19
Электронды сөздік "қағаз сөздікке" қарағанда әлдеқайда тиімді. Оны кез
келген интернет қолданушысы пайдалана алады. Керек десеңіз, бірнеше
сөздіктерді ашып қойып, таңдалған сөзді іздеуге болады. Өзіміз білетіндей,
фундаментальды "қағаз сөздіктер" сөзсіз ескіріп отырады.
Әсіресе, бұл
нормативті емес жағдайда сөйлеу лексикасына тән қасиет. Бұл жағдайда
отандық классикалық сөздіктер ескіріп қана қоймай, сонымен бірге қате
түсіндірме береді.
Жаппай программалық өнімдер үшін, версияларының үнемі өзгеріп
отыруы және мыңдаған қолданушылардың тұрақты кері байланыстарының бар
болуы, электронды сөздікке өз әсерін тигізеді.
Қолжетімділіктің ең кіші бірлігіне дәстүрлі тұрғыда қарау "лексема" деп
аталады (сөздік мақаланың аты): біздің сұранысымызға жауап бола ма, жоқ па
анықтау үшін мақаланы түгелімен оқып шығу керек. Оксфордтық сөздік сияқты
сөздіктер үшін бұл маңызды проблема болып табылады. Мысалға, "set" етістігі
400 ден астам негізгі (көп жағдайда негізгі емес) мағына береді.
Қолданушы сөздіктің ізделінетін релевантты ақпаратты түгел қамтымай,
сол сөзге тікелей баруын қалар еді. Сонымен, бұл жерде мәселе аудару
эквивалентін автоматты таңдауда емес (егер аударма сөздік болса). Сөздіктің
беретін жауабының құрамы жай аудармалық сәйкестік емес, сөз туралы түрлі
ақпарат немесе сөз тіркесі болады және бірнеше мүмкін жақсы қисынды
альтернативалардан қолданушының белсенді таңдауын ұсынады.
Дегенмен,
сөздіктің адекватты реакциясының мәселесін шешу талпынысы сұранысқа
"қағаз сөздіктен" көшірілген сөздік материалының кедергісіне сөзсіз
соқтығысады.
Электрондық сөздіктер тек транскрипцияны ғана қамтымай, сөздерді
дыбыстай алады. Бұл жерде екі тәсіл бар. МультиЛекс электронды сөздігінде
дыбыс синтезатры және барлық сөздерді дыбыстау орнатылған. Дегенмен,
бұндай тәсілге оның транскрипциясын ескермей, толығымен сеніп қалу -
кауіпті. Синтезатор екпіндерді қате қоюы немесе сөздің айтылуын бұрмалауы
мүмкін. Abbyy Lingvo электронды сөздігінде диктор негізгі лекциясын
оксфордтық айтылумен дыбыстайды. Әрине, таңдаулы электронды сөздіктердің
"қағаз сөздіктен" ең басты артықшылығы – тек сөздік мақаланың атымен ғана
емес, барлық үлкен көлемді сөздіктен бірмезетте іздеу. Мұндай іздеу көп
өлшемді мағына береді, сонымен қатар сөздік мақаланың түбінен оның
қолданылуының тек нақты мысалдары ғана емес және сөз кездесетін, негізгі
түбірі анықталатын, сөз жасау заңына бағынатын,нақты тілдік заңдар болып
табылатын орнықты анықталулары шығарылады. Тіпті мобильді электронды
сөздік тілдің барлық тез қимылын бейнелей алмайды, бірақ ол дешифрлеу
кілтін және қолданушыны лексикографияның соавторы етіп, осы өзгерістерді
түсінуін бере алады. Дәл мағыналы аударма талап етілгенде өте маңызды.
Сондықтан Lingvo-ға өзінің меншікті сөздігін құруға болады.
Тіл - нақты өмірдің айнасы. Ал өмір бір орында тоқтап қалмайды: өндіріс,
ғылым, бизнес, мәдениет т.б -ның жаңа салалары пайда болады. Ауыз-екі
сөйлеу тіліне жаңа сөздер, терминдер, орнықты сөз тіркестері қосылады.
20
Мысалы, 10-15 жыл бұрын "холдинг", "транш" деген сөздер қолданыста жоқ
еді. Сондықтан соңғы қолданушы оларды түсінбеуі мүмкін.
Бұл барлық лексика "қағаз сөздікте" ұзақ дайындалатындықтан,
адекватты бейнелене алмайды.
ХХ ғасырдың ортасында тілдік ахуалда құрастырылған сөздіктер іс
жүзінде қатты ескірген. Оларда ескі сөздердің қазіргі мағыналары
көрсетілмеген немесе жаңа сөздер мүлде жоқ. Бұл мәселені шешу үшін
электронды сөздік қолдану керек.
1.4 Қазақ тіліндегі электронды түсіндірме сөздіктер, олардың
маңызы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 15 томдық «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігін» 10 000 дана таралыммен шығарып, Астанада
тұсаукесерін өткізді. Бұл сөздік 1974–1986 жылдар аралығында жарық көрген
10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» кейін араға ширек ғасыр салып
барып, жарияланып отырған қазіргі лексикография талаптарына сай жасалған
іргелі еңбек. Сөздіктің авторлары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтының ғалымдары. Сөздік жөнінде түркиялық түркітанушы ғалым
Әбдуаһаб Қараның пікірі мынадай: "Осы таяу арада қазақ тіл ғалымдары
дайындаған қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі қолыма тиді. Жалпы, бұл
қазақ ғалымдарының тек қазақ лексикология ғылымы тұрғысынан ғана емес,
сонымен қатар, жалпы түркі халықтарының лексикологиясы тұрғысынан аса
үлкен табыс болып есептеледі. Өйткені, бүгінге дейін осындай көлемде ешбір
түркі ұлтының сөздігі жасалған емес. Тіпті, түркі халықтары арасында
лексикологияда өзіндік орны бар түрік ғалымдарының өзі осы үлкен еңбекті
жоғары бағалап отыр.
Қазақ тіл ғалымдары таяу арада оқырман назарына ұсынған 15 томдық
түсіндірме сөздігі арқылы лексикология ғылымында өзіндік орындары бар
екенін дәлелдеп отыр. Мұны бүкіл қазақ халқы мақтан ете алады. Енді осы
ғалымдарға қолдауды одан әрі жалғастырып, қазақ тілінің әлемнің бауырлас
және өзге тілдеріндегі сөздіктерін жасап шығаруын қамтамасыз етуіміз керек.
Сонда Қазақстанның мемлекеттік тілінің дәрежесі де әлемдік деңгейге
көтеріледі. Қазақ тілі әлемнің белгілі тілдері қатарында орын алатын болады.
Өйткені, шетелдіктер осы сөздіктер негізінде жасалатын компьютерлік ау-
дармалар арқылы қазақ тіліндегі орасан зор мәдениетпен танысу
мүмкіншілігіне ие болады.
Міне, қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, дамытуда осындай
түсіндірмелі сөздіктердің электронды нұсқаларын жасау маңызды мәселелердің
бірі болып саналады.