Графика. Орфография. Орфоэпия


-тапсырма. Кез келген мәтін үзіндісін алдымен баяу, сонан соң  жылдам қарқынмен оқып көріңіз.  К і д і р і с



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет142/152
Дата13.09.2023
өлшемі2,09 Mb.
#43345
түріМонография
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152
fce55c58e23c15bef10aa33237001bcc

2-тапсырма.
Кез келген мәтін үзіндісін алдымен баяу, сонан соң 
жылдам қарқынмен оқып көріңіз. 
К і д і р і с 
(пауза). Сөйлеу кезінде сөйлеуші тарапынан түрлі кідірістер 
жасалып, сөз ағымы үзіліп жатады. Сөз ағымының үзілген жерінде ешқандай 
дыбыстау болмайды. Мұндай үзілістердің барлығын кідіріс (пауза) деп 
атамаймыз. Белгілі бір тілдік, яғни мағыналық маңызды қызмет атқарып
тыңдарманның ақпаратты дұрыс қабылдап түсінуіне көмектесетін уәжді 
үзілістерді ғана кідіріс деп атаймыз. Дикторлар үшін кідірістің сан түрлі 
қызметін біліп, оны өз сөзінде дұрыс пайдалана алған аса қажет. Себебі 
интонация параметрлерінің ішінде ең әмбебап қызметтісі осы кідіріс болып 
табылады. 
Бұған дейінгі тараулардан кідірістің сөз ағымын мүшелеуге, яғни 
синтагмалар мен сөйлемдердің ара жігін ажыратуға, ой екпіні түскен сөзді 
ерекшелеуге қатысатынын аңғардыңыздар. Бұған қоса паузаның мөлшерін 
үлкейту немесе азайту арқылы сөз ағымы мүшелерінің бір-біріне 
ыңғайластық, қарсылықты, тәуелді, тәуелсіз т.б. сияқты қатынасын да 
көрсетуге болады. Егер 
Қыс ерте түсті // егін тез жиналды
деген сөйлемнің 
алғашқы синтагмасынан кейін үлкен пауза жасаса, онда синтагмалар өзара 
себеп-салдарлық қатынаста тұрады. Ал кідіріс мөлшері аз болса, екі синтагма 
ыңғайластық қатынаста тұрады. Жазба мәтінде бұл қатынас тыныс белгілері 
арқылы көрінеді. Тыныс белгілері мен кідіріс арасындағы сәйкестікті 
ғылыми тәжірибе жүзінде зерттеудің нәтижесінде қазақ тілінде жақша үшін 
кідіріс мөлшерінің әлі тұрақтанбағаны, ал басқа тыныс белгілері үшін келесі 
түрде 
(.) > (–) > (:) > (,) 
қалыптасқаны белгілі болды. Яғни сызықша тұрған 
жерде кідіріс үлкен болдаы да, үтір тұрған жерде елеусіз болады.
Сонымен бірге пауза бірыңғай мүшелердің, құрмалас (күрделі) сөйлем 
құрамындағы компоненттердің (жай сөйлемдердің) ара жігін ажыратады. 
Мысалы, Үйдің алдында ағаш төсек, тас мүсін тұр деген сөйлемді кідіріс 
жасау арқылы түрліше айтып, түсінуге болады: 
1) Үйдің алдында ағаш // 
төсек // тас // мүсін тұр; 2) Үйдің алдында ағаш төсек // тас мүсін тұр.
Бірінші сөйлемде пауза 4 бірыңғай мүшелердің ара жігін бөлсе, екінші 
сөйлемде екі бірыңғай мүше ажыратылған. Демек кідірісті сөйлемнің 
мазмұнына қарай дұрыс қою – маңызды. 
Паузаның мағыналық маңызды сөз бөліктерінің ара жігін ажырату 
қызметімен қатар сөйлеушінің көңіл-күйін, тыңдарманға деген ниетін білдіру 
фукциясы да бар. Егер сөз ағымының бір тұсында ой аяқталмай жатып 
сөйлеуші кідіріс жасаған болса, оның уәжді және уәжсіз екі себебі болуы 
мүмкін. Уәжсіз себебі сөз иесінің дұрыс тыныстамауымен, демінің жетпей 
қалуымен, сыртқы әсердің салдарынан сөзін тоқтауымен байланысты. Ал 
уәжді себебі көңіл толғанысын жеткізу мақсатымен, тыңдарманын ойлануға 
шақыруды діттеуімен, ерекше сезімін білдіру ниетімен байланысты. Мұндай 
паузаларды сөз иесі сөзінің кез келген бөлігіне қоя алады. Әдетте бұлар 


ерекше назар аударылған сөз бөлігінен кейін, не оның алдында болады. 
Мұндай кідірістерді 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау