52
Сурет 3.9 - Ақпараттар теориясы түсіндірме сөздігіндегі мәліметтер
Дәл сол сияқты басқа түсіндірме сөздіктерді де жеке-жеке таңдап, ондағы
мәліметтерін көруге болады.
Ал, егер "Сөз іздеу" бөліміне кез келген бір сөз жазып "ОК" бассақ (3.10-
сурет), сол сөзді таңдалған сөздіктен тауып береді (3.11-сурет). Егер ол сөз жоқ
болса "Ондай сөз жоқ" деген хабарлама шығарады (3.12-сурет).
Сурет 3.10 - "Сөз іздеу" бөліміне сөз жазып "ОК" басу
53
Сурет 3.11 - Енгізілген сөздің сөздікте бар болуы
Сурет 3.12 - Енгізілген сөздің сөздікте жоқ болуы
Дәл сол сияқты басқа түсіндірме сөздіктерді де жеке-жеке таңдап,
енгізілген сөзді сөздіктерден іздеуге болады.
Егер "Сөз іздеу" бөліміне кез келген бір сөз жазып және екі немесе үш
сөздікті таңдап "ОК" бассақ (3.13-сурет), енгізілген сөз қай сөздікте қалай
түсіндіріліп тұрғанын көрсетеді. Егер енгізілген сөз бір сөздіктің ішінде
болмаса, сол түсіндірмелі сөздікте ол сөздің жоқ екені туралы хабарлама
шығады. Мысалы, "Ақпараттар теориясы түсіндірмелік сөздігінде бұл сөз жоқ "
(3.14-сурет).
Сурет 3.13 - "Сөз іздеу" бөліміне сөз жазып, екі немесе үш сөздікті таңдап "ОК"
басу
54
Сурет 3.14 - Енгізілген сөз қай сөздікте қалай түсіндіріліп тұрғанын көрсетеді
Ең соңғы "Толық түсіндірмелі сөздік" бастапқы үш сөздіктің бірігуі
арқылы жасалған сөздік, яғни бір сөз сөздіктердің тек біреуінде, екеуінде де
немесе үшеуінде де болуы мүмкін, бірақ олардың анықтамалары бірдей немесе
өзгеше болуы мүмкін.
Міне, "Толық түсіндірмелі сөздіктің" мақсаты сөздердің анықтамаларына
байланысты үш сөздіктен толық бір түсіндірме сөздік жасау болып табылады.
Мысалы, 3.15-суретте "жад" деген сөз үш сөздікте де бар, бірақ
"Телекомуникациялық технологиялар" мен "Компьютерлік логика" түсіндірме
сөздіктерінде анықтамалары бірдей, ал "Ақпараттар теориясы" түсіндірме
сөздігінде басқаша болғандықтан, анықтамалары әртүрлі екі сөз енгізілген, ал
"дің" деген сөз үшеуінде де бар және анықтамалары бірдей болғандықтан тек
бір рет қана жазылған.
55
Сурет 3.15 - Толық түсіндірмелі сөздік
Егер "Сөз іздеу" бөліміне кез келген бір сөз жазып және "Толық
түсіндірмелі сөздікті" таңдап "ОК" бассақ, сәйкесінше "Толық түсіндірмелі
сөздіктегі" мәліметтерді шығарады. Мысалы, 3.16-суретте "кіріс" деген сөз үш
сөздікте де бар, бірақ олардың анықтамалары әртүрлі.
Сурет 3.16 - "Сөз іздеу" бөліміне сөз жазып және "Толық түсіндірмелі сөздікті"
таңдап "ОК" басу
56
4 Тіршілік қауіпсіздігі
4.1 Өндірістік ғимараттағы еңбек шартын талдау
Жұмыс орны – белгілі бір жұмыспен немесе операциямен айналысатын
орындаушы немесе орындаушылар тобының еңбектік қызметі жүзеге асатын
жұмыс орны. Жұмыс орны қажетті жағдайда негізгі технологиялық
құралдармен, технологиялық жабдықпен, ұйымдастыру жабдықтарымен,
жұмыс жиһаздарымен, бақылауыш-өлшегіш құралдармен, сигнал беру және
байланыс құралдарымен жабдықталады. Қарастырылып отырған жұмыс
ғимараты Қызылорда облысында орналасқан.
Жұмыс ғимаратының сипаттамасы:
-
жұмыс ғимараты бір қабатты ғимараттың бірінші қабатында
орналасқан;
-
ғимарат типі: кеңсе;
-
жұмыс ғимаратының өлшемі: ұзындығы 4 м, ені 3 м, биіктігі 3 м;
-
ғимаратты шынылау – екі есе (бір терезенің өлшемі 2000х2000 мм);
-
жасанды жарықтандыру – шамдар: 3 шам, әрқайсысында 2
люминесценцияға негізделген лампалар;
-
қабырғалардың ішкі өңделуі – жарық;
-
танып білудің кіші объектісі 1-ден 5 мм-ге дейін болғандықтан,
ғимарат жұмыстың көру шарты бойынша V разрядқа жатады;
-
жұмыс түрі – компьютерде бағдарламалық қамтаманы өңдеу;
-
жұмысшы саны – 2;
-
жұмыс жасау уақыты – 8 сағаттан 5 күн;
-
жұмыс категориясы – жеңіл.
4.2 Есептеу техникасы бөлмесіндегі өндірістік ортаның
микроклиматы
Персоналды компьютерде жұмыс жасау кезінде ғимаратта температура
жоғарылайды және ауаның қатыстық ылғалдылығы төмендейді, ауаның иондық
және сапалық құрамы нашарлайды: ауаның құрамында органикалық заттар
және көміртегінің қостотығы артады. Осы себептерге байланысты
микроклиматтың 4.1 – кестеде келтірілген оптималды параметрлерін сақтау
керек. Сонымен қатар ауа райы жағдайына байланысты жұмыс орнын желдетіп
отыру керек, ұзақтығы 10 минуттан кем болмауы керек.
К е с т е 4.1 – Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды нормасы
Жыл
мезгілі
Жұмыс
категориясы
Ауа темпе-
ратурасы°С
Ауаның қатыстық
ылғалдылығы, %
Ауаның қозғалыс
жылдамдығы, м/с