42
қамтамасының ерте құрылуы кезеңінде SQL тілінің кейбір кемшіліктері
кесірінен, мысалы, сұраныстар және сыртқы кілттер, уақыт өте келе көптеген
сындар айтылды. Бірақ MySQL МББЖ құрылғаннан бастап лицензиялау
жағдайларына байланысты, жоғары жылдамдығына байланысты және қолдану
ыңғайлылығына байланысты бірден көзге түсті, сондықтан осылардың
арқасында көптеген қолданушыларға ие болды. Бұл МББЖ-нің кең өріс алуына
байланысты PHP, Java, Perl, Python сияқты тілдермен бірігіп, қолданысқа түсе
бастады. Қолданушыларды әсіресе бұл МББЖ мен жұмыс жасағанда тұрақты,
жақсы құжатталған модульдер мен кеңейтілулердің ұсынылуы қызықтырды.
MySQL МББЖ құрастырушылары 4.1 нұсқасынан бастап сұраныстар мен
сыртқы кілттерді енгізу арқылы қолданушыларды одан әрі өздеріне тарта
бастады.
MySQL негізі бірнеше программалардан тұрады. Бұл программалар
пакеті үнемі қосылып тұратын және бірнеше қосымша программаларды
қамтитын сервер компонентін құрайды.
MySQL-ді қолданудың бірнеше жолдары бар, бірақ дәстүрлі қолдану
келесілерден тұрады: MySQL серверімен байланыс, мәліметтер базасын таңдау
және МБ басқару үшін SQL тілін қолдану, яғни кестелер құру, мәліметтерді
қарау және т.б.
MySQL.exe консолі MySQL мәліметтер базасымен жұмыс жасауда
неғұрлым көп таралған аспап болып табылады. Дегенмен бұл программаның
қолданбалы интерфейсі қарапайым болғанымен, ол мәліметтер базасына
қатынас жасаудың төмен деңгейін ұсынады. Соған қарамастан оның
интерфейсін жақсылап біліп алған жөн, себебі: ол программалардың мәліметтер
базасымен қатынасына ұқсайды.
Мәліметтер базасын құру қарапайым түрде сипатталады. Ол үшін MySQL
командалық жолына келесідей жазу керек:
– mysql> create database dbname;
Телефондар тізімі әдеттегі қарапайым мәліметтер кестесін білдіреді.
Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Кестенің барлық жазбалары бірдей
элементтерден тұрады, олар өріс ( немесе кейде бағандар деп) деп аталады.
Кестенің барлық жазбалары бірдей өрістермен анықталған, кейде өрістерде
жазбалар әртүрлі мән қабылдауы мүмкін. Кесте өрістері ерекше түрде
анықталады. Кестелердегі мәліметтер базасын файлда сақтауына байланысты
компьютер әрбір өріске қаншалықты орын бөліну керектігін білу қажет,
сондықтан әрбір өрістің көлемі мен типін білу өте маңызды. Біз қарастырып
отырған мысалда бес өріс анықталған. id өрісі бүтінсанды тип болып табылады,
қалғандары жолдық тип.
МББЖ программалары мәліметтер базасын құру және басқару үшін
арнайы құрылымдық сұраныстар тілін (SQL) қолданады. Басқа тілдермен
салыстырғанда SQL тілі қарапайым және түсінікті. Мәліметтер базасын іске
қосу үшін USE командасын қолданамыз. Кестелерді құру үшін міндетті түрде
оның атын және өрістердің аттарын беру қажет. Әрбір өріс үшін мәліметтер
типін, символдардың максималды санын беру қажет. Толығырақ түсіну үшін
43
келесі мысалды қарастырайық:
Кестелерді құру үшін CREATE TABLE командасын пайдаланамыз. SQL
тілі өрістердегі мәліметтер типін өте қатал талап етеді. Тиімді мәліметтер
базасын құру үшін MySQL қандай өріске қанша байт бөлу керек екенін міндетті
түрде білуі қажет. Жалпы бұл талаптарды мәліметтер базасын құрушылар
береді, яғни типін және кестедегі әр өрістің көлемін. МБ базасын толтыруға,
өзгертуге немесе жоюға және т.б. көптеген командаларды орындауға болады.
SQL тілінде бұл командалар толық қамтылған. Осы командаларға толығырақ
тоқталып өтейік:
кестені өшіру: drop table КестеАты.
КестеАты кестесін өшіреді. Кесте міндетті түрде бос болудың қажеті жоқ,
сондықтан байқаусыздан құрамында ақпараты бар кестені өшіріп қоюдан сақ
болу керек.
Жазбаны енгізу: insert into КестеАты(ӨрісАты1 ӨрісАты2 ...)
values('мән1','мән2',...).
КестеАты кестесіне ӨрісАтыN деп белгіленген өрісті қосады, мұнда мән
N мәндеріне сәйкес келеді. Бұл командада аталып өтпеген өрістер
«анықталмаған» (анықталмаған мән – бұл бос жол емес, берілген жолда мәндер
жоқ екендігі) мәндеріне ие болады. Қайта көрсетілмеген өрісте кестені құрғанда
not null берілген жағдайда бұл команда сәтсіз аяқталады. Өрістер мәндерін
кәдімгі жақшаға алуға болады, бірақ мұнда апострофтарды қолданған
ыңғайлырақ сияқты. Кестеге бинарлы деректерді енгізгенде (немесе құрамында
слэш пен апострофтары бар) кейбір символдар кері слэштермен «қорғалуы»
тиіс, демек \, ' символдарыменжәне нөлдік кодты символдармен.
Жазбаны өшіру: delete from КестеАты where Өрнек.
КестеАты кестесінен Өрнек орындалған барлық жазбаларды өшіреді.
Өрнек параметрі – бұл РНР ережелері бойынша құрастырылған жай ғана
логикалық өрнек. Мысалға; (id<10) and (name regexp 'a*b') and (age=25).
Өрнекте өріс аттары, константалар және операторлардан басқа қарапайым
«есептелетін» бөліктер де кездесуі мүмкін, мысалы: (id<10+11*234).
Жалпы айтқанда, өрнек форматы келешекте кездесетін сұраныстардың
барлық командалары үшін жалпыға бірдей. Мысалы, ол select операциясында
да, update операциясында да қолданылады.
Жазбаларды іздеу: select * from Кесте wherе Өрнек[order by ӨрісАты
[desc]].
Бұл команда – негізгі және өте мықты. Ол Өрнек өрнегін
қанағаттандыратын барлық жазбаларды іздейді. Оның мүмкіндіктері әлдеқайда
молырақ, бірақ оған біз тоқталмаймыз. Егер жазбалар бірнешеу болса, онда
order by ұсынысы бойынша олар бұл кілттік сөздің оң жағында жазылатын аты
бойынша іріктеледі (егер desc сипаттаушысы жазылса, онда іріктеу кері ретпен
орындалады). Сонымен қатар order by ұсынысында бірнеше өріс берілуі
мүмкін. * символының рөлі маңызды. Ол таңдалынған жазбалардан барлық
өрістерді көрсету керектігін білдіреді. Басқа жағынан, жұлдызша орнына үтір
қойып, көрсетуге қажетті өрістің аттарын жазып шығуға. Бірақ * өзі жиірек