,  сөзден  ескерткіш 

орнату, сол арқылы күллі қазаққа таныстырудың абыройлы үлесі де Халелдің 

еншісіне  тиді.  Оның  1924  жылы  «Сәуле»  журналының  («Қазақ  әдебиет  – 

білім  құрасымы»,  №3  «Ақжол»  газетінің  416-шы  санына  қосымша)  бетінде 

жарияланған.  «Қазақ  батырлары:  Исатай  мен  Махамбет»  деген  шағын 

мақаласы осының дәлелі. 

      Халел  –  Махамбеттану  ғылымының  негізін  салушы.  Ол  «Махамбет 

батыр» атты шағын зерттеу еңбегінде батырдың шыққан тегін баяндай келіп, 

«Махамбеттің  өзі  әрі  батыр,  әрі  жырау,  әрі  домбырашы  болған»,-деді.  «Өте 

қызулы  адам  болған  екен.  ...Махамбет  көпті  қыздырып,  көңілін  аударып 

ертетін адамның түрі болған». 

     Махамбеттің  жыраулығы  күшті  болған.  Көбі  жойылған.  Халел  «ел 

арасында  сақталған»  сөздерінен  «Мұрат  ақыннан  жазып  бергенін»  алған. 

Ғалым  қолындағы  «нұсқаларды  салыстарып  құрастырғанда,  баптарға 

бөлгенде бала күнінен осы сөзге құлағы қанық Махамбеттің еліндегі ақсақал, 

қарасақалдарына тыңдатып, солардың дұрыс дегенін пайдаланған». 

       Оның  қазақ  батырлары:  «Исатай-Махамбет»,  «Махамбет  батыр»  атты 

зерттеулерінде  қос  арысты  дүниеге  әкелген  туып-өскен  ортасы,  тұқым-

зәузаты,  елдің  саяси-әлеуметтік  тыныс-тіршілігі,  патша  үкіметі  мен  Жәңгір  

ханның екі жақты қанауына қарсы қол бастап, азаттық үшін халқын қарулы 

көтеріліске бастаған, сол жолда жанпида болған батырлар туралы жан-жақты 

баяндаған. 



       Ол  1924  жылы  Ташкентте  «Мұрат  ақын  сөздері»  кітабын  шығарған. 

Кітаптың  алғы  сөзінде:  «Қазақтың  тарихын  жазған  адам  Мұрат  секілді 

ақындардың сөзін тастай алмайды.  

        Мұрат  бір  жағынан  өткенді  білген  шежіре  болса,  екінші  жағынан 

халықтың  мұңын,  елдің  зарын  айтатын  әлеуметшіл  ақын,  әдебиет  тарихына 

Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе», - деп тұжырым жасаған. 

         Кітаптағы «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы және ол жырлаған 

«Қазтуған»,  «Шалгез»,  «Әттең  бір  қап  дүние-ай»,  «Қарасай-Қази» 

жырларында  кездесетін 248  атауларға,  олардың  ішінде 62 адам  есіміне,  186 

жер–су  аттарына  түсініктер  беріп,  олардың  жағрапиялық  орындарын 

көрсетуі, Халелдің топономиканы жетік білетіндігінің дәлелі болса керек.  

        Халел  халқымыздың  шежіресін  жасауда  үлкен  қызмет  атқарған. 

Кіші жүздің, оған кіретін Әлім (Әлімұлы) байұлы, жетірудың бірігіп, алшын 

болып аталатынын, елдің халқы өздерін «үш алшын» деп атайтынын жазған. 

      Ғалым бұдан әрі Кіші жүзді қоныстанған жиырма бес атаны түгендеп, әр 

рудың  Қазақстанның  қай  жерлерін  қоныстанғандығын  және  олардың 

ұрандарын көрсеткен. 

        Халел  –  лингвист.  Х.Досмұхамедұлы  –  қазақ  тілі  терминологиясының 

негізін  салған,  оның  фонетикасы  мен  емлесін,  әдеби  тіл,  әдебиет  тілі,  түрік 

тілдерінің  тарихы  туралы  ғылыми  талдаулар  жасап,  артына  өшпес  мұра 

қалдырған лингвист-ғалым. 

        Ғалым  1924  жылы  Ташкетте  «Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сингармонизм 

заңы»  атты  кітабын  бастырып  шығарды.  Ол  бұл  еңбегінде  «Сингармонизм 

деген сөз, қазақша айтқанда, үндестік, ұқсастық деген мағынада». 

         «Сингармонизм  түрік  тілінің  айрықша  өзіне  біткен  қасиеті.  ...  Біз 

«дауыстылар  гармониесі»  дегеннің  орнына  дыбыстар  гармониесі  деп 

айтқанды  дұрыс  көреміз.  Қазақ-қырғыз  тілінде  сингармонизм  заңына 

көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ» - деген тұжырымдар жасаған. 

