8.Типтік есептеу, графиктік жұмыс, лабораториялық, курстық жұмыстарды
орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.
жоспарланбаған.
9. Студендттердің өзіндік жұмыс материалдары және оларға әдістемелік нұсқаулар.
жоспарланбаған.
10. Оқу, өндірістік және диплом алды практикалар жоспарланбаған.
11. Пән бойынша бақылау және бағалау материалдары.
Модуль, аралық және қорытынды аттестация бойынша жүргізілетін
бақылау жұмысының сұрақтары
1 – 7 апталар:
1. Ірі көлемдегі территориялардың топографиялық карталары қалай жасалады.
2.Топографиялық картаның халық шаруашылығындағы және ғылыми міндеттерді шешудегі қолдану ауқымының өсуіне байланысты қандай топографиялық карталар тұрғызылады.
3. Жердің радиусы қаншаға тең.
4. Төмендегі аталған карта масштабтары ішінен топографиялық планды ата.
5. 1 : 1 500 000 масштабтың ақырғы дәлдігі қандай.
6. Жергілікті жердегі қашықтық карта масштабының негізіне сәйкес келсе, ол қалай аталады.
7. Егер жергілікті жердегі сызықтың ара қашықтығы 1400 м-ге тең, ал картаның масштабы 1 : 25 000 болса, картадағы кесіндінің үзындығы қанша болады.
8. Масштабы 1 : 5 000 топографиялық картадан 1 см-де ұзындық сызықтары 50 м-ге тең, ал аудан масштабы қанша болады.
9. N – 36 – 54 – Г- номенклатурасы қандай карта масштабына жатады.
10. Меридиандар мен параллельдердің бір-бірімен қилысқан кезде түзетін трапециялардың мөлшері, ендікте 5', бойлықта 7' 30" болғанда, ол қандай масштабтағы карталарға тән болады.
11. Масштабы 1 : 50 000 топографиялық картаның номенклатурасын алу үшін масштабы 1 : 1 000 000 карта бетін қанша бөлікке бөледі.
12. Топографиялық карта қандай проекциямен тұрғызылады.
13. Географиялық координаттарды топографиялық картадан анықтау үшін картаның қандай элементін пайдаланады.
14. Берілген тік бұрыштық координаттар бойынша топографиялық картада нүктені белгілеу картаның қандай элементі арқылы жүзеге асырлады.
15. Егерде картаның оңтүстік және солтүстік рамскілері 24º 10' бойлықтан басталса, карта бетіндегі нүктелердің реттік зонасы қандай болады.
16. Топографиялық карталарда масштабына байланысты километрлік сызықтардың арасы қандай қашықтыққа тең болады.
17. Жер нүктесінің эппилсойдтағы (шардағы) орнын көрсететін жүйе қалай аталады.
18. Егерде тура азимут А = 85º25' –қа, ал меридиандардың жақындасуы γ = -2º 21'-қа тең болған жағдайда кері азимут қаншаға тең болады.
19. Егер румб r = 45º 15'-қа тең болса, ал географиялық азимут қаншаға тең болады.
20. Өзеннің ені қанша метр болғанда 1 : 50 000 масштабтағы топографиялық картада өзенді екі сызықпен бейнелейді.
21. Топографиялық картадағы көрші жатқан горизонтальдар арасындағы қашықтық қалай аталады.
22. Топографиялық картадан жергілікті жер бедеріндегі беткейдің еңістік бұрышы картаның қандай жабдықтау элементі арқылы анықталады.
23. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен жергілікті жердегі бағдарлау әдістерін атаңдар.
24. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен жер бетіндегі пландық түсірістерге сәйкес келетінін атаңдар.
25. Тахеометриялық түсірістегі «кроки» деген түсінік не?
26. Объектінің пландық жағдайын қандай әдіспен анықтайды.
27. Мензульдық түсірістегі геометриялық тор дегеніміз не?
