1.1 Дыбыс – фонема – графема
Сонымен
,
негізгі объектіміз жазба тілдің негізгі элементтері (әріп,
әліпби) және олардың жұмсалу жүйесі мен ережелері болғандықтан, ең
алдымен жұмыс аппараты ретінде жазу деген ұғымның деффенициясын
анықтап алуға тура келеді. Соңғы жылдардағы оқулықтардың бірінде
«жазу» ұғымына мына тәрізді анықтама беріліп жүр. «Письмо современная
наука о языке называет систему знаков, используемую для фиксации
звуковой речи» [11]. Осындай анықтамаға сүйенсек, жазу дегеніміз
«дыбысталған сөзді арнайы таңбалар жүйесімен хатқа түсіру» немесе
ауызша айтылған сөзді жазба тілге транспозициялау болып табылады.
Басқаша айтқанда, акустикалық сигналдарды оптикалық сигналға көшіру
(Л.Р.Зиндер… бет). Енді осы айтылған қағидаға сәйкес дыбысталған сөзді
(акустикалық сигналды) қазіргі жазуымыз бойынша оптикалық сигналға
айналдырып көрейік: [ат], [
у
от˚], [
у
өт˚′], [
й
ет′] т.б. Бірақ жазу тәжірибесінде
дәл бұлай жазбай,
ат, от, өт, ет
деп таңбалайтынымыз неліктен? Ауызша
сөздің дыбыстық жамылғысы мен хатқа түскен суреті неге сәйкес емес?
Сырт қарағанда, «жазуда негізгі дыбыстар таңбаланады да, негізгі
еместері еленбейтіндей» көрінеді. Әрине, бұлай деу – жазу теориясы
тұрғысынан жаңсақ түсінік. Өйткені тілдегі дыбыстарды «негізгі» және
«негізгі емес» деп бөлу лингвистикалық тұрғыдан қате пікір болып
табылады. Тілдік дыбыстардың «негізгі» және «негізгі емесі», «елеулі»,
«елеусіздігі» болмайды, тұтынушы үшін бәрінің мәртебесі бірдей.
Сондықтан жоғарыдағы сұраудың жауабын басқа тұрғыдан іздестіруге тура
келеді. Ол үшін бұл жерде алдымен тілдегі дыбыс дегеннің өзі не нәрсе
екенін пайымдап алу қажет. Сөз дыбыстары – «сөйлеу мүшелерінің күрделі
артикуляциялық қызметінен пайда болған акустикалық жаңғырық және сол
жаңғырықтың құлаққа шалынуы». Тіл дыбыстары – сөздер мен
морфемалардың өмір сүру формасы. Сөздің бір-бірімен ұласып жатқан
дыбыстар тізбегінен жеке дыбыстар тек фонемалардың өкілі және сол
фонеманың сөздегі нақты қолданысы ретінде даралана алады» [12] Міне,
мұндай пайымдарға қарағанда, сөздегі дыбыс – фонемалардың өкілі
(репрезентанты) болып табылады. Ал «фонема – тілдің мағыналық
тұлғаларын: морфемаларды, сөздерді құрайтын және оларды бір-бірінен
ажыратып тұратын тілдің дыбыстық құрылысындағы әрі қарай бөлшектеуге
келмейтін ең кішкене тұлға» [13]. Енді жоғарыда айтылған мысалдардағы
[ат], [
у
от˚], [
у
өт˚′], [
й
ет′] дегендегі [т], [т˚], [т˚′], [т′] дыбыстары <т>
фонемасының сөздегі нақты репрезентанттары, басқаша айтқанда
манифестанты. Сондықтан да «белгілі бір фонема белгілі бір дыбыстардың
класы, дыбыстардың типтері» делінеді. Фонеманың бір қасиетін
фонологиядағы «инвариант – вариант» теориясы тереңірек аша түсті. Бұл
қисын бойынша, фонема – инвариант, дыбыстар оның сөздегі (речь)
репрезентанттары варианттары деп танылады. Әр вариант (экземпляр)
инварианттағы мәнді белгілерді сақтай отырып түрленеді, әр экземплярда,
мейлі оның саны қанша болса да, әйтеуір инвариантқа тән қасиет сақталады.
Ал дыбысталған сөздің акустикалық жамылғысы хатқа түскенде, инвариант-
фонеманың варианттары емес, инвариант фонемалардың өзі «әріп» арқылы
таңбаланады. Міне, сондықтан да инвариант – фонема <т>-тың [т], [т˚], [т˚′],
[т′] вариант-репрезентанттары үшін бір ғана таңба алынады да
ат, от, өт, ет
болып жазылады.
Жазу
теориясымен
шұғылданушылардың
бірі
В.Хаастың
«…орфография является более удачной, если она отклоняется от
фонетической точной репрезентации речи» [13] деуі де сондықтан.
Тілдегі фонемалардың саны мен әліпбидегі әріп саны бірдей болуы
шарт. Бірақ мұндай сәйкестік бұрын-соңды ешбір тілдің жазу тәжірибесінде
кездеспейді деуге болады. «В принципе число букв алфавита может и
соответствовать числу фонем, однако такого положения нет, как будто, ни в
одном языке мира» [14]. Тілдегі фонемалардың саны әліпбидегі әріп
санымен сәйкес келмеуі, сондай-ақ тілдің тарихи даму барысында болатын
дыбыстық өзгерістерге байланысты бір әріп бірнеше фонеманы, немесе
бірнеше әріптердің тіркесі бір фонеманы білдіруі ықтимал.
Дыбыстық тіл мен жазба тілдің ең шағын тұлғалары – фонема мен
әріптің арасындағы күрделі қатынас жазу теориясында графема деген жаңа
бір ғылыми ұғымның пайда болуына себеп болды. Сонымен, графема деген
ұғым дыбыстық тілдің әрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы
фонема мен жазба тілдің әрі қарай бөлшектенбейтін ең кішкене тұлғасы
әріптің арасындағы қатынастың жиынтығы болып табылады. Басқаша
айтқанда, графема дегеніміз таңбаланушы (фонема) мен таңбалаушының
(әріптің) бірлігі болып табылады [15]. Бұл бірлікті былайша көрсетуге
болады:
Жоғарыда айтылған инвариант – вариант теориясы тек фонологияда
ғана емес, жазу-сызумен де байланысты қарастырыла бастады.
Инвариант-вариант теориясы тұрғысынан ауызша тілдің ең шағын
дыбыстық тұлғасы фонема-инвариант, ал оның сөздегі репрезентанттары –
тілдің дыбыстар-варианттар болып табылса, жазба тілдің әрі қарай
бөлшектеуге келмейтін ең шағын тұлғасы – графема-инвариант, ал оның
репрезентант-варианттары әріптер болып табылады. Жазу теориясындағы
бұл қағида жазу-сызудың жалпы жүйесін, ішкі құрылымын тереңірек жан-
жақты түсінуге негіз болады. Белгілі бір жазуға жалпы баға беру субъективті
не болмаса жеке бір фактілердің төңірегінде емес, осындай теориялық
негізден шығуға тиіс. Осымен байланысты қазіргі қазақ жазуын фонема-
вариант, вариант-дыбыс; графема-инвариант, вариант-әріп тұрғысынан
қарастырудың ерекше мәні бар.
Жазу – ауызша тілдің дыбыстық құрылымына табан тіреген жүйе
(система) десек, онда сол жүйенің өзіне тән ішкі құрылымы болады. Ал
құрылымның өзі тұрақты элементтерден және сол элементтердің өзара
қарым-қатынасынан тұрады. Ал жазба тілдің ауызша тілмен өзара
байланысты тек сыртқы байланыс емес, мысалы, жазба тіл ауызша тілдің
айнаға түскендей көшірмесі болса, бұл сыртқы байланыс қана болар еді.
Онда ешбір қиындық та болмас еді, айтыған сөзді сол күйінде бұлжытпастан
хатқа түсіруге болады. Ал, шындығында, бұл байланыс – ауызша тілдің де,
жазбаша тілдің де ішкі құрылымына, сол құрылымды құрап тұрған
элементтердің және олардың өзара ұйымдасқан қарым-қатынасы деңгейінде
болатын ішкі құрылымдық байланыс.
Ауызша тілдің дыбыс құрылымындағы мағынаға әсер ететін ең
кішкене тұлға-фонема, және осы тұлғаның (единицаның) субстанциясы
(материализациялануы), яғни сөз дыбыстары түрінде өмір сүруі;
фонемалардың жазба тілде субстанциялануы, яғни таңбалануы (графема), ол
таңбалардың билатериалдық сипатта болуы (мазмұны жағынан фонеманы
білдіруі, тұрпаты жағынан белгілі бір символ (сурет) түрінде болуы т.б.
ауызша тіл мен жазба тілдің байланысын анағұрлым тереңде, атап айтқанда,
құрылымдық элементтердің деңгейінде екендігін байқатады.
Қазақ тілі ауызша және жазбаша түрде қызмет етеді. Ал жазбаша тіл
болса, әуелде қазақ тілінің дыбыстық құрылымына табан тірей отырып,
өзінің жүйесін, құрылымын әрі қарай бекіте түсуге тиіс. Қалай дегенмен де,
ауызша тіл тәрізді қазақтың жазба тілінің өзіндік жүйесі бар. Ал бұл жүйенің
жақсы (қолдануға оңтайлы, икем, үнемді, бірізді т.б. деген мағынада), я
болмаса жаман (қолдануға қиын, икемсіз, бірізділік, үнемділік принцип
сақталмаған т.б. деген мағынада) деп бірден баға беруге болмайды. Мұндай
тұжырымға келу үшін алдымен, жоғарыда айтылғандай, ауызша тіл мен
жазбаша тіл элементтерінің (сөз дыбыстары, фонема, графема, әріп, әліпби)
өзара байланысын, қарым-қатынасын ішкі құрылымдық деңгейде қарастыру
қажет. Бірақ бұлай қарастырудың өзіндік тәсілдері көп. Біз бұл жерде қазақ
жазуының жүйесін «фонема-әріп», басқаша айтқанда, жазба тілде «фонема
әріппен таңбаланады» немесе «әріп фонеманы таңбалайды» деген әдеттегі
қағидадан басқаша жол ұстандық. Сөйтіп, қазақ жазуының жүйесін
«дыбыстарған сөз – фонема – графема – әріп» тұрғысынан қарастыруды
мақұл көрдік. Өйткені «фонемадан әріпке» деген қағида бойынша жазудың
лингвистикалық мәнін толық ашу мүмкін емес. Бұл қағида бойынша
фонеманың өкілі – «әріп» деп танылады. Ал фонема дегеніміздің өзі, бір
жағынан, абстракті единица. Олай болса, абстракт единицаны жазбаша қалай
таңбалауға болады? Міне, сондықтан жазу жүйесіне талдау жасауда бастау
алатын, табан тірейтін негізгі дерегіміз дыбысталған сөз болуға тиіс. Өйткені
фонема алдымен сөз дыбыстарында көрінеді. Сөйтіп, абстракті единица
сөздегі дыбыс арқылы материалға айналады. Фонема аллофон түрінде белгілі
бір дыбыстық құндақта өмір сүреді. Сөз дыбыстары фонемалардың ауызша
сөздегі манифистанттары болып табылады. Міне, сондықтан фонема ауызша
сөздегі өзінің дыбыстық құндағы арқылы танылады.
Сонымен, дыбысталған сөз сол күйінде бірден хатқа түспейді: алдымен
сөздегі дыбыстарды қай фонеманың өкілі (репрезентанты) екенін тани
отырып, жазушы акустикалық сигналды оптикалық сигналға көшіреді. Бұл
айтылған процесті схема түрінде былай көрсетуге болады.
1. Сөз (речь)
Достарыңызбен бөлісу: |