Тақырып 1.8. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Дәріс мақсаты: Іс-ірекеттің құрылымы мен түрлерін анықтап көрсету
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Конструктивті іс-әрекет
Коммуникативті іс-әрекеті
Педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік маңызды іс-әрекеттердің маңызды бір түрі. Бұл іс-әрекет түрі құрылымы жағынан күрделі жүйені құрайтын іс-әрекет болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы үш бөліктен құралады: конструктивті, ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер.
Сызба 3. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Педагогтың конструктивті іс-әрекеті педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. Конструктивті сі-әрекет конструктивті-мазмұндық, конструктивті-оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады. Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау, сабақ, тәрбиелік шара жоспарын әзірлеу сияқты
іс-әрекеттерден құралады.
Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін жомпарлау, қолданылатын әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.
Конструкивті-материалдық іс-әрекет педагогикалық іс-әрекетке қажетті материалдық техникалық базаны құрастыру, ұйымдастыр түрінде іске асады. Яғни мұғалім сабағына қажетті техникалық, көрнекілік құралдарды әр түрлі жабдықтарды анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі әрі нәтижелі болуының кепілі деп айтуға болады. Мұғалім өзінің және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді.
Педагогтың ұйымдастырушылық іс-әрекеті конструкитивті іс-әрекеттің жалғасы деп айтуға болады. Мұғалім өзі құрастырып, өзі жоспарлаған іс-әрекеттеріннақты іс-жүзінде жүзеге асарады. Оқушыларды білі алу процесіне, тәрбиелеу процесіне ұйымдастырады. Олардың жүйклі білім алуын, олардың таным процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, әр түрлі тәрбиелік шараларды, балалар ұжымының іс-әрекетін, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты іс-әрекеттерін және т.б. шараларды ұйымдастырады. Бұл педагогикалық іс-әрекет құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекеті. Мұғалім оқушылармен, мұғалімдер ұжымымен, ата-налармен тиімді қарым-қатынас орнатаалуы керек. Коммуникативті іскерлік мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі маңызды құралы деп айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның тәрбиесін ұйымдастырады. Сондықтан да жақсы мұғалім болуы үшін педагогикалық қарым-қатынас құпияларын меңгеру маңызды болып табылады.
Бұл аталған педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдары өзара байланыстылықта, тұтастықта, бір жүйеде жүзеге асады. Оларды жеке-жеке алып қарағанмен, олар өзара тығыз байланыстылықта жүзеге асатын іс-әрекеттер.
Бақылау сұрақтары:
Конструктивті іс-әрекеті сипатта
Ұйымдастырушылық іс-әрекеті сипатта
Коммуникативті іс-әрекеті сипатта
Негізгі әдебиеттер:
1. Батурина Г.И., Кузина Т.В. Введение в педагогическую профессию.-М., 1999.-228с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Мамандыққа кіріспе – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
Қосымша әдебиеттер:
5. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов педагогических ВУЗов: в 2 кн.- М.: Гуманит.изд.центр-Владос, 1999.- Кн.1:Общие основы.-576с.
6. Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Оқу құралы.-Алматы: 2006.- 480с.
7. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
8. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
Тақырып 1.9. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері және атқаратын қызметтері
Дәріс мақсаты: Педагогикалық іс әрекеттің түрлерін және атқаратын қызметтерін сипаттап беру
Тақырыпқа арналған сұрақтар:
Педагогикалық іс-әрекет түрлері
Тәрбиелеу іс-әрекеті
Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары
Педагогикалық іс-әрекет күрделі, әлеуемттік маңызды іс-әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше іс-әрекет түрлерінен құралады. Төмендегі 4-сызбада педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көрсетілген.
Сызба 4. Педагогикалық іс-әрекет түрлері
Тәрбиелеу іс-әрекеті - бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған әлеуемттік тәжірибені мақсатты түрде алмастыруға және олардың тұлалық сапаларын, қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі басты іс-әрекеттердің бірі.
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған, танымдық іс-әрекеттерін басқаратын іс-әрекет түрі.
Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері көп болғаныдықтан оның атқаратын қызметтері де жеткілікті. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметерін келесі 5-сызбадан көруге болады.
Сызба 5. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері
Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын нәтижелі, әрі жүйелі ұйымдастыру үшін психологпен бірлесе отырып, оқушыларды әр түрлі әдістемелер бойынша зерттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жұмысты диагностикалық қызмет деп атайды.
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға бағытталған іс-әрекеті. Мұғалім өз іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық – педагогтың оқушылар меңгеретін білім мазмұнын таңдап, ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекетін жобалау, өзінің болашақ әрекетін және мінез-құлқын жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді.
Ұйымдастырушылық – педагогикалық процесті, оқушылар іс-әрекетін жүзег асыруға бағытталған іс-әрекет. Мұғалім нақты міндетерді анықтап, оларды ұйымдастыру формаларын таңдап, оқушлармен өзара байланыстылықты таңдап, өз іс-әрекетін ұйымдастырады.
Ақпараттық-түсіндірмелік – бұл өз іс-әрекетін қажетті ақпараттарды жинақта, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы – бұл мұғалімнің педагогикалық прцеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті.
Талдау-бағалау – бұл мұғалімнің педагогикалық процестің жеткен нәтижелерін мақсатпен салыстыруға, оның деңгейін анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге өзінің жіберген кемшіліктерін болашақта болдырмауға, нәтижелі жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық - педагогтың өз іс-әректін жетілдіре, дамыта түсуіне мүмкіндік беретін ізденіс жұмысы. Педагогтың зерттеушілік қызметі өзінің жеке зерттеу тақырыбы бойынша немесе оқушылардың ғылыми жұмыстарына басшылық жасау арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
Сызбадағы педагогикалық іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама бер
Тәрбиелеу іс-әрекетін сипатта
Оқыту іс-әрекетін сипатта
Негізгі әдебиеттер:
1. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А.Сластенин, И.Ф. Исаев и др.- М.: Школа-Пресс, 2000.- 512с.
2. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. Ин-тов/ Л.И.Рувинский, В.А.Кан-Калик, Д.И.Гришин и др.-М.: Просвещение, 1988.-208с.
3. Кукушкин В.С. Введение в педагогическую деятельность: учебное пособие.-М.-2005-256с
Қосымша әдебиеттер:
4. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 1990.- 141с.
5. Багаева И.Д. Учителю о профессионализме педагогической деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
6. Станкин Н.И. Профессиональные способности педагога: Ахмеология воспитания и обучения.- М.: Мосвовский психолого-социальный институт; Флинта, 1998.- 368с.
7. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М.: Педагогика, 1990.- 144с.
Достарыңызбен бөлісу: |