28. Жергілікті жерде нивелирлік түсіріс жасаған кездегі «станция» дегеніміз не?
29.Төмендегі берілген жауаптардың ішінен буссольдық түсірісіне қажетті құралдарды атаңдар.
30. Геодезиялық өлшеулер арқылы түсірліп, жер бетіне белгіленген нүктелер қалай аталады.
31. Топографиялық пландар қандай масштабта тұрғызылады.
32. Топографиялық карталар әскери қызметте пайдаланыла ма.
33. Деңгейлік бетпен шектелген жердің фигурасын қалай атаймыз.
34. Төмендегі берілген варианттардың ішінен масштабтардың аралық қатынастары дұрыс анықталған.
35. Картадағы қисық сызықтарды өлшеу үшін нені пайдаланады.
36. Масштабы 1 : 50 000 картада 1 см² аудан, жергілікті жерде қаншаға сәйкес келеді.
37. Масштабы 1 : 50 000 топографиялық картадан торлы палетка әдісімен белгілі-бір участоктың ауданын есептеу кезінде 4 толық, 6,2 толық емес шаршы (клетка) алынды, сонда участоктың ауданы қанша болады.
38. Масштабы 1 : 50 000 топографиялық картадан өзеннің ұзындығын курвиметр құралымен өлшеген кезде оның стрелкасы 8 бөлікті көрсетіп тұрды, ал өзеннің ұзындығы қанша.
39. Көп бетті картаның бөлек беттерге бөлнуі қалай аталады.
40. Параллельдер арасындағы экватордан бастап солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай латын әріптерімен белгіленген төрт градустық жолақ қалай аталады.
41. М – 39 – 54 – Б – а – 2 номенклатурасы қандай масштабтағы картаға сәйкес келеді.
42. Топографиялық картаның километрлік торы қандай қызмет атқарады.
43. Нүктенің тік бұрыштық координаты Х = 6065,790 км-ге тең, бұл қандай шаманы көрсетеді.
44. Жер эллипсойды жазығында жердің айналыс перпендикуляр осьімен қиылысатын сызық қалай аталады.
45. Масштабы 1 : 10 000 топографиялық картадағы батыс және шығыс минуттық рамкідегі секундтық бөліктердің аралары қаншнға тең болады.
46. Топографиялық карталардағы минуттық рамкідегі әрбір секундтық бөлік қанша секундқа тең болады.
47. Картада осьтік меридианнан басталып сағат тілі бағытында белгілі бір нүктеге дейін 0º пен 360º аралығында өлшенген бұрыш қалай аталады.
48. Егерде румб r = СБ 46º 42'- қа тең болған жағдайда, ал азимут ( А ) қаншаға тең болады.
49. Меридиандардың жақындасу бұрышы ( γ ) қанша градустан аспайды.
50. Орманның картадағы ауданы қандай болған жағдайда бөлек тоғай белгісімен көрсетеді.
51. Көрші жатқан екі горизонтальдардың биіктік айырмашылықтары қалай аталады.
52. Топографиялық картада елдің мемлекеттік шекарасы өзен сызығымен сәйкес келген жағдайда қалай көрсетіледі.
53. Өзендер мен жылғалардың ұзындығы топографиялық картада қанша сантиметр болған жағдайда бейнеленеді.
54. Теодолиттік түсірісте не өлшенеді.
55. Мензульдық түсірістегі тірек жұмыс торлары деген не?
56. Теодолиттің вертикальды шеңбері қандай бағытты өлшеуде қолданады.
57. Тахеометриялық түсірісі негізінен қандай әдіспен жүргізіледі.
58. Жер бетінен жүздеген метрден бастап бірнеше мыңдаған километрлік биіктіктен түсірілген түсірістер қалай аталады.
59. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен нивелирлік түсіріске қажетті құралдарды атаңдар.
60. Бұрыштық сызықтық (углоначертательная )пландық түсірістердің қатарына қандай әдіспен алынатын түсірістер жатады.
61.Жергілікті жердегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілері дәл орналасуын бейнелейтін жалпы географиялық карталар қалай аталады.
62. Жергілікті жерді зерттеу мақсатында географиялық және геометриялық әдістерін жасай отырып, осының негізінде ірі масштабты картыларды тұрғызумен айналысатын ғылыми сала қалай аталады.
63. Жердің құрлық беті қалай аталады.
64. Картадағы және жергілікті жердегі ұзындық сызықтарының аралық қатынасын түсініктеме түрінде берілсе, ол қалай аталады.
65. Картада атаулық масштаб 1 см-де 5 метр болса, сандық масштаб қаншаға тең болады.
66. 1 : 25 000 масштабтағы картаның 1 см² ауданы жергілікті жерде қанша көлемдегі ауданға тең болады.
67. Масштабы 1 : 25 000 топографиялық картада сызықтық масштабтың негізі 1 см-ге тең болса, ал картаның сызықтық масштаб шамасы қандай болады.
68. Өлшегіш циркульдің ашасын 2 мм етіп алып, масштабы 1 : 5 000 топографиялық картадан өзеннің ұзындығын өлшеген кезде, бірінші жағдайда 21 бөлік, екінші жағдайда 20 бөлік, үшінші жағдайда 22 бөлік шықты. Нәтижесінде өзеннің ұзындығы қандай болады.
69. Мөлшері ендікте 20´, бойлықта 30´ болып келетін трапеция қандай масштабтағы картаға тән.
70. Меридиандар арасы батыстан шығысқа қарай араб сандарымен белгіленген алты градустық жолақ қалай аталады.
71. F – 36 – В- номенклатурасы қандай масштабтағы картаға сәйкес келеді.
72. Топографиялық картаның шығыс және батыс минуттық рамкілері қандай қызмет атқарады.
73. Жазықтықтағы нольдік Гринвич меридианымен берілген нүкте меридианы арасындағы екі қырлы бұрыш қалай аталады.
74. Топографиялық картадағы километрлік тор сызықтар қандай мақсатқа пайдаланады.
75. Төмендегі көрсетілген жауаптардың ішінен нүктенің тік бұрышты координаты 7-ші зонаға сәйкес келетінін көрсет.
76. Жазықтықтағы 4- ші геодезиялық зона топографиялық картада қандай бойлықтардың арасында жатады.
77. Егерде дирекциондық бұрыш Т = 52º 13'-қа, ал меридиандардың жақындасуы γ = - 1º 42' –қа тең болған жағдайда шындық ( географиялық ) азимут ( А ) қанша болады.
78. Географиялық меридианмен координаттық тордың вертикальды сызығы ( осьтік меридиан ) арасындағы бұрыш қалай аталады.
79. Магниттік меридианнан басталып сағат тілі бағытында берілген нүктеге дейін 0º пен 360º аралығында өлшенген бұрыш қалай аталады.
80. Топографиялық картадағы көл жағасы сызығы бойында берілген сан қандай шаманы көрсетеді.
81. Белгілі бір бағыттағы жер бетінің көлденен кесіндісі қалай аталады.
82. Барлық нүктелері теңіз деңгейінен бірдей абсолюттік биіктікте жатқан күрделі қисық сызық қалай аталады.
83. Топографиялық картада жол қатынасы және байланыс құралдары қандай белгілермен бейнеленеді.
84. Көзбен бағдарлау түсірісінде жер бедерінің пішіндері көрсетіле ме.
85. Топографиялық картаны жасау мақсатында аэрофототүсіріс кезіндегі ұшақтың түсіріс маршрутын қандай бағытта салады.
86. Буссольдық түсірістің қортындысында жергілікті жердің қандай көрнісін алады.
87. Жергілікті жердің планын және картасын тұрғызу мақсатында жасалатын жұмыстардың жиынтығы қалай аталады.
88. Жергілікті жердегі геометриялық өлшеу жұмыстары қалай аталады.
89. Мензульдық түсірістің нәтижесінде жергілікті жердің қандай көрнісі алынады.
90. Бұрыштық өлшем (угломерная) пландық түсірістердің қатарына қандай әдіспен алынатын түсірістер жатады.
91.Төмендегі берілген жауаптардың ішінен ірі масштабтағы топографиялық карталарды ата.
92. Жергілікті жердің жазықтықта шартты түрде жердің дөңестігін есепке алмай кішірейтіліп бейнеленуі қалай аталады.
93. Красовский эллипсойдындағы үлкен жартылай осьпен кіші жартылай осьтердің айырмашылығы қандай.
94. Күрделі дұрыс емес конфигурациялы участоктердің ауданын картада есептеу қалай жасалады.
95. Картадағы қашықтық 8,4 мм, ол жергілікті жерде 210 м-ге сәйкес келген жағдайда картаның масштабы қаншаға тең болады.
96. Көлденен масштабтың көмегімен ұзындықты қандай дәлдікке дейін өлшеуге болады.
97. Масштабы 1 : 50 000 топографиялық картада сызықтық масштабтың ұсақ бөліктері 1 мм болған жағдайда масштаб дәлдігі қандай болады.
98. Карта бойынша ұзындық сызықтарды шынайы анықтау үшін картаның қандай жабдықтау элементін пайдаланады.
99. Карта беттерінің адерсін белгілеу үшін қолданатын жүйе қалай аталады.
100. Масштабы 1 : 100 000 топографиялық картаның номенклатурасын алу үшін масштабы 1 : 1 000 000 карта бетін қанша бөлікке бөледі.
101. Екінші реттегі орналасқан колонна қандай бойлықтардың арасында орналасады.
102. Гаусс-Крюгердің тең бұрышты көлденен цилиндрлі проекциясы қандай картографиялық шығармаларды тұрғызуда қолданады.
103. Топографиялық картадағы минуттық рамка бөліктері қандай қызмет атқарады.
104. Масштабы 1 : 10 000 топографиялық картада оңтүстік минуттық рамкідегі секундтық бөліктердің ара қашықтығы қаншаға тең болады.
105. Қандай масштабтағы топографиялық карталарда бойлық бойынша алты градустық зонаны қолданады.
106. Топографиялық карталарда параллель және меридиан сызықтары берілеме.
107. Егер географиялық азимут А = 271º 47' – қа тең болған жағдайда румб ( r ) қаншаға тең болады.
108. Географиялық меридиан сызығы мен магниттік меридиан сызығы арасындағы бұрыш қалай аталады.
109. Төмендегі берілген географиялық объектілер картада масштабтан тыс шартты белгімен бейнеленеді.
110. 1 : 50 000 масштабтағы топографиялық карталарда жер бедерінің қию биіктігі қаншаға тең болады.
111. Төмендегі берілген объектілер ішінен карта масштабымен берлетін шартты белгілерді атаңдар.
112. Топографиялық картада қалалар атының жазылу әріптері қалай беріледі.
113. Пландық мемлекеттік геодезиялық торлары қандай әдістермен тұрғызылады.
114. Жергілікті жердегі нивелирлік түсірісте пикеттер дегеніміз не?
115. Пландық жағдайды анықтауда айналып өту әдісін қандай жағдайда пайдаланады.
116. Ватерпастық түсіріс негізінен жер бедерінің қандай пішіндерін түсіруде қолданады.
117. Жер бетінің фотобейнесінен жан-жақты информация алу процессі қалай аталады.
118. Буссольдық түсірісте жергілікті жердегі белгіленген нүктелерде не өлшенеді?
119.Аэрофототүсірістің алғашқы материалдарына қандай құралдар жатады.
120.Теодолиттік түсірістің нәтижесінде жергілікті жердің кандай көрністері мен деректері алынады.
121. Көптеген жағдайда ірі масштабтағы топографиялық карталар мен пландарды қандай түсірістің материалдарды бойынша алады.
122. Бұрынғы КСРО- да жер эллипсойдының мөлшерін алғашқы есептеген кім.
123. Дүние жүзілік мұхит беті және осы тептеңдікті материктердің астында жүргізсек, жердің қандай бетін аламыз.
124. Төмендегі берілген карталар масштабының қайсысы топографиялық картаға жатады.
125. Картада бойынша жергілікті жердің ауданын қандай әдіспен өлшейді.
126. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 8,3 см, ал картаның масштабы 1 : 50 000 болса, жергілікті жердегі сызықтың ара қашықтығы қанша болады.
127. Курвиметр құралын топографияда қандай мақсатта қолданады.
128. Картадағы қашықтық 38,7 мм , ол жергілікті жерде 7740 м-ге сәйкес келген жағдайда картаның масштабы қандай болады.
129. N – 36 – 54 – Г – а номенклатурасы қандай масштабтағы картаға сәйкес келеді.
130. Ендікте 40', бойлықта 1º болатын трапеция мөлшері қандай масштабтағы картаға сәйкес келеді.
131. Топографиялық картаны, оның жабдықтау элементтері мен басқа да қосымша сипаттамалардан бөліп тұратын толық сызықты қалай атайды.
132. Жер бетінде меридиан және параллель сызықтары градустық торларды түзеді, ал олардың картада бейнеленуі қалай аталады.
133. Топографиялық картадағы тік бұрыштық координатта 1-ші сан қандай шаманы көрсетеді. (мысалы, У = 4311 км).
134. Масштабы 1 : 50 000 топографиялық картадағы солтүстік және оңтүстік минуттық рамкілердегі секундтық бөліктердің ара қашықтығы қаншаға тең болады.
135. Масштабы 1 : 10 000 топографиялық картада оңтүстік минуттық рамкідегі секундтық бөліктердің ара қашықтығы қаншаға тең болады.
136. Географиялық меридианнан басталып сағат тілі бағытында берілген нүктеге дейін 0º пен 360º - қа дейін өлшенген бұрыш қалай аталады.
137. Географиялық азимут А = 269º 50'-қа тең болғанда, ал румб ( r ) қаншаға тең болады.
138. Жартылай және қосымша горизонтальдар қандай жағдайда жүргізіледі.
139. Қандай масштабтағы топографиялық картада елді-мекенді пункіттер салынған материалдарына қарамастан қара түспен боялады.
140. Масштабы 1 : 10 000 топографиялық картада жер бедерінің қию биіктігі қаншаға тең болады.
141. Өзеннің ені қанша метр болғанда 1 : 25 000 масшабтағы топографиялық карталарда өзенді екі сызықпен бейнелейді.
142. Қандай әдіспен биіктік геодезиялық торлары жасалады.
143. Ватерпастық түсіріс ең қарапайым геометриялық нивелирлеудің түрі болып табылады, сонымен қатар жер бедерінің көлденен қимасын алуда кеңінен қолданады. Төмендегі жауаптардан ватерпастық түсіріске қатысы жоғын атаңыз.
144. Төмендегі берілген жауаптардың қайсысы қашықаралық түсірістерге жатады.
145. Нивелирдің тұрған жері қалай аталады.
146. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен қайсысы жер бетіндегі биіктік түсірістерге жатады.
147. Төмендегі берілген жауаптардың ішінен көзбен бағдарлау түсірісіне қажетті құралдарды атаңдар.
148. Егерде қашықтық берілген бағыт бойынша ұзындық өлшейтін құралдар арқылы жүргізілсе, оны өлшеудің қандай түріне жатқызамыз.
149. Берілген географиялық координаттар бойынша топографиялық картада нүктені белгілеу картаның қандай элементі арқылы жасалады.
150. Аэросуреттегі кесінді ұзындығының осы кесіндінің жергілікті жердегі ұзындығына қатынасы қалай аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |