21
Бүгінгі таңда компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктері қазақ
тілін меңгертуде кеңінен қолданылуда. Қазақстан мемлекеттік тілдің қолдану
аясын кеңейту мақсатында қазіргі заманның әлем деңгейіне сай әдістемелік,
лингвистикалық қамтамасыз етуге бағытталған компьютерлік оқыту
бағдарламаларын құрастыру үдерісі басталды. Сонымен қатар, қазақ тілінде
электронды аудармашы бағдарламаларын әзірлеу мәселелері қазіргі жағдайда
айрықша мәнге ие болып отыр. Осы салада атқарылып жатқан жақсы істердің
бірі – қазақша-орысша және орысша-қазақша электронды аударма сөздіктер.
Қазақстанда электронды сөздіктер мәселесі ХХ ғасырдың 80 жылдары
зерттеле бастады. Қазақ тілі компьютер қорының негізін қалаушысы – атақты
ғалым
лингвист
Қалдыбай
Бектаев
болып
саналады.
Профессор
Р.Г.Пиотровскиймен бірге «Статистика речи» деген компьютерлік қолданбалы
лингвистикамен айналысқан бүкілодақтық топқа басшылық етті.
Соңғы жылдары Қ.Бектаевтың еңбектері негізініде Абылай хан атындағы
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қазақ
тілінің машиналық қорын» жасау бойынша теориялық және эксперименттік
зерттеулер жүргізілуде.
Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі аудармашы-бағдарламалары мәтін, сөйлем
мен сөз тіркестерін аударуға бағытталған, дегенмен олардың сапасы әлі күнге
дейін төмен. Себебі компьютер тілдің көптеген грамматикалық құрылыстарын
(жаргон, диалект, фразеологизмдерді) түсінбейді. Сондықтан қазір қазақ
тіліндегі электронды сөздіктерінің негізгі қолданысы - әскерлік қағаздарын
аудару. Әдеби тілді компьютер арқылы аудару қиындыққа түседі, дегенмен
электронды сөздіктер аудармашылардың ескішілдікке негізделген жұмыстарын
жеңілдетеді.
Қазір дербес компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін электронды
сөздіктердің тиімді жүйелері жеткілікті. Әсіресе «Изет», «Парад»
фирмаларында. Олар – Қазақстандағы электронды сөздіктерді әзірлеу
мәселесімен алғаш рет айналысқан мекемелер. Бұл фирмалардың компьютерлік
өнімдері: «Изет» фирмасының «Қазақша-орысша» электронды анықтама-
сөздігі; «Парад» АҚ қазақша-орысша сөздігі (16 мың сөз); (Изет» фирмасының
«Тілмаш» сөздігі (автоматты түрде мәтіндер мен сөз тіркестерін аударуға
бағытталған; 90 мың сөздер мен сөз өрнектері қамтылған). Бұл сөздіктерді кез-
келген мекемеде жиі қолдануда.
Қазіргі заманда бағдарламалық қамтамасыз ету нарығында электронды
сөздіктердің
саны
мен
түрлері
өте көп. Бұл
бағдарламалардың
пайдаланушылары – оқушылар мен студенттер, олар аталмыш сөздіктерді тілді
үйренуге арналған құралдардың бірі деп есептейді. Бұл сөздіктерді кейбір
іскерлік қағаздар мен хат-хабарды аударуға өз жұмысында аудармашылар
қолданады. Олар кәсіби аудармашыға сөз, сөз тіркесін немесе мәтінді тез және
тиімді аударуға мүмкіндік береді. Атаулы бағдарламалық өнімдерді дербес
компьютердің жедел жадысының шамасын ескере отырып кез келген
компьютерге орнатуға болады.
22
Электронды сөздіктермен жұмыс кәдімгі сөздікпен жұмысқа ұқсайды,
олар пайдаланушыға сөздің аудармасын тез іздеп табуға мүмкіндік береді.
Сондықтан да қазақ тілі сабақтарында электрондық сөздіктерді пайдалану,
сөздерді, сөз тіркестерін және мәтіндерді аударуда айтарлықтай тиімділігін
көрсетеді. Электронды сөздіктерді оқу үдерісінде пайдалану кезек күттірмейтін
мәселе. Әр сабақта электрондық сөздіктерді қолдану – сөздік қорды байытудың
бірден-бір жолы, осы құралды пайдалану арқылы оқытушының көздеген
мақсатына жетуі сөзсіз.
Көпшіліктің назарын айрықша аударған 2008 - жылы Тіл комитетінің
тапсырысы бойынша жасалған бес тілді дыбысталған электронды сөздік пен
мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сөйлейтін кітаптар болды.
Қазақ, ағылшын, қытай, орыс және түрік тілдерінің арасында аударманы
қамтамасыз ететін 17 сөздіктен құралған шағын компьютер дыбысталған
электронды сөздік – тұңғыш жоба, бес тілді бірден қамтыған, заманауи
технологияның ең соңғы үлгісімен жасалған бұл құралмен әрбір қазақ мақтана
алады. Расында да, мұндай жобаны қолға алуға қалта сөздіктерін жасаумен
айналысатын батыс компанияларының өзі мұндай қадамға әлі жүрексініп отыр.
Қазақ елінің сауда белгісімен шығатын мұндай қалта сөздіктерін тек елімізде
ғана емес, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Түркия сынды мемлекеттердің
азаматтары да керегіне жаратпақ. «AltynSOFT» сауда белгісі осылайша
Қазақстанның әлемнің дамыған елдері қатарына қосылуына үлес қосуда.
Аударма электронда сөздіктермен қатар, қазақша электронды түсіндірме
сөздіктер де кеңінен дамып келе жатыр.
ҚазНетте қазақ тілді ресурстар саны
жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақтай күн санап өсіп келеді. Көптілділікті
талап ететін ақпараттық ғасыр сананың бәсекеге қабілетті болуы үшін кез
келген жағдайды жасауға тырысады десек артық айтқанымыз емес.
Көптің
қажеттілігін өтеп жатқан sozdik.kz, soylem.kz, lugat.kz, e-zerde.kz/terms/,
mtdi.kz/tusindirme-sozdik т.б.сайттар бар.
Бұлардың ішінде интернетте көп қолданылатын және ыңғайлысы "Лұғат
қазақ тілінің сөздіктер кешені". Қазақша-орысша, қазақша-ағылшынша, қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, қазақ тілінің синонимдер сөздігі қолданушылар үшін
қызмет ететін сайт аудармаларының сапасы көңіл қуантады. Артықшылығы -
қазақ тілінен тікелей ағылшыншаға және керісінше аудару мүмкіндігі, сондай-
ақ ғаламтор бетіне бірінші рет қазақ тілінің синонимдер сөздігі мен түсіндірме
сөздігін шығаруы. Кейбір қажетті сөздердің табылмауы - сайттың бірден-бір
кемшілігі. Әйтсе де, сіз ұсынатын сайтта жоқ және сөздердің басқаша
түсіндірмесі немесе аудармасы болса, сайт әкімшілігіне жолдауға мүмкіндігіңіз
бар. Сонымен қатар, басқа да сұрақтарды сайт әкімшілігіне жолдап, тиісті
жауап ала аласыз.
«Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС мемлекеттік тілді қолдану
мен дамытуға өз тарапынан үлес қосу үшін құрылған.
Негізгі қызметі :
– орыс және өзге тілдерден қазақ тіліне, қазақ тілінен өзге тілдерге
аудармалар жасау. Түрлі мәтіндердің қазақ тілінің нормасына сай