23
құрылғандығын тексеру, редакциялау, корректуралық тексерулерден өткізу,
лингвистикалық кеңестер беру;
– жеке адамдарға, мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді
үйрететін деңгейге бөлінген топпен және жекелей оқытатын курстар
ұйымдастыру;
– тіл үйрететін, қазақша іс жүргізетін, аудармамен айналысатын
мамандарға арнап біліктілігін арттыру курстарын жүргізу, курстарды сәтті
аяқтағандарға сертификаттар беру.
Мемлекеттік тілді дамыту институты тіл біліміне қатысты ғылыми
зерттеулермен айналысады. Тіл білімінің барлық (әлеуметтік лингвистика,
функционалды грамматика, деңгейлік грамматика және т.б.) салаларына
қатысты іргелі зерттеулер жүргізеді. Қазақша түсіндірме, синонимдік,
аймақтық, орфоэпиялық, орфографиялық, орысша-қазақша, қазақша-орысша,
салалық сөздіктер арқылы қолданушыларға өз қызметін көрсетеді. Онда
ғылыми жұмыстармен шұғылданатын тәжірибелі ғалымдар жұмыс істейді.
Институт баспа өнімдерін шығарады. Бізде кез келген тапсырысты
қолжазбадан бастап баспа өнімдеріне дейін жеткізетін білікті мамандар жұмыс
істейді. Қолжазбаны теру, редакциялау, беттеу, корректорлық тексеруден
өткізу, дизайндық жұмыстар, мұқабасын дайындау сияқты жұмыстарды сапалы
әрі жылдам орындап береді және мұқабасы әртүрлі (қатты, жұмсақ)
кітаптардың таралымы 1000 данадан 10000 данаға дейінгі көлемін аз ғана
уақытта шығарып бере алады.
Институт 2009 жылы 10 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты
Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету қауымдастығына мүше болып
қабылданды. Институт жеке адамдардың бастамасымен құралғандықтан
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлердің өркендеп дамуына аса мүдделі.
Сондықтан мемлекеттік сатып алуларға қатысып, алған тапсырыстарын
уақытылы әрі сапалы орындауға барын салып келеді.
Қоғамды ақпараттандырудағы басты мәселердің бірі шынайы әлем
процестері мен объектілері бейнелерін өзіндік үйрену мүмкіндігімен танитын,
жобалайтын, синтездейтін, олар туралы толық әрі нақты емес деректерден
заңдылықтар орнататын, шешімдер қабылдап және басқа да зерделі әрекеттер
орындайтын жасанды зерде жүйесін құру және нығайту.
Біздің елімізде e-governement, e-learning, e-medicine және т.б. қолданушы
интерфейсі бар, жазбаша, сол сияқты ауызша түрде қазақ тілінде, орыс тілінде
немесе басқа да тілдерде сөйлесе алатын зерделі ақпараттық жүйелерді дамыту
жоспарлануда. Ол үшін жасанды зерде саласындағы ғылыми-зерттеу
жұмыстарды сапалы орындай алатын қабілеттері бар біліктіліктері жоғары
мамандандарды талап етеді.
24
2 Программалау ортасы, PHP және MYSQL тілдерініңер екшеліктері
2.1 ADOBE DREAMWEAVER CS3 ортасы туралы қысқаша
сипаттама
Негізгі ережелер. Dreamweaver программасы "WYSIWYG (what you see is
what you get) — не көрсеңіз, соны аласыз" принципін жүзеге асыратын HTML
редакторына "визуалды"қатысты. Бұл программа сізден гипертекстті белгілеу
тілін білмей-ақ Web-бет құруға мүмкіншілік береді, сондықтан өз Web-бетіңізді
құру кезінде HTML тілін бірге үйренгеніңіз дұрыс.
Сондай–ақ, Dreamweaver CS3 WYSIWYG технологиясын пайдаланатын
басқа редакторлардан бірнеше қадам алда тұрады, ең біріншіден, өте таза
HTML және PHP–кодтарын генерациялайды. Dreamweaver CS 3-да жасалған
проектіні бірнеше браузерде тексеру мүмкіндігі бар.
Интерфейстің негізгі элементтері. Программаның интерфейсі құжаттың
негізгі терезесінен және көмекші панельдерден тұрады.
Негізгі терезеде мыналар бейнеленген (2.1-сурет):
– Code – бастапқы код;
– Split – бастапқы код / құжат беті (терезе екіге бөлінеді);
– Design – құжат беті.
Сурет 2.1 – Dreamweaver-дің негізгі
терезесі
Негізгі менюден View командасын немесе бастапқы терезенің құрал-
саймандар панеліндегі батырмаларды қолданып, мәліметтерді шығару тәсілін
басқару жүзеге асырылады.
Бастапқы терезенің жоғарғы бөлігінде беттің аты болады, егер файл
сақталмаған өзгерту болса, жақшаның ішінде файлдың аты және * символы.
Қосымша панельдер процедуралардың орындалуын жеңілдетеді. Барлық
панельдерді жабуға және тек барлық қажетті пункттері бар бастапқы менюді
қолдануға болады. Тек панелдің осы этаптағы керектілерін ғана ашуға болады.
Қосымша панельді басқару Window менюін таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Жолдың сол жақ бөлік күйінде сол жолдың қазіргі уақытта курсор тұрған
негізгі тэгтері көрсетіледі.
25
Көбінесе құбылмалы болып тұратын басты терезелер мен панельдерді
қарастырамыз:
– Tag Inspector терезесі құрылған құжаттың коды болады. Кез келген
өзгертулер бастапқы терезеде бірден сәйкес келетін кодпен көрсетіледі. Өзгерту
HTML кодты енгізу кезінде осы терезеге апарып тышқанды шеркеннен кейін
бастапқы терезеде пайда болады.
– History терезесі сіздің жұмысыңыздың әрбір қадамын аңдып отырады
және іс-әрекетті қайтаруға немесе қайталауға мүмкіндік береді.
– Files терезесі құрылып жатқан файлдарымен жұмыс істеу үшін
кіріктірілген FTP-клиент шақырады.
– Insert панелі құжатқа әртүрлі объекттер қоятын батырмалары бар
закладкаларды қамтиды.
– Properties панелі таңдалған объекттің қасиетін байқап және
редакторлеуге мүмкіндік береді.
Программаның негізгі баптау тапсырмалары. Редактормен жайлы және
эффектілі жұмыс жасау үшін, кейбір параметрлердің мәндерін анықтап алу
керек. Программаның параметрлерінің баптауларын шақыру үшін, бастапқы
менюде Edit пунктін ашып, Preferences… (Edit=>Preferences…) пунктін таңдау
керек.
Бұдан кейін экранда жұмыстың параметрлерді редакторлеу терезесі
көрсетіледі. Терезенің сол жағында мүмкін болатын баптау категориялары, ал
оң жағында таңдалған категориялардың параметрлері бейнеленеді.
General категориясында жалпы баптаулар жинақталған. Use CSS instead of
HTML tags жалаушасы HTML тэгінің орнына CSS стилінің текстін форматтау
үшін қолдануды қосады және өшіреді. Негізінен ол қосулы болады, және оны
өшіріп қойған дұрыс.
Dreamweaver редакторының орыс тілді құжаттар үшін жұмысқа
дайындығы маңызды кезі болып табылады. Компьютерлік технологияда жалпы
қабылданған, стандарт тіл – ағылшын тілі. Сондықтан ағылшынша құжаттарды
араластыру кезінде Internet-ке ешқандай қиындық туғызбайды. Бірақ басқа
кодировканы талап ететін құжаттар үшін бұл басты мәселе.
Dreamweaver редакторымен жұмыс істеу кезінде міндетті түрде құжат
қандай кодировкада жасалатынын көрсету керек. Жаңадан құрылған HTML
құжат үшін кодировкасын анықтау үшін, Preferences терезесінде New Document
категориясын
таңдау
керек.
Default
encoding
тізімінде
кирилица
кодировкаларының бірі көрсетіледі. Көбіне қолданылатын Кириллица (KOI8-R)
және
Кириллица
(Windows).
Бұлардың
ішінен
Кириллица
(Windows)кодировкасын қолданған тиімді. Енді егер ережеге сай Use when
opening existing files that don't specify an encoding жалаушасы қосылмаған болса,
оны қосу керек. Осыдан кейін, егер оған басқа кодировка таңдалмаған болса,
Dreamweaver автоматты түрде Default encoding тізіміндегі таңдалып алынған
кодировканы барлық ашық Web-бетке қабылдайды. Әріқарай, Fonts Setting
тізімінде Fonts категориясын таңдап, тексті бейнелеу үшін қандай шрифттер
қолданылатынын көрсету керек.