          Халел  –  халқымыздың  рухани  дамуының  ғылыми  бағдарламасын 

жасап, іске асырушы. 1923 жылы Түркістан автономиялы республикасының 

астанасы  Ташкентте  «Талап»  қоғамы  құрылды.  Осы  қоғамның  алты  толық 

мүшесінің бірі болып Халел Досмұхамедұлы енді. Осы қоғам өз жұмысында 

ауқымды,  кезек  күттірмейтін,  халық  үшін  ең  зәру  төмендегідей  үлкен 

міндеттерді атқарды: 



             а) 

Қазақ-қырғыз  халқының  әдеби  тілін,  ғылым  атауларын 

(терминологиясын), емлесін, басқа мәселелерін тексеру; 

              ә) Сәулет өнерін (искусство) тәптіштеу; 

              б)  Қазақ-қырғыз  халқының  тарихын  һәм  саясатын  тексеріп 

қарастыру; 

              в) Қазақ-қырғыз мектептерінде оқыту мәселелерін реттеп жөнге салу; 

               г)  Қазақ-қырғыз  халқының  білім  қызметкерлеріне  Һәм  өнер 

қайраткерлеріне жәрдемдесу. 

              Халел Досмұхамедұлы «Қазақ-қырғыз халқының мәдени өркендеуіне 

жәрдем» келтіру үшін жоғарыда аталған мәселелердің өмірде шешімін табуға 

атсалысып  қана  қойған  жоқ,  осы  жұмыстың  ең  ауырын  жеті  жыл  бойы  өзі 

атқарды. Сөйтіп, туған халқына мәдениет шамшырағының шұғылалы нұрын 

төкті. 


                Халел-ғалым педагог, қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарын 

ұйымдастырушы.  Халел  1920  жылдан  бастап  Ташкенттегі  халық  ағарту 

институтында оқытушы болып жұмыс істеді. 

               1923  жылы  Түркістан  республикасының  қарамағындағы  ғылыми 

кеңестің төрағасы болды. 

              Сол  жылдан бастап  «Қазақ-қырғыз  білім  комиссиясына»  жетекшілік 

етті.  Қазақ-қырғыз  халқының  мәдениетін  дамыту  мақсатымен  құрылған 

«Талап» қауымының негізін қалаушылардың бірі болды. 

             Т.Жүргенұлы,  С.Садуақасұлы  бастаған  қазақ  қайраткерлерімен 

бірлікте  ұлттық  жоғары  оқу  орындарының  қажеттігін  дәлелдеп  сөз  сөйлеп, 

мақалалар жазды. 

            1929  жылы  қазан  айында  Ташкенттегі  пединституттың  негізінде 

Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды (қазіргі ҚазПУ). 

  Халел  бұл  оқу  орнын  ұйымдастыруға  белсене  араласып,  оның  тұңғыш 

проректоры болып тағайындалды. 

             Халел  1924  жылы  Россия  академиясының  Орталық  Өлкетану 

бюросының мүше-корреспонденті болып сайланды.  1927 жылы оған доцент, 

1929 жылы профессор атағы берілді. 




           Сол  кезеңде  жер-жерде  қаулап  ашыла  бастаған  қазақ  мектептерінің 

жаңа  жүйесін  құруға,  ұлттық  тілде  оқулықтар  дайындауға,  М.Жұмабайұлы, 

Ж.Аймауытұлы, М.Омарханұлы Әуезов және тағы басқалардың психология, 

педагогика,  әдебиет  оқулықтарын  жазуына  үлкен  ықпал  жасады.  Халел 

педагогикалық ағарту жұмыстарын қазақ тіліндегі оқулықтар шығару ісімен 

шебер  ұштастырды,  ана  тілінде  жаратылыстану  ғылымының  оқулықтарын 

жазды. 

           Халел  20-шы  жылдары  қазақ  еліне  ғылым  мен  білім  беру  жолында 



игілікті жұмыстар істеді. Қазақ даласында көшпелі мектеп-интернаттар ашу, 

оқу  құралдарын  шығару,  мұғалімдер  даярлау  және  сан-салалы  ғылым 

түрлерінің дамуына мұрындық болды. 

Халел – ана тілімізде тұңғыш жаратылыстану ғылымының 

оқулықтарын жазған ғалым. 

Ғұлама  ғалым  ана  тіліндегі  жаратылыстану  ғылымының  бастау 

кезіндегі  алғашқы  тырнақалды  еңбектерді  жазу  үстінде  алдына  қойған 

мақсаттардың жауапкершілігі туралы былай дейді:   

      «Қазақ  тілінде  бұңан  дейін  Ахметтің  «Тіл  –  құралынан»  басқа  ешбір 

ғылым  жайында  жазылған  кітап  болмады.  Алдымызда  үлгі  болмаған  соң, 

ғылым  кітабын  жазу  деген  өте  қиын  болды.  Қазақ  тілі  ғылым  жолына 

шалынбаған,  сөздері  ғылым  ретіне  қарай  жөндікпеген  тіл.  Сондықтан  қазақ 

тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді. Ғылымды 

өз  тілімізге  аударғанда,  ең  керегі  ғылым  тіліндегі  атауларды  (термин) 

дұрыстап,  түсінікті  қылып  аудару.  Ғылым  тіліндегі  қолданылған  атауларды 

қазақ  тіліне  дұрыстап  түсінікті  қылып  аудару  өте  қиын  жұмыс.  Ғылым 

атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қиын болса да, өте мұқтаж 

нәрсе... Сондықтан алғашқы жазылған кітаптарда әсем қылып, сөздің жүйесін 

келтіріп  жазудан  гөрі,  ғылым  атауларына  лайықты  атақ  тағу  жағып 

қарастыру керек дейміз». 

         Осы  алғашқы  аса  жауапты  да,  күрделі  де,  қиындығы  да  мол  игілікті 

жұмысты  қазақ  тарихында  тұңғыш  рет  Х.Досмұхамедов  дүниеге  келтіріп, 

қазақ  оқырмандарына  ана  тілінде  жаратылыстану  ғылымының  төл 

шығармаларын  оқып  меңгеруіне  жағдай  жасады.    Оның  «Жануарлар»  атты 

кітабының  бірінші  басылымы  1922  жылы  Ташкентте  35000  данамен  жарық 

көрді.  Кейін  осы  кітап  1927  жылы  Қызылорда,  Мәскеу  қалаларында  екінші 

рет басылды. Одан кейінгі кітаптары «Табиғат тану» (1922), «Оқушылардың 

саулығын  сақтау»  (Ташкент,  1925ж.,  303  бет),  «Адамның  тән  тіршілігі» 




(қазақша-орысша  жаратылыстану  сөздігі,  бірінші  басылымы  1927  жылы 

Қызылорда-Мәскеуде басылған), «Сүйектілер туралы» (1928 ж. 228 бет). 

      

       Халел – қазақ жазуы тарихында латын әліпбиін тұңғыш енгізуші.  

Халел    Еуропаның біраз  халқының  тілдерін  жақсы  білген.  Ол  «Қазақ-

қырғыз  тіліндегі  сингармонизм  заңы»  атты  ғылыми  еңбегіндегі  араб-парсы 

сөздерінің  тілімізге  ену  тарихын  талдай  келіп,  «соңғы  заманда  әдебиет 

тілімізге  жапа-тармағай  кіріп  жатқан»  Аурупа  (Еуропа)  тілдерін  бірнеше 

топқа  бөліп,  оның  ішінен  «бізге  керегі  мына  үшеуі»  -  роман,  герман, 

ислабиан  (испан)  тілдерін  жіктеген.  Сол  сияқты  әр  топтың  ішіндегі  тілдің 

бір-біріне  жақындығын  түрік  тілдерінің  (ноғай,  қазақ,  қырғыз,  өзбек, 

түрікпен, оспан) жақындығындай екендігін дәлелдеп, бұл тілдердің емілесіне 

талдау жасаған. 

          Халел  латын  тілін  жетік  білген.  Сол  заманда  оқу  орындарында  латын 

тілі негізгі пәндердің бірі ретінде оқытылды. Халел 1931 жылы қыркүйектің 

14-і  күні  ОГПУ-дің  тергеушісіне  жазып  берген  құжатта  ол:  «1903  жылы 

Петербург  медициналық  академиясына  латын  тілінен  қосымша  емтихан 

тапсырып түстім...»-дейді. 

          Шынында  да  латын  тілі  медицинада  ең  негізгі  пәндердің  бірі  болды. 

Барлық  дәрі-дәрмек,  тіпті  қолданылатын  кейбір  құралдарға  дейін  латын 

тілінде  жазылған. 

           1924  жылы  Орынборда  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов, 

Е.Омаров,  Н.Төреқұлов,  Т.Шонанов  т.б.  зиялылар  қатысқан  білімпаздардың 

тұңғыш  съезіне  Түркістан  оқу  комиссариаты  атынан  өкіл  болып 

Х.Досмұхамедұлы  қатысқан,  ғалым  алғашында  латын  әліпбиіне  көшуді 

қолдамаған.  Бірақ  бұрынғы  КСРО  халықтарының  орталық  баспа 

басқармасының  төрағасы  Нәзір  Төреқұловтың  тапсыруымен  латын  әліпбиі 

негізінде  жасаған  жобасын  «Ақжол»  газетінде  жариялаған.  Бұл  жөнінде 

Халелдің съезде сөйлеген бір сөзінде: «Менің латын әрпін алуға қарсы екенім 

рас.  Бірақ  ол  (бұл  жерде  Н.Төреқұловты  айтып  отыр  Қ.Ж.),  латынға  қарсы 

екенімді біле тұра маған латын әріптерінің жобасын жазып беруге тапсырған 

соң сол жобаны жасағаным рас», - дейді.  

             Сол  кезде  латын  әрпін  қолдап жүрген  талай  тіл  мамандары  тұрғанда 

бұл жауапты істі Х.Досмұхамедұлына тапсырылуы тілші ғалымдардың оның 

бұл саладағы білімдарлығына берілген аса жоғары баға еді. 




              Халел  –  журналист,  аудармашы,  баспагер.  1913  жылдан  бастап 

Халел  қолына  қалам  алып,  баспасөзге  араласты.  Ол  осы  кезде  «Орал», 

«Пікір», «Қазақ» газеттеріне үзбей мақалалар жазып тұрды. 

              Халел «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет-

журналдардың  беттерінде  тіл,  халық  ағарту,  тарих,  дәрігерлік-емшілік 

мәселелері  туралы  ғылыми  маңызы  зор  мақалалар  жазды.  Ол  қырғыз-қазақ 

комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, оның редакторы болды. 

             1923  жылы  Түркістан  мемлекеттік  ғылыми  баспасының  бөліміне 

жетекшілік етті.  

             Халел  профессор  Поливановпен  бірге  «Сұлтан  Кенесары  тарихына 

қосымша  материал»  кітапшасына  (1923  ж.)  және  «Қыз  Жібек»  (1923  ж.), 

«Кенесары-Наурызбай» (1923 ж.) жыр кітаптарын редакторлық етіп, баспаға 

дайындады. 

              1923  жылы  «Қазақ-қырғыз  комиссиясының»  жанынан  «Сана» 

журналын  ашты  және  оның  шығарушысы  өзі  болды.  «Сана»  халыққа  білім 

беруде  алдына  елу  екі  бағытта  жұмыс  істеуді  мақсат  еткен  және  оның 

көпшілігін орындаған. 

               Ол  сонымен  қатар  ғылыми-танымдық  өресін  кеңейту  мақсатында 

Ю.Вангерьдің  «Рассказы  о  том,  как  устроено  и  работает  наше  тело» 

(Денелеріміздің түзелуі мен жұмыс қылуы, 1924), «Рассказы о том, как живут 

и устроены растения» (Өсімдіктердің  тіршілігі мен түзелуі туралы әнгімелер, 

1924)  кітаптарын  аударды.  Өзі  1918,  1924  жылдары  «Как  бороться  с  чумой 

среди казахского населения» деген кітабын орыс тілінде жазды.  

            Халел – терминологияның тұңғыш негізін қалаушы. Халел 1923 жылы 

«Қазақ-қырғыз  білім  комиссиясын»  басқарды.  Ол  1924  жылы  Орынборда 

өткен  қазақ  білімпаздарының  тұңғыш  съезінде  оқу  пәндерінің  атаулары, 

оларды қабылдау және бекіту жолдарын ұсынды.  

            Ол: «Бүгін қазақ халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім 

кеңесінің жанында пәннің мамандарынан сайланған комиссиялар болу керек. 

Пән  сөздері  әуелі  пән  комиссиясының  сынына  түсіп,  оның  қабылдап  алған 

сөздері баспасөз жүзінде жарияланып көптің талқысына түсуге тиіс. Ол пән 

сөздері  сонан  соң  ғана  барып  білім  кеңесінің  қарауына  түсіп,  бекітіліп 

шығуға  тиіс»,  -  деп  ұйымдастыру  жағынан  бірден-бір  дұрыс  жол  ұсынды. 

Кейін  Халелдің  бұл  ұсынысы  қабылданып,  терминком  құрылып,  ол  күні 

бүгінге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді. 



            Халел  тілімізге  енетін  кірме  сөздер  туралы  құнды  пікірлер  айтқан: 

«Жат  сөздерді  қолданғанда  өзгертпестен  алып,  бастапқы  жат  қалыбымен 

тілге сіңіреміз дегендік – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге 

орасан зиян келтіреді.  

          ...  Зорлықпен  кіргізген  жат  сөздер  елдің  түп  қазығы  болған  тілді 

бұзады». 

            Халел  қазақ  ақындарына  былай  деп  кеңес  береді  «Ақындық  – 

табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері.  

         ...  Тілді  бұзбай  ұстарту,  шеберлету,  байыту  ақындардың  мойындарына 

артылған зор борыш». 

             Халел  –  ана  тіліміздің  жанашыры.  «Тіл  –  жұрттың  жаны.  Өз  тілін 

өзі білмеген ел ел болмайды. ... Тілінен айрылған жұрт жойылған жұрт». 

            «Ана  тілін  білмей  тұрып,  жәй  тілді  еліктей  беру  зор  қате.  Бұл 

оқығандардың һәм оқушылардың есінен шықпауы керек». 

             «Бөтенше  жақсы  сөйлеймін  деп  мақтану  керек  емес,  ойлаңқырау 

керек». 


              «Ана тілін жақсы біліп тұрып бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, 

ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл күйініш». 

              «Әдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп, - деген ол – мектеп пен 

баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; 

мектеп  пен  баспадан  қолданған  тіл  шатасқан  тіл  болса,  ол  ел  –  сорлы  ел, 

мұндай елдің тілі бұзылмай қоймайды». 

                Ол 

өзінің  еңбектерінде  қазақтың  шешендік  өнерін,  өлең 

құрылысын, «сөздердің туралығы мен дәлдігін, айқындығы мен әуезділігін» 

сөз  етеді.  «Нысанбай  тілі  нағыз  үлгі  боларлық,  ал  Мұраттың  тілі 

әдебиетімізге  негіз  болған  ел  әдебиетінің  тілі»,  -  деп  Нысанбай  мен  Мұрат 

ақындардың тіліне жоғары баға береді.  

              Халел  –  пилоглот  ғалым.  Халел  түрік,  моңғол,  алтай  тілдерінің 

тумаластығы  туралы  пікір  айтуы,  Еуропа  тілдерінің  классификациясын 

келтіріп,  герман,  славян,  роман,  испан,  француз,  ағылшын,  латын,  араб 

тілдеріне байланысты мәлімет беріп, олардың сингармонизм Заңына бағынуы 

туралы терең талдау жасауы ғалымның ол тілді жетік білгендігінің куәсі. 



               Ғалым 1923 жылы «Шолпан» журналының №3-5 сандарында «Түркі 

тілдері туралы» деген көлемді мақаласын жариялады. 

             Халел атақты шығыстанушы М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» 

атты  еңбегін  тұңғыш  зерттеууі,  «Құдатқу  білік»,  «Жамиғат  тауарих», 

«КодексКуманикус»,  «Китаб  ал-Ирак»  .б.  ескерткіштерді  сөз  етуі  көне  араб 

тілін жетік білгендігінің айқын айғағы.  

            Ғалымның  М.Қашқаридың  араб  тілінде  жазылған  мың  беттік  еңбегін 

және  сол  кезде  ешбір  түрік  тіліне  аударылмаған  осы  ескерткішті  талдауы 

араб  тілінен  бейхабар  адам  түсіне  бермейтін  фи  ал-жумла,  ләһже,  қатғи, 

иқтисади, ижтимайн, мұнасаоты сияқты толып жатқан сөздердің автордың өз 

сөзінде қолданылуы асқан ғұламалығын көрсетеді.  Халелдің бұл тілді жетік 

білгендігі  соншалық,  ол  бұл  еңбекті  оқып  қана  қоймай  бастырушылардан 

кеткен қателіктерді де көре білген, және оларды тізіп берген. 

            Ғалым  түрік,  немес,  француз,  испан,  араб,  ноғай;  қырғыз,  өзбек, 

түрікпен, латын тілдерін білгендігін оның ғылыми еңбектері дәлелдеп отыр.  

            Халел – «жеті жұрттың тілін білген» полиглот ғалым. 



            Халел  аламандық  туралы.  «Ел    әдебиетімен  танысқанда... 

бадырайтып, көрінгеннің бірі-аламандық» - деп жазды ол, - көптің пайдасын 

ойлай  тұрса  да,  бүгін  жұрттың  қамын  жей  тұрса  да,  өзінің  мән-мекендігін, 

көп күшін құрбан қыла алмайтын, өз дегенін күшпен орындайтын, өз басын 

артыққа  санап,  сөзін  сөйлеп,  соңына  ермегендерді,  қарсы  тұрғандарды, 

түсінбегендігінен, ақылсыздығынан қылды деп білетін, көңіліне жақпаса өзі 

қойған  бастығының  бұйрығына,  өзі  қалаған  лекет  сезімі  кем,  мен-мендік 

сезімі өте күшті құрлықты аламандық дейміз. 

            Аламан  деп,  тәртіпке,  жолға,  низамға  көнбейтін,  өз  дегені  болмаса 

басқаны елемейтін топты айтады. 

           Осы  күнгі  қазақта  аламандық  бар  ма?  Жоқ  деп  айтуға  болмайды. 

Қалың  қазақтың  арасында  аламандық  мінез  толып  жатыр.  Бірақ  түрлі 

себептермен аламандық өзгерулі. 

           Жаңа  әлеуметтілікті  тура  жолмен  жасау  үшін  елдің  бұрынғы,  соңғы 

әлеумет мінездерін тексеру керек. 

            Ең  алдымен  тексеретін  нәрсе  –  аламандық.  Аламандық  бар  жерде 

нағыз  әлеуметтік  тұра  алмайды.  Шын  әлеуметтік  орнаған  жерде  аламандық 



та бола алмайды. Әлеуметтіліксіз қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға 

мүмкін емес. 

           Қазақтың  оқығандарының  бәрі  елден  шықты.  Қазақтан  шыққан 

оқығандардың өзінде аламандық мінез бар ма? Жоқ па? 

          Бұл – өз алдына тексерілетін бір үлкен мәселе.  

           Ғалымның  көтерген  гуманистік  осы  пікірі  тап  қазіргі  кезеңде  ең 

маңызды,  ең  қажетті,  ең  мән  беретін  және  осы  бағытта  батыл  іс-қимылдар 

жасап, қиян-кескі жан аямай күрес жүргізетін, тарихи толғағы пісіп жеткен, 

мезгіл  өткізіп  күтуді  көтермейтін  күрделі  мәселе  болып  отыр.  Тәуелсіздік 

алып,  егеменді  ел  болдық  дегенмен  дәл  қазір  қазақ  елінде  аламандық  етек 

алып кетті. Аламандық тізгін алса ел елдігінен айырылады. 

              

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


                                 Халел Досмұхамедовтың өміірі мен  

                           Қызметін оқытудағы мұғалімнің шеберлігі: 

                                 Ізденістері, әдістері, берер тәрбиесі 

          Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасы қазақ зиялыларын оқытуды 

қарастырып  отыр.  Олардың  ішінде  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Ахмет 

Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Аймауытов 

т.б.  бар.  Бір  ойластырылмаған  жай  –  ақын  жазушылар  шығармаларын  өту 

кезінде  Х.Досмұхамедов  туралы  сөз  болуы  керек-ақ.  Өйткені  Халел 

М.Жұмабаевты  қолдап,  оның  еңбегіне  баға  беріп,  Мәскеуде  оқуына 

степендия алып, жұмысқа орналасуына көмектескен. Ал М.Дулатовпен қазақ 

демократиялық  партиясын  құруға  ат  салысқан.  Әйтсе  де  Х.Досмұхамедов 

есімі  аталмай,  оқытылмай  отыр  деуге  болмайды.  Бастауыш  кластардың 

оқулықтарында  аты  аталмаса  да  мұғалімдершеберлікпен  қиыннан 

қиыстырып,  атақты  ғұлама  туралы  түсінік  болып  келеді.  Мысалы,  жоғарғы 

класс  мұғалімдері  Байжанова  Айгүл,  Уәйісова  Нұргүл  (  №30,  №16  мектеп 

Атырау  қаласы)  қазақ  әдебиеті  сабақтарында  ақын-жазушылардың  

шығармаларын өткен кезде байланыстыра қолдануда. Бастауыш сыныптарда 

Ибраева Гүлмира (Қызылқоға ауданы), Серікбаева  Мұстахима, Хасанғалиева 

Қалжан,  Құбашева  Нәбира  (Индер  ауданы),  Әндірбаева  Гүлайым,  Құлтаева 

Қамария,  Сәрсенова  Зарипа,  Құспанова  Зоя  (Атырау  қаласы),  Байменова 

Гүлбағида  (Құрманғазы  ауданы),  Жүгінісова  Дариға,  Хайдарова  Гүлжан, 

Ғаббасова  Зульфина  (Исатай  ауданы),  Есенғалиева  Бибігүл  (Махамбет 

ауданы) өз сабақтарында бұл жұмысты ұқыптылықпен жүргізуде.  

       Халел  туралы  оқыту,  әсіресе,  салыстырмалы  түрде  оқыту  оңай  шаруа 

емес.  Халел  туралы  бастауыш  класс  оқулықтарында  ешбір  деректер  жоқ 

екенін  алдында  айттық.  Бірақ  оны,  оның  еңбегін  таныстыру,  түсіндіру,  үлгі 

ету парыз. Оқыту бағдарламаларына сүйене отырып, мұғалімдер күнтізбелік 

жоспарын мына үлгіде құрады. 

  

Р/с  Тақы- 



рып- 

тар 


Бағдар 

лама- 


лық 

талап 


Ізден- 

істер 


Қосым 

ша  


матери 

алдар 


Жұмыс 

түрі 


Пән 

ара- 


лық 

бай- 


ланыс 

Сағат  


саны 

Орын 


дала 

тын  


құны 

       Мұғалім  осындай  ретпен  жасалған  жоспар  негізінде  қандай  жұмыстың, 

қай  бағытпен беріліп отырғанын күнілгері біле отырып, оқушылардың Халел 



және  оның  еңбектерін  ізденуіне  тапсырмалар  береді.  Мысалы,  3-класта 

Халелмен аралас болып, бір бағытты ұстанған Міржақып Дулатовтың «Күз», 

«Қоян»,  «Қош  келдің,  Наурыз»,  «Шілде»  шығармалары  берілсе,  4-класта 

М.Жұмабаевтың  қысқаша  өмірбаяны  мен  «Өткен  күн»  шығармасы, 

А.Байтұрсыновтың  «Тарту»  өлеңі  алынған.  Мұғалімдер  Халелдің 

шығармаларын  аты  аталған  тақырыптармен  байланыстыра  алмаса  да, 

олардың  есімдерімен  ұштастырып,  шәкірт  ұғымын  байытып  отырады. 

Өйткені  қазақ  Конституциялық  партиясы  құрылып,  оның  программасы 

«Пікір»  газетіне  1905  жылы  25  желтоқсанда  жарияланғанда  оған 

Ә.Бөкейханов,  А.Бірімжанов,  Б.Қаратаев,  Ш.Қосшығұлов,  А.Байтұрсынов, 

М.Түватуллин,  М.Тынышбаевтар  қатысады.  Сол  сияқты  М.Жұмабаевқа 

Халелдің  көмегі  көп  болған.  Ол  Мағжанның  «Көркемсөз  өнерінің  

хрестоматиясы»,  «Қазақ  көркемсөз  өнерінің  қисыны»  шығармаларын 

жоспарға  енгізіліп,  жарық  көруіне  қолдау  жасауы  осының  дәлелі.  Сонымен 

бірге  ол  Мағжанды  «Ол  біздің  болашақ  Пушкиніміз»  деп  таныған.  Мағжан 

есімі аталған кезде Халел атынан аталуға тиісті екені осыдан. 

          Халелді таныстыру кезінде мұғалімдер мына жоспар бойынша 

әңгімелер өткізіліп келеді: 

1.  Халелдің оқуы.  

2.  Студеттік кездері. 

3.  Атқарған жұмыстары (Дәрігерлік, ұстаздық жұмыстары). 

4.  Шығармалары (Әдеби және сын мақалалар). 

5.  Халел шығармалары жарияланған басылымдар.  

6.  Сыни пікірлері. 

7.  Саяси көзқарасы. 

8.  Халел өмірінің қиын кезеңдері. 

9.  Халел ұрпақтары. 

10. Халел атының құрметтелуі. 

       Бұл жұмыстарды бірден айта салу бала ұғымына ауыр, сондықтан оны 

бірнеше сағатқа бөліп, жоғарыда айтылған тақырыптармен байланысты өту 

ыңғайлы болмақ. Ол үшін мұғалімдер модульдік жоспарлау әдісін  

қолдануда. 



Кіріспе 

сабақтар. 

«Халел Досмұхамедовтың ата-анасы, туған 

жері дүниеге келген, тәрбие алған ортасы». 

-  Халел туралы мұғалімнің кіріспе 

әңгімесі. 

-  Өлкетану мұражайына саяхат. 

    2 сағат 



(Осы бөлімде Халел туралы ізденіске 

тапсырмалар беріліп, оны қайтадан табуға 

болатыны айтылады.) 

 Халел туралы мақалалар мен әңгімелер, 

кітаптар көрмесін ұйымдастыру. 

Сұқбат      

бөлімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОБЕ. 

(Оұушы 

білімін 

есепке алу). 

Нобайлау стратегиясын қолданып, 

ізденістері, саяхаттан көргендері бойынша 

әңгіме жобасын еркін түрде жазу. 

 

-  «Қайта қарау» стратегиясын 



қолданып, жазғандарын 

толықтырады. Бір-біріне оқиды. 

Пікірлеседі. 

 

-  Әңгімені редакциялау, 



көркемсөздерді қолдану, басы артық 

сөздерді алып тастау, сөздерді 

алмастыру, тыныс белгілерін қою 

стилистикасына назар аудару. 

  Халел бейнесінің жасалуына зейін қою. 

 

-  Жарыққа шығару жұмыстары (газет 



шығару, буклет жасау, альбом 

құрастыру жұмыстары). 

-  Халел Досмұхамедов еңбектерінің 

тізімін жасау. 

 

-  Халел ұрпақтарын анықтау. 



 

 

 



-  Халел атының ардақталуынан 

шығарма жазу және оны талдау, 

оқушы біліктілігіне баға беру. 

1 сағат 


 

 

 



1 сағат 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1 сағат 

 

 



1 сағат 

 

 



1 сағат 

 

 



 

1 сағат 


       Осы жұмысты жүргізер алдында мұғалім мынадай мәселелерді 

топтастырып алады. 

   

 

 



Темір уезіндегі                                                  Оралдағы әскери-реалдық 

 Орыс-қазақ мектебі                                                            уилище 




             

                                             

 

 

                   Императорлық Әскери-Медициналық Академия 



 

Социал-революционерлердің                       Социал-демократтардың шаруалар, 

Көзқарастарымен танысуы                             жұмысшылар туралы пікірлерін, 

                                                                                жұмысшылар туралы зерделеуі 

 

Қанау, қаналу ұғымдарды өмір                           



Болмыстарымен салыстырып 

үйренуі 


 

 

 



 

Атақты физиолог Иван                                   

Петрович Павлов                                                Шығыстанушы ғалым-академик   

                                                                                                     В.В.Радлов             

Қазан лингвистика ғылымының           Шығыс тарихының білгірі 

В.В.Бертольд                                                                              негізін салушы 

академик Бодуен  де Кургенмэн                                                                            

 

 



 

      Студент кезінде  

Ұлы ғалымдармен таныс                   

болуы 


Халелдің оқуы 


 

Жаһаншаһ Сейдалин                                                      Халел Досмұхамедов 

 

Бақытжан Қаратаев                                                            Әлихан Бөкейханов 



 

 

 



 

Міржақып Дулатов                                                          Барлыбек Сыртанұлы  

 

Мұхамеджан Украин                                                                А.А.Кустов 



Тынышбайұлы  

 

 



Халел Досмұхамедов                                                                 Еврей 

В.Жаботинский  

 

Дәрігерлік                                                        Ресей Білім Акдемиясының мүше-  



                                                                                  корреспонденті, профессор 

Білім комиссиясының                                             Мемлекеттің Ғылыми   

төрағасы                                                                          кеңестің төрағасы     

 

Қазақ Пединституты                                               Воронеж қаласында 



қоғамдық  

Мен университетін құру                                        денсаулық сақтау және 

гигиена 

Бес облыс зиялыларының 

ұлттық саяси ұйым құру 

туралы әрекеті                                                    

Автономист-федаралист 

одағын құруға қатысты 

Атқарған 

жұмыстары 




                                                                                      Институтында бөлім 

басқарушы 

     Оқулықтарды аудару                            Мектеп ашу 

 

 



Орыстың білім берудегі озық                                   Халыққа білім беру                  

Әдістерін талқылаудың керектігі 

 

Өзің оқығаның өзіңе                                                         Орыстардың білім,                                                                                                



мәртебе                                                                                  ғылымына сүйену 

 

Өзгені үйреткенің,                                                                       Метеп ашу                               



оқытқаның мәртебелі іс 

 

Тәрбие жолдарын игеру                                               Кітап жазу 



                                 

 

 



                                      Өзге тілдерін тәржімалау, тарату 

 

Оқушылардыңсаулығын сақтау                                            Адамның тән тірлігі 



Табиғаттану                                                                                Жануарлар 

(Зоология) 

«Қазақ оқушыларының                                                           «Исатай - 

Махамбет» Өсіп, дамуы» 

«Жаратылыстану                                                                      «Мұрат ақын 

сөздері» терминологиясының                                                                                             

орысша-қазақша сөздігі» 

«Халелдің 

тәржіман» 

газетін 


оқығаннан 

кейін түйгені 




Латын алфавитіне негізделген                                                   «Шернияз 

шешен»                                          қазақ алфавиті 

                                                                                                                  «Аламан» 

«Самархан қаласындағы                                                       «Бұхардағы 

Көгілтәш» Тіллә Қары мен Шардар                                                         

медресесін салу туралы медреселерін салғызған                                                          

әпсәнап                        Жалаңтөс батыр туралы» 

                                                                                         «Жас пионерлер мен 

оқушылардың                                 

                                                                                                                               

жазғы лагері» 

                                            «Өсімдіктің жаратылысы мен оның жұмысы 

туралы» 

                              Ю.Вагнер «Рассказы о том, как устроено и работаетнаше 

тело» 

 

                                                      «Оба қандай ауру?» 



«Оба құрты не?»                                                             «Обаның түрлері» 

«Оба қалай жұғады?»                                                      «Қазіргі оба 

                                                                                                 қайдан келген?» 

«Оба таралмас үшін                                                              «Обаның орындары» 

қандай шара қылу керек?» 

                                 «Обадан қалай сақтану керек?» 

 

Абайдың таңдамалары                                                      «Кенесары-



Наурызбай» өлеңдеріне 

«Қыз Жібек»                                                                              «Арифметика» 

«Жағырапия»                              «Әліппе»                        Оқу бағдарламаларына 

 

Халелдің шығармалары 



мен ғылыми еңбектері 

Аудармалары 

Оба ауруы туралы 

жазған еңбектері 



Сын пікірлері 


Рабиға (83 жасында                                                                  Ұрқия (ерте 

шетінген) қайтыс болған) 

Әділхан (1912-1970)                                                                          Сәуле (1916-

1978) 


 

 Төле (1929-1995)                                             Қарашаш (Тайжан) 1923 жылы 

туған 

Мұғалімдер Халел туралы сабақтарды өтіп болған соң шығармалар жазудың 



алдында алған білімдерін жинақтау үшін түрлі кестелерді пайдаланады. 

Олар: Венн диаграммасы 

 

   Халел                                                                                    Міржақып 



 

 

 



 

Халелге тән сапалар                                              Міржақыпқа қатысты сапалар 

                                       Екеуіне ортақ сапалар 

 

Білу үшін үйрену кестесі (БҮҮ): 



            Білетінім 

          Үйренгенім 

    Үйренгім келеді 

 

 



 

 

Халелдің 



ұрпақтары 


       Осы  жұмыстардан  кейін  мұғалімдер  Семантикалық  карта  стратегиясын 

қолдана  отырып,  өз  білгендерін  толық  қорытындылап,  деректі  әңгімелер 

жазады.  Әңгіме  жазу  кезінде  оның  есімінің  құрметтелуі  ерекше  атап 

көрсетіледі. 

         Халқымыздың  қалаулы  ұлдарының  өмір  жолдарын  ұрпаққа  үлгі  етіп 

ұсынуда ұстаздар еңбектерінің бір көрінісі осындай. 



жүктеу 202,